Қаржылық бақылаудың экономикалық мәні мен түсінігі және оның тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Әміршілік - әкімшілік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикалық көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай – ақ салықтар мен алымдардың анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі бағытта екенін байқауға болады. Оның ішінде ең маңыздысы болып, есептік – қаржылық сенімділігін, шаруашылық заңдылықтарын сақтау, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдары басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Работа содержит 1 файл

практикалық жұмыстар.doc

— 208.00 Кб (Скачать)
 

         21) мемлекеттік  қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру  бойынша ұсыныстар енгізеді;

 

         22) Қазақстан  Республикасының заңдарына және  Қазақстан Республикасы Президентінің  актілеріне сәйкес өзге де өкілетіктерді жүзеге асырады.

     Сілтеме. ҚР Қаржы министрінің 2009жылғы 13 мамырдағы  №194  бұйрығымен 13- тармақ жаңа редакцияда жазылды .

     22-1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық  есептілік саласында бақылауды  жүзеге асырады;

     22-2) «Жеке кәсіпкерлік туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымдары мен бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйымдардың қызметтеріне тексеруді жүзеге асырады және көрсетілген ұйымдардың тізбесін жүргізеді;

     22-3) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдары  мен бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау  жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеуді  жүргізеді;

     22-4) Қазақстан Республикасының бүкiл  аумағында таратылатын,  белгiленгентәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында  бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдары мен бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың  тiзбесiн мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялануын қамтамасыз етеді;

     22-5) аккредиттеу ережелерін сақтамау фактілері жағдайында бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдары мен бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарға ескерту шығарады;

22-6) аудиторлық  қызмет саласында және кәсiби  аудиторлық ұйымдардың қызметтерін  бақылауды жүзеге асырады;

 

 22-7) кәсiби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді және аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдардың тізілімін жасайды;

     22-8) аудиторлар тізілімін жүргізеді;

     22-9) Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау  жөніндегі білікті комиссиялардың  құрамында қатысады;

     22-10) аудиторлық қызметті лицензиялауды (лицензиялар беруді (оның ішінде дубликаттарын да), қайта ресімдеуді, қолданылуын тоқтата тұруды, қайта жаңғыртуды, лицензиядан айыруды) жүзеге асырады және аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізеді;

     22-11) мерзiмдi баспасөз басылымдарында аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияларды беру, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді    мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялануын қамтамасыз етеді;

     22-12) «Жеке кәсіпкерлік туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдар мен аудиторлық ұйымдардың  қызметтеріне тексеруді жүзеге асырады және көрсетілген ұйымдардың тізбесін жүргізеді;

 

 22-13) аккредиттелген  кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы шешімдерді дайындайды;

     22-14) ведомстволық статистикалық есептіліктердің,  тексеріс парақтарының нысандарын, «Жеке кәсіпкерлік туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерістердің жылдық жоспарларын әзірлейді».

     Сілтеме. ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 11қыркүйектегі   №376  бұйрығымен 22-1) – 22-14) тармақшалармен толықтырылды.

     14. Комитеттің:

 

         1) өз құзыреті  шегінде бұйрықтар әзірлеуге  және қабылдауға;

     2) республикалық және жергілікті  бюджеттердің атқарылуы, есебін  жүргізу және атқарылуы жөнінде  есептілік, гранттардың, мемлекет  кепілдік берген қарыздарды, мемлекет  активтерін, мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды  (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның пайдалануы бөлігіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы талаптарының бұзылу себептеріне баға беруге;

     3) ішкі бақылау қызметтері бар  мемлекеттік органдардан қажетті  ақпаратты алуға, олардың жоспарларды  орындау және ішкі бақылау  жүргізу нәтижелері туралы есептерін  қарастыруға;

     4) ішкі қаржылық бақылау мемлекеттік  сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға;

     Сілтеме. 4)-тармақшада ҚР Қаржы  министрінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі  № 376 бұйрығымен енгізілген өзгерсітерімен.

 

 

     5) ішкі бақылау қызметтерінің бақылау  актілерін талдауға және олардың  қызметінің тиімділігін арттыру  жөнінде ұсынымдар беруге;

     6) құзыретінің шегінде мемлекеттік  органдар мен басқа ұйымдардан  қажетті ақпаратты сұратуға және  алуға; 

     7) қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиялардың, құпиялық режімінің сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы сақтауларын жүзеге асыру, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаны пайдалану мәселелеріне жататын құжаттамамен кедергісіз танысуға;

     Сілтеме. 7)-тармақшада ҚР Қаржы  министрінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі  № 376 бұйрығымен енгізілген өзгерсітерімен.

     8) жүргізілген бақылау іс-шараларының  қорытындысы бойынша бақылау  актісін жасасуға.

     Сілтеме. ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 13 мамырдағы  №194  бұйрығымен 6), 8), 10)-12),14) тармақшаларды алып тастау көзделген,, сәйкесінше тармақшалар нумерациясы өзгертілді .

 

 

 

 

         3. Комитеттің мүлкі

 

 

      15. Комитеттің жедел басқару құқығында  оқшауланған мүлкі болады.    

      Комитетке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатқызылады, оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

 

         16. Комитеттің  өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

 

         17. Комитетке  заңнамада көрсетілген жағдайда  және шегінде мүлікті иелену  құқығы берілуі мүмкін.

 

 

         4. Комитеттің қызметін  ұйымдастыру

 

 

 

         18. Комитет аумақтық  бөлімшелерге жетекшілік етеді. 

     19. Комитетті Қазақстан Республикасының  Қаржы министрі қызметке тағайындайтын  және қызметтен босататын төраға  басқарады.  

     Комитет төрағасының заңнамада беліленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.

     Сілтеме. 19 -тармақтың 2 абзацы ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 22 мамырдағы  №245 бұйрығымен енгізілген өзгерсітерімен.

     20. Комитеттің облыстар, Астана және  Алматы қалалары бойынша қаржылық бақылау инспекцияларының басшыларын Комитет төрағасының  ұсынымымен Қазақстан Республикасының  Қаржы министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

     21. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады  және оған басшылық етеді, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.

 

         22. Төраға:

      1)                өзінің орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өз міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Комитеттің аумақтық бөлімшелері  басшыларының орынбасарларын, қызметкерлерін  қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады;

      Сілтеме. 2) тармақша - ҚР Қаржы  министрінің 2008 жылғы 22 мамырдағы  №245 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен.

      3) Комитет қызметкерлеріне және Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларына заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолданады, Комитет қызметкерлерін, аумақтық бөлімшелер басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету, үстемақылар мен сыйлық ақы төлеу мәселелерін шешеді;

     Сілтеме. 3) тармақша ҚР Қаржы  министрінің 2009 жылғы 13 мамырдағы  №194  бұйрығына сәйкес жаңа редакцияда.

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері  және аумақтық бөлімшелері туралы  ережені бекітеді; 

      5) Комитеттің штат санының лимиті  шегінде Комитеттің және оның  аумақтық бөлімшелерінің штаттық  кестелері бекітеді;

     Сілтеме. 5) тармақшаға ҚР Қаржы  министрінің 2009 жылғы 13 мамырдағы  №194  бұйрығына  сәйкес өзгерістерімен.

     6) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді;

     Сілтеме. 6) тармақша ҚР Қаржы  министрінің 2009 жылғы 13 мамырдағы  №194  бұйрығына сәйкес жаңа редакцияда.

 

 6-1) Комитет қызметкерлерін және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылары мен қызметкерлерін шетелге іссапарға жіберу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Регламентінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі;

     Сілтеме. 6) тармақша ҚР Қаржы  министрінің 2009 жылғы 13 мамырдағы  №194  бұйрығына сәйкес 6-1) тарақшамен толықтырылды.

      7) Комитеттің бұйрықтарына қол  қояды;

      8) заңнамаға сәйкес Комитетті барлық  мемлекеттік органдарда және  өзге ұйымдарда білдіреді; 

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      23. Төраға болмаған уақытта оның міндеттерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрі анықтайтын орынбасарларының бірі орындайды.

      Сілтеме. 23 тармақша ҚР Қаржы  министрінің 2008 жылғы 22 мамырдағы №245 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен.

     24. Комитеттің кеңесу-мәжілістік органы  болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес  құрамын Төраға орынбасарларының  және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері  басшыларының қатарынан төраға  бекітеді.

 
 

4ши прак

 
 

3.4. Қаржылық есеп берудің элементтері

 ҚР-ғы  бухгалтерлік есептің стандарттарына  сай мынадай принциптер қабылданған:

    • Есептеулер. Табыс алынған, ал шығындар жұмсалған сәтінде есепке алынады, зияндар, операиялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі және қатысты кезеңнің қаржылық есебіне кіреді. Осы принципі бойынша құрылған, қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте мағызды.
    • Үздіксіз қызмет. Субъект өзінің іс-қызметін белгісіз уақыт кезеңі бойы жалғастырады және оның жақын болашақта таратылатын ниеті жоқ немесе қажеті жоқ, немесе ол қызметінің ауқымынелеулі түрде қысқартпақ емес деп шамаланады.

 Элементтер – қаржылық есептерге кіруге тиісті баптар тобы. Қаржылық есеп берудің тұжырымдамасы жеті элемент (активтер, міндеттемелер, капитал, кірістері, шығыстар, пайда, шығындар) белгілейді. Олар ұсынылатын қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға пайдалы ақпарат беретін бөлінбес қасиеттері болып табылады. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғанық нәтижесін сыныпқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұны қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады:

Информация о работе Қаржылық бақылаудың экономикалық мәні мен түсінігі және оның тиімділігі