Алаяқтық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 14:27, курсовая работа

Описание работы

Кіріспе
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері,осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар, өмірде көптеген өзгерістер болды. Өмір,идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарына негізделген болатынНарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3-5
І. Алаяқтық қылмысының күрделенген құрамы
1.1 Алаяқтық қылмысының түсінігі......................................................................6-8
1.2 Алаяқтық қылмысының объектісі және объективтік жағы.........................8-16
1.3 Алаяқтық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы...................16-19

ІІ. Алаяқтық қылмысының сараланған құрамдарына сипаттама
2.1 Алаяқтық қылмысының түрлері...................................................................20-27
2.2 Алаяқтықты ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату..................................27-32
2.3 Алаяқтық және гипноз...................................................................................32-34
Қорытынды.........................................................................................................35-37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................38-39

Работа содержит 1 файл

алаяктык.docx

— 64.87 Кб (Скачать)

Елеулі қиындықты, әдетте, алаяқтықты тұтынушыларды алдау, ұрлық  және т.б. қылмыстардан ажырату құрайды. Сол үшін, ҚР ҚК 177 бабын дұрыс  қолдану үшін, біз, алаяқтықтың ұқсас  құрамдардан айырмашылығын нақты  білуіміз қажет.

Меншікке пайдакүнемдік қолсұғушылықтардың өзге нысандарынан, алаяқтық, тек жасалу тәcілі бойынша ерекшеленеді. Сондықтан, жоғарыда аталған қиындықтар, сол  қылмыстар алдау элементімен, жәбірленушінің сенімін пайдаланумен жасалғанда туындайды. Мұндай фактілер сот тәжірибесінде  әртүрлі құқықтық бағаға ие болады. Қылмыстық құқық теориясында  да бұл сұрақтарға бірауыздан жауап  жоқ.1.Ұрлық және алаяқтық Біріншіден, ұрлық кезінде талан-тараж заты ретінде тек мүлік қана бола алады, ал алаяқтық кезінде қылмыс заты ретінде мүлік те, мүлікке құқық та бола алады.

Екіншіден, ұрлық кезінде мүлік жәбірленушіден оның еркінен тыс, жасырын түрде  алынады. Алаяқтық кезінде меншік иесі немесе өзге заңды иеленушісі мүлікті  алдау немесе сенімге қиянат жасау  нәтижесінде алданып, өзі береді.

Үшіншіден, алаяқтық кезінде кінәліге мүлікті  әрекет қабілеттігі бар тұлғалар беру керек. Егер, кінәлі жас балаға келіп, “сенің мамаң пальтосын сұрап  жатыр”, -деп пальтосын алып кетсе, бұл алаяқтық емес, ұрлық болуы  керек. Себебі бұл тұлғаның әрекеті  құқықтық жағынан маңызға ие болмайды, олардың еркі құқықтық жағынан жарамсыз.

Төртіншіден, алаяқтық кезінде тұлға кінәліге мүлікті белгілі бір құқықтық актілерді жүзеге асыру үшін береді, ол иелену, пайдалану, кейде билік  ету болуы мүмкін. Егер меншік иесі мүлікті белгілі бір өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін емес, тек техникалық функциялар үшін (өлшеу, бағалау, қарау, тексеру) берсе, онда алдымызда ұрлық.

Бесіншіден, алдаудың элементтері тек алаяқтықта ғана емес, ұрлықта да болуы мүмкін. Сондықтан, меншікке қол сұғушылық  кезінде алдаудың қолдану фактісі  ғана алаяқтық ретінде саралау үшін жеткіліксіз.

Алаяқтық  құрамында алдау, жәбірленушінің кінәліге мүлікті (мүлікке құқықты) беру үшін әсер болатын жағдайдың рөлін  ойнайды. Егер алдау талан-тараждың жасалуы жеңілденсін деп жасалса, онда сот тәжірибесі бойынша мұндай әрекеттер ұрлық деп те, алаяқтық деп те сараланған.

Ұрлық жасаған  кезде, кінәлі, қалыптасқан жағдайды пайдаланады. Сонымен бірге талан-тараждың жасырын болуы үшін жағдай жасайды. Осындай жасырындық, көрінбеушілік, жәбірленушінің қатысуымен де болады.

Талан-тараждың жасырындығына қол жеткізу үшін, кінәлілер алдау мен сенімге  қиянат жасауды жиі қолданады. Мысалы, тұлға алдау жолымен пәтерге  кіреді де, тұрғындарға байқаусы, жасырын  түрде құндылықтарды талан-тараждайды. Бұл жерде ұрлықтың орын алғандығында күмән жоқ.Ал енді күрделі жағдайларды  қарастырайық. Вокзалдарда “жұмыс істейтін” қылмыскерлер санатының  бір тұлғасы үлкен сумканы  алып, осындай жүгі бар, келесі пойызды  күтіп тұрған адамға келіп әңгіме құрады. Кейін ол кісіге сумкасын қарауға  беріп, өзі тамақтану сылтауымен кетіп қалады. Әрине, үлкен сумкамен ары-бері жүру қиын екендігін түсінген адам ол сумкасын қарай тұруға келіседі де, осы кісіге тамақтануды ұсынады. Әлгі кісі мен кінәлі арасында алғашқы  қалдырылған сумка нәтижесінде  белгілі бір деңгейдегі сенімгерлік  қатынастар пайда болады. Одан кейін  ол да сумкасын кінәліге қалдырып, тамақтануға  кетеді. Қайтіп келсе, не сенген адам жоқ, не сумкасы жоқ. Бұл жерде алдаудың да, сенімге қиянат жасаудың да, сеніп  тапсырудың да, жасырын ұрлаудың да белгілері болады. Демек, бәсекелес  үш құрам шығады: 175-бап, 176-бап, 177-бап. Бұл жерде 176-бап құрамы (сеніп  тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп  кету немесе ысырап ету) болмайды. Себебі, мүлік кінәліге сеніп тапсырылғанымен, талан-тараждауға қасақана ниет қылмыстық  әрекеттер жасалғанға дейін пайда  болады. Ал 176-бап құрамы бойынша  мұндай ниет мүлік заңды түрде  кінәліде болған кезде, яғни тапсырылғаннан кейін пайда болады. Бұл жерде  келесі көретініміз, кінәлі алдауды  қолдану арқылы сенімге кіріп  алды. Одан кейін меншік иесі мүлікті  оған өзі беріп, ал кінәлі оны талан-таражды  деп, бұл әрекетті алаяқтық деп сараласақ  асығамыз.

Алаяқтық  кезінде, меншік иесі мүлікті кінәліге құқықтық өкілеттік үшін береді, ал бұл жерде мүлік кінәліге қарау  үшін беріледі. Демек, бұл әрекет ұрлық  болып шықты. Шынында да, қылмыскер  алдауды сенімге кіру үшін қолданады, ал талан-тараждың өзі жасырын түрде  болды.2.Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіруден алаяқтықты ажырату. Бұл қылмыс ҚР ҚК 182-бабына сәйкес былай анықталады: алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге ұрлау (талан-тараж) белгілерінсіз мүліктік залал келтіру. Бұл жағдайда кінәлі, меншік иесіне түсуі тиіс болатын және осы арқылы оның мүліктік қорын арттыруы тиіс болатын материалдық құндылықтар есебінен заңсыз пайда табады. Осының нәтижесінде меншік иесі өз шаруашылық қызметі нәтижесінде жоспарланған табысына иелену, пайдалану, билік ету мүмкіншілігінен айырылады.

Объективтік жағынан бұл қылмыс, алдау немесе сенімге қиянат жасаудан тұратын белсенді әрекеттерден тұрады, нәтижесінде меншік иесіне мүліктік залал келтіріледі. Жасау тәсілдері  бойынша, бұл қылмыс алаяқтықпен  бірдей. ҚР ҚК 182-бабымен көзделген  қылмыс алаяқтықтан, кінәлінің заңсыз мүліктік пайда алуының өзге механизмімен ерекшеленеді. Алаяқтық кезінде, мүлік  меншік иесінің қорларынан заңсыз алынады, яғни меншік иесінде мүлкінің массасы  азаяды. Ал ҚР ҚК 182-бабымен көзделген  әрекет кезінде, алынған мүлік меншік иесінің қорларына түспеген, бірақ  заң, өзге нормативті-құқықтық акт немесе шарт кезінде түсуі тиіс еді.

Сонымен, алаяқтықтың ҚК 182-бабымен  көзделген қылмыстан негізгі  айырмашылығы қылмыс затында алаяқтыққа қарағанда, алдау немесе сенімге  қиянат жасау жолымен талан-тараж  белгілерінсіз мүліктік залал келтірудің заты – меншік иесінің иелігіне қылмыс жасалу сәтіне қарай түспеген, бірақ егер қылмыскер бұл әрекеттерді  жасамағанда түсуі тиіс тауарлы-ақша құндылықтар.

Осы қылмыс зардабының ерекшелігі мүліктік залалдың сипаты мен құрамы. Ол меншік иесінің тікелей материалдық  шығыны мен алынбай қалған пайдасынан құралады. Мысалы, егер кінәлі автокөлік  кәсіпорынды шофер ретінде жұмыс  істей жүріп, оған бекітілген машинаны жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдаланса, онда бұл кәсіпорын көлікті эксплуатациялаудан жоспарланған пайданы алалмау түрінде, тасымал графигін бұзу түріндегі  мүліктік залалды көтереді. Демек, 182-бап  көздейтін қылмыс мүліктік залал  тиістіні алмаудан, алынбай қалған материалдық пайдадан тұрады. Ал талан-тараж  нақты шығын, яғни меншік иесінің  тауар-ақша қорында іс жүзінде азаюының болуымен сипатталады.

Сот тәжірибесінде 182-бап бойынша, біздің ойлауымызша әділетті, төмендегі  әрекет сараланады: тұлғаның жұмыс  орнына, табыс салығын азайту мақсатымен, өз асырауында тұлғалар бар екендігі туралы жалған анықтама қағазды тапсыру. Ал жәрдемақы мөлшерін ұлғайту мақсатымен, әлеуметтік қамсыздандыру органдарына  жалған құжат тапсыру ҚР ҚК 177бойынша  саралану керек. Бірінші жағдайда, мемлекет салық түріндегі мүлікті алалмай  қалады, ал екінші жағдайда, кінәлі алдау  жолымен мемлекеттен ақша түріндегі  мүлікті талан-тараждайды.3.Жалған кәсіпкерліктен алаяқтықты ажырату.           Алаяқтық жалған кәсіпкерлік сияқты қылмыспен жанасуы мүмкін. Мұндай жағдай, мүлік немесе өзге ақша-қаражаттарды алу үшін, алаяқтықтың тәсілі ретінде жалған кәсіпорын атынан жалған шарттар жасасу қолданылса пайда болады. Бұл жерде құқықтық бағалаудың бірнеше жолы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, кәсіпорын заңды тұлға ретінде жоқ болады, заңдағы тәртіп бойынша тіркелмеген, құжаттар жалған. Яғни, заңды тұлға фикция болып табылады. Бұл жерде 192-бап (жалған кәсіпкерлік) құрамы болмайды. Аталған әрекеттер (кәсіпорынды құру) – алаяқтықтықтың тәсілі болып отыр.

Екінші жағдай бойынша, кәсіпорын  заң бойынша бар, заңға сәйкес тіркелген, шынайы құжаттары мен  мөрі бар. Бірақ кәсіпорын заңды  тұлға ретінде іс жүзінде жоқ. Себебі ол коммерциялық қызмет үшін емес, алдау жолымен несие алу үшін, заңсыз қазметін жасыру үшін, алаяқтық қызмет үшін құрылған. Бұл жерде  шарттар алаяқтықтың мақсаттар  үшін жасалады. Кінәлілердің мұндай әрекеттерін  Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша: алаяқтық және жалған кәсіпкерлік  ретінде саралау керек. Себебі, екі  түрлі объектіге қол сұғылып  отыр және әрқайсысы жеке-жеке қылмыстық-құқықтық бағалауға жату керек.4.Тұтынушыларды алдаудан алаяқтықты ажырату.   Аталған екі қылмыста объективтік жақ белгілері өте жақын. ҚК 223-бап құрамының объективтік жағы алдаудың бірнеше тәсілін атап өтеді. Алаяқтық құрамында да алдау объективтік жақ белгілері арасында соңғы орында емес.

Екі қылмыс сыртқы жағынан қарағанда  ұқсас болғанымен, олардың айырмашылықтары  өте көп. Біз тек екі қылмыс терең жанасатын жеріне тоқтауға тырысамыз. Әңгіме қылмыс субъектіне байланысты болмақ.

Тұтынушыларды алдау қылмысының субъектісі – арнайы: бұл тауар сататын  немесе қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері немесе жеке кәсіпкерлер. Бұлар міндетті түрде заңға сәйкес тіркеліп, рұқсат беретін құжаттарға ие болу керек. Егер азаматтарды тіркелмеген  кәсіпкерлік қызметпен айналысатын  тұлғалар алдаса, онда бұл әрекет алаяқтық болуы тиіс.5. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар, жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сатудан алаяқтықты ажырату

              Алаяқтықтан ажыратып отырған қылмыстар ҚР ҚК-нің 206, 207 баптарында көзделген.

Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату үшін қылмыстық  жауапкершілік тек, егер аталған  төлем құралдары заңды айналыста  болғанда ғана басталады. Егер айналымнан алынған, заңды төлем құралы болып  табылмайтын ақша белгілері қолдан жасалса, бұл әрекеттер алаяқтық болады. Сол сияқты өрескел, анық жалған ақша жасалса, мысалы, 1 долларлық купюраға бір саны артына екі ноль қосылса, мұндай әрекеттер де алаяқтық болады. 206, 207-баптарындағы қылмыстар жасалғанда, жалған ақша белгілері өте жақсы  сапаға ие болып, оны тек арнайы маман, арнайы құралдармен ажырата алу  керек.

 

2.3Алаяқтық және гипноз

 

Қылмыстық құқықтық тәжірибеде кінәлілердің гипнозды қолдану арқылы бөтеннің мүлкін талан-тараждаған оқиғалар аз емес. Бұл фактілер бойынша жәбірленушілер, кінәлілер, қылмыс заты бар, бірақ өкінішке орай Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде гипноз арқылы талан-тараж  үшін қылмыстық жауапкершілік жоқ. Демек, бұл әрекеттер қылмыс емес. Алайда тәжірибеде гипноз арқылы талан-таражды  алаяқтық деп саралау оқиғалары  орын алып отыр. Осының дұрыстығын анықтайық.

Жалпы гипноз термині Қазақстан  Республикасының қылмыстық заңнамасында қолданылмайды. Осы гипнозды сипаттап көрейік.

Гипноз кезінде адамның  ортылық жүйке-жүйесіне, психикасына  әсер ету болады. Ол әсер ету, сөздердің  нәтижесінде емес, белгілі бір  “күш”, “энергия” нәтижесінде  болады. Себебі, гипнозды дәрігерлер жануарларға  да қолданады.

Сонымен, гипноз бұл орталық  жүйке-жүйесіне әсер ету дедік. Орсы әсердің нәтижесінде адамда санасы мен еркі қозғалыссыз қалады. Оның істеген әрекеттері мен сөйлеген сөздері – гипнозшының бұйрығына  байланысты болады. Гипнозшы жәбірленушінің психикасына әсер етудің нәтижесінде  жәбірленуші мүлкін өзі береді.

Енді гипноз арқылы талан-таражды  қылмыстық заңдағы талан-тараждың ұқсас келетін нысандарымен жақындығын іздеп көрейік.

Осы әрекетті тәжірибеде көбінесе ұрлық, тонау немесе алаяқтық деп саралайды.

Гипноз арқылы талан-тараж  ұрлыққа жақын келеді. Ұрлықпен ұқсастығын төмендегіден көреміз. Жоғарыда айтқынымыздай, әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғаны  алдау арқылы оның мүлкін талан-тараждау – ұрлық болады. Яғни, ол тұлғада  іс жүзінде мәміле жасауға, ерік білдіруге  қабілеті болса да, заң жүзінде  қабілеті жоқ болып саналады. Ал гипноз қолданғанда, жібірленуші тұлға  заң жүзінде ерік білдіруге қабілетті  болады да, іс жүзінде ерік білдіре  ала алмайды (оның еркі мен санасы қозғалыссыз болады).

Жоғарыдағы ұрлықта  жәбірленушілер ұрлық фактісін сезінбейді деген оймен кінәлі талан-таражды  жасырын жасап жатырмын деп ойлайды. Гипноз арқылы талан-тараж кезінде  де кінәлі гипнозға ұшыраған адам талан-тараж  фактісін сезінбейді деген оймен  жасырын талан-тараж жасайды.

Информация о работе Алаяқтық