Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:06, курсовая работа
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.
Кіріспе.........................................................................................................................3
Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері....................4
Турбизнес кәсіпорындарда бухгалтерлің есепті ұйымдастыру....................11
Шығын құрамы және туристік азық-түліктердің өзіндік құндарын калькуляциялау...................................................................................................16
Туристік азық-түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі.21
2.1. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау..................24
2.2. Кәсіпорының нарықтық белсенділігі көрсеткіштерінің жүйесі...................28
2.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін, көрсеткішін талдау................................30
Қорытынды.............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................33
Туроператор – ұйым өзінің қызмет барысында сату, сатып алу, қонақ үй, тасымалдау, тапсырмалар, агенттік келісім-шарттар, сақтандыру қызметтеріне келісім- шарт жасау арқылы құқық алады. Аудитордың міндеті осы құжаттарда орын алған заң бұзушылықты және қарама-қайшылықты заң тұрғысынан бағалау. Ең бірінші кезекте келісім-шарттардың атауының мазмұнға сәйкестігін анықтау. Содан соң, барлық шарттардың орындалуы тексеріліп, оның Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тіркелген барлық келісім-шарттардың заңдылығы зерттелінеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкестігі тексерілуі қажет. Агенттік келісім-шарттарға сәйкес көптеген туроператорлар турагенттермен шаруашылық операциялар жүргізеді. ҚР Азаматтық кодексіне және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес барлық баптар бойынша құжаттарды тексеру, олардың осы келісім-шартта көрсетілгендей жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Коммерциялық ұйымда жүргізілген тексеру нәтижелері жайлы ақпараттан тұратын негізгі экономикалық құжат – аудиторлық қорытынды болып табылады. Аудит барысында аудитордың іс-әрекеті аудиторлық тексерудің басты мақсатына жету – экономикалық субъектінің бухгалтерлік есебінің сенімділігінің дұрыстығына назар аудару. Осы пікір аудиторлық қорытындының мазмұнын құрайды.
Аудиторлық қорытынды – аудиттелетін тұлғалардың қаржылық есептілігін қолдануға арналған негізгі заңды құжат. Ол аудиторлық қызметтің стандарты ережелеріне сәйкес құрылған және онда аудиторлық ұйымның немесе жеке аудитордың аудиттелетін тұлғаның қаржылық есептілігінің сенімділігі жайлы пікірі, сондай-ақ, оны жүргізу тәртібінің ҚР «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңдарына сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Осы заңға сәйкес аудиторлық фирма жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша нормативті актіге сәйкес бухгалтерлік есептің берілген аспектілерінде барлығына сәйкестілігі жайлы пікірін білдіруі тиіс, ол ҚР-дағы бухгалтерлік есеп және есептілікке сәйкес реттеледі. Есептіліктің сенімділігі жайлы пікір жағымды немесе жағымсыз аудиторлық қорытынды формасында бейнеленуі мүмкін. Өте жағымды аудиторлық қорытынды да турфирманың бухгалтерлік есебінің сенімділігі жайлы пікірі – бұл есептілік барлық қалыпты қатынаста активтердің, пассивтердің және мекеменің қаржылық нәтиже қызметінің есептік период аралығында нормативті актілерге сәйкес құрылған және ҚР-дағы бухгалтерлік есеп және есептілікпен реттелуін қамтамасыз ететіндей дайындалған дегенді білдіреді. Жағымсыз немесе кері аудиторлық қорытындыда аудиторлық фирманың пікірі – бұл аудиторлық қорытындыда көрсетілген жағдайлардан бөлек бухгалтерлік есеп барлық қатынастарда активтер, пассивтер және қаржылық нәтижелер қызметі, экономикалық субъектінің жан-жақты қызметінің, ҚР бухгалтерлік есеп және есептілік реттелуінің нормативтік актілерден ауытқулар бар дегенді білдіреді. Аудиторлық қорытынды үш міндетті элементтен тұрады: а) аудиторлық қорытындының кіріспе бөлімі аудиторлық фирма жайлы жалпы мағлұматтарды көрсетеді; б) негізгі (аналитикалық) бөлімде есепті-аналитикалық жүйенің және ішкі фирмалық бақылау жүйесінің, сондай-ақ бухгалтерлік есепті реттейтін нормативті-құқықтық құжаттардың жағдайларымен сәйкестігін тексеру нәтижесінің жалпы мәліметтері жайлы мағлұматтан тұрады; в) аудиторлық қорытындының қорытынды бөлімінде фирманың бухгалтерлік есептілігі, экономикалық субъектінің сенімділігі жайлы пікірінен тұрады.
Қорытынды бөлім мыналардан тұруы тиіс: берілген бөлімнің атауы; қорытынды бөлімнің бағыттылығы, экономикалық субъектінің атауы; аудит объектісі; нормативтік-құқықтық құжаттарға сілтеме, - бұлар бухгалтерлік есепті құрудың және көрсетудің тәртіптілігін реттеуі тиіс; зерттелген шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есептілігінің сенімділігі жайлы аудиторлық ұйымның пікірі; аудиторлық қорытындының мерзімі. Қорытындыда аудит жүргізілген қатынасқа сәйкес экономикалық субъектінің бухгалтерлік есептілігі қосылып алынуы тиіс. Бухгалтерлік есептің негізгі ережелерін ұйымдастыру және жүргізу – шаруашылық субъектілердің бухгалтерлік есеп беру құрамын, мазмұнын, мерзімін және жолданым иесін, бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігін, олардың құқықтылығын, міндеттері мен жауапкершілігін мемлекет анықтайтынын; кәсіпорында бухгалтерлік есепті мемлекеттік реттеудің ұйымдастырылуы, оның жетілдірілуі мен оңтайландырылуына кең ауқымды құқық беруімен ұштастыратын; бухгалтерлік есеп ақпараттарымен ішкі және сыртқы қолданушыларды қамтамасыз ететін, өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің ролін үнемі арттыратын; мәліметтерінің талдамалы болуын қамтамасыз ететін; серпінділігі, методологиясы мен техникасы, бухгалтерлердің жұмысын ұйымдастыруда үнемі есеп процесінің жетілдіретін жалпы принциптерімен құрылады. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде туристік кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелері осы туристік кәсіпорынның иегерлерінің мүліктері мен міндеттемелерінен оқшауландырылуы; туристік кәсіпорын өзінің қызметін болашақта жалғастыруы және оның өз қызметін тоқтатуға немесе қысқартуға ойы жоқ, сондай-ақ міндеттері бекітілген тәртіпте өтелуі; есеп саясаты ұзақ мерзімге (бір қаржы жылынан көп) қалыптастырылуы және бір есеп жылынан басқа есеп жылында қолданылуы; бухгалтерлік есепте шаруашылық қызметтеріндегі фактілер (шығыстары мен кірістері), сол есеп мерзімінде сәйкес көрсетілетілуіне және фактілерге байланысты ақша қаражаттарының нақты түсу мерзімінде тәуелсіз бухгалтерлік есепте көрсетілетін «ақша есептеу» принципін сақтауы қарастырылады.
Туристік кәсіпорында есеп саясаты туристік кәсіпорындардың экономикалық өміріндегі барлық фактілерді екі жақты жазба әдісімен дер кезінде және толық көрсетуді; өзінің іс-әрекетінде абайлампаздықты танытуды және кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығына өзінің іс-әрекетімен залалын тигізбеуді; әрекет етуші кейбір ережелерді формальды түсінуде құқықтық және экономикалық көзқараста болуды; аналитикалық шоттардағы дебет және кредит бойынша айналымдарында бастапқы және соңғы қалдықтарының және оларды синтетикалық шоттара біріктіретін дебет және кредит айналымдары бойынша теңдіктің сақталуды; есеп беруді құру және қаржы нәтижелерін шығару мақсаттары үшін есеп және есеп беру кезеңдерін (мысалы, ай, тоқсан, жарты жылдық және т.б.) шектеуді; есеп беру көрсеткіштернің құрамында тәуелсіз салыстырылымдылықтың болуын; туристік кәсіпорындардың спецификалық есебімен бухгалтерлік есеп жүргізудің үнемділігі мен тиімділігінің болуымен қамтамасыз етеді. Есеп саясатын қалыптастыру жауапкершілігі туристік кәсіпорындар басшысына жүктеледі, ал есеп саясатының қабылдануы немесе бекітілуі бұйрықпен рәсімделеді. Туристік кәсіпорындарда есеп саясаты қолданатын есеп регистрларын таңдау, оларда бухгалтерлік жазулар жүргізу (бухгалтерлік есеп формалары); бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары негізінде шоттардың жұмыс жоспарын құру – турөнімді өндіру және сату технологияларына байланысты синтетикалық шоттар мен қорытынды есептер санын шектелген түрде қолдану; алғашқы құжаттардың типтік формаларында қарастырылмаған шаруашылық операцияларын, сондай-ақ ішкі айналымында жүргізілетін құжаттар үшін формаларды рәсімдеу; құжаттар айналымын жүргізу ережесі; түгендеу жүргізудің тәртібі; тауар-материалды қорларды бағалау әдісін құру; негізгі құралдар, материалда емес активтердің тозуы бойынша есеп жүргізудің тәртібі мен әдісін бекіту; жеке есеп объектілері арасында жанама шығындарды бөлу әдістерін таңдау; резервтерін қалыптастыру; курстық айырманы есептеу тәртібі; таза пайданы пайдалану және бөлу варианттары; туристік кәсіпорындардың бөлімшелері ретінде бухгалтерия құрамы мен құрылымы элементтерінің негізгінде жұмыс атқарады.
Туристік кәсіпорындардың есеп саясаты – бұл олардың негіздері мен принциптеріне сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді айқындау үшін туристік кәсіпорындардың басшылары қолданатын тәсіл-амалдарының жиыны. Бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілдеріне шаруашылық қызметтерінің фактілерін бағалау жғне топтастыру әдістері, активтер құнын өтеу, құжаттар айналымын ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану тәсілдері, есеп регистрларының жүйесі, ақпараттарды өңдеу және басқада сәйкес тәсілдері, амалдары және әдістері жатады. Туристік кәсіпорындардың шаруашылық операцияларын, активтерін, меншік капиталын, міндеттемелерін, қаржы нәтижелерін көрсететін альтернативті әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп стандарттары есеп саясатының негізі мен базасы болып табылады.
Туристік кғсіпорындардың көрсететін қызметтерінің жағдайларынан шығатын және бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы есебін көрсету үшін негіз ретінде қабылданатын әрбір стандарт ұсынатын әдістердің бірін таңдаумен есеп саясаты қалыптастырылады. Туристік фирмаларда бухгалтерлік есеп шаруашылық есеп жұмысының көлеміне байланысты іске асырылады:
— бас бухгалтердің басшылығымен жеке құрылымдық бөлімшесі ретінде
бухгалтериямен;
— не туристік кәсіпорын штатына енгізілген, не еңбек келісім шарты бойынша
жұмысқа қабылданған бас бухгалтермен;
— арнайландырылған ұйымдармен, аудиторлық компаниялармен;
— тікелей туристік кәсіпорын басшысымен.
Туристік кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін, еңбекті ұйымдастыруда ғылыми жетістіктерді пайдаланатын, барынша қарапайым және жинақы болатын, бақылау мен басқару үшін әкімшілік басқаруды ақпараттармен қамтамасыз ететін, ақпаратты сырттан пайдаланушыларға сенімді бухгалтерлік есеп беретін бухгалтерия аппаратының құрылымы турөнім өндірісінің технологиясымен және арнайы ұйымдастыру ерекшеліктерімен құрылуы керек.
Туристік азық-түліктердің өзіндік құнына қосылатын шығын құрамы БЕС №7 «Тауарлы материалдық қор есебі» және оған әдістемелік ұсыныспен реттемеленеді. Осы құжаттарға сәйкес туристік азық-түліктердің өзіндік құны табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі құрал, еңбек ресурстары, сондай-ақ басқа да шығындардың өндірістік процесінде пайдалану бағаларының құнын білдіреді.
Туристік азық-түліктердің өндірістік өзіндік құнына тікелей және жанамаға бөлінген шығындар қосылады.
Тікелей шығындар- бұл туристік
азық-түліктердің өзіндік
Жанама шығындар – бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына оның бөлінуі бойынша қосылатын шығындар (халықаралық телефонмен сөйлесу шығындары, Интернетке кіргізудің қызмет көрсету төлемі, жарнамалық және сувенирлік өнімдерді дайындау, жалдық ақы). Өндірістегі процестегі қызметтік рөлі бойынша айрықшаланатын олар кешенді баптарды (бірнеше экономикалық элементтерді қосып) қалыптастырады.
Туристік азық-түліктерді өндіру шығындарын топтастыру экономикалық мазмұнына және БЕС 7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» мен оған әдістемелік ұсынысқа сәйкес жүзеге асырылады:
а) экономикалық элементтермен
ә) шығын баптары бойынша:
Туристік азық-түліктерді өндірудің шығын есебіне 900 «Негізгі өндіріс», 920 «Қосалқы өндіріс» калькуляциялық шоттар, 930 «Үстеме шығындар», жинау-бөлу шоты «Алдағы кезең шығындары» 34 бөлімше шоты пайдадаланылады. Дебет бойынша бұл шоттармен бір элементті шоттарғ алдын ала жиналған шығындар ескеріледі, ал кредит бойынша есептен шығарылады. 900, 920, 930 шоттарының сальдосы жоқ және айдың бітуі бойынша бұл шоттарға дебет бойынша жиналған шығындар «»
Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны» 801 шот дебетінде есептен шығарылады.
Туристік кәсіпорындардағы шығындар есебі
Туристік өнім. Туристік қызмет пакеті (Турпакет). Туроператор және турагенттегі туристік өнімді шығаруға және сатуға байланысты шығындарды жіктеу. Өндірістік шығындарды есепке алу. Турөнімді сату бойынша шығындарды есепке алу. Жалпы әкімшілік шығындарды есепке алу. Туристік өнімді шығаруға байланысты туроператордың шығынын есепке алу. Туристік өнімдердің өзіндік құнына қосылатын шығын құрамы ХКЕС 2 және оған әдістемелік ұсыныспен реттелінеді. Осы құжаттарға сәйкес туристік өнімдер өзіндік құны табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі құрал, еңбек ресурстары, сондайөақ басқа шығындардың өндірістік процесінде пайдалану бағаларының құнын білдіреді. Туристік өнімдердің өндірістік өзіндік құнына тікелей және жанамаға бөлінген шығындар қосылады. Туристік өнімдерді өндіру шығындарын топтастыру экономкалық мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады:
А) экономикалық элементтермен:
- материалдық шығындар;
- еңбек ақы шығындары;
- аударым;
- құралдардың тозуы;
- басқадай шығындар;
Б) шығын баптары бойынша:
- материалдар;
- еңбекақы;
- аударым;
- үстеме шығындар.
Тур өнімді сатып алушы немесе турист белгілі бір көрсетілетін қызмет түрі пайдаланады. Толық кешенді көрсетілетін қызмет түрі екіге бөлінеді.Біріншісі – инклюзив-тур деп аталады, немесе авиа тасымалдау
қызметінде барар және қайтар жүру жолының ақысы арнайы тарифпен есептелу арқылы пайдаланушы туристке жеңілдікпен ұсынылған турөнімнің жалпы бағасының түрі.
Екіншісі – пэкидж-тур деп аталады немесе тасымалдау қызметінің бағасы туоөнімнің құрамынан тыс жеке сатылған түрі. Турөнімнің өзіндік құнын анықтау үшін арнайы калькуляциялық құжат толтырылады. Калькуляциялаудың мақсатына қарай төмендегідей түрлері қарастырылады:
-жоспарланған кезең ішіндегі мөлшер мен смета бойынша
жасалынған баға;
-нақты баға турөнімге кеткен шығындардың нақты
сомасы;
-сметалық немесе жаңа турөнімдерге сметалық құжат арқылы жасалған жобалық баға.
Туристік кәсіпорындардағы табыстар есебі
Туристік кәсіпорынның жиынтық табысы. Туристік фирма- туроператордың негізгі қызметінен табыстары. Туристік фирма- турагенттің негізгі қызметінен табыстары. Қонақжай кәсіпорынының табыстары. Баға қалыптастырудың негізгі әдістері. Табыстардың синтетикалық және аналитикалық есебі. Әр түрлі операциялармен жағдайдарынан туындайтын Табысты есептеуі «Табыс» 18 ХҚЕС сәйкес жүргізілуі қажет.
Табыс - өзінің капиталының өсімі, меншік иесіні шотына салымдар арқылы өзіндік өсуді орытындысы болып келетін йымды істі кезінде пайда болатын кезе дегі экономикалы пайданы жалпы түсімі. Табыс әділетті алынғ анынмен немесе алынатын сыйақы бойынша өлшенеді. Әділеттік құн – екі жақтың тәуелсіз операциялардың жүзеге асырғысы келетін, операцияны жүзеге асыру кезінде жақсы хабардар болған активерді айырбастау немес орындау сомасы. Тауарлардың және қызметтердің, айырбастаудың өлшемі және сипаты бойынша ұқсас тауарларды және қызметтерді айырбастау кезінде табысты пайда болдыратын операция ретінде қарастырылмайды. Тауар және қызметті жақсы тауар және қызметке айырбастау кезінде айырбастау өзгертілген ақша қаражаттар сомасына немесе оларды эквиваленттеріне, алынған тауарлар және қызметтерді әділетті алынған құнын өлшеуші табыс болып келеді.
Информация о работе Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері