Қызыл кірпіш жартылай құрғақ әдіспен жасайтын зауытының өндірістік құрылым схемасын сызу. Өнімділігі 15 млн дана жылына

Автор: j******@inbox.ru, 24 Ноября 2011 в 20:48, курсовая работа

Описание работы

Қызыл кірпіш саздың күйдірілуі мен қалыптасуы нәтижесінде жасалынған, өз бойымен бұйымдар болып табылады. Кез келген қызыл кірпіштің құрамы саздан тұрады. Ежелгі адамның өзі кірпішті пайдалануды үйренген, күйдіріліп жасалған саз бұйымдары адамның даму этапының барлық кезеңінде кездеседі. Қазіргі уақытта қызыл кірпііштер барлық құрылыста қолданылады. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары жартылай кристалды, құрамдары қыш өнерінің ертедегі шеберлері негіздеген материалға жатады.

Содержание

Жобалауға берілген тапсырмалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І. Есептік түсіндірме жазба
1. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. Өндіріс туралы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Бұйымның номенклатурасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.2. Технологиялық схеманың жазбасы және схемасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.3. Кәсіпорынның, цехтың жұмыс істеу режимі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.4. Берілген процесті есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу . . . . . .
4. Дайын өнім сапасын және технологиялық процесті қадағалау. . . . . . . . . . . . .
5. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ. Графикалық бөлім:
Технологиялық схема;

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫК ЖОБА АЛМАС.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қорқыт  Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік  Университеті 
 

                                                     

                                                         Политехникалық факультеті 

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы 
 
 
 
 

«Процесстер мен аппараттар I » пәнінен  

Курстық жоба 

         

        Тақырыбы: Қызыл кірпіш жартылай құрғақ әдіспен жасайтын

        зауытының өндірістік құрылым схемасын сызу. Өнімділігі 15 млн дана

        жылына 
         

Орындаған:   ПСМ – 08 – 1 тобының студенті Ибраев А.Р. 

Қабылдаған:  т. ғ. к., доц. Үдербаев С. С. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қызылорда, 2010 жыл 

    Мазмұны 

Жобалауға берілген тапсырмалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 

І. Есептік түсіндірме жазба

1. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

2. Өндіріс туралы  мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3. Технологиялық  бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3.1. Бұйымның  номенклатурасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3.2. Технологиялық  схеманың жазбасы және схемасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3.3. Кәсіпорынның, цехтың жұмыс істеу режимі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3.4. Берілген  процесті есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3.5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу . . . . . .

4. Дайын өнім сапасын және технологиялық процесті қадағалау. . . . . . . . . . . . .

5. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

ІІ. Графикалық бөлім:

Технологиялық схема; 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Кіріспе

     Қызыл кірпіш саздың күйдірілуі мен қалыптасуы нәтижесінде жасалынған, өз бойымен бұйымдар болып табылады. Кез келген қызыл кірпіштің құрамы саздан тұрады. Ежелгі адамның өзі кірпішті пайдалануды үйренген, күйдіріліп жасалған саз бұйымдары адамның даму этапының барлық кезеңінде кездеседі. Қазіргі уақытта қызыл кірпііштер барлық құрылыста қолданылады. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары жартылай кристалды, құрамдары қыш өнерінің ертедегі шеберлері негіздеген материалға жатады.

     Қызыл кірпіш саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол температурада күйдіріледі.Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады.

     Қызыл кірпішті материалдар өте көп  уақыт өмір сүреді. Кірпішті бұйымдар өндірісінің даму тарихы өте көне заманда басталған. Ертеректе қабырғаны қалауда тұраланған сабанмен, қаңқаланған және ағаш балауызы немесе асфальтпен қаныққан күйдірілмеген балшықты кірпіштерді қолданған.

     Ешқандай  материалдар керамикалық материалдар  орнын толық ауыстыра алмайды. Мысалы, еденге арналған плиталар, өзінің беріктілігімен қатар, адамға жақсы әсер береді. Қазіргі уақытта рынокта көптеген дизайндағы материалдар бар. Соның ішінде итальяндық технологиялық әдіспен жасалынған керамикалық кірпіштер де бар. Оның өзі үлкен қолданыста.Оны едендерге, терассаларға, жолдарға, ішкі қабырғаға,баспалдақтарға, т.б. жерлерде қолданады.

     Қызыл кірпіштың тағайындалуына байланысты қолданылуы: кірпіш пен керамикалық  тастар – аз және көп қабатты  ғимараттар мен салулар үшін; керамикалық плита мен беттік кірпіш – ішкі және сыртқы қаптама жұмыстары кезінде; жолдық кірпіш пен керамикалық трубалар – жол құрылысына және жер асты коммуникацияларына; черепица – жамылтқы құрылғысына; жеңіл  

керамикалық бұйымдар – жылу оқшаулау үшін.

     Құрылыстық  керамика – керамикалық бұйымның үлкен тобы, олар үй құрылысы, өнеркәсіпті  ғимараттың құрылысында және салуларда  қолданылады. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – ертедегі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл. Олар - өз ұзақ  өмір сүруімен, жоғары көркем мінездемелермен, қышқылға төзімділігімен және улылықтың толық жоктығымен ерекшеленеді.

     Қызыл кірпішті материал өндірісінде дәл  қазір технологияның толық жетілдіруіне, сапа жақсаруына назар аударылған. Автоматтандырылған, жоғары механикаландырылған технологиялық кәсіпорындарды құру көзделеді.

     Қызыл кірпішті бұйымдарды дайындау үшін шикізат есебінде иілімді материалдар (саздар, каолиндер) және иілімді емес материалдар (жанатын қоспалар) қоданылады. Саздар мен каолиндердің жалпы атауы сазды материалдар болып аталады. Кейбір жасанды күйдірілген материалдар өндірісінде диатомит, трепел, сонымен қатар қождар, күлдер, сланецтер қосымша ретінде қолданылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2. Өндіріс туралы  мағлұмат

     Өнеркәсіп мекемесінің жобасы технологиялық  құжатнама комплексімен түсіндіріледі, яғни ол есептерден, сызбалардан, түсіндірме парағынан және басқа да жобалық материалдардан тұрады.

     Жобалық ұйымның құрылымы мен олардың  қарым-қатынасы 1.1.                   сұлбада көрсетілген.

     Мекеме  басшысы, оған берілген құқықтарғ сай бүкіл өндірістік-техникалық, шаруашылық және қаржылы іс-әрекеттерді ұйымдастырады, бүкіл басшылықтарды сайлап. Мекеме жұмыс жобасының сұрақтарын шешеді.

     Мекеменің бас инженері мекеме басшысымен теңдей жауапкершілік алады және ол жоқта  орнына жауап береді; барлық өндірістік-техникалық іс-әрекеттерге басшылық етеді. Өте қиын және маңызды жобаларды қарауда кеңес жұмысын ұйымдастырады және олардың іске асуын қадағалайды.

     Жобалық құжатнама құрамына кіретіндер: технико-экономикалық бөлігі, яғни онда өнеркәсіп қуаттылығы анықталады, жұмыс алаңын таңдау, механизация дәрежесі анықталады, тұрғын құрылыс туралы мәлімет т.б.

     Бас жоспар – жобаланған және дайын  ғимараттардың, тасымал жолдарының орналасу жері; технологиялық құрамы технологиялық процесстерден, қондырғыларды таңдаудан, цехтарды жоспарлаудан, электро жабдықтау, жылу жабдықтау және сумен жабдықтау сұрақтарынан, жұмыс режимінен тұрады; құрылыстық бөлігі жоспардан, кескіннен ғимараттардың алаңымен көлемінен, констукция типі ен құрылыс материалдарынан тұрады.

     Негізгі сызбаның құрамына кіретіндер: бас  жоспар, типті жобаларда қолданылатын үйреншікті сызбалар; типті емес ғимараттардың, үймереттердің іргетасының сызбасы; еңбек қорғауға қатысты типті  емес қондырғылардың сызбалары; қабырғалардың, іргетастардың архитектуралық  құрылыстық жоспары.

     Құрылыс үшін жер көлемі қоршаған ортаны қоғаумен қамтамасыз етілген, сонымен бірге  отқа және жарылысқа қауіпсіз деп  танылған, СНиП ке  

және  басқада нормативті құжаттардың  талабына сай болу керек,

     Құрылыстық  өнеркәсіптер, ғимараттар мен үймереттермен орнықтыру үшін ауданы мен құрылыс алағын таңдағанда мынадай жағдайлар ескерілуі керек:

 1.Өнеркәсіп шикізат және энергетикалық ресурстарға жақын орналасу керек, ал тасымалдау магитралінің жолдары осы ресурстардың керек жерге жеткізілуін қамтамсыз етуі керек.

2.Сол аудандардағы өнеркәсіптермен жұмыс істеу мүмкіндіктері қарастырылуы керек

3.Көп көлемдегі капитальді шығындарсыз тасымал коммуникативі қолданылады.

     Бас жобалаушының міндеті: ірі және қиын мекемелердің құрылысын өңдегенде қатысу; жобалауға ұсынылған тапсырмалардың құралуына қатысу: құрылыс алаңын және оған керекті материалдарды таңдағанда қатысу: жобалауға ұсынылған жұмыстың көлемі мен бағасы туралы келісімге отыру.

Бас жобалаушы  болып, заңға сәйкес, жобалаушы ұйым ғана болады.

     Жаңа  құрылыстың орындалуы кезінде тұрғызылып жатқан өнеркәсіптің дирекциясына мына міндеттер жүктеледі:

1) құрылысты жоспарлау аймағында, жобаның бесжылдық жоспарын өңдеу және оны құрылысты монтажды ұйымның капиталды салымдары мен қуаттылығымен байыту.

2) Жобалық сметалық құжатнамалар аймағында, жобалаушы ұйыммен бірге отырып тапсырманы қарау және келісім жасау; өз уақытында бақылау жасау және жобаның сапалы орындалуын қадағалау.

3) құрылыстық қаржы аймағы, капиталды салымның көлеміне қарай қаржымен қамтамасыз етеуі керек; капиталды салымның құрылымына сәйкес шыққан шығынды есептеу.

4) материалдық техникалық қамтамасыз ету аймағында, құрылысты техникалық, энергетикалық, электротехникалық, ортақ зауыттық және басқа қондырғылармен, аппараттармен, құрылғылармен, материалдармен қамтамасыз ету

5) құрылыс мекемесінің аймағында мекемені және құрылыс сапасын бақылап отыру.

6) аяқталмаған обьектілер аймағында, қабылдау үшін комиссия құру; аяқталған құрылысты пайдалануға беру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. Технологиялық бөлім

3.1. Бұйымның номенклатурасы

          Минералды шикізаттан, қалыптау жолымен және жоғары температурада күйдіру арқылы алынған жасанды тастарды керамикалық деп атайды.

           Құрылымына байланысты қызыл кірпішті бұйымдарды қуысты және тығыз деп бөледі. Қуысты деп әдетте су сіңірімділігі 5%-дан жоғары бұйымды айтады, оларға – қуыс денелі, керамикалық тастар, черепица, қаптағыш плиталар, дренажды құбырлар жатады. Тығыз құрылымды бұйымның су сіңірімділігі 5%-дан төмен болады. Оларға – жолдық кірпіштер, еденге арналған плиталар, фарфорлы бұйымдар жатады.

           Конструктивтік тағайындалуына байланысты қызыл кірпішті бұйымдарды былай бөледі: қабырғалар үшін (кірпіш және керамикалық тастар); қасбеттік қаптама үшін (беттік кірпіш, плиталар); жабулар үшін (қуыс денелі тастар); шатыр үшін (черепица); санитарлы-техникалық бұйымдар (құрылыстық фаянстан дайындалған бұйымдар); жылу оқшаулау үшін (жеңіл кірпіш, фасонды бұйымдар); және жеңіл бетон толтырғыштары үшін (керамзит, аглопорит).

          Қызыл кірпішті қаптама материалдары әр түрлі болып келеді. Өз тағайындалуына байланысты оларды сәндік және конструктивті деп бөледі.

Сәндік  бұйымдарды қабырға қаптауға, олардың  тұрғызылуы кезінде пайдаланады, және жоғары безендіру үшін үлкен пішінді қабырға панельдері қолданылады. Олар темірбетонды бұйымдар зауытында өндіріледі. Ғимараттың цоколь қаптамалары үшін, жерасты қабырғалары үшін және т.б. қаптамалар үшін жылтыратылған плиталар қолданылады. Мозайкалы керамиканы кіші пішінді, жіңішке қабырға плиталарын, әр түрлі түстегі ғимараттың әсемдік өңдеулері үшін пайдаланылады.

          Конструктивтік бұйымдар, әсемдік қасиетінен басқа, конструктивтік материал қасиеті де бар, ол ауырлықты кәдімгі қабырға сияқты көтере алу керек. Конструктивтік материалдарға беттік кірпіштер мен керамикалық тастар жатады. Оларды қуыс денелі және толық денелі деп бөледі. Айтылған бұйымдар ГОСТ 7884-69 сәйкес болуы қажет. Беттік кірпіш өлшемі 250X120X65 немесе 90 мм, керамикалық тас 188X120X140 немесе 250 мм болады.

        Екі қабатты қалыптау әдісімен жасалған кірпіш және керамикалық тастар қабаттанбау керек. Беттік қабатының қалыңдығы 3 мм-ден кем болмауы керек.

Қасбеттік қаптама керамикалық материалдар  барынша түрлі болып келеді. Олардың  түрлеріне байланысты 3 топқа бөледі: беттік тастар, қасбеттік қаптағыш плиталар мен плиткалар, сәулеттік-көркемдік бөлшектер.Кірпіш және беттік тастар жоғарғы беттік түріне байланысты жалпақ және профильді, офактуралы, тегіс немесе бедерлі суреттерімен, жабусыз немесе жабуымен болып бөлінеді.

Информация о работе Қызыл кірпіш жартылай құрғақ әдіспен жасайтын зауытының өндірістік құрылым схемасын сызу. Өнімділігі 15 млн дана жылына