Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы
Реферат, 31 Марта 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Психология дегеніміз адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен қатар психологияға жануарлармен, адамдарды салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді.
Работа содержит 1 файл
ЖАЛПЫ ПСИХ 4ШК1,2.doc
— 5.62 Мб (Скачать)Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы
Психология дегеніміз адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен қатар психологияға жануарлармен, адамдарды салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді. Оның негізгі мсазмұны адамның психикалық процесінің қасиетінің, психикалық қалпының қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.және адамның психологиялық ерекшеліктерін, іс-әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді. Психология және оның ерте заманна келе жатқан ғылым. Дүниеге тұңғыш келген жері-* ертедегі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады. «псухе»- жан, «логос»- ілім деген сөз. Жан туралы ілім деген мағына береді. Бірақ біз психологияны жан туралы ілім демейміз, психика туралы ғылым дейміз. Өйткені психология адамның психологиялық процестерін, оның іс-әерекетінің даму заңдылықтары, іс-әрекеттің адамның психикасына тигізетін әсерін зертейді. Бұл ғылым белгілі бір принциптерге негізделе отырып бірнеше салаға тарамдалады. Сол принциптердің біреуі адамның іс-әрекеті. Екіншісі сол әрекеттің даму заңдылықтары, үшіншісі адамның өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы. Адамның нақты іс-әрекеттеріне негізделе отырып психология мынадай салаларға бөлінеді.
1. Еңбек психологиясы. Бұл салада
адамның еңбегі мен іс-
2. педагогикалық психология. Бұл
салада адамды оқытумен
3. Арнаулы психология мұның өзі
патопсихология,- олигофренопсихология,
сурдопсихология,
А) Патопсихология- адамның психикасының зақымдану салдарынан псиъхика әр түрлі күйзеліске ұшырайды. Соны бір жүйеге келтіріп оқытып тәрбиелеу мәселесімен шұғылданады.
Ә) олигофренопсихологиясы бала іштен туған кезде психикасының ауытқуына қарай өзгешеліктер болады. Осындай ауытқуларына қарай өзгешеліктеросындай ақыл ой тәрбиесімен шұғылданады.
Б) сурдопсихология есту мүшесі кеміс балалардың саңыраулардың, мылқаулардың психологиясын бір жүйеге келтіріп оқыту тәрбиелу мәселесімен. Шұғылданады.
В) тифлопсихология- көзі нашар көретін, соқырлар, су қараңғылардың психологиясын зерттейді.
4. жас психологиясы. Бұл адамның
бүкіл тіршілігінің
Осы психологиялардың ішінде жалпы психологияның алатын орны ерекше. Бұны сауда психологиясымен, медицина психологиясымен инженерлік психологиясымен қатар қойып саластыруға болмайды. Жалпы психология кейде эксперименталды психология деп те аталады. Жалпы психология психикалық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын адамның дүние танымы мен практикалық іс-әреткін зертейді. Сол сияқты түсіну, қабылдау, ес, қиял, ойлау, мінез, қабілет, темпераментінің ерекшелітерін зерттейді. Және бұл барлық психологиялық салалармен бұтақтарының дамуының негзігі тірегі деп есептеледі. Сондай-ақ жалпы психология көптеген қоғамдық ғылымдармен саяси экономикамен, қоғамтану, тарих, өнер тану ғылымдарымен де байланысты Өйткені бұл ғылымдардың барлығына да адмның санасының қызмет психологияның айналысатын мәселелері зерттеледі. Сондай-ақ психология барлық жаратысылтану ғылымдары мен де байланысады. Психиканың материалдық негізі ми мен нерв жүйесінің негізін зерттейтін анатомия мен физиологиямен байланысады. Психологиямедицинамен, саяси эконимикамен де байланысады. Психологияның педагогика үшін де маңызы зор. Адамның жас мөлшеріне байланысты даму заңдалақтарын, жеке бас ерекшеліктерін білу, білім беру мен тәрбиелеудің әдістерін пайдалануға теориялық негіз болады.
Негізінде психологияның
- психикалық процестер
- психикалық қалып немесе жағдай
- психикалық қасиеттер
психикалық процестерге түйсік, қабылдау жатады. Бұл процестер бойынша заттар мен құбылыстар сезім мүшесіне тікелей әсер етеді. Ал ес процесі арқылы тболмыстағы бейнелер адам санасында қайтадан жаңғырады. Қиял мен ойлау адам санасындағы тікелей танып білуге болмайтын заттар мен құбылыстарды мәнді және жанама түрде байланыстарады. Ал эмоциялық процестер арқылы адамда әртүрлі сезімдер пайда болып оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға қозғаушы себеп болады. Сонда біздің түйсігіміз ес, қабылдау, ойлау, сөйлеу психикалық процестер деп аталады. Ал психикалық жағдайға адамның сезім көріністері, көңіл-күйі, аффекттер, ашуланатын күйіп-пісуі жатады. Адамның еркі, сенімі, тартыншақтығы, ойлаудағы күмәндануы психикалық жағдайға жатады. Әр адамның өзіне тән жеке басның ерекшелігі психикалық қасиеті болады. Кейбір адам сурет салуға, техникаға, кітап оқуға ықыласы күшті болады. Екінші бір адамның әрекетінің басқа түріне қабілеті болады. Біреулер қызба, темпераментті болады. Ал екінші біреулер бір қалыпты,байсалды болады. Сонда ықылас, темперамент, мінез адамның психикалық қасиеттері деп есептеледі. Психикалық процесс, психикалық жағдай, психикалық қасиет бір-бірімен байланысты. Осы үшеуінің жиынтығы психика деген ұғымды береді.
Психологияның шығу тарихы.
Психологияның ең алғаш дүниеге келген жері Греция. 8 ғасырдан бастап психологиялық мәселелерді зерттеу саласында көптеген оқымысты ғалымдар жұмыс жасады. 18 ғасырда діншіл нанымды жақтаған кейбір бурзуазиялық көзқарасты насихаттап келген көптеген адамдар адамның тәніне тәуелсіз «жаны» болады деді. «Жан»- барлық психикалық тіршіліктің негізгі себепшісі деді. Осының өзі сол кездегі адамның табиғат сырын дұрыс түсіне алмауына байланысты. Олардың айтуынша табиғатқа табынбайтын ерекше бір күш бар деді. Адам жанының жеке бір саласы ретінде кез келген ғылымның зерттейтін ерекше бір пәні болады.
Психолггияның зерттейтіні –
психика. Психиканың әр түрлі
құбылыстарын зертеп
Биографиялық әдіс- өмір баянын анықтау. Бұл әдістің мәнің жеке адамның психологиялық ерекшеліктерін бейнелеп көрстеуге болатын өмір баянынөзгешеліктеріне талдау жасап, жинақтап, қорытынды жасаумен аяқталады. Биографиялық зерттеу адамның күнделік жазбаларының хаттарының өмір баянын анықтайтын мәліметтер, оны танитын адамның есінде қалған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Биографиялық әдістің ерекшелігі бақылау сияқты сыртынан бақылап жүрмейді. Шындықты тереңірек зертеп білу үшін іс-қағаздарға, өмірбаянына сын көзбен қарап, тереңірек ұқыптылықпен қадағалауды талап етеді. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп білу үшін сол адамның өзшығармаларын да пайдалануға болады.сонымен қатар бақылау мен эксперимент арқылыалынған мәліметтерге сүйкнуге болады.
Психологияының басқа ғылымдармен байланысы.
Психология өзге ғылым пәндері сияқты бірнеше пәндермен байланысты түрде дамиды. Сондай байланыстың бір түрі
- анатомия мен физиология. Бұл пән жас дамуының физиология деп аталатын жас даму физиологиясы баланың ана құрсағынан өмірінің соңғы кезеңіне дейін жас даму ерекшеліктеріне сәйкес болып отыратын өзгерістерді, нерв жүйесінің даму ерекшеліктерін зерттейді. Баланың даму кезеңдеріне сәйкес оның бойында жаңаша психикалық сапалар пайда болып ондай сапалар баланың мінез-құлқын, дүние танымын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын күрделендіре түседі. Мұндай өзгерістер баланың 1 жасқа толған кезінде, 3 жасында, 7 жасында, 10-11 жасында және 13-14 жасқа толғанда айқын байқалады. Баланың бойында жаңа пайда болған психикалық сапалар оның мінез-құлқын, әр түрлі іс-әрекеттерін өзгертуге әсер етеіп, олардың елеулі өзгерістерге ұшырағанын көрсетеді. Мұндай өзгерістерді психологияда дағдарыс кезеңдері деп аталады. Мысалы, 3 жасар бала ересек адамдардың астқанын істемей қиқарлық көрсетеді. Ұнамсыз көріністері дағдарыс болып келеді. Дағдарыс – тоқырау немесе елеусіз өзгерістерге ұшырауы. Баланың бойында пайда болатын ондағы өзгерістердің, ақыл-есінің дамуының көрінісі. Егер ата-ана баланың дамуына көзқарасы дұрыс болмаса, оның келешегіне үлкен әсер етеді.
- Педагогика – балалардың азаматтық қасиеттерін қалыптастыруда оқу тәрбие арқылы тәрбиелеу. Онымен тығыз байланысты бола тұра дидактикалық принциптеріне байланысты.
- Жеке пәндерді оқыту методикасы. Тәрбиешеінің басты мақсаты белгілі бір жүйемен, әдіс-тәсілмен жүзеге асады. Француз психологы Жере Бруно, Жан пиаже өз еңбектерінде баланы еш тәрбиесіз және оқусыз өсіп жетіледі.
- балалар психологиясы басқа азаматтық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Жалпы психологияның негізіг принциптерін негізге ала отырып басқа ғылымдармен байланысты. Балалар психологиясы жас даму психологиясының бір тармағы ретінде адамның тарихы даму процесін толық қамтитын және мінез-құлық ерекшеліктерін, заңдарын зерттейді.
Психология – табиғат, қоғамдық ғылым. Психологияның салалары бар ол адамдардың іс-әрекет түрлеріне байланысты. (педагогикалық, еңбек, медицина, әскери). Педагогикалық психология – жалпы тәрбие мен оқыту проблемаларын зерттей келе оқыту және тәрбие психологиясы болып бөлінеді. Психиканың дамуы (жас даму психологиясы анамальды (кеміс) психологиясы, салыстырмалы психология (зоопсихология, этология)
Жас даму психологиясы. «Мектеп
жасына дейінгі балалар
Әлеуметтік орта – адамның өзіндік тіршілік еткен ортаға байланысы, қатынасы (дара адам, кіші топтар, үлкен топтар) субъекті «S», объект «O» адамға әсет етіп одан адам сыртқы орта психикасы пайда болады.
ПСИХИКА МЕН САНА
1. психиканың пайда болуы және дамуы туралы түсінік
2. жануарлар психикасының
3. Адамда сананың даму жолына сипаттама
А) сананың дамуындағы еңбектің ролі
Б) сананың идамуындағы сөзбен қарым-қатынастың ролі
4. адам мен жануарлардың
1. Психикалық процесс, психикалық қалып, психикалық қасиет үшеуі жинақталыпкеліп психика деген ұғым береді. Психиканың қарапайым түрі жануарларға тән қасиет. Ал адамның қоғамдық ортамен байланысының нәтижесінде психиканың ең жоғары формасы сана қалыптасқан. Психика туралы материалистер де, идеалистер де ұзақ жылдап бойы айтысып келе жатыр. Идеалистердің айтуы бойынша психика материядан бірінші пайда болады, яғни материяның ешқандай психикаға қатысы жоқ. Көптеген идеалистер психикалық қасиеттердің қабілетті, мінезді, темпераментті жеке адамның адамгершілік сапасын адамның туғаннан дайын күйінде беріледі дейді. Көптеген идеалистік ұғымды жинақтаушы психологтар адамның психикасының даму заңдалақтарын оқыту мен тәрбиелеу ісі арқылы өзгеріп қалыптастыруға болады дегени ұғымды жоққа шығарады.
Психиканы материалистік