Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер — бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Работа содержит 1 файл

Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары.doc

— 250.50 Кб (Скачать)


КІРІСПЕ

 

Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей  қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін  бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны — азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.

Азаматтық істерді сотта  қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот  ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқықтың дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық  принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде (ргіп-сірішп — негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теория-ның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті — сендіру).

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер — бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Құқық принциптері —  бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.

Құқық принциптері қоғамдағы  құқықтық реттеуді және кұқық жүйесін  құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.

Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.

Сондай-ақ, оның азаматтьқ  сот ісін жүргізудің принциптері  жайлы білген, жалпы соттағы азаматтың істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Аза-маттық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде белгілі процессуалист-ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: «Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды».

Сонымен қатар, азаматтық  іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырула енгізу, оны жетілдіру  шаралары әрқашан оның принциптерін ескере жасалады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздыларын соттың құқық қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтьқ істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматқы істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, онда мұндай жағдйда ұқсас қатынастарды рет-тейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады.

Осылай, азаматтық сот  ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі  принциптерін белгілеуге болады. Принциптер әрқашан құқықтың дамуына байланысты өзгеріп, ал оның мазмұны үнемі толыға, жаңара береді. Сол арқылы дамып  жатқан қоғамдың қатынастарды реттеуге ат салысады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ғылыми зерттеулермен  айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың  қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі  ғалымдар М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А. Гурвич, П.Ф. Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов және т.б. жатқызуға болады.

Көптеген авторлардың  ойпікірі бойынша құқық принциптері  — бұл белгілі жинақтау жұмыстарының нәтижесі, ғалымдардың творчестволық  сана түжырымдамасы, олардың қалыптасқан  қоғамдық өмірдегі болмыстарға көзқарастары болып табылатын негізгі ережелер, бастапқы идеялар.

Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құықтық, салалық  және салааралық принциптермен тығыз  байланыста. Сондықтан азаматтық  сот ісін жүргізудің принциптерін азаматтық  істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы бастапқы идеялар деп түсінеміз.

Осылай азаматтық сот  ісін жүргізудің принциптері дегеніміз  — азаматтық іс жүргізудің демократиялық  және қайырымдылық мәнін ашатын, оны  құрайтын процессуалдық нормалар, сатылар  және институттарды анықтайтын, сондай-ақ, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Азаматық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі

 

1.1 Азаматтардың ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық

 

ҚР Конституциясының 13-бабының 2-тармағында және АІЖК-ң 8- бабында көрсетілгендей әрбір азамат бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

  Соттық қорғалуға құқық ҚР-ң сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңының нормаларына сәйкес:

- Әркімге мемлекеттік  органдардың, ұйымдардың, лауазымды  және өзге де адамдардың Республиканың  Конституциясында және заңдарында  көзделген құқықтарға, бостандықтар  мен заңды мүдделерге нұқсан  келтіретін немесе оларды шектейтін  кез-келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарына сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі [13,54-б].

- Ешкімді де оның  ісін заңның барлық талаптары  мен әділеттілікті сақтай отырып  құзіретті тәуелсіз және алаламайтын  соттың қарау құқығынан айыруға  болмайды.

Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Судья ҚР –да сот билігін жүзеге асырушы лауазымды тұлға .

Өз  құзіретін жүзеге асыруы кезінде  қойған талаптары барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғасына және жеке, заңды тұлғаларға міндетті т.б.

Сот жүйесі және соттың мәртебесі  туралы заңнын 3-бабы 3 –тарамағы сәйкес сотың талаптарын орындамаған тұлғаларға заңда көзделген жауапкершілік көзделеді деп көрсетілген .

Істі қараушы сот объективтілікті  және әділдікті сақтауы тиіс.

Әділшілікпен сот актісін шығаруды қамтамасыз ету үшін заң сотқа  қарсылық білдіру құқығы негіздерін қарастырған. Ол АІЖК-ң 40,43 –бабында көзделеген [7].  

Субъективті құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау нысаны дегеніміз-құқықты қорғау жолында құзіретті органдардың белгілі әрекеттер жасауы, яғни нақты мән-жайларды бекіту құқық нормаларын қолдану, құқық қорғау тәсілін анықтау және шешім шығару.

Азаматтық құқықтарды қорғау ҚР заңды актілерінде қарастырылған белгілі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Оларға:

  1. Соттық (мемлекеттік соттар)
  2. Қоғамдық (келісім комиссиялары)
  3. Нотариалдық
  4. Әкімшілік (өкілетті және атқару органдары)
  5. Өзін-өзі қорғау тәсілдері жатады.

Сотта азаматтық істерді қарау барысында іс үшін маңызы бар мән-жайларды бекіту соттық тану жолымен  жүзеге асырылады. Соттық тану – объективті әлемдегі заңдылықты (факті, мән-жайлар) тану процесіндегі адамның танып білуге бағытталған іс-әрекетінің көп түрлілігі.

Азаматтық сот өндірісінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар мән-жайдың бар немесе жоқ екенін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын, басқада жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни соттық дәлелдеу жолымен бекітеді.

Соттағы дәлелдеудің негізі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды.

Жалпы, соттағы  дәлелдеуді-соттағы дәлелдемелердің  көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екенін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруғы болады.

Соттағы дәлелдеудің  мақсаты азаматтық істерде мән-жайды  бекіту.

Соттағы дәлелдеу өзара байланысты және өзара шартты бір-бірінен ажырамайтын үш этаптан тұрады:

- Дәлелдемелерді  жинау және табыстау.

- Сот мәжілісінде  дәлелдемелерді зерттеу.

- Дәлелдемелерді  бағалау.

Дәлелдеу  пәні іс бойынша нені бекіту қажет  және нендей мән-жайлар дәлелдеуге жатады деген сұраққа жауап береді. Іс бойынша дәлелдеу пәнін нақты және дұрыс анықтау-сот процесінің қорытындысы бойынша заңды және негізді шешімнің шығуына негіз болып табылады.

Дәлелдеудің пәні-азаматтық істерді дұрыс  шешуге қажетті заңды фактілер мен  өзге де мән-жайлардың жиынтығы. Сондықтан дәлелдемелердің қатыстылығы іс бойынша дәлелдеу пәніне байланысты.

 

 

1.2 Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі

 

Азаматтық іс жүргізу  құқығы құқық саласы ретінде –азаматтық істер бойынша сот төрелігін  жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды реттейтін жүйелермен құқықтық нормалар жиынтығы.

АІЖҚ-ң пәні-азаматтық істерді  қорғау және шешу барысында, сондай-ақ шығарылған сот актілерін орындау  негізінде сот пен іске қатысушылар  арасында пайда болған қоғамдық қатынастар.

АІЖҚ - азаматтық істер бойынша сот өндірісі саласындағы қоғамдық қатынастарды императивті- диспозивті тәсілмен реттейді.

Императивті тәсіл АІЖ құқыққатынасының субъектілерінің, яғни іске қатысушы тұлғалардың  құқықтық жағдайының заңда белгіленген  тәртіппен шектелуі. Сот өзіне тиісті құзіретке ие мемлекеттік билік ету органы б.т. Сондықтан соттың немесе судьяның іске қатысты талаптары, хабарлаулары басқа да тапсырмалары іске қатысушылар үшін міндетті. Сондықтан азаматтық іс жүргізу қатынастары билік ету және бағыну қатынастарымен сипатталады.

Ал диспозитивті тәсіл керісінше  субъектілердің әрекеттерінің еріктілігіне бағытталады.

Азаматтық іс жүргізу тәртіп бойынша  мүдделі тұлғаның талап арыз жазуы  арқылы қозғалады, яғни құқық туралы даудың субъектілеріне байланысты, ал сот өз бастамасымен азаматтық істі қозғауға құқы жоқ.

АІЖК-ң жүйесі –азаматтық сот өндірісі саласында қоғамдық қатынастырды реттейтін  процессуалдық құқық нормаларының реттелген жиынтығы.

Іс жүргізу жүйесі 2-ге бөлінеді:

а) Жалпы бөлім

б) Ерекше бөлім

Жалпы бөлімінде сот өндірісінің  жалпы ережелері сипатталады. Оған АІЖК-ң 1 бөлімі “Жалпы ережелер” кіреді. Олар:

  • АІЖ заңдары
  • Сот өндірісінің міндеттері мен қағидалары
  • Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы
  • Азаматтық істердің соттылығы
  • Соттық құрамы және қарсылық білдіру
  • Іске қатысушы тұлғалар
  • Сотта өкілдік ету
  • Дәлелдемелер және дәлелдеу
  • Соттық шығындар
  • Мәжбүрлеу шаралары
  • Іс жүргізу мерзімдері
  • Сот хабарлары мен шақырулары

Ерекше бөлімнің нормалары процестің  жеке сатыларын қамтиды. Оған АІЖК 2, 3, 4, 5- бөлімдері кіреді.

  • 1 инстанцияда азаматтық істерді қарау.
  • Сот қаулыларын қайта қарау.
  • Жайылған сот ісін қайта қалпына келтіру.
  • Атқару өндірісі.

АІЖҚ-ң қайнар көздері.

Жалпы құқықтың қайнар көздері заңды  мағынада мемлекеттік актілер болып  табылады. ҚР-да құқықтық  қайнар көздерге нормативтік құқық актілер жатады. Нормативтік құқықтық актілер бірнеше топтарға бөлінеді.      

Қайнар көздердің 1- тобы:

  1. ҚР Конституциясы.
  2. ҚР Конституциялық заңдары.
  3. Бір деңгейлі нормативтік құқық актілер-кодекстер, заңдар, ҚР президенттің жарлықтары жатады.

ІІ тобы:

Заң асты нормативтік  құқықтық  актілер.

ІІІ. Халықаралық шарттар.

ҚР халықаралық шарттын және өзге  де міндеттемелері, ҚР конституциялық кеңесі мен жоғарғы сатысының  нормативті қаулылары азаматтық  іс жүргізу құқығына құрамдас бөлігі болып табылады.

ҚР бекіткен  халықаралық шарттар  ҚР кодіксінен басым болады және олар тікелей қолданылады.

Азаматтық сот ісін жүргіу, іс жүргізу  әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін  қабылдау кезінде қарай күшіне енген  азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Дәлелдемелердің жарамдылығы олардың алған уақытта қолданылып жүрген мен айқындалады [16,91-б].

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды