Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері....................4
Турбизнес кәсіпорындарда бухгалтерлің есепті ұйымдастыру....................11
Шығын құрамы және туристік азық-түліктердің өзіндік құндарын калькуляциялау...................................................................................................16
Туристік азық-түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі.21
2.1. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау..................24
2.2. Кәсіпорының нарықтық белсенділігі көрсеткіштерінің жүйесі...................28
2.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін, көрсеткішін талдау................................30
Қорытынды.............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................33

Работа содержит 1 файл

практика 3-2.doc

— 268.00 Кб (Скачать)

     Жалпы қаржылық есептілік жүйесін және атап айтқанда оны талдаудың әдістерін дамыту үшін маңызды мәні 1929 жылы қаржы-экономикалық күйреуге ұшыраудан кейін инвесторларды қорғау мақсатында қабылданған және бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуді көздеген АҚШ-та 1933 жылы «Бағалы қағаздар туралы» Заңды қабылдау болды.

     Қаржылық есептіліктің жүйеленген талдауы туындауының тарихи аспектілеріне салыстырмалы түрде назар аударылмайды; талдау тарихы саласында отандық сияқты және батыс мамандарының зерттеулеріне сай келеді. Мұндай ереже есептілік оны талдау үшін жасалатындықтан дегенмен де қызықты.

     Кеңестік Одақта қаржылық есептіліктің талдауы дербес бағыттар ретінде бөліп көрсетілмеді, қаржылық жағдайды талдау «Шаруашылық қызметтің талдауы» тәртібі бөлімдерінің тек біреуі ғана болды. Алайда көптеген коэффициенттер мен көрсеткіштер, әсіресе ресурстардың тиімділігі мен пайдалылығын бағалауға қатысы барларын аналитиктер мен экономистер белсенді пайдаланды.

     Батыста «Коэффициенттерді талдау» ретінде белгілі талдамалық коэффициенттердің құралдарының көмегімен қаржы-шаруашылық қызметін жүйелендірілген талдауы Ресейде салыстырмалы түрде 90-шы жылдардың басынан бастап тарала бастады. Оған бірнеше себептер болды: бухгалтерлік есеп және талдаудың отандық жүйесінің өзгеру процесіне ағылшын-американдық ықпалдың күшеюі, шын мәніндегі дербес кәсіпорындар санының кілт ұлғаюы, ақпараттық қамтамасыз етудегі тіке байланыстардың біртіндеп бұзылуы және көлденең байланыстардың рөлінің күшеюі, қолда бар және әлеуетті контрагенттердің қаржылық жағдайына қатысты белгісіздіктің нақты артуы.

     Экономикалық дамыған елдерде талдамалық база проблемасы іс жүзінде мүлдем жоқ – ақпараттық агенттік әр түрлі бөліктерде: салалар, кіші салалар бойынша, кәсіпорындардың топтарына және т.б. топтастырылған талдамалық деректерді жаппай басып шығарады.

     Соңғы онжылдықта алынған кеңістік-уақытша салыстыру үшін талдамалық коэффициенттерді пайдалануға жүйелендірілген тәсілді әзірлеуге негізгі үлесті американдық мамандар қосты. Осы елде жеке бизнестің нақ өзі, мемлекет тарапынан жеткілікті түрде реттелмей, барынша жедел қарқынмен дамығандықтан бұл тарихи негізделген болатын.

     Қазіргі уақытта әлемдік есептік-талдамалық тәжірибені компаниялардың мүліктік және қаржылық жағдайын бағалау үшін қолданылатын он шақты көрсеткіштер белгілі; бұған қоса оларды топтастыруға белгілі бір тәсіл де туындап отыр.

Олардың ішінде алты негізгі тәсілдерді бөліп  көрсетуге болады:

1. Көлденең  талдау

2. Тігінен  талдау

3. Трендтік

4. Салыстырмалы

5. Факторлы

6. Қаржылық коэффициенттер әдісі

     Зерттеудің мақсаты неғұрлым тиімдісін анықтау үшін субъектілердің қаржылық ережесін талдауды жүргізу әдістерін зерделеуде болып отыр.

     Қойылған мақсатқа сәйкес тиісті міндеттер қалыптастырылған:

1)талдаудың  теориялық негіздерін зерделеу;

2)отандық  авторлар – Дүйсембаев пен  шетелдік авторлар – В.В.Ковалева, Л.А.Бернстайнның ұсынылып отырған  әдістерін қарау;

3)өтімділік,  несие беру қабілеттілігі, төлем  қабілеттілігі топтарының көрсеткіштерімен  танысу және есептеу;

4)зерттеу объектісі жағдайының нақты суретін көрсететін қаржылық жағдайды барынша тиімді бағалауды жалғастыру.

     Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың

• қаржылық жағдайға және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісіне

• активтер мен  олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды

• айналым капиталының  көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы

• қаржы-есептік  және несие ережесін сақтау;

• кәсіпорын  активтері және оның міндеттемелерінің  құрылымын зерттеу;

• ағымдағы активтердің  айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш

• баланстың  өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің

• кәсіпорын  табыстылығын бағалау;

• кәсіпорын  табысының салыстырмалы керсеткіштерін,

• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді.

     Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі. Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық жағдайы.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.

 

2.3. Кәсіпорын  қызметінің тиімділігін, көрсеткішін  талдау.

 

     Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қызметінің тиімділігі болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

     Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

     Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкаяның еңбектері болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында нәтижелілік кәсіпорын қызметінде тиімділіктің басты көрсеткіші болып табылады. Нәтижелілік түсінігі кәсіпорынның шаруашылық қаржы қызметінің бірнеше құрамдас бөліктерінен құрылады. Нарықтық қатынастар жағдайында қызмет ететін кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіндегі нәтижеліліктің басты сипаттамасына табысты жатқызады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтаудың мәнін оны талдаудың негізгі міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Оларды басты міндеттері:

   Біріншіден, кәсіпорынның нарықтық қаржылық тұрақтылығын, бәсеке қабілеттілігін сақтау, жұмыскер ұжымның өмір сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткен нәтижелерінің мәнін қарастыру;

   Екіншіден, кәсіпорын қызметінің тиімділігіне ықпал ететін алуан түрлі факторларды және олардың қайнар көздерін зерттеу;

   Үшіншіден, зерттеу объектінің келешктегі даму бағыттарын зерттеу;

Кәсіпорынның  қызметінде нітижелілікті сипаттайтын  экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы зерттеу тереңдігіне байланысты болады.

Тиімділікті сипаттаушы бағыттарының бірі зерттеу объектінің іскерлік белсенділігін анықтау  болып табылады. іскерлік белсенділік  ұйымның дамуының динамикалылығында, оның қойған мақсаттарына жетуінен көрінеді, осының барлығы абсолютты құныдылқты және жанама көрсеткіштерін анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

     Қазіргі кезде туризмнің дамуы қарқын алып келеді. Ол туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастырып, туристік бизнесті жолға қойды.

     Қазіргі  таңда Қазақстан Республикасында  туристік нарық мына бағыттарда  бөлінеді:

   *келу  туризмі-Қазақстанға келген шетелдіктерге  қызмет көрсетуге бағытталған; 

   *кету  туризмі-Қазақстан Республикасы  алыс-жақын шетелдерге сапарын  ұйымдастыру;

   *шоп-туризмі-«желқайықтармен» («челноктармен»)қызмет ету;

   *ішкі  туризм-ел ішінде отандық туристермен  жұмыс;

   *әлеуметтік-мемлекеттің  әлеуметтік мұқтаждықтарға бөлетін  қаражатынан демеу көрсететін  саяхат;

   *өздігінше  (самодеятельный)-туристердің өз  беттерінше ұйымдастыратын, жылжудың белсенді тәсілдерін пайдаланатын сапары.

Бұған қоса туристік бизнестің өзінің ерекше терминалогиясы бар:

   *турист-уакытша  24 сағаттан 6 айға дейін қатар  келетін немесе 1 түнеп қана қайтатын, денсаулығын түзейге, ел көріп, жер тануға арналады.

     Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты кіреді.Туристік қызмет сферасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маркетингтік аспектілері нарықты зерттеу, тұтынушылардың сұранысы мен талғамын анықтау, ассортименттік, баға, өткізу, жылжыту саясаттарын әзірлеуді қамтиды. Мысалы, туризмі жақсы дамыған мемлекеттер бюджеттен жарнамаға қаражат бөле отырып тур өнімді жылжыту саясатын жүргізеді. Түркияда туристік компаниялардың персоналды оқыту және әлемдік нарыққа фирмалық марканы жылжыту шығындары бюджет есебінен қайтарылады. Қазақстанда кіру туризмін дамыту үшін ҚР-ның шетелдегі елшіліктерінде, ірі әуежайларда ақпарат орталықтарын құру, отандық туризмді насихаттайтын видеороликтер шығару керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Агеева Ю.Б., Агеева А.Б. Аудиторская проверка: практическое пособие для аудитора и бухгалтера - М.: Бератор-Пресс, 2003.

2. Александров О.А. Бухгалтерский учет в туризме: практическое пособие. - М.: Омега Л, 2006. - 190с. - Практическая бухгалтерия).

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: Қазақстан 1994.

4. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 ақпандағы №234 Заңы.

5. Ковалева О.В., Константинов Ю.П. Аудит - М.: «Приор-издат», 2003.- 320с.

6. Әбдіманапов  Ә. Бухгалтерлік және қаржылық  есеп принциптері. – Алматы: 2006.

7. Туристiк қызмет туралы. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы

8. «Аудит». Под редакцией профессора В.И. Подольского Москва 1997г.

9. Әбдіқалықов Т.Ә. «Бухгалтерлік есеп және аудит». Алматы 2000ж.

10. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп», Алматы 2001ж.,

11. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша- қазақша сөздік. –  

     Алматы: Сөздік- Словарь, 1999.

12. Т.Ә.Әбдіқалықов “Аудит және бухгарлік есеп” Оқу құралы, Алматы, “Қазақ Университеті” 2000 ж.




Информация о работе Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері