Алаяқтық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 14:27, курсовая работа

Описание работы

Кіріспе
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері,осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар, өмірде көптеген өзгерістер болды. Өмір,идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарына негізделген болатынНарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3-5
І. Алаяқтық қылмысының күрделенген құрамы
1.1 Алаяқтық қылмысының түсінігі......................................................................6-8
1.2 Алаяқтық қылмысының объектісі және объективтік жағы.........................8-16
1.3 Алаяқтық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы...................16-19

ІІ. Алаяқтық қылмысының сараланған құрамдарына сипаттама
2.1 Алаяқтық қылмысының түрлері...................................................................20-27
2.2 Алаяқтықты ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату..................................27-32
2.3 Алаяқтық және гипноз...................................................................................32-34
Қорытынды.........................................................................................................35-37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................38-39

Работа содержит 1 файл

алаяктык.docx

— 64.87 Кб (Скачать)

 

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3-5

І. Алаяқтық қылмысының күрделенген құрамы

1.1  Алаяқтық  қылмысының түсінігі......................................................................6-8

1.2  Алаяқтық  қылмысының объектісі және объективтік жағы.........................8-16

1.3  Алаяқтық  қылмысының субъектісі және субъективтік жағы...................16-19

 

ІІ. Алаяқтық қылмысының сараланған құрамдарына  сипаттама

2.1 Алаяқтық  қылмысының түрлері...................................................................20-27

2.2 Алаяқтықты  ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату..................................27-32

2.3 Алаяқтық  және гипноз...................................................................................32-34

Қорытынды.........................................................................................................35-37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................38-39

 

                                                  

 

Кіріспе

 

          Еліміз тәуелсіздік алғалы бері,осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар, өмірде көптеген өзгерістер болды. Өмір,идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарына негізделген болатынНарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа түрлері пайда болу кезеңінде, меншіктің барлық нысандарын берік қорғауға қажеттілік туындады. Бұл міндет, әрине, жас мемлекетімізге жүктелді.

1997 ж.  Қазақстан Республикасында Қылмыстық  Кодексті қабылдау - әлеуметтік және  саяси салалардағы ірі өзгертулердің  объективтік қажеттілігі болды.  Бұл, әсіресе, еліміздің Конституциясын  қабылдаумен байланысты болды.  Себебі, Конституция мемлекетіміздің  қағидаларын, құндылықтарын, бағыттарын  анықтап бекітті. Жаңа кодексті  қабылдау қылмыстық құқық ғылымы  алдына, меншікке қарсы пайдакүнемдік  қылмыстарға байланысты және  сот-тергеу тәжірибесінде қолданылатын  заңнамалық новеллаларды зерттеу  бойынша міндет қойды.

Еліміздегі  салыстырмалы тұрақсыздық және меншікке қарсы қылмыстардың кең таралуы  – олармен күресудің қылмыстық-құқықтық әдістерін тұрақты түрде жетілдіруді  қажет етеді. Ең алдымен қылмыстық  заңнамадағы “ақ дақтарға” көңіл  бөлу керек. Себебі, егер қылмыстық  жауаптылық тек қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттер үшін туындайтынын ескерсек, онда бірқатар әрекеттер  тиісті жазалаусыз қалатынына қауіп  бар. Сондай-ақ осы “ақ дақтардың” болуы салдарынан, бір әрекетті өзге қылмыс құрамымен саралау жағдайлары болуда.Сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік  қаулыларын жетілдіру қажет екендігі рас. Себебі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Соты нормативтік  қаулыларының нормалары Қазақстан  Республикасындағы қолданылатын құқыққа  жатады.Заң ғылымының әдебиеттерінде, ғалымдар меншікке қарсы қылмыстардың ішінен “алаяқтық” қылмысын ерекше атап өтеді.

Алаяқтықтың қоғамдық қауіптілігі – бұл алдау  немесе сенімге қиянат жасау нәтижесінде  азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке зиян келтірілуінде.Алаяқтық қылмысы мүліктік қылмыстар арасындағы салыстырмалы түрде аз тараған, 5,5% қана, бірақ  оның үлесі күннен күнге өсуде. Алаяқтық әрекеттерді еркек те, әйел де, ересек те, кәмелетке толмаған да жасауы мүмкін. Себебі, пайдакүнемдік қасиеттер  адамдар арасында кең тараған, ал алдау мен жалған мәлімет айту – қазіргі күні қиынға соқпайтын  әрекетке айналды.Бұл қылмысқа Ежелгі Рим заңгерлері нақты анықтама беріп, оны түр-түрлерге жіктеген. Олардың  ойынша, алаяқтық – бұл жәбірленушіні  алдап, кінәлі үшін пайда алу тәсілі. Олар алаяқтықты ауыр қылмыстар қатарына жатқызған. Сондықтан жаза ретінде  кінәлі алыс аралдарға ашаршылықтан өлуге жіберілетін.

Алаяқтық деп - бөтен  мүлікті алдау жолы арқылы алып қою  мақсатымен жасалатын тұлғаның қасақана әрекеттерін түсінеміз. Алдау ретінде  бұл жерде біз, өтірік, жалған мәліметтер, әрекеттер, ақиқатты бұрмалауды түсінеміз.

Алдаудың түрлі тәсілдері  айқындалған. Мысалы, тұлға нысанында  алдау – бұл дегеніміз қылмыстық  әрекеттер жасау барысында тұлғаның өзін басқа адам ретінде таныттыру. Немесе, зат нысанында алдау –  алаяқ бір зат ретінде басқа  бір затты сатып жібереді. Мұндай кездерде алаяқ, жәбірленушіге жалған мәліметті немесе өзге заттарды ұсынып, оны алдап отыр. Алдауға бұл  жерде, міндетті түрде, қылмыстық қасақаналық  тән болады.

Алаяқтық қылмыстық  ортада “элиталық” болып саналады. Себебі ол әркімнің қолынан келе бермейді.

Алаяқтық  жасау үшін белгілі бір деңгейде ақыл-ой, қабілеттіктер, жеке қасиеттер  болу керек. Сонымен қатар, алаяқтар, осындай ерекше қасиеттерге ие бола отырып, бас бостандығын айыру  орындарына сирек түсетін.Аталған  қылмыс тәжірибеде саралау кезінде  белгілі бір қиындықтарды туғызады.Сонымен  қатар, алаяқтықтың жаңа түрлерін саралау  проблема деңгейіне жеткен десе де болады. Себебі, заң шығарушыға қарсы  қылмыскердің интеллекті, ақыл-ойы, айласы қарсы тұрады.

Алаяқтық  қол сұғушылықтың заты – бөтен  мүлік немесе мүлікке құқық болғандықтан, осы қылмыстың аяқталу сәтін  анықтауда да қиыншылықтар болуы  мүмкін.

Алаяқтықты  саралаудың осы сұрақтарын қарастыру  – осы курстық жұмысымның негізгі  міндеті болып табылады.

Курстық жұмысымның мақсаты: алаяқтық қылмысының түсінігін,  қоғамға қауіптілігін, объектісі мен объективтік жағын, субъектісі мен субъективтік жағын,  қоғамға қауіпті сараланған құрамдарын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.

Міндеті: алаяқтық қылмысының меншік құқығына,мемлекет экономикасының негізіне және қоғам қалыптылығына нұқсан келтіруін болдырмау, алаяқтық қылмысымен күресу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Алаяқтық қылмысының күрделенген құрамы

1.1 Алаяқтық қылмысының  түсінігі

 

       ҚР ҚК 177-бабына сәйкес, алаяқтық - алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алу (дұрысы осы, ал ҚР ҚК 177-бабында алаяқтық құрамының диспозициясының қазақша мәтіні қате баяндалған).      

        Нарықтық экономика жағдайына  және кәсіпкерлік қызметтің кең  өрістеуіне байланысты талан-тараждың  ең көп тараған нысаны алаяқтық  болып табылады

        Кейінгі жылдары алаяқтық қылмысы  қарқынды өсуде. Бұл нарықтық  қатынастардың дамуына байланысты  жылжитын және жылжымайтын мүліктер  азаматтық айналымға көптеп түсуінің  көлеңкелі жағы деп айтуға  болады. Азаматтар мүлікке және  мүлік құқығына қатысты түрлі  операцияларды жасағанда тиісті  сақтық пен сауаттылық танытпайды. Нәтижесінде алаяқтардың алдауына  түсіп қалады.

       Алаяқтықты: 1)бөтен мүлікті ұрлау; 2)бөтен мүлікке құқықты алу  деп екі түрге бөлу алаяқтық  затының мазмұнына елеулі түрде  ықпал етеді. Егер алаяқтың  бірініші түрі орын алған жағдайда  оның заты жылжымалы мүлік  қана бола алтын болса, ал  бөтен мүлік құқығына ие болған  жағдайда алаяқтық заты үй, саяжай,кеме  сияқты жылжымайтын мүлік болады.

        Алаяқтықтың құрамы - материалдық.  Ал алаяқтықтың аса ауырлататын  түрлері де ұрлықтың аса ауырлататын  түрлерімен бірдей, мазмұны да  ұқсас.

         Алаяқтық жасаудың тәсілі ретіндегі  алдау өткендегі және дәл осы  кездегі фактілерді бұрмалаумен  көрініп қана қоймайды. Мұндайларға  мысалы, жәбірленушіден машина сатып  аламын деген желеумен немесе  жай «қарызға» ақша алу жатады. Келешекке қатысты алдай отырып  алаяақ жәбірленушіге өзінің  шынайы пиғылы мен ниеті туралы  білдіртпеуге тырысады. Бұл жерде  алдау сөзбен де немесе басқа  да жолдармен жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында  еш жерде жұмыс істемейтін  М. Деген әйел «Байқоңыр» сауда  үйіне қатысты ғимаратқа жалған  құжат жасап «Эксим-Банктен» заңсыз 100 миллион теңге несие алған.

         Алаяқтықтың кең тараған түрі  сатуға немесе айырбастауға ұсынатын  заттары мен мүліктерінің сыртқы  түрін, қасиетін,сапасын және  басқа да сипаттарын алдамшы  күйге келтіру жолымен алдау  деп санауға болады. Әрі бұл  жерде кінәлінің жалған құжаттарды  пайдалануы ҚР ҚК –бабымен  қарастырылған алаяқтықты қамтиды.  Мысалы, тамыр дәрі қоспасының  орнына түсі өзгертіліп бояғыш  зат қосқан жәй ғана су сатады, ақшаның орнына аз көлемдегі  немесе басқа тауар бере салады. Кейде алдау алаяқтың өзін  лауазымды адам ретінде таныстырып  көрсетумен, яғни жәібірленушінің  пайдасы үшін белгілі бір жақсылық  қызмет:оқуға түсіру,жоғары қызметке  орналастыру қолынан келетін  адам ретінде көрсетумен тынады.

         Сөйтіп, кез келген алдау, егер  ол жәбірленушіні амалсыздан  басқа бір адамға мүлкін немесе  сол мүлікке деген құқығын  беруге келісімі мен тілегін  қоздыратындай болса, алаяқтық  болып саналады.

          Алаяқтықтың енді бір түрін  заң сенімге қиянат жасау деп  атайды, мұнда кінәлі адам басқа  бір адамның яғни меншік иесінің  мүлкі мен мүлікке  деген  құқығын иеленіп алу үшін оның  сеніміне кіреді немесе сенімге  кіріп алып жәбірленушіні алдайды  немесе шатастырады. Алаяқ адам  мен жәбірленушінің сенімдік  қатынастардың  негізінде тек  қана құқықтық негіздемелер  ғана  емес, жеке таныстық,туысқандарының  таныстыруы, нақты бір жағдайда  пайда болған сияқты сенім  тудыратын өзге де жағдайлар  алынады. 

         Қолданыстағы қылмыстық заң алаяқтық  ұғымын анықтай келе осы қарастырып  отырған қылмыстық қоғамдық қауіптілігін  неғұрлым жоғары екендігін айғақтайтын  бірқатар мән-жайларды қарастырады.  Бұл мән- жайларды заң шығарушы  алаяқтық белгілірін саралаушы  ретінде ескереді. Алаяқтық үшін  саралаушы және ерекше саралаушы  белгілердің тізіміне сеніп тапсырылған  бөтен мүлікті иеленіп алу  мен ысырап етуге сияқты:адамдар  тобының алдын ала сөз байласуы  бойынша; бірнеше рет; қызмет  бабын пайдаланып жасалған алаяқтық; ұйымдасқан топ; ірі мөлшерде; ұрлық немесе қорқытып алушылығы  үшін бұрын екі немесе одан  да көп рет сотталған адам  жасаған алаяқтық енеді.

         «Адамның өзінің қызмет бабын  пайдалану» белгісіне қатысты  ҚР Жоғары Сотының 2003 жылғы  11–шілдедегі «Ұрлау туралы істер  бойынша сот тәжірибесі туралы»  нортативтік қаулысының 20–тармағында,  лауазымды адамның не коммерциалық  немесе өзге де ұйымдарда басқару  қызметін атқаратын адамның шын  мәнінде қызметтік өкілеттігін  немесе қызмет бабын пайдалану  мүмкіндігі болмаған жағдайдағы  ақша, құнды қағаз және басқа  да материалдық құндылықтары  алуан аталған құндылықтарды  иеленіп кету ниеті болған  жағдайда алаяқтық ретінде саралаған  жөн болады, деп көрсетіледі.

           Егер адам ақша немесе өзге  де құндылықтарды басқару қызметін  атқаратын адамға немесе лауазымды  адамға пара немесе коммерциалық  сатып алу ретінде беру үшін  алып, бірақ олай етпей алғандарын  өзі пайдаланып кетсе бұл алаяқтық  ретінде саралануы тиіс. Бұл жерде,  кінәлінің әрекеті басқа бір  адамның пара беру ниетін тудыратын  болса, онда ол әрекетті пара  беруге арандатушылық деп қосымша  саралауға болады.

Информация о работе Алаяқтық