Қызыл кірпіш жартылай құрғақ әдіспен жасайтын зауытының өндірістік құрылым схемасын сызу. Өнімділігі 15 млн дана жылына

Автор: j******@inbox.ru, 24 Ноября 2011 в 20:48, курсовая работа

Описание работы

Қызыл кірпіш саздың күйдірілуі мен қалыптасуы нәтижесінде жасалынған, өз бойымен бұйымдар болып табылады. Кез келген қызыл кірпіштің құрамы саздан тұрады. Ежелгі адамның өзі кірпішті пайдалануды үйренген, күйдіріліп жасалған саз бұйымдары адамның даму этапының барлық кезеңінде кездеседі. Қазіргі уақытта қызыл кірпііштер барлық құрылыста қолданылады. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары жартылай кристалды, құрамдары қыш өнерінің ертедегі шеберлері негіздеген материалға жатады.

Содержание

Жобалауға берілген тапсырмалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І. Есептік түсіндірме жазба
1. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. Өндіріс туралы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Бұйымның номенклатурасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.2. Технологиялық схеманың жазбасы және схемасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.3. Кәсіпорынның, цехтың жұмыс істеу режимі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.4. Берілген процесті есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу . . . . . .
4. Дайын өнім сапасын және технологиялық процесті қадағалау. . . . . . . . . . . . .
5. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ. Графикалық бөлім:
Технологиялық схема;

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫК ЖОБА АЛМАС.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

         Қалыпталуына және тағайындалуына байланысты кірпіш пен тастар қатар және профильді болып бөлінеді.

        Қызыл кірпішті беттік тастар 4 түрлі маркада шығарылады: 150, 125, 100 және 75. Кірпіш маркасы онгың бүгілуі және қысылуы кезіндегі беріктілігімен, тастар маркасы оның қысылуы кезіндегі беріктілігімен анықталады.

          Профильді кірпішті - ернеулерге, базаларға, бағаналарға, белдіктерге, есік және терезе жақтауларына, және басқа сәулеттік ғимарат бөлшектері үшін қолданады.

           Беттік қатарланған және профильді кірпіш пластикалық және жартылай құрғақ әдіспен дайындалады. Ал, басқа керамикалық бұйымдар әдетте пластикалық әдіспен жасалынады.

           Беттік кірпішті жаппай және қуыс денелі қылып, беттік тасты – қуыс денелі қылып жасайды.

           Кірпіш пен тас массасы ГОСТ 22951-78 сәйкес болуы керек. Кірпіш пен тастарды  аязға төзімділігіне байланысты Мрз 15, Мрз 25, Мрз 35 және Мрз 50 деп бөледі. 
 
 

     Кірпіш  пен тастардың өлшемдеріне байланысты бөліну 1 кестеде көрсетілген.

№1 кесте

Эскиз Өлшем

axbxh

Беріктілік  шегі, МПа Көлемдік  массасы,

кг/м3

Жылуөткізгіш-тік  коэффициенті,

Вт/ (м·град)

сығу майыс-тыру
1 
250х120 х 65 75-300

(7,5-30)

14-44

(1,4-4,4)

1600-1900 0,7-0,82
2
250х120 х 65 75-300

(7,5-30)

14-44

(1,4-4,4)

1600-1900 0,7-0,82
 
---
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.2. Технологиялық схеманың  жазбасы және схемасы 

     Бұл тарауда  өндіру әдісіне қысқаша  шолу жасалады. Бұл әдістің кемшілігі  және артықшылықтары көрсетілген. Талдау, яғни анализ жүргізген  кезде жергілікті ресурстарды қолдану келтірілген. Сонымен бірге өндірістік аудандарды төмендету, автоматизациялау, және мүмкіншілігінше толығымен механизациялау. Еңбектің өнімділігін көтеру және бұйымның бағасын төмендету, еңбектің қауіпсіздігін санитарлы - гигиеналық  жағдайын жақсарту  қарастырылған. Қабылданған әдіс бойынша талдау және салыстыру негізінде техналогиякалық схемасы  жасалынады. 
 

Шикізатты жартылай-құрғақ әдіспен  дайындау схемасы

Саз қоймасы

Сазға аз мөлшерлеп құю (жәшік қоректенгіші)

Майдалау

(дезинтеграторлар, стругачтар, дезинтеграторлы дестелер)

Тасымалдағыш (жәшікті тәрелкелі)

Кептіру (кептіргіш барабан)

Тасымалдағыш (жәшікті тәрелкелі)

Массаны ылғалдау және араластыру

(лапастты қоректенгіш)

Сазбен  қамтамасыз ету (балшыққоры)

Тасымалдағыш (жәшікті тәрелкелі)

Құрғақ  ұнтақтау

(дезинтеграторлар  немесе диірмендер)

Елеу (цито-бурат, шекті торлар)

Сақтау (бункер)

Аз мөлшерлеп  сазбен шамотты құю (тәрелкелі

қоректенгіш ленталық транспортер)

 

Тұндырып  ылғалдандырғыш (балшықараластырғыш)

Қалыптау  (иіндітіректі пресс)

Тасымалдау (арбаша)

Кептіру (кептіргіш барабан)

Электроберілісті  арбаша

Шикізат күйдіру (туннельді немесе саңылаулы пеште)

Қоймалау  (мөлшерлегіш бункер, түсірумен және тиеумен

механикаландырылған қойма) 

     Қызыл кірпіштерді жартылай құрғақ әдіспен жасау технологиясы 

Жартылай  құрғақ әдіс бойынша шикізат материалдарын  алдын – ала кептіреді, содан  соң ұсақтайды және кейінен  ұнтақтайды. Осыдан соң сумен немесе бумен араластырып бір масса түріне келдіреді. Мұндай керамикалық массаның ылғалдылығы 8.....12% (құрғақ әдісте 2...8%) иілімділігі аз пресстелген ұнтақ түрінде болады. Сондықтан мұндай массалардан бұйымды арнайы престерге (15...40МПа) жоғары қысыммен қалыптау арқылы алады.

      Престелгеннен кейін бұйымдарды  бірден күйдіре беруге болады. Бұл өндірудің тез болуын  және  отынның шығыны мен өнімнің  бағасын төмендетеді. Жартылай  құрғақ әдіспен де тұтас немесе  қуысты кірпіш, қаптама плиткалары, ал құрғақ әдіс бойынша тығыз керамикалық (еденге арналған плиткалар, жол кірпіші, фаянс және фосфор) материалдары шығарылады.

      Шликерлі әдіс бойынша басқтапқы  материлдарды алдын ала майдалаайды  да, содан соң үлкен мөлшердегі  сумен (қоспаның ылғалдылығы 40%) араластырып біркелкі ағынды масса алғанға дейін дайындайды. Шликерлі әдісті фарфор және фаянс бұйымдары, қаптама плиткалар технологиясында қолданады.

     Кірпіштерді кептіру. Иілімді  әдіспен қалыпталған кірпіштің  құрамында жеткңлңктң түрде ылғал болады, сондықтан оны күйдірерден бұрын әдейі кептіреді, себебі кірпішті күйдіру кезінде қырлары ішкі қабаттарына қарағанда жылдамырақ кебеді, осының салдарынан көптеген сызаттар мен жарықшалар пайда болады. Жаңадан қалыпталған кірпіштер, табиғи жағдайға қарағанда, кірпіш 3-4есе жылдамырақ кебетін үздікті және үздіксіз қимылдағы арнайы кептіргіш камераларында кептіріледі.

      Кірпіш зауыттарындағы туннельді  камераларда, вагонеткаға қаланып,  ұзындығы  70 метрлік туннельде, ыстық ауа немесе түтінді газдың бағытына қарсы жылжи отырып,15-36 сағаттан кейін, туннельдің қарама - қарсы соңынан

күйдірілген дайын бұйым алынады. Бұйымдарды кептіру тәртібі оның массасы  мен ылғалдылығына байланысты. Әдетте керамикалық бұйымның ылғалдылығы  күйдірердің алдында 6-8%- дан аспау керек.

     Кірпішті күйдіру үш кезеңнен  тұрады: материл мен химиялық  қосылыс 

түземеген, бос ылғалдың біртіндеп бұзылуы; кірпіштерді күйдіру (900-1000ºС), бірте – бірте салқындату. Керамикалық бұйымдарды күйдіру кезінде балшықтың қасиеттері мен қалыпталған бастапқы бұйымның пішініне орай, температура өзгереді. Температура 900ºС каолинит, SiO мен Al2O3 сияқты тотықтарға ыдырайды және пеште температураның одан әрі өсуіне байланысты балшықтағы тотықтар бір-бірімен әрекеттесе отырып,  жаңа қоспаларды – силиманиттер (Al2O3 * SiO2) , мулиттер (3Al2O3 * 2SiO2) түзейді. Осы заттар бұйымдардың беріктілігін өсіруге тікелей әсер етеді.

      Егер қуысты керамикалық бұйымдарды  өндіру керек болса, онда оларды  балқу температурасынан жоғары  температурада күйдіреді, ал тығыз  бұйымдарды – балқу температурасынан төмен мағынада күйдіреді.

          Керамикалық бұйымдарды күйдіруге  қажетті пештердің екі түрі  белгілі: туннельді және сақиналы. Сақиналы пештерде 14-тен 36-ға дейін бөлек камералар бар. Осы камералы бөлшектерде шикі және күйдірілген кірпіштерді қалау мен жинауға арналған қондырғыштар орнатылған. Түтінді газдар кезекпен осы камералы бөлшектерге, олардың ортасына орныққан, арнай жинағыш каналдар арқылы бағытталады. Отын есебінде газ , көмір ұнтағы және шым тезекті қолданады. Осы пештердің камералы бөлшектерде, бастапқы қалыпталған кірпіштер, төселіп ұаланғаннан толық күйдіріліп салқдағанға дейін қалып қояды. Күйдіруге газды қолдану кезінде отын пештің төменгң жағынан беріледі.

     Осы сияты пештердің әрбір  метр квадрат ауданынан ай  сайын алынатын қуаттылығы 2000-2500 дана кірпіш. Кірпішті күйдіру ұзақтығы 35-40 сағат.

      Көрсетілген пештердің біркелкі  күйдірлуіне қарамастан, қол еңбегінің  деңдейі, қуаттылығы төмен және  жұмыстың санитарлық  шарттары  қанағаттандырарсыз сияқты кемістіктері  бар. Сондықтан кәзіргі кезде  қол еңбегін механикаландыру мен автоматтандыруға мүмкіндік беретін туннельді пештерде қолдану әлдеқайда ұтымды және тиімді.

      Туннельді пеште ыстық ауаны  жңберетін арнайы қондырғыш бар,  ұзындығы 60-150 метрлік тура өтпелі канал.  Төменгі жағына тар табанды темір жол салынған. Онымен жүретін вагонетка  өзіне толтыра отырғызылған

кірпішпен бір бағытта қозғала отырып, біртіндеп  қыздыру, күйдіру және салқындату аймақтары  арқылы өтеді. Пештің көлденең кесіндісіндегі пайдалы бөлігі 3,5 - нан 5,5 м3 дейін. Туннельді пештерде кірпішті 30-70 сағат бойына кептіреді. Отын ретінде газды, коксты және сұйық жанғыштарды қолданады.

      Жартылай құрғақ қалыптау әдісі  бойынша ылғалдылығы 8-10% балшық пресс-ұнтақ (ұнтақ) түрінде престе үлкен (15-40МПа) қысыммен нығыздалынып қалыпталынады. Пресс-ұнтақ шликерлік немесе кепитіру-ұнтау әдістерімен дайындалады. Кептіру-ұнтау әдәстерісмен дайындалады. Кептіру-ұнтау әдісі мынандай процестерді қамтиды: балшықты дезинтиграторлы

біліктерде  майдалау, майдаланған балшықты кептіргіш  барабандарда кептіру, кептірілген балшықты кәрзеңкелі дезинтераторда ұнтау, бумен 8-10%-ға дейін дымқылдау.

      Жартылай құрғақ тәсілмен қалыптандырылған  бұйымдар үшін ұнтау алдында  қажет етпейтін, аз дымқылданған  табиғи балшықты пайдаланған   жөн. Бұл әдістің иілімді әдіспен салыстырғанда тиімділігі - өндірісте энергияның аз шығындалуы. Мысалы иілімді тәсілмен қндірілген дымқылдығы 18-22% 1000 кірпішті кептіру үшін 100 кг шартты отын шығындалынады.

           Жартылай құрғақ престеу әдісінде (1 сурет) бұйым ылғалдылығы 7—12% массадан дайындалады. Жартылай құрғақ престеу әдісімен балшықты кірпіш өндіру схемасына қазып алу, кептіру, ұсақтау және балшықты електен өткізу; қоспаларды ұсақтау, ылғалдау және массаларын арластыру; шикізатты престеу; кептіру (қажет болса) және кірпішті күйдіру жұмыстары жатады. Шикізаттың барлық компоненттері ұсақталады, кептіріледі және мұқият араластырылады; көптеген зауыттарда өнделген шихтаның қоры жасалады. Балшықты массаны сақтау, кептіру және орташаландыру үшін балшықсақтағыш және балшыққор-силосы қолданады. Дайындалған ұнтақтәрізді массадан ылғалға дейінгі балшықараластырғыштарда, иінтіректі немесе гидравликалық престерде  бұйымды престейді. Жартылай құрғақ  қалыптау әдісімен дайындалған кірпіш қажетті беріктікті сақтап, саңылаулы пештегі күйдіру арбашаларына ыңғайлы төселеді; дайын өнім қоймаға жіберіледі.

     Қызыл кірпішті өндірудің схемасы

     1 сурет. Жартылай құрғақ әдіспен қызыл кірпішті өндірудің технологиялық схемасы; 1 — арбаша немесе автотөккіш; 2 — қорапты қоректендіргіш; 3 — тас бөлу иілткіштері; 4, 6, 9 — тасымалдағыштар; 5 — кептіргіш барабан; 7 — пластинкалық қоректендіргіш; 8 — балшыққоры; 19 — құрғақ ұнтақтауға арналған жүгірмелер, дезинтегратор немесе диірмен; 11 — элеватор; 12 — виброелек; 13 — бункер; 14 — қоректендіргіш; 15 — тұндырып ылғалдандырғыш (балшықараластырғыш); 16— иіндітіректі пресс; 17 — арбаша; 18 — кептіргіш; 19 – электроберілісті арбаша; 20 — итергіш; 21 — саңылаулы пеш; 22 — дайын өнім қоймасы. 

Информация о работе Қызыл кірпіш жартылай құрғақ әдіспен жасайтын зауытының өндірістік құрылым схемасын сызу. Өнімділігі 15 млн дана жылына