Әкімшілік құқық бұзушылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 20:45, контрольная работа

Описание работы

Жалпы құқық бұзушылық – бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлә іс қимыл. Құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді.
1) Қылмыс – бұл Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде көрсетілген, қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазаны туындататын қоғамға аса кауіпті іс-әрекет.
2) Теріс қылық – қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы жасалатын және әр түрлі салдар туғызатын қоғамға орташа және кішігірім қауіпті іс-әрекеттер. Теріс қылықтар заңды жауапкершілікке байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: әкімшілік, азаматтық-құқықтық, материалдық бөліктік, тәртіптік. Соның ішінде біздің қарастырайын деп отырғанымыз – әкімшілік құқық бұзушылық.

Содержание

Кіріспе 3
1 Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі 4-6
2 Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері 6-7
3 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдар 7-8
4 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу, іс қозғау, істерді қарау 8-9
Қорытынды 10
Қолданған әдебиеттер тізімі 11

Работа содержит 1 файл

әкімш.қ.doc

— 108.00 Кб (Скачать)

4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.

5) жаппай өріс алуы (массовость) — бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы — бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.

     2 Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері. Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларға мыналар жатады:

1) азаматтардың тіл таңдау құқықтарын шектеу;

2) еркін жүріп тұру және тұрғылықты жер таңду құқықтарын шектеу;

3) азаматқа ақпарат беруден бас тарту;

4) еңбек туралы заңдарды бұзу;

5) зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы заңдарды бұзу;

6) еңбекті қорғау ережелерін бұзу;

7) ұжымдық шарт, келісім жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтару;

8) ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу;

      Мысалы, азаматтардың тіл таңдау құқықтарын шектеу, тілге байланысты себептер бойынша кемсіту – лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

     Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық.

а) үгітке тиым салынған кезенде оны жүргізу

б) Президентке, депутатқа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидат туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату;

в) сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесінің, байқаушының құқықтарын бұзу;

г) азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкүндік жасау мақсатында сайлау бюллетендерін (дауыс беруге арналған бллетендер) беру, т.б.

     Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын  әкімшілік құқық бұзушылық

а) ата-аналардың немесе олардың орнындағы  адамдардың балаларды тәрбиелеу  жөніндегі міндеттерді орындамауы. Бұндай әкімшілік құқық бұзушылық болған жағдайда ескерту жасалады немесе айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінле айыппұл салынады және де кәмелекте толмағандардың спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына әкеп соққан іс-әрекеттер, сол сияқты олар қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер жасаса, ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға айлық көрсеткіштің 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға алкоголь, темекі бұйымдарын сату әкішілік құқық бұзушылық болып табылад. Мұндай әкімшілік құқық бұзушылық болған жағдайда айлық есептік көрсеткіштің 2-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

     3 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істерді қарауға уәкілетті органдар:

1) аудандық және соларға теңестірілген соттардың судьялары;

2) кәмелетке толмағандардың құқықтарын  қорғау жөніндегі аудандық (қалалық)  қалалардағы аудандық комиссиялар;

3) ішкі істер органдары, мемлекеттік  инспекция органдары;

     Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын соттардың құзыретіне ӘҚБт ҚРК-нің 541 бабына сәйкес, осы бапта көрсетілген көптеген әкімшілік істерді қарау берілген. Бұл әртүрлі саладағы әкімшілк істер, яғни әкімшілік соттар өзінің қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. Әкімшілік соттардың міндетіне сипаты жағынан қылмыс болып саналмайтын, алайда қағидаларда, нұсқаулықтарда, ережелерде, заңдарда қамтылған белгіленген талаптарды бұзу болып саналатын түрлі сітер санаттарын қарау жатады. Олар салалар бойынша топтастырылған.

     Егер жеке немесе заңды тұлға құқық бұзушылық жасаса немесе мұндай құқық бұзушылық нәтижесінде жәбірленуші болып танылса, лауазымды тұлға бұл туралы хаттама жасайды. Бұл ретте құқық бұзушыға құқығы мен міндеттерін түсіндіруге міндетті. Құқық бұзушының хаттамамен танысуға және оған қол қоюға құқығы бар, лауазымды тұлға құқық бұзушының талабы бойынша оған хаттама көшірмесін ұсынуы тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер судья хаттама және басқа да құжаттар алған күннен бастап он бес күн мерзімде қаралады. Істі қарауға әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адам, жәбірленуші, олардың өкілдері, қорғаушы, прокурор, сондай-ақ мүдделеріне іс қатысты болатын басқа да тұлғалар қатысады. Жауапкершілікке тартылатын істің жағдайы туралы түсінік беруге, дәлелдер келтіруге, қолдаухат білдіруге құқығы бар. Қарағаннан кейін судья не әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығара алады, не іс бойынша іс жүргізуді тоқтата алады.

     Сот тәжірибесіне келетін болсақ, соттарда жиі кедесетін әкімшілік істер ол: жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар, шетел азаматтарына қатысты әкімшілік істер, жол-көлік оқиғасы бойынша көлікте, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық, салық салу, кеден істері, сауда және қаржы саласындағы, сәулет-құрылыс қызметі саласындағы және т.б. саладағы әкімшілік істер. Жалпы әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз- ол жеке адамның құқыққа қарсы, кінәлі іс әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Егер құқық бұзушылық өзінің сипаты бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, онда әкімшілік жауаптылық туындайды. Әкімшілік жауаптылыққа он алты жасқа толған жеке адам және заңды тұлға тартылуы мүмкін. Әкімшілік жаза - әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады.

     Әкімшілік жазалардың түрлеріне келетін болсақ, жеке адамға әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін қолданылатын жазалар ол: ескерту жасау, әкімшілік айыппұл салу, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты немесе алынған мүлікті тәркілеу, лицензияны тоқтата тұру, заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау, әкімшілік қамауға алу, шетелдік адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру және т.б. жазалар.

     Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

     Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін негізгі және қосымша жаза қолданылуы мүмкін. Жеке адамға жаза қолданған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және аурылататын мән-жайлар ескеріледі. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға кәнілі адамның өкінуі, залалды өз еркімен өтеуі, әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы, жүкті әйелдің немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы, әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау жатады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ол- біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы, мас күйінде жасауы, адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылықты жасауы және т.б.

     Әрбір істің өзіндік ерекшеліктерімен қатар іс бойынша анықталған мән-жайларға сәйкес, әкімшілік жаза қолданумен қатар әкімшілік жауаптылықтан және жазадан босату да көзделген. Мысалы 67 бапқа сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған адамды егер ол адам келтірілген залалды өз еркімен өтесе немесе өзге де жолмен ретке келтірсе ол адамды жауаптылықтан босатуға болады. Бұдан басқа, әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген зиян елеусіз болған жағдайда, ол адамды ескерту жасаумен шектеліп, әкімшілік жауаптылықтан босатуға болады. Елеусіз жағжай дегеніміз - ол санкцияның әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның мөлшерінен асып кететін жағдай. Сонымен қатар, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатуға болады, және де құқық бұзушының науқастығына байланысты, тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты да жауаптылықтан босатылады. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жылдың ішінде осы жазаға ұшырады деп есептелінеді. Кәмелетке толмағандардың жауаптылығы он алты жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамдардан басталады. Оларға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Кәмелетке толмаған адамға жаза қолданған кезде оның өмір сүру және тәрбилену жағдайлары, психикалық даму деңгейі ескеріледі. Әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адамға заңдарда көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкімшілік жауаптылықтан немесе тағайындалған жазаны орындаудан босатуы мүмкін (заңды түсіндіру, ата-аналарының қадағалауына беру т.б.).

     Үстіміздегі жылдың 18 қаңтарынан бастап, ӘҚБт ҚРК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, кейбір баптар бойынша қырық бес тәулікке дейінге мерзімге қамауға алу және 200-500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасы көзделген.

     Денсаулыққа абайсызда орта дәрежедегі зиян келтіру туралы істер бойынша айлық есептік көрсеткіштің 50-150 дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе он бес тәулікке қамауға алу және денсаулыққа қасақана жеңіл түрде зиян келтіргені үшін. Айлық есептік көрсеткіштің 50-300 айыппұл салу немесе 45 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы көзделген. 320 бап бойынша есірткі құралдарын сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтағаны үшін айлық есептік көрсткіштің 200 дейінге мөлшерінде айыппұл салу немесе 45 тәулікке қамауға алу жазасы көзделген. 
Қазіргі кезде жоғарыда көрсетілген санаттағы істер әкімшілік сотымен қаралып, бұл жөнінде өз шешімін табуда. Бұдан басқа, сотпен тек сот актілері қабылданып қана қоймай, қабылданған қаулылардың орындалуы да қадағалауында.

     4 Іс жүргізу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға:

1) уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелеі анықтауы;

2) құқық қоғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар;

3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлімдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады;

     Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жергілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіз болады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады.

     Істерді қарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша қаралады. Құқық бұзушылық (әкімшілік( туралы істер есепке алынғанжер бойынша немесе қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүогізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін.

     Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган мына қаулылардың бірін шығарады: әкімшілік жаза қолдану туралы, іс жүргізуді қысқарту туралы, жаза қолдануға құқылы судьяның, органның қарауына беру туралы, айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы қаулы.

     Жалпы әкімшілік құқық бұзушылық бұл жеке немесе заңды тұлғаның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданылады. Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келуі шарт. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктің жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін негізгі және қосымша жаза қолданылуы мүмкін. Жеке адамға жаза қолданған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және аурылататын мән-жайлар ескеріледі. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға кәнілі адамның өкінуі, залалды өз еркімен өтеуі, әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы, жүкті әйелдің немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы, әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау жатады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ол- біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы, мас күйінде жасауы, адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылықты жасауы және т.б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын соттардың құзыретіне ӘҚБт ҚРК-нің 541 бабына сәйкес, осы бапта көрсетілген көптеген әкімшілік істерді қарау берілген. Бұл әртүрлі саладағы әкімшілк істер, яғни әкімшілік соттар өзінің қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. Әкімшілік соттардың міндетіне сипаты жағынан қылмыс болып саналмайтын, алайда қағидаларда, нұсқаулықтарда, ережелерде, заңдарда қамтылған белгіленген талаптарды бұзу болып саналатын түрлі сітер санаттарын қарау жатады. Олар салалар бойынша топтастырылған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

     Сонымен, Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл  болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік  -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза  қолданудың  фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық  белгіленеді және қолданылады). Қазақстан Республикасының әімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 2001 жылдың 30 қаңтарында қолданысқа енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидалары мен нормаларына негізделеді. Қазақстан Республикасының әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлігі болып табылады.

     Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың  міндеттері – адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоршаған ортаны, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.

     ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация). Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін негізгі және қосымша жаза қолданылуы мүмкін. Жеке адамға жаза қолданған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және аурылататын мән-жайлар ескеріледі. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға кәнілі адамның өкінуі, залалды өз еркімен өтеуі, әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы, жүкті әйелдің немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы, әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау жатады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ол- біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы, мас күйінде жасауы, адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылықты жасауы және т.б.

Информация о работе Әкімшілік құқық бұзушылық