Кодекс бюджеттік

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:33, статья

Описание работы

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Работа содержит 1 файл

Бюджетный-кодекс-на-казахском.doc

— 909.00 Кб (Скачать)

  103-бап. Қаржы жылының аяқталуы     

1. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсімдерін есепке жазуға және бюджеттен төленетін төлемдерді жүзеге асыруға байланысты операциялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады. 
      2. Бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанынан кейін есепке жазылған түсімдер жаңа қаржы жылының түсімдері болып есептеледі. 
      3. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсаны аяқталғанға дейінгіні қоса алғанда пайдаланылмаған жоспарлы мақсатқа арналған қалдықтар жойылады. 
      4. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайда болған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының қалдықтарын аккредитивтік және өзге де бюджеттен тыс шоттарға аударуға жол берілмейді.    

  104-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары     

1. Есепті кезеңнің  аяғындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған қаражат кезеңнің аяғындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады. 
      2. Кезекті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған қаражат жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады. 
      3. Жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды. 
      4. Жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджетті түзету арқылы мыналарға: 
      1) алынған қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге; 
      2) төмен тұрған бюджетке өткен қаржы жылы олар пайдаланбаған дамуға арналған нысаналы трансферттердің қалдығын өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігінің сомасына аударуға; 
      3) өткен қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының шығыстарын олардың ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған қалдығы сомасына қаржыландыруға; 
      4) іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және дайындау мен беру мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтерді және басқа да тауарларды, қызмет көрсету мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызмет көрсетуді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға пайдаланылуы мүмкін. 
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген мақсаттарға бөлгеннен кейін қалған жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджет қаражатының бос қалдықтары болып табылады және бюджетті нақтылау арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі мүмкін.    

  105-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 
                жауапкершілігі     

1. Бюджеттік  бағдарламалар әкімшісінің бірінші  басшысы тиісті мемлекеттік мекемелердің  бюджеттік бағдарламаларды іске  асыру және олардың бюджет  қаражатын бекітілген (нақтыланған,  түзетілген) бюджет шегінде стратегиялық  бағыттарға, стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес пайдалануы жөніндегі жұмысын үйлестіреді және нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 
      2. Бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 
      3. Бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 
      4. Бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған заңды тұлға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 
      5. Ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін акциялары бюджет қаражатының есебінен төленген ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

19-тарау.  БЮДЖЕТТІ НАҚТЫЛАУ    

  106-бап. Бюджетті нақтылау      

1. Тиісті қаржы жылы  ішінде республикалық бюджет  туралы заңға немесе жергілікті  бюджет туралы мәслихаттың шешіміне  өзгерістер мен толықтырулар  енгізу арқылы республикалық  және жергілікті бюджеттердің  көрсеткіштерін өзгерту республикалық  және жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады. 
      2. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау: 
      1) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін ахуалды жою қажет болған; 
      2) республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған немесе өзгертілген; 
      3) республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару барысында түсімдері ағымдағы қаржы жылы олардың бекітілген жылдық көлемінен он проценттен астам сомаға кеміген; 
      4) жоғары тұрған бюджеттен қосымша бөлінген және бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері өзгерген; 
      5) осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында және 104-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі. 
      3. Сондай-ақ бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер енгізу кезінде жергілікті бюджеттерді нақтылауға жол беріледі. 
      4. Жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір-ақ рет жергілікті бюджетті нақтылауға жол беріледі. 
      5. Тиісті бюджеттік комиссияның республикалық бюджет туралы заңға немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы.    

  107-бап. Республикалық бюджетті нақтылау     

1. Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің және(немесе) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. 
      2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджеттік комиссия қарайды. 
      3. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады. 
      4. Республикалық бюджеттік комиссияның республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссия өзгерістерін мақұлдаған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді табыс етеді. 
      5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдерді ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді. 
      6. Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді. 
      7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы негізінде нақтыланған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.    

  108-бап. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар 
                қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау     

1. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың,  астананың бюджеттерін оның атқарылу  барысында нақтылау осы Кодекске  сәйкес тиісті жергілікті атқарушы  органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. 
      2. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды. 
      3. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау кезінде облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін әзірлеу мен бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады. 
      4. Облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау республикалық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.     

  109-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін 
                нақтылау     

1. Ауданның (облыстық  маңызы бар қаланың) бюджетін  оны атқару барысында нақтылау  осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. 
      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды. 
      3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады. 
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттер мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлінетін түсімдер бойынша нақтылау облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органымен келісім бойынша жүргізіледі. 
      5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау облыстық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімге қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.

20-тарау.  СЕКВЕСТР ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ТҮЗЕТУ     

  110-бап. Секвестр     

1. Секвестр бюджет  қаражатының шығыстарын белгілі  бір шектерде қысқартуды көздейтін  арнайы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі. 
      2. Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемінің он процентінен кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он проценттен астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. 
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады. 
      4. Бюджеттік бағдарламалар қысқартылған кезде олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі. 
      5. Тиісті бюджеттік комиссияның секвестрлеу туралы ұсынысын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган азаматтық-құқықтық мәмілелердің тіркелуін жүзеге асыруды және секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады. 
      6. Секвестрлеу кезінде бюджет қаражаты есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.     

  111-бап. Бюджетті түзету      

1. Қазақстан  Республикасы Үкіметінің, жергілікті  атқарушы органдардың қаулылары  және өзге де нормативтік құқықтық  актілер негізінде түсімдер мен  төлемдер бойынша қаржыландырудың  жиынтық жоспарына, кезекті қаржы  жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады. 
      2. Республикалық бюджетті түзету: 
      1) орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, беруді білдіреді; 
      2) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген; 
      3) осы Кодекстің 24-бабының 3-тармағында көзделген; 
      4) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген; 
      5) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. 
      3. Жергілікті бюджеттерді түзету: 
      1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, беруді білдіреді; 
      2) төмен тұрған бюджетке қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлінген; 
      3) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген; 
      4) осы Кодекстің 44-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген; 
      5) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген; 
      6) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

21-тарау.  БЮДЖЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІ  БАҒАЛАУ    

  112-бап. Бюджеттік мониторинг     

Информация о работе Кодекс бюджеттік