Кодекс бюджеттік

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:33, статья

Описание работы

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Работа содержит 1 файл

Бюджетный-кодекс-на-казахском.doc

— 909.00 Кб (Скачать)

97-бап.  Төлемдерді және ақша аударымдарын  ұлттық 
              валютамен жүзеге асыру     

1. Төлемдер мемлекеттік  мекемелердің міндеттемелері бойынша  төлеуге берілетін шоттар негізінде  жүзеге асырылады. 
      2. Төлеуге берілетін шот бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі үшін ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыруға негіз болып табылатын мемлекеттік мекеменің құжатын білдіреді. 
      3. Мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар шегінде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттар сомасының және шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегінде жүргізіледі. 
      4. Жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілесіз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге жол берілмейді. 
      Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 
      5. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі: 
      төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына; 
      тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге; 
      бірыңғай бюджеттік сыныптамаға; 
      төлемдерді жүргізу кезінде толтырудың нысаны, толықтығы және дұрыстығы бойынша төлеуге берілетін шоттардың Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруге саятын төлемдерді төлеу кезіндегі ағымдағы бақылауды жүзеге асырады. 
      Тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша түпкілікті төлем жүргізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді. 
      6. Мемлекеттік мекеме: 
      төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін; 
      төлеуге берілетін шоттың көрсетілген деректемелерінің дұрыстығын; 
      ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын; 
      жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын; 
      тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша түпкілікті төлем жүргізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың табыс етілуін қамтамасыз етеді. 
      7. Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміленің талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) беру арқылы өтелуге не тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады. 
      8. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы, бюджетті атқару жөніндегі заңнамасы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар айқындайды. 
      9. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.    

  98-бап. Инкассолық өкім     

1. Инкассолық  өкім соттардың заңды күшіне  енген шешімдеріне, ұйғарымдарына,  қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес  берілген, сондай-ақ пайда болған  салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, кеден органдары алдындағы берешекті өтеуге байланысты атқарушылық құжаттарды мемлекеттік мекеменің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатын білдіреді. Инкассолық өкім мемлекеттік мекеме төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады. 
      Инкассолық өкім атқару парағы немесе соттың шешімі (үкімі, ұйғарымы, қаулысы) бойынша берілген бұйрық немесе ақшаны өндіріп алу туралы сот бұйрығы негізінде және салық қызметінің органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады. 
      2. Инкассолық өкім ұсынылатын мемлекеттік мекеменің қызмет көрсету орны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне инкассолық өкім беріледі. 
      Инкассолық өкім оны жасауға негіз болып табылған атқарушылық құжаттың түпнұсқасын не салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, әрбір беті соттың елтаңбалық мөрімен куәландырылған осы құжаттың көшірмесі қоса тіркеліп, беріледі. 
      Инкассолық өкімде көрсетілген сома атқарушылық құжатта көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс. 
      Инкассолық өкімде мемлекеттік мекеменің ол бойынша осы өкімнің орындалуы талап етілетін коды көрсетіледі. 
      3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шотқа, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау және ақшаны уақытша орналастыру шоттарына ұсынуға жол берілмейді. 
      Инкассолық өкімдерді ұсыну мемлекеттік мекеменің кодында, ақылы қызмет көрсету мен демеушілік, қайырымдылық көмек шоттарында жүзеге асырылуы мүмкін. 
      4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады. 
      5. Инкассолық өкімдерді орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.    

  99-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың 
               түрлері бойынша шетел валютасымен жүзеге асыру     

1. Мемлекеттік  мекемелер төлемдер мен ақша  аударымдарын валюталардың түрлері  бойынша шетел валютасымен Қазақстан  Республикасының резиденті еместердің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу жолымен жүзеге асырады. 
      Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған айырбасталатын күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады. 
      2. Мемлекеттік мекеме валюталардың түрлері бойынша айырбасталған шетел валютасын шетел валютасымен шотқа есепке жазылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс. 
      Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы мемлекеттік мекеме шығыстарының бюджеттік сыныптамасының кодына шетел валютасы айырбасталған ұлттық валютадағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, көрсетілген мерзім өткеннен кейін қайта айырбасталуға тиіс. 
      3. Мемлекеттік мекеме айырбастау, қайта айырбастау жөніндегі операцияларды ресімдеу кезінде деректемелердің дұрыстығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негізділігін қамтамасыз етеді. 
      4. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.    

  100-бап. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді және 
              төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата 
              тұру     

1. Бюджетті атқару  жөніндегі орталық уәкілетті  органның аумақтық бөлімшесі  Қазақстан Республикасының Үкіметі  айқындаған тәртіппен және мерзімде: 
      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізген; 
      2) инкассолық өкімдерді ұсынған; 
      3) егер мемлекеттік мекеме айырбасталған шетел валютасының пайдалану мерзімі біткеннен кейінгі келесі жұмыс күні айырбасталған шетел валютасының мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған қалдығын қайта айырбастау жөніндегі рәсімді жүзеге асырмаған; 
      4) егер жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредит сомасын оны бөлген жоғары тұрған бюджетке кредит шартының талаптарында көзделген мерзімде қайтармаған; 
      5) секвестр жағдайларында азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды тоқтата тұрады. 
      2. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің төлемдерін жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру: 
      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, өзгерістер енгізілетін шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғанға дейін; 
      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салық және әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын аудару, банктік қызмет көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерін қоспағанда, осы өкімдер ұсынылған шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша инкассолық өкімдер орындалғанға дейін; 
      3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған айырбасталған шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау рәсімі аяқталғанға дейін; 
      4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттарды бюджеттік кредит бойынша берешектің сомасын қайтаруға оны бөлген жоғары тұрған бюджетке ұсынғанға дейін жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады; 
      5) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, секвестр көзделіп отырған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын қысқарту туралы тиісті бюджет комиссиясы ұсыныс шығарған күннен, келесі жұмыс күнінен бастап, өзгерістер енгізілетін шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.   

   101-бап. Бюджет ақшасын басқару     

1. Бюджет ақшасын  басқару бюджетке түсетін түсімдердің  мерзімдеріне сәйкес төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін білдіреді. 
      2. Бюджет ақшасын басқаруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 
      3. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды. 
      4. Төлемдердің уақтылы және толық төленуін жүргізуді қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган: 
      бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды; 
      тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді. 
      5. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуі күтілетін немесе түсетін нақты түсімдер мен бюджет қаражаты қалдықтары көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері күтілетін немесе жүргізілген төлемдер көлемінен асып түсуі қолма-қол ақша профициті болып табылады. 
      Түсуі күтілетін немесе жүргізілген төлемдер көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуі күтілетін немесе түсетін нақты түсімдердің және бюджет қаражаты қалдықтарының көлемінен асып түсуі қолма-қол ақша тапшылығы болып табылады. 
      6. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қолма-қол ақшаның тапшылығын жабу қарыз алу не түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу есебінен жүзеге асырылады. 
      7. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша профициті болжанған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган уақытша бос бюджет ақшасының көлемін айқындайды. 
      Ағымдағы қаржы жылының белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдаланылмайтын бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша уақытша бос бюджет ақшасы болып табылады. 
      Уақытша бос бюджет ақшасын ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс алу мақсатында республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің уақытша бос бюджет ақшасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылады. 
      Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттардағы бюджет ақшасын орналастыруға жол берілмейді. 
      8. Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. 
      9. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.    

  102-бап. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде 
                қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін 
                қызметті) өткізуден түсетін ақша бойынша атқару      

1. Мемлекеттік  мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен  түсетін өз билігінде қалатын ақшаның есебінен операцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме жыл сайын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) олардың түрлері бойынша өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын жасайды. 
      2 . Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді. 
      3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының мемлекеттік мекемелер ұсынған жоспарлары негізінде мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды. 
      Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келіседі. 
      4. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарын мемлекеттік мекеме бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. 
      Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады. 
      5. Қаржы жылы ішінде мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан артық кірістер ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкін. 
      6. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
      7. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу осы Кодекстің 96-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 
      8. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен жүргізілетін төлемдер мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақшаны есепке алу үшін ашылған шотындағы нақты қолма-қол ақша шегінде жүзеге асырылады. 
      9. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.    

Информация о работе Кодекс бюджеттік