Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:06, курсовая работа
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.
Кіріспе.........................................................................................................................3
Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері....................4
Турбизнес кәсіпорындарда бухгалтерлің есепті ұйымдастыру....................11
Шығын құрамы және туристік азық-түліктердің өзіндік құндарын калькуляциялау...................................................................................................16
Туристік азық-түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі.21
2.1. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау..................24
2.2. Кәсіпорының нарықтық белсенділігі көрсеткіштерінің жүйесі...................28
2.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін, көрсеткішін талдау................................30
Қорытынды.............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................33
Тұтыну шығыстары - халықтың тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағытталған ақшалай шығыстарының бөлігі. Бұған тамақ өнімдерін сатып алу, үйден тыс тамақтану, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдерін, азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтер сатып алу шығыстары кіреді.
Туристік бизнесте бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, 2001 жылғы 13 маусымдағы №211-II Қазақстан Республикасының «ҚР туристік қызметі туралы» заңымен (2002 жылғы 22 ақпандағы №296-II өзгертулерімен), Қазақстан Республикасының №234-III 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық тұрақтылық туралы» заңымен, 2007 жылғы 23 мамырдағы Үлгілі Шоттар жоспарымен, №2 ҚЕҰС реттемеленеді. Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жүйесі «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы» Заң мен қаржылық есептеменің ұлттық стандарттары орнатқан қағидалар мен сапалы сипаттамаларға сәйкес құрылады. Қағидалардың екі тобы анықталады: негізгі қағидалар (есептеу мен үздіксіз қызмет); ақпараттың сапалы сипаттамалары (түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырымдылық).
Қазіргі уақытта туризм – экономиканың перспективалы саласының бірі болып табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстармен тең қолдануда туризм тұрғындардың жұмысбастылық деңгейін көтеруге және тауар өнімін, қызмет көрсету өнімділігін жоғарлатуға ықпал етеді. ҚР Президентінің халыққа жолдауында экономиканың шикізат секторының дамуының қажеттілігін атап өтті.
Туристік шығындарға жататын статистикалық деректер мамандарға жоспарлау, коммерциялық қызмет пен зерттеулер саласында талап етілетін маңызды көрсеткіштердің бірін білдіреді. Олар туризмнің ұлттық экономикаға әсерін байқау мен бағалау үшін пайдаланылады.
Шығындарды
анықтау туризмде «туризм бірліктерін
(келушілер) тікелей қанағаттандыру
үшін пайдаланылған тауарлар мен
қызметтер құны» ретінде
Туристік шығындар тұжырымдамасы негізіне бірнеше көзқарастар қатары енгізілген. ДТҰ ұсынымдарына сәйкес келушілердің, туристердің және экскурсанттардың экономикалық маңызды болып табылатын шығындары ғана есепке алуға жатады. Оны келушінің өзі, не оның атынан қандай да бір заңды немесе жеке тұлға әкеле алады. Мысалы, бюджетті басқаратын отбасы иесі саяхаттау кезінде барлық мүшелерінің атынан тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізеді. Туысқандарында және таныстарында болған уақыттағы шығындар қабылдаушы жиі жақ өзіне алмайды. Сапарлар сондай-ақ заңды тұлғалармен: мәселе жұмыс нәтижелері бойынша қызметтік іс сапарлар немесе көтермелеу турлары туралы болғанда кәсіпорындармен, балалар, қарт адамдар және халықтың әлеуметтік тұрғыда қысымшылық көрген кейбір топтары үшін сапарларды ұйымдастырыатын қайырымдылық мекемелерімен; мемлекетпен қаржыландырылады. Кейбір жағдайларды ол туризмді спорттық, емдеу және білім беру мақсаттарымен субсидиялайды.
Келушінің шығындары оның қажеттілігін қанағаттандыру үшін тұтынатын тауарлар мен қызметтер құнымен анықталады. Сұрау салулардың өзі сияқты олар өте әртүрлі: тасымалдау, орналастыру және тамақтанудан бастап ұзақ пайдаланатын үлкен емес заттар, ағымдағы туристік тұтыну тауарлары мен базарлықтарға дейін. Олардың барлығы, сыйлықтардан басқа, келушінің өзімен тұтынылады. Алайда бұл жағдайда да оның иесі саяхаттаушы тұлға емес, басқа біреу болатынына қарамастан жасалған шығындар туристікке жатады.
Туристік шығындар көлемін тауарлар мен қызметтерге нақты шығындар бойынша қолданыстағы жеңілдіктер мен бағаларды, шайлықтар және өзгелерін есепке ала отырып, оларды қолма-қол ақшамен, жолдық чектермен, кредиттік карточкалар бойынша және басқа да тәсілдермен төлеу нысанына қарамастан белгілеу ұсынылады.
Туризм статистикасының басты және неғұрлым қиын проблемаларының бірі туристік шығындар құрамын тәртіпке клтіру болып қала береді. Ол келуші шығыншегетін уақытпен (дайындық кезінде, сапар барысында немесе аяқталғанда), сондай-ақ туризм типімен негізделеді. Сәйкесінше резиденттердің өз елі бойынша саяхатымен байланысты ішкі және халықаралық туристік шығындары ерекшеленіп шығады. Соңғыларының экономикалық болмысын түсіну үшін келушінің шығу елінен бару еліне қозғалысының бағыты маңызды мәнге ие. Шығатын туристік ағын халықаралық туристік шығындар санатымен, ал келу – халықаралық туризмнен түсімдермен қатынасады.
ДТҰ материалдарында халықаралық туристік шығындар қандай да бір елдің тұрақты тұрғындарының шетелдегі саяхаты кезіндегі шығындары арқылы анықталады. Өзгелері санында олар шетелдік көлік компанияларының халықаралық тасымалдаулар бойынша қызметтерге төлемін, сондай-ақ шетелде алынатын тауарлар мен қызметтерге алдын-ала төлемін қосады. Ағымдағы есептеулер теңгерімінде оларға жұбы ретінде халықаралық туризмнен түсімдер көрсеткіші пайдаланылады. Ол шетелдік келушілердің бару еліндегі барлық шығындардың сомасы ретінде есептеледі. Екі көрсеткіш те бірыңғай әдістеме бойынша құрылады және ақшалай қаражаттың трансшекаралық қозғалысымен байланысты шығынтарды ғана көрсетеді.
Ережені қалыптандыру және туристік шығындардың салғастырымдылығын қамтамасыз ету мақсатында ДТҰ олардың келесі топтастырылуын ұсынады: 1) қызметтердің жиынтығын білдіретін және құрамдас бөліктерге бөлусіз біркелкі бағамен жүзеге асырылатын кешенді турлар;
2) орналастыру;
3) тамақтану;
4) көлік;
5) мәдениет, демалыс
және көңіл көтеру
6) дүкендік сатып алулар;
7) өзге де
баптар, сақтандыру төлемдері,
сапарлар саны;
өткізген түндер саны;
туристік сапарлардағы шығындар;
шетелге сапар кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы шығындар;
Іскерлік сапардағы шығындар.
Сонымен қатар халықаралық тәжірибеге сәйкес 2010 жылы Туризмнің қосалқы шоттарына ақпаратты қалыптастыру үшін сауалдама жүргізумен резиденттер мен резидент еместер қамтылатын әуежайларда, темір жол вокзалдарында, автостанцияларда, және демалыс орындарында келушілерді іріктеме зерттеу («Келушілерді зерттеу» Н-060 сауалдама) жүргізілуде.
Зерттеу нәтижесінде келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:
сұралған келушілер саны;
келушілер саны және оларды туризм типтері бойынша бөлу;
келушілердің сапарлардағы шығындары;
келушілердің туризм типтері бойынша шығындары;
келушілердің болу ұзақтығы бойынша шығындары;
сапарлар мақсаттары бойынша;
көлік түрлері бойынша.
Сапар кезінде немесе оған дайындық барысындағы жасалған келушілердің шығындары туралы деректер ТҚШ көрсеткіштерін қалыптастыру үшін де пайдаланылады.
Бұл іріктеме зерттеуді жылына екі рет (қысқы және жазғы уақытта) жүргізген орынды.
Туристік тұтыну нақты ел аумағында барлық келушілермен тұтынылған тауарлар мен қызметтердің құнын қосады. Бұл ең алдымен орналасуға, көлікке, тамақтануға, көңіл көтеруге, қаржылық қызметтер мен туристік қажеттіліктер үшін пайдаланылатын ұзақ және қысқа мерзімді қолдану тауарларын сатып алуға кететін жеке шығындар. Шығындар сапарға дейін және одан кейін, сондай-ақ ел ішінде әрі шет елге саяхат кезінде жүргізілуі мүмкін.
Туристік сұраныс туристік тұтынуды және соңғы тұтыну құрамдас бөліктермен байланысты қамтылмай қалған тауарлар мен қызметтерді қамтиды. Оларға мыналар жатады:
1) ұжымдық туристік
тұтынуға мемлекеттік
2)капиталдық салымдар – туристік индустрия қызметтерін жеткізушілермен (жеке сектор) және жабдықтарды жеткізуге, жарақтандыруға, келушілер үшін инфрақұрылымды құруға мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын шығындар;
3)экспорт – туристік пайдалану үшін шетелге жіберілетін тұтыну тауарлары (қызметтерді жеткізушілердің пайдалануы үшін шетелге жіберілетін жанармай, электроника, өндіріс құралдары (ұшақтар, круиздік кемелер)).
Туризмнің статистикалық көрсеткіштері туристердің тарапынан тауарлар мен қызметтерге қосымша сұраныстарының көзі болып табылады. Бұл сұраныс қосымша ұсынысты тудырады, яғни туризмге тән белгілі бір салалардың (қызмет түрлерінің) экономикалық өсімін ынталандырады Бұдан басқа туризм мемлекеттік қосымша табысының көзі ретінде болады, қосымша жұмыс орындарын, инвестицияларды құруға қажеттілікті тудыра алады.
Туристік бизнес – әлем шаруашылығында тез дамитын салалардың бірі. Халықаралық туризм – мұнай өндіретін және автомобиль өнеркәсіптерінен кейінгі үш ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді.Қазақстандағы туристік қызмет нарығы экономиканың ең дамыған саласы болып табылады. Туризмнің ерекшеліктері – қызмет саласында атқарылатын жұмыс, сату формасы мен еңбек сипатына байланысты. Ал, туризм саласындағы бизнесті ұйымдастыру – тікелей тұрақты дамыған компаниялардың көрсететін қызметіне дұрыс, есеп жүргізуге байланысты. Осыған байланысты туристік қызметтің дамуы бухгалтерлік есеп саласында жоғары мамандандырылған қызметкерлерді қажет етеді.
Аудит – есептерге баға беру, ұйымның қызметіне және жағдайына байланысты фактілерге қорытынды баға беретін, тәуелсіз жоғары білімді тұлғамен жүзеге асырылатын қызметтің түрі. Ол ақпараттық тәуекелді төмендету үшін бағытталады, себебі қатысушыларға қаржылық есептерде жалған және дұрыс емес ақпараттар беруі мүмкін.
Туристік ұйымдағы аудиттің мақсаты – осы ұйымның ұйымдастыру қызметі, нормативтік-құқықтық және есепті-сараптамалық құжаттарының дұрыстығына аудитор (аудиторлық ұйым) қорытынды жасау үшін дербес тексеру жүргізу болып табылады. Туристік ұйым аудитінің алдында мынадай мақсаттары мен міндеттер бар:
- туристік ұйымның құрылымын терең бағалау;
- туристік ұйымның шығындары, шығыстары мен кірістері есебінің ақпараттық дұрыстығын тексеру;
- туристік ұйымның валюталық операциялар есебінің ерекшеліктерін зерттеу;
- бухгалтерлік есеп және басқару есебінің жағдайын жан-жақты немесе толық зерттеу;
- даму перспективаларын зерттеу;
- ұйымды тексеру және салық есебінің әдістемесін тексеру;
- аудиторлық қорытынды құру;
- есептік талдау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарын және бағыттарын құру.
Туристік фирманы аудиторлық тексеру – бұл туристік ұйымның қаржылық жағдайына байланысты аудиторлық бағалау мен талдаудың дәлелдерін көрсетеді, сонымен қатар, аудитор өзінің қорытындысында осы экономикалық субъектінің бухгалтерлік есебі және бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығын растайды. Экономикалық субъектінің нормативті актілерінің талаптары орындалмау фактілерін аудитор анықтаған жағдайда, яғни ол орын алса терең зерттеп, осы орын алған ережелердің орындалмауы бухгалтерлік есепкерліктің дұрыстығына қалай әсер ететінін бағалау керек. Аудитор нормативті актілердің талаптары орындалмау фактілерін аудиторлық қорытынды жасаған
кезде ескеруі қажет.Аудиторлық тексеру ерікті (ұйымның жеке басқару шешімімен, меншік иелерімен мақұлданады) немесе міндетті болуы мүмкін. Міндетті аудит ұйымның немесе жеке кәсіпкердің әр жылдағы бухгалтерлік есебін және қаржылық (бухгалтерлік) есептілігін міндетті аудиторлық тексеру болып табылады. Әдетте туристік ұйымдарда аудиторлық тексеру негізінен ерікті түрде болады, яғни жеке меншік иесі талабымен орындалады.
Аудиторлық тексеру толық болуы мүмкін, яғни бухгалтерлік есептің барлық бөлімдерін қарастырады. Егер аудиторлық тексеру жеке ұйымда болса, онда турфирманың басшылығымен мақұлданған есептің тек таңдалып алынған бөлімдері ғана тексеріледі. Туристік ұйымда аудиторлық тексеру жүргізу үшін тексерілуші тарапынан негізінен келесі құжаттар көрсетілуі тиіс: мемлекеттік тіркелу туралы куәлігінің көшірмесі, салық есебі және жылдық баланстың табыстары мен залалдары есебінің шешімдері туралы куәлік, олар тексеріп жатқан кезең туралы салық ұйымына ұсынылған түпнұсқада мөр басылған және қол қойылған болуы керек, жарғылық құжаттар, қолда бар лицензиялар мен бұйрықтардың көшірмесі, банктегі есеп-айырысу, валюталық және басқа да шоттар туралы мәліметтер, қол қоюға рұқсаты бар бірінші және екінші басшыны және бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі, лицензия мен рұқсаттың көшірмесі, аудиторлық тексеру жүргізуге рұқсаттар немесе басқа да құжаттар, ұйымның (мекен жайы) және оның құрылымдық бөлімшелерінің мекен-жайы туралы мәліметтер, есепті кезеңдегі тексеру кезіндегі есеп саясатының бұйрығының көшірмесі, бас кітап, барлық шоттар, есептер бойынша алғашқы құжаттар, аванстық есептер, есеп-айырысу туралы құжат, сатып алу туралы кітап, сату туралы кітап, келісім-шарттар, атқарылған жұмыстың актілері. Қазіргі таңда жалпы аудитта және ұйымның мүліктік, салалық түрлеріне байланысты аудитта көптеген әдістер қолданылады, бірақ туризм саласында әдістемелік зерттеулер аз. Туристік ұйымдарда негізгі құралдары, материалды емес активтері, ақша қаражаты, есеп- айырысу қаражаты, қарыз құралдарының аудиттік әдістемесі басқа саладағы мекемелердің аудиттік әдістемесімен бірдей. Бірақ туристік ұйымдарда өзінің ерекшелігі бар. Туроператорлар мен турагенттердің құқықтық және нормативтік реттелуі, кірістер мен шығыстары, валюталық операцияларының аудиттегі ерекшеліктерін қарастырамыз. Туроператордың – ұйымның құқықтық және нормативтік жүйесін тексеру барысында аудитор тексеріліп жатқан субъектінің заңдық актілерін, туристік фирманың қызметінің реттелуін, яғни белгіленген ережелерді сақтайтындығын анықтайды. Туризмдегі туристік қызмет және бухгалтерлік есеп заңдармен және нормативтік құжаттармен реттеледі. Тексеру барысында аудитор турфирманың қызметі нормативтік құжаттарға сай келуін қарастыру керек. Туроперторлық немесе турагенттік қызметке лицензиясы бар болуын міндетті түрде тексеру қажет, әріптестерімен және клиенттермен (туристермен) келісім-шарттарын тексеру.
Информация о работе Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері