Алаяқтық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 14:27, курсовая работа

Описание работы

Кіріспе
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері,осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар, өмірде көптеген өзгерістер болды. Өмір,идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарына негізделген болатынНарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3-5
І. Алаяқтық қылмысының күрделенген құрамы
1.1 Алаяқтық қылмысының түсінігі......................................................................6-8
1.2 Алаяқтық қылмысының объектісі және объективтік жағы.........................8-16
1.3 Алаяқтық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы...................16-19

ІІ. Алаяқтық қылмысының сараланған құрамдарына сипаттама
2.1 Алаяқтық қылмысының түрлері...................................................................20-27
2.2 Алаяқтықты ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату..................................27-32
2.3 Алаяқтық және гипноз...................................................................................32-34
Қорытынды.........................................................................................................35-37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................38-39

Работа содержит 1 файл

алаяктык.docx

— 64.87 Кб (Скачать)

Адамдар тобы алдын ала  сөз байласып жасаған алаяқтықта, әр қатысушы объективтік жақтың бір  бөлігін орындайды. Және де олардың  әрекеттері мен жалпы барлық қатысушылардың әрекетінің қылмысты нәтижесі арасында себепті байланыс болу керек.

Талан-тараж кезінде  қоса орындаушылықтың екі нысаны да бола алады. Параллельді қоса орындаушылықта топтың барлық мүшелері уақыт пен  кеңістікте параллельді түрде объективтік  жақты орындайды. Мысалы, бір мүше лотореяны көшеде ойнатып тұрады, екінші-үшіншілері ақша тігіп, жеңіске  жетіп жатады.

Кезекті қоса орындаушылықта, объективтік жақ белгілі бір  кезеңдерге бөлінеді және әр мүше өз кезеңін  орындайды. Мысалы, бір алаяқ жалған тәркілеу туралы сот шешімін көрсетеді, екіншісі жалған хаттама жасайды, үшіншісі мүлікті алып кетеді.

Сөз байласуды алдын  ала деп - ол объективтік жақ орындалуға дейін болған кезде танимыз. Нысаны бойынша сөз байласу жазбаша, ауызша, конклюдентті әрекеттер арқылы, үндемей келісу арқылы да болуы мүмкін.

Осы сараланған белгі бойынша  жауапқа тарту үшін, алдын-ала  сөз байласқан адамдар тобы бір  қылмыс жасау үшін құрылуы керек. Қылмыс жасалғаннан кейін, топ тарап  кету керек. Бұл оның ұйымдасқан топтан айырмашылығы.

Алдын ала сөз байласқан  топты тек қылмыстық жауапкершілікке  тартыла алатын тұлғалар құрай алады. Есі дұрыс емес, жасы толмаған тұлғалар іс жүзінде алдау немесе сенімге  қиянат жасау жолымен мүлікті (мүлікке  құқықты) талан-тараждауға қатысса  да, топтың құрамына құқықтық жағынан  кіре алмайды. Мысалы, кәмелетке толған қылмыскер 16-жасқа толмаған баланы алдын ала көндіріп, екеуі алдау  немесе сенімге қиянат жасау жолымен  мүлікті (мүлікке құқықты) талан-тараждайды. Мұндай кезде “топ” болмайды, ересек қылмыскер ҚР ҚК 177-бабының 1-бөлігі мен 131-бап (кәмелетке толмағандарды  қылмысқа тарту) жиынтығы бойынша жауапқа  тартылады.

Азғырушы, көмектесуші, ұйымдастырушы  ретіндегі қатысушы тікелей өзі  орындауға қатыспаса ҚР ҚК 177-бап 2-бөлігі “а” тармағы мен 29-бап  жиынтығы бойынша жауап береді.Бірнеше рет жасалған алаяқтық ҚР ҚК 11-бабына сәйкес, ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау – қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады”. Бұл жерде бірнеше маңызды жағдай бар. Біріншіден, субъектінің бірлігі, яғни талан-тараждың барлық эпизодтарында бір субъект болу керек. Екіншіден, ол кем дегенде 2 құқық бұзушылық жасау керек. Үшіншіден, олардың әрқайсысы қылмыстық заңмен тыйым салынған болу керек. Төртіншіден, әрбір жасалған қылмыс жеке құрамды құрауы керек. Бесіншіден, кем дегенде 2 эпизод өз құқықтық маңызын сақтау керек. Бұл жерде ҚР ҚК 69-бабымен белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімдері мен ҚР ҚК 77-бабымен белгіленген салықты өтеу мерзімдері өтіп кетпеу керек. Әдетте, бірнеше рет жасалатын қылмыстарда бірдей қылмыстар құрайды (екі алаяқтық, екі ұрлық). Сонымен қатар, ҚР ҚК 11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, “ҚК Ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасау, осы Кодексте арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған деп танылуы мүмкін”.

Талан-тараж міне осындай  арнайы көрсетілген жағдайға жатады. ҚР ҚК 175-бап ескертуінің 3-бөлігінде, “ҚР ҚК 175-181 баптарында бірнеше рет  жасалған қылмыс деп осы баптарда, сондай-ақ осы Кодекстің 248 (радиоактивті материалдарды талан-тараждау немесе қорқытып алу), 255 (қаруды, оқ дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын талан-тараждау не қорқытып алу), 260 (есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-тараждау не қорқытып алу) баптарында көзделген бір немесе одан да көп  қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады”,-делінген. Талан-тараждың бірнеше  реттілігі болу үшін, жоғарыда аталған 175-бап ескертуіндегі алғашқы  қылмыстың ҚР ҚК 69-баппен белгіленген  қылмыстық жауапкершілікке тарту  мерзімдері, ҚК 75-баппен белгіленген  айыптау үкімінің мерзімдері өтпеу  керек және де ҚК 77-бабына сәйкес, соттылық алынбау және өтелмеу керек. Қарсы  жағдайда, бірнеше реттілік, талан-тараждың саралайтын белгісі ретінде, болмайды.

Жоғарыда аталғандармен  қоса, бірнеше реттілік белгісі төмендегі  жағдайларда жоқ болады:

- алаяқтыққа дейінгі  талан-тараж үшін тұлға заңға  сәйкес қылмыстық жауаптылықтан  босатылса;

- кінәлінің әрекеттерінде  бір жалғаспалы талан-тараж белгілері  болса.

Бірнеше реттілік жалғаспалы қылмыстан ажырата білу қажет. Жалғаспалы талан-тараж біртұтас бір қылмыс болады. ҚК 18-бабына сәйкес, жалғаспалы қылмыс, яғни бір ниетпен және бір  мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда  бір қылмысты құрайтын бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттерден тұратын  қылмыс бірнеше рет жасалған қылмыс деп танылмайды

Анықтамадан көретініміз: бірнеше рет жасалатын қылмыста және жалғаспалы қылмыста объективтік  жақ ұқсас болады (екеуінде де екі  немесе одан да көп жеке актілер  жасалады). Демек оларды ажырату  қиынға түседі. Ол үшін жалғаспалы қылмыс белгілерін қарастырайық. Алдымен, бұл  бірқатар бірдей әрекеттер (бірнеше  ұрлық, бірнеше алаяқтық). Нақтыланған  ниетпен қамтылған кезде, тұлға  алдау немесе сенімге қиянат жасау  жолымен бір мүлікті бөлшектеп  алуды жоспарлайды. Мысалы, көшеде “оймақ”  ойынында, алаяқ алдау арқылы жәбірленушінің ақшасын, кейін сырға-сақинасын, ұялы телефонын және т.б. алады.

Нақтыланбаған ниетте белгілі  бір уақыт аралығында жүйелі түрде  талан-тараж жасауды алдына мақсат қояды. Оған мысал, алаяқтықтың талан-тараж  арқылы заңсыз зейнетақы, жәрдемақы  алу. Осының бәрі бір жалғаспалы қылмыс болады және де бірнеше реттілік белгісіне  сәйкес келмейді.

Жалғаспалы қылмыста барлық эпизодтар бір ниетпен қамтылса, бірнеше реттілік кезінде ниет әр эпизодта жеке пайда болады. Сонымен  бірге екеуінің арасындағы айырмашылық  ретінде мүлік алынатын қайнар көздің біртұтастығын айтуға болады.

Жалпы алаяқтықты бірнеше  рет жасалған алаяқтықтан ажыратудың маңызы зор. Себебі, адам тағы да бір  рет қылмыс жасауға барса, бұл  қылмыскер тұлғасының қоғамға қауіптілігін арттырады, оған қатаңырақ жазаны талап  етеді.Қызмет бабын пайдаланып жасалған  алаяқтықтың бұл сараланған түрінің субъектілері лауазымды тұлғалар да, коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын атқаратын тұлғалар да болуы мүмкін.

ҚР ҚК 228-бап ескертуіне сәйкес, “меншік нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымда, сондай-ақ мемлекеттік  орган, жергілікті басқару органы болып  табылмайтын коммерциялық емес ұйымда тұрақты, уақытша не арнаулы өкілеттік  бойынша ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерін  атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерін  атқаратын адам деп танылады”.

Коммерциялық ұйым –  бұл өз қызметінің негізгі мақсаты  ретінде пайда табуды көздейтін  ұйым, ал коммерциялық емес ұйым – бұл  пайда табуды мұндай мақсат ретінде  қоймайтын және алынған пайданы  өз қатысушылары арасында таратпайтын  ұйым.

Лауазымды тұлғалар ретінде  – тұрақты, уақытша немесе арнаулы  өкілеттік бойынша өкіметтің  өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының  басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді  орындаушы адамдар танылады. Кейбір авторлардың ойынша, қызмет бабын  пайдаланып, жасалатын алаяқтық тағы бір қылмыстық-құқықтық қорғалатын объектіге қол сұғады. Ол коммерциялық немесе басқа ұйымның, мемлекеттің  қызмет мүдделері.Ұйымдасқан топ жасаған алаяқтықтың түсінігі ҚР ҚК 31-бап 3-бөлігінде беріледі, ал сол баптың 5-бөлігінде осындай ұйымдасқан топты құрған немесе басқарған тұлғаның, сондай-ақ қатысудың осындай нысанымен жасаған қылмыстары үшін топ қатысушыларының қылмыстық жауапкершілігінің негізі, шарттары және көлемі көрсетілген.

ҚР Жоғарғы Сотының 11 шілде 2003 жылғы №8 нормативтік  қаулысына сәйкес, “Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау  үшін күні бұрын біріккен ададмардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады”.

Тельнов  П.Ф. ойынша, ұйымдасқан топқа, әдетте, басқару тән болады. Оны бірнеше қатысушы жүзеге асырады. Мұндай топқа бірігу – ұйымдық  дайындықты жетілдіру мақсатымен болады. А.И.Гуров ұйымдасқан топтың төмендегі  белгілерін көрсетеді: ортақ материалдық  базаның болуы; функционалды-иерархиялық  жүйе; ақпараттық база; басқарудың коллегиалды  органы; жүріс-тұрыс, дәстүр және заңдардың  нормалары мен жарғысы; оларды бұзған үшін санкциялар.

Ұйымдасқан топ, әдетте қатысушылардың елеулі санын біріктіреді. Қарапайым топқа қарағанда, оның құрамы тұрақты. Іс жүзінде қатысушылар  қатарынан ешкім ерікті түрде  шықпайды, ал жаңалары аса сақтықпен  қарастырылады. Ұйымдасқан топ қатаң  тәртіппен ерекшеленеді. Топ басшыларының билігі өте кең, ал олардың шешімдері  бағыныстылар үшін міндетті. Алаяқтықпен  айналысатын ұйымдасқан топтар өзге ұйымдасқан топтардан өзінің қылмыстық  бағыттылығымен ерекшелінеді.

Алаяқтардың ұйымдасқан топтарының ішінде пәтерлермен “айналысатын”, көшеде “лоторея”, “оймақ” ойнын  өткізетін топтарды ерекше атап өтуге  болады.Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық  ҚР ҚК 175-бап ескертуінің 2-бөлігінде: “ҚК Ерекше бөлімінің 6 тарау баптарында ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлшері танылады”,-делінген. Қазіргі нарықтық экономика заманында мемлекет бекіткен тұрақты – тауар, шикізат, материалдар бойынша бағалар болуы мүмкін емес.

Бір мемлекеттің өзінде, әртүрлі аймақтарда бір тауарға  баға әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан  талан-тараж сәтінде сол аймақтағы  сол мүлік түрінде нарықтық орта баға арқылы анықтау керек. Әрине, талан-тараждалған  мүлікке құнды анықтағанда тек  аймақтық бағаларға сүйенбеу керек. Мұндай бағаны, әдетте, тауарлық сараптама  береді.

Ірі мөлшерде бекіту бойынша  мұндай көзқарасты көптеген криминалистер  қорғайды. Нарықтық бағалар қозғалыста болады. Ал айлық есептік көрсеткіш  елімізде, қазіргі уақытта жылына бір рет өзгереді.

Талан-тараждың көлемі ірі  мөлшер ретінде талан-тараждалған  мүліктің ақшалай нысандағы қолданысынан анықталады. Оның экономикалық, табиғи критерийлері, салмағы, көлемі, дефициттілігі  ескерілмеуі тиіс.

Алаяқтық алдын ала  сөз байласқан адамдар тобымен  не ұйымдасқан топпен жасалса, әр қатысушы талан-тараждағанның құндары қосылады. Себебі, әңгіме бұл жерде Бір топтық қылмыс жайлы болып отыр. Мұндай алаяқтықтың жалпы мөлшері: “ірі мөлшер” шегіне жетсе, онда қылмысқа қатысушылардың әр қайсысының әрекеттері ҚР ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігінің “б”  тармағы бойынша саралану керек. Сонымен бірге олардың топтық талан-тараждан түскенге бөлісу үлесі  ескерілмеуі тиіс. Себебі олардың  барлығы алаяқтықтың қоса орындаушылары. Әдетте, ірі мөлшерде талан-тараждағанда, кінәлінің қасақана ниеті нақтыланбаған  болады, оған себеп оның талан-тараждан жатқан мүлкінің (мүлікке құқықтың) құнын білмеуі. Мұндай жағдайда саралау  келтірген нақты материалдық  шығынға сәйкес жүргізіледі.

Өзге әңгіме кінәлінің  қасақана ниеті ірі мөлшерге туындаса. Егер кінәлінің ниеті ірі мөлшердегі мүлікті иеленуге бағытталса, және бұл оған байланыссыз себептермен  іске аспай қалса, жасалған әрекет ірі  мөлшердегі талан-таражға оқталу деп  саралану керек, бұл жерде нақты  талан-тараждалғанның саны ескерілмейді.Ұрлық (талан-тараж) немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған алаяқтық. ҚР Қылмыстық Кодексі, алаяқтықты талан-тараж немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған тұлға жасағанда, жауаптылық деңгейін арттырады.Мұндай саралаушы белгіні арнайы қайталанудың (рецидив) түрі ретінде бағалауға болады.

ҚР Қк 175 бап ескертуінің 4 бөлігінде орнатылғандай, ұрлық  немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын  сотталған адам деп, ҚК-тің 175 бабы (ұрлық), 176 бабы (сеніп тапсырылған бөтен  мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету), 177 бабы (алаяқтық), 178 (тонау), 179 (қарақшылық), 180 (ерекше құнды заттарды талан-тараждау), 181 (қорқытып алушылық), 248 (радиоактивті материалдарды талан-тараждау немесе қорқытып алу), 255 (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын талан-тараждау немесе қорқытып алу), 260 (есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-тараждау не қорқытып алу) баптарында көзделген бір немесе бірнеше  қылмыс үшін сотталған адам танылады.

 

2.2 Алаяқтықты ұқсас  қылмыс құрамдарынан ажырату

 

          Алаяқтық қылмысы, басқа қылмыстар  секілді, өзге қылмыс құрамдарымен  бірқатар ортақ белгілерге ие  болады. Демек бұл қылмысты саралағанда,  оның басқа ұқсас қылмыстардан  ажырату қиындығы тууы мүмкін.

Информация о работе Алаяқтық