Қызыл кірпіш жартылай құрғақ әдіспен жасайтын зауытының өндірістік құрылым схемасын сызу. Өнімділігі 15 млн дана жылына

Автор: j******@inbox.ru, 24 Ноября 2011 в 20:48, курсовая работа

Описание работы

Қызыл кірпіш саздың күйдірілуі мен қалыптасуы нәтижесінде жасалынған, өз бойымен бұйымдар болып табылады. Кез келген қызыл кірпіштің құрамы саздан тұрады. Ежелгі адамның өзі кірпішті пайдалануды үйренген, күйдіріліп жасалған саз бұйымдары адамның даму этапының барлық кезеңінде кездеседі. Қазіргі уақытта қызыл кірпііштер барлық құрылыста қолданылады. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары жартылай кристалды, құрамдары қыш өнерінің ертедегі шеберлері негіздеген материалға жатады.

Содержание

Жобалауға берілген тапсырмалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І. Есептік түсіндірме жазба
1. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. Өндіріс туралы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Бұйымның номенклатурасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.2. Технологиялық схеманың жазбасы және схемасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.3. Кәсіпорынның, цехтың жұмыс істеу режимі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.4. Берілген процесті есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу . . . . . .
4. Дайын өнім сапасын және технологиялық процесті қадағалау. . . . . . . . . . . . .
5. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ. Графикалық бөлім:
Технологиялық схема;

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫК ЖОБА АЛМАС.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

32. Тасымалдау  шығындарын есепке алғанда шамот  массасы:

53135,83 · 100/100 - 0,02 = 53146,45 т/жыл

Тасымалдау кезіндегі  шығындар 53146,45 -53135,83  =10,62т/жыл

Бункерге сақтауға түсетін шамот массасы 53146,45 т/жыл 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды  таңдау және есептеу

   Қондырғыларды таңдау зауыттың  өндірістік бағдарламасына сәйкес анықталады.

Қондырғылар саны:

     ,

мұнда R- өңделетін материал саны;

P- қондырғы өнімділігі.

   Пайдалану коэффициенті қондырғының пайдалану  белсенділігін анықтайды:

    

  1. Ленталы вакуумды пресс СМ-58.

    

Элементтер Өлшем бірлігі Көрсеткіштер
1 Өнімділік дана/сағат 5000
2 Шығу кезіндегі  тығыздатқыш диаметрі мм 450
3 Электроқозғалтқыштың

қуаты

кВт 55
4 Өлшемдер:

ұзындығы

ені

биіктігі

мм  
3650

1400

1500

 

             

n=1 деп қабылдаймыз. 

Бункер  және қоймаларды есептеу 

     1. Саз сақтауға арналған бункер.

Өндірістік бағадарламаға  сәйкес 1,23 м3/сағ – та ену керек.

2 сағаттық шикізат  қорын қамтамасыз ету керек:

1,23∙2=2,46 м3

Толтырғыш коэффициентін  есепке ала отырып бункер көлемі:

2,46/0,8=3,08 м3

     2. Шамот сақтауға арналған бункер.

Өндірістік бағадарламаға  сәйкес 0,9 м3/сағат – та ену керек.

2 сағаттық шикізат  қорын қамтамасыз ету керек:

0,9∙2=1,8 м3

Толтырғыш коэффициентін есепке ала отырып бункер көлемі:

1,8/0,8=2,25 м3

     3. Шихта сақтағыш.

Өндірістік бағадарламаға  сәйкес 10,84 м3/сағат – та ену керек.

10 тәуліктік  шикізат қорын қамтамасыз ету  керек:

10,84∙240=2601,6 м3

Толтырғыш коэффициентін  есепке ала отырып шихта сақтағыштың көлемі:

2601,6/0,8=2352 м3 
 
 
 
 
 
 
 

4. Дайын өнім сапасын және технологиялық процесті қадағалау 

     Өндірістің сапалық көрсеткіштерін жақсарту қазіргі заманғы құрылыстың өзек жарды міндеттерінің бірі болып табылады. Жобалау кезеңіндегі құрылыс өнімінің сапасы ғылыми – техникалық прогрестің қазіргі дәрежесіне, қолданылып жүрген мөлшерлік талаптарға сай келетіндей жоғарғы деңгейдегі жоба шешімдерімен айқындалады.

     Жобалық шешімдер үймереттер мепн ғимараттарды тұрғығу процесінде жүзеге асырылады. Ал құрылыс өнімінің түпкі сапасы құрылыс – құрастыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу мен пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдар мен құралымдардың сапасына байланысты.

     Үймереттер  мен ғимараттарды салу әдістері мен  құрылыс – құрастыру жұмыстары  өндірісінің технологиясын жетілдіру құрылысты интенсивтендіруге көмектеседі және оның тиімділігін арттырудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл саладағы техникалық  саясаттың негізгі бағыттары мынадай : құрылысты индустрияландыру мен механикаландыру; ауыр және еңбек сыйымдылығы көп қажет ететін құрылымдар мен бөлшектерді дайындау жөніндегі барлық жұмыс көлемін зауыттарға көшіру; олардың дайындық деңгейін арттыру; құрылыс объектілерін барынша тез құрастырудың және құрастыру күрделілігін азайту жолдары қарастырылған жобалар жасау және олады пайдалану; зауытта пайдалануға толық дайын құралымдар және бұйымдарды жиынтық түрде жеткізу; жұмыстарды кешенді механикаландыру мен автоматтандыруға негізделген жаңа жоғары өнімді технологиялық процестерді пайдалану.

     Тек қазігі заманғы ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін ұтымды пайдалану  және құрылыс өндірісінің озық үлгілері мен тәжірибелеріне сүйене отырып басқарылса ғана бұл міндеттер ойдағыдай  жүзеге асырылады.

       Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, құрылыста қажетті сапа деңгеійне қол жеткізу құрфлысқа қатысушылардың бәріне : жоспарлау органдары, тапсырма берушілер жобалаушы мен құрастыру құрылыс ұйымдары, жабдықтаушы

зауыттар  және бақылаушы органдарына тікеклей байланысты кешенді проблеме болып  табылады. Сондықтан да өнімді жобалау, өндіріс және пайдалану кездерінде өнімнің белгіленген қажетті сапа деңгейін әрдайым  қамтамасыз ету жүйелі бақылау арқылы жүзеге асырылады және сапа деңғгейіне әсер ететін жағдайлар мен факторлар (ГОСТ – 15467 – 79)мақсаткерлікпен реттеліп отырылуға тиіс.

     Құрылыстағы сапаны басқару жүйесін құрудың негізіне өнім сапасын мемлекеттік басқарудың біріңғай жүйесі алынады. Осы ережеге сәйкес сапаны басқару мемлекеттік, ведомствалық және өндірістік деңдейінде жүзеге асырылады. Құрылыстағы сапаны басқаруды мемлекеттік деңгейде құрылыс жөніндегі мемлекеттік депортаменттер жүргізеді. Олардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады : өнім сапасын жоспарлпу, сапаны сақтауға мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, сапаны жақсатру жөніндегі шаралар жасау.

     Сапаны  басқарудың өндірістік деңгейі жобалау  ұйымдарда, кәсіпорындар мен құрылыс  ұйымдарында ішкі өндірістік қызметтер  арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік деңгей орындаушылық деңгей болғандықтан оның негізгі міндетіне қолданыоып жүрген мөлшерлер мен құжаттарға сәйкес сапаны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесін жасау жатады. Құрылыс – құрастыру жұмыстарының сапасы әрбір өндірістік процестің орындалуына жүйелі бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі.

     Ұйымдастыру тұрғысынан сапаға бақылау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

     Жұмыс өндірісінің барлық кезеңдерінде ішкі бақылауды жүргізу құрылыс ұйымының әкімшілік – техникалық қызметкерлерінің міндеттеріне жатады. Жұмыс өндірісіне жедел баұылау негізінен жұмыс  басқарушыға, құрылыс шеберлеріне  және бригадирге жүктеледі. Олвр бақылауды үздіксіз  және тұрақты түрде жүггізеді. Сыртқы бақылау – тапсырыс бойынша құрылыс салынып жатқан тапсырма берушінің және жобалау ұйымының авторлық қадағалау міндеті.

     Тапсырма  берушінің техникалық қадағалауы –  құрылысты салудың барлық мерзімінде жұмыс көлемі мен сапасына бақылау жасайды және мердігерден пайдалануға берілуге даяр объектіні қабылдайды. Тапсырма беруші алғашқы, аралық және түпкі қабылдау кездерінде бақылацға қатысады, бұл жөнінде құжаттар толтырылады.

     Жобалаушы ұйымдардың авторлық қадағалауы құрылыстың сапасын жақсарту, салынук мерзімін қысқарту және пайдалануға берілетін объектілердің сапасын және жетілдірілген материалдар мен құрылымдарды құрылыстарда пайдалануды жобалау, құрылыс ұйымдарының және тапсырма берушінің жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

     Авторлық  қадағалау жобадан ауытқулар  мен жұмыстардың орындалуында олқылықтар табатын болса құрылысты тоқтатуға  құқығы бар. Барлық табылған кемшіліктер  толық түзетілгеннен кейін ғана жұмысты жалғастыруға рұқсат беріледі. Жобалау ұйымдары құрылыстың сапасы және авторлық қадағалаудың мұқият жүргізілуімен байқаған кемшіліктерді түзеу үшін толық жауап береді.

     Пайдалануға берілетін үймереттер мен ғимараттарды қабылдауды ұйымдастыру. Құрылыстары  аяқталып, пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау сапаны бақылаудың қорытындылаушы және ең жауапты түрі болып табылады. Қабылдау тәртібі ҚМЕШ – 3 – 76 «Құрылыстарды аяқталған кәсіпорындарды, үймереттер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдау. Негізгі ережелер» арқылы реттеледі. Тапсыру мен қабылдау екі кезеңде жүзеге асырылады. Тапсырма берушінің комиссияның мердігерден объектіні алдын – ала техникалық қабылдауы және мемлекеттік комиссияның түпкілікті қабылдауы.  
 
 
 
 
 
 

5. Қорытынды

    ХХІ ғасырдың басында 2015 жылға дейінгі  индустриалды – инновациялық дамуды іске асыруда, Қазақстандағы барлық өндіріс салаларында инновациялық олқылықтарды жеңу мәселелері орын алады. Онда 2000 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнімнің өсуін 3,5 есе, оның энергия сыйымдылығын 2 есе кеміту және еңбек өнімділігін 3 есе арттыру көзделген.

     Осы дамудың құрамдас бөлігі, тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға белгіленген  мемлекеттік бағдарламасы болып  табылады. Тұрғын үй бағдарламасы – Қазақстан 2030 жылдарға дейінгі даму стратегиясын іске асырудағы кезекті маңызды қадамы. Осы бағдарламаны іске асыру жақын арада Қазақстанды нағыз құрылыс алаңына айналдырып, құрылыс индустриясын қарқынды өсіруге мүмкіндік береді.

     Қала  құрылысының жоспарланған алып көлемдері, тұрғын үй қорларының толық жабдықталуы  және қалалар мен тұрғын мекендерінің сәулеттік келбеттерін жақсарту, сәулетшілер мен құрылысшылардың қызметін молайтады. Ол қоғамдағы экономикалық,саяси және интеллектуалды дамудың нәтижесі ретінде, ұлттық  материалды, көркемдік және рухани мәдениеттің өрбімелі бір бөлшегі болып қала береді.

     Құрылыс материалдары мен ғимараттар және құрылыстық сәулет – көркемдік бейнесінің өзара  байланысы – сәулет өнері дамуының бір маңызды мәселесі. Ғимараттар мен құрылымдық конструкциялардың негізін қалай отырып, олар нақты қызметтік және әсемдік мақсаттарға сай келетін міндеттерді орындай үшін,қолдану кезінде құрылыс материалдары сәулеттік шығармашылыққа тән маңызға ие болады.

     Демек, біз осындай материалдар мен олардың негізінде алынған конструкциялардың беріктігі мен тұрақтылығын жақсарту және материалдар шығынын төмендету мен экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуіміз қажет. Ол үшін бұл жұмысқа жаңа жоғарғы тиімді құрылыс материалдарын ойластыру мен өндіру негізінде

сәулетшілердің  қатысуы қажет-ақ. Олардың міндеті материалдардың әсемдік, дизайндық көрсеткіштері мен кострукциялардың түрлерін анықтау мен бағалау болып табылады. Ол үшін сәулетші құрылыс материалдар мен оларды өндіру технологиясына қойылатын талаптар туралы толық түсінігі болу керек. Мұның өзі,талдау нәтижесінде, құрылыс жұмыстары мен ғимараттардың сәулеттік көріністерін жақсартады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

  1. Канаев  В. К. Новая технология строительной керамики. – М.:                                                       Стройиздат, 1990. – 264 с.: ил. – (Наука – строит. пр-ву).
  2. Наназашвили И. Х. Строительные материалы, изделия и конструкции: Справочник. – М.: Высш. шк., 1990. – 495 с.: ил.
  3. Керамические материалы / Г. Н. Масленникова, Р. А. Мамаладзе,     С. Мидзута, К. Коумото; Под. Ред. Г. Н. Масленниковой. – М.: Стройиздат, 1991. – 320 с.: ил.
  4. Бурлаков Г. С. Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей. Учебник для ВТУЗов. – М.: ВШ., 1972 – 424 с.
  5. Новая технология керамических плиток. Под. Ред. В. И. Добужинского. М., Стройиздат, 1977. 228 с.
  6. Машины и оборудование для производства керамических и силикатных изделий. М., ЦНИИТЭстроймаш, 1977.
  7. Нагибин Г. В. Технология строительной керамики. Учебн.  Пособие для техникумов, Изд. 2-е перераб. М., «Высш. школа», 1975. 280с. с ил.
  8. Үдербаев С. С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж, - 208 бет.
  9. Сәулеттік материалтану. Жоғары оқу орындарындағы сәулеттік және құрылыс мамандықтары студенттеріне арналған оқулық/ Авт. А. Кулибаев, У. Бишімбаев, Е. Қасымов, Қ. Бисенов. – Алматы: ИздатМаркет, 2006. – 504 бет.

Информация о работе Қызыл кірпіш жартылай құрғақ әдіспен жасайтын зауытының өндірістік құрылым схемасын сызу. Өнімділігі 15 млн дана жылына