Алаяқтық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 14:27, курсовая работа

Описание работы

Кіріспе
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері,осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар, өмірде көптеген өзгерістер болды. Өмір,идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарына негізделген болатынНарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3-5
І. Алаяқтық қылмысының күрделенген құрамы
1.1 Алаяқтық қылмысының түсінігі......................................................................6-8
1.2 Алаяқтық қылмысының объектісі және объективтік жағы.........................8-16
1.3 Алаяқтық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы...................16-19

ІІ. Алаяқтық қылмысының сараланған құрамдарына сипаттама
2.1 Алаяқтық қылмысының түрлері...................................................................20-27
2.2 Алаяқтықты ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату..................................27-32
2.3 Алаяқтық және гипноз...................................................................................32-34
Қорытынды.........................................................................................................35-37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................38-39

Работа содержит 1 файл

алаяктык.docx

— 64.87 Кб (Скачать)

Сенімге қиянат жасау кезінде, кінәлі оның мүлік меншік иесі немесе өзге заңды иеленушісімен пайда болған сенімгерлік қатынастарды пайдаланып, бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты иеленеді. Әдетте, бұл қатынастардың бастауында белгілі бір негіздер жатуы керек. Олар: азаматтық-құқықтық (сату-сатып алу, айырбас, тапсырма шарттары), еңбектік, туыстық, достық және т.б. негіздер.

Сенміге қиянат жасаудың көп тараған нысандарына төмендегілер жатады:

- өз міндеттемелерін  орандау ниетінсіз, белгілі бір  тауарларды сатып алу бойынша  делдалдық қызмет көрсету;

- қарызды қайтару ниетінсіз,  қарыз алу шартын жасасу;

- мердігерлік немесе  еңбектік шарттар бойынша, міндеттемелерін  орындау ниетінсіз ақшалай аванс  алу;

- қайтару ниетінсіз  банкілер мен өзге қаржы ұйымдарынан  несие алу;

- сақтандыру, қаржы, құнды  қағаздар бойынша алаяқтық және  т.б.

Зерттеліп отырған алаяқтықтың  екі тәсілі арасындағы байланысты атап өткен жөн. Заң шығарушы оларды дербес екі тәсіл етіп бөлгенімен, екеуінің арасында ұштасулар бар. Әдетте, алаяқ  алдауды жүзеге асыру оңай болу үшін, жәбірленушінің сенімін орнатуға ұмыталады. Көп жағдайда алдау іске аспай  қалуы мүмкін еді, егер де жәбірленуші  кінәліге белгілі бір сенім артпаса. Жоғарыда айтқанымыздай, алдауды жүзеге асыру оңай болу үшін, алаяқ, жәбірленушінің сенімін орнатуға ұмтылады. Ал осы  сенім орнату да алдау арқылы болуы  мүмкін. Демек, алдау және сенімге  қиянат жасау жиі ұштасып тұрады.

Барлық жағдайларда, сенімге  қиянат жасауда да, алдауда да алаяқтық ретінде саралау үшін, кінәлінің  бөтен мүлікті немесе мүлікке  құқықты алуға қасақана ойлар  белгілі бір мәміле жасағанға  дейін пайда болғанын дәлелдеу керек. Егер де тұлға шарт жасасқанда міндеттемелерін  орындамақшы болса, бірақ қалыптасқан  жағдай оған төтеп болса, немесе шарт бойынша алғанды талан-тараждау ниеті шарт орындау барысында  пайда болса, немесе мүлікті алуға  деген қасақана ойлар шарт жасасқанға дейін пайда болағндығы дәлелденбесе, алаяқтық құрамы болмайды. Бұл жерде  талан-тараждың өзге нысандары немесе азаматтық-құқықтық деликтілер орын алады.

Алаяқтық объективтік  жағының ерекшелігі – жәбірленушінің мүлікті немесе мүлікке құқықты, алаяққа өз еркімен беруі. Алайда, бұған дейін айтылғандай, еріктілік  алаяқтықтың заңды әрекет жасағандығына  дәлел болмайды. Мұндай мәміле құқықтық жағынан жарамсыз себебі субъектінің  еркінде ақау бар.

Бұл жерде жасырын, ашық, қауіпті күш көрсету арқылы талан-тараж  болмайды. Жәбірленуші алданудың  нәтижесінде кінәлі айқындаған әрекеттерге  итермеленеді және де бұл әрекетті ол заңды деп санайды. Сондықтан  өз еркімен мүлікті немесе мүлікке  құқықты беру орын алады.Объективтік  жағының тағы бір белгісі –  нақты материалдық шығынның болуы. Егер алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне алынбай қалған пайда ретінде зардап тисе, онда бұл алаяқтық емес, бұл ҚР ҚК 182 бабымен көзделген қылмыс құрамы болады Алаяқтық объективтік жағынан материалдық құрам болып табылады және қылмыстың аяқталу сәті – кінәлі мүлікке билік ету немесе мүлікке құқықты жүзеге асыруға мүмкіншілік алған кезде болады. Аталған қылмыстың аяқталу сәтін анықтау аса қажет. Себебі, қылмыстың жасалу сатысына қарай оның қауіптілігі, оған сәйкес жазалануы анықталады. Мысалы, егер тұлға алдау жолымен пәтерге құқықты алса, бұл қылмыс аяқталған болуы үшін кнәлі ол құқықты мемлекеттік тіркеуден өткізу керек. Сонда ғана ол тұлғада меншік құқығы толығымен басталады.

 

1.3 Алаяқтық қылмысының  субъектісі және субъективтік  жағы

 

           Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісі ретінде, есі дұрыс, қылмыстық құқық жауапкершілік басталатын жасқа толған жеке тұлға танылады.

Есі дұрыстық бойынша айтсақ, тұлға алаяқтық жасап отырған  кезде, бөтен мүлікті талан-тараждағанда өз әрекеттеріне есеп беру мүмкіншілігіне ие болу керек және оларды басқара  алу керек. Мұндай қабілеті жоқ болғанда тұлға қылмыстық жауапкершілікке  тартылмайды. Алаяқтық қол сұғушылықтың субъектісі өзіндік ерекшеліктерге ие. Оның белгілері екі түрлі аспектіде  зерттеледі: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық. Бірінші аспектке есі дұрыстық және жауапкершілік басталатын жас белгілері  кіреді. Екінші аспект алаяқ тұлғасының әлеуметтік (саяси) мінездемесін қамтиды.

ҚР ҚК 15-бабына сәйкес, алаяқтық қол сұғушылық үшін қылмыстық  жауаптылыққа, қылмыс жасау сәтіне қарай он алты жасқа толған тұлғалар тартылады. Жалпы, қылмыстық-құқықтық әдебиетте талан-таражды іс-жүзінде  тек кәмелетке толғандар, яғни он сегіз жасқа толғандар жасайды  деген ойлар айтылды. Бірақ бұл  оймен дауласуға болады. Ұрлық, тонау  сияқты талан-тараждарды он төрт пен  он сегіз жас аралығындағы кәмелетке  толмағандар жасамақ түгіл, он төртке дейінгі жас балалар жасауы мүмкін. Өзге әңгіме алаяқтық құрамына сәйкес болуы мүмкін. Бұл қылмыс үшін жауаптылық он алты жастан басталса да, оны жасайтындар  іс-жүзінде кәмелетке толғандар  болуы мүмкін. Себебі, алаяқтықты жасау  үшін интеллектуалдық деңгей белгілі  бір дәрежеде дамыған болу керек.

Қолданыстағы қылмыстық  заңнамаға сәйкес, алаяқтық субъектісі – жалпы, және тек ҚК 177-бабының 2-бөлігінің  “в” тармағымен көзделген жағдайда – арнайы: жалпы субъектінің белгілеріне  қосымша белгілі бір қызметтік  жағдайы бар тұлға. Осы қылмысты лауазымды немесе өзге тұлға жасаса, олардың әрекеттері толығымен ҚК 177-бабымен қамтылады және қосымша  саралауды қажет етпейді.

Криминологиялық аспектке келетін болсақ, аталған қылмысты көбіне ер адамдар жасайды. Әйел адамның  үлесі көп емес: шамамен 12 %-дан  аспайды.

Алаяқтықтың 85 %-на шамаласы қалаларда, әсіресе ірі қалаларда  жасалады. Бұл көшедегі тұрақты емес саудада, әр түрлі лотереяларда көрініс  табады. Бұл алаяқтықтың негізгі  массасы. Бұдан сиректеу кездесетіні  пәтерлермен жасалатын қылмыстар  және арнайы білімді, интеллектіні қажет  ететін қаржы алаяқтықтары. Көріп  отырғанымыздай, алаяқ қылмыскердің тұлғасы әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жерде білім деңгейі төмен, жоғары, жасы кәмелетке толмаған, толған, ересек адамдар қатысуы мүмкін.

Жалпы алаяқтық қылмысының жартысына жуық топпен жасалады. Мұндай топта әр мүшенің рөлі айқындалады. Бұл жәбірленушіні алдауға жеңілдетеді, ал заң шығарушы үшін қоғамға қауіптілік деңгейін арттырады. Алаяқтар арасында өздерінің “мамандықтары” болады. Олар: “шулерлар”, “оймақшылар”, “қуыршақшылар”, “пәтершілер” және т.б.

          Қылмыстық-құқықтық әдебиетте қылмыстың  субъективтік жағы ретінде тұлғаның  психикалық қызметі түсініледі. Ол тұлғаның жасалған нәрсеге  психикалық қатынасында көрініс  табады. Егер объективтік жақ  қылмыстың сыртқы жағы болса,  онда оның ішкі жағы ретінде  субъективтік жақ болады. Субъективтік  жақ белгілері ретінде кінә, ниет  және мақсат болады.

Ғылымда кінә  – қасақаналық  немесе абайсыздық нысанында көрінетін, тұлғаның өзі жасаған қоғамға  қауіпті әрекеті мен оның қоғамға  қауіпті салдарына деген психикалық қатынасы деп анықталады.

Талан-тараж кезінде  кінә тек тікелей қасақаналық  нысанында болады.Алаяқтық кезінде, кінәлі өз әрекеттерінің қоғамға  қауіптілігін сезінеді, олардың қоғамға  қауіпті салдарын көре біледі және олардың тууын тілейді (мұндай әрекетті жасағысы келеді), оның себебі жәбірленушіге  мүліктік зардап тигізу және мүліктік пайда алу. Кінәнің мазмұны интеллектуалдық  және еріктілік моменттерінен құралады. Алаяқтық жасау барысындағы қасақаналықтың интеллектуалдық моменті құрамына объектіні, зат ерекшеліктерін, қылмыс жасау тәсілін сезіну және т.б. кіреді. Кінәлі ақиқатты бұрмалау немесе айтпау жолымен алдап отырғанын сезеді, осы арқылы жәбірленушінің алданатынын  көре біледі, нәтижесінде соңғысы  мүлікті немесе мүлікке құқықты  өзі береді.

Алаяқтық қол сұғушылықтағы  қасақаналықтың еріктілік моменті  мынадан тұрады: кінәлі алдау және сенімге қиянат жасау жолдарымен мүлікті (мүлікке құқықты) иеленгісі  келеді және осы арқылы меншік иесіне мүліктік залал келтіруді тілейді.

Жоғарыда айтқанымыздай, талан-тараждау тек тікелей қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Оның жанама қасақаналықтан айырмашылығы еріктілік моментінде. Тікелей қасақаналықта тұлға  зардаптың болуын тілейді, ал жанама қасақаналықта тілемейді, бірақ  бұған саналы түрде жол береді немесе бұған немқұрайды қарайды. Алаяқтықта, жалпы талан-таражда жәбірленушіде  белгілі бір мүліктік масса азаяды, ал кінәліде керісінше, сәйкесінше мүліктік масса көбейеді. Осының нәтижесінде  жәбірленушіде зардап туады. Егер кінәлі өзінің мүліктік массасының өсуін тілесе, онда бұл жәбірленушідегі мүліктік массасының азаюынсыз, яғни зардапсыз  болмайды. Демек, кінәлі зардаптарды  тілейді. Бұдан шығатыны – алаяқтық жанама қасақаналықпен жасалмайтындығы. Сонымен бірге, алаяқтық қол сұғушылықты  кінәлі алдын ала ойластырған  қасақана ниетпен де, кенеттен пайда  болған ниетпен де жасай алады. Көбінесе, жасалатын алаяқтықтың шамамен 91% - ында, қылмыс алдын ала ойластырған  қасақаналық ниетпен жасалады. Егер қылмыстық қасақаналықтың пайда  болуы мен жүзеге асыруы арасындағы уақыттың ажырауы қылмысты терең  жоспарлау мен дайындауға байланысты болса, онда бұл құқық бұзушының  қоғамға қарсы бағыттылығы тереңділігінің салдары болады да, қылмыстық қасақаналықтың қоғамдық қауіптілігі және кінәлі тұлғасының қауіптілігі артады.

Енді пайдакүнемдік  мәселесіне келейік. Пайдакүнемдік  түсінігі өте кең. Оған материалдық  та, материалдық емес те, кез келген пайданы жатқызуға болады.

ҚР ҚК 175-бап ескертуіне көз жүгіртсек, біз, талан-таражда  белгі ретінде пайдакүнемдік  мақсат болатынына тап болмаыз. Алайда кейбір авторлар пайдакүнемдікті субъектінің  жүріс-тұрысының ниеті ретінде  қарастырады. Олардың ойынша, мақсат – бұл адамның алдына қойған шамшырақ секілді қойған белгілі бір нәтижесі. Ал ниет адамды белгілі бір әрекетке итермелейтін “ішкі күш”. Бұл жерде  пайдакүнемдік термині ниет ұғымына  сай келетін шығар. Ал мақсат терминіне  келсек, алаяқтық қол сұғушылықтың мақсаты “баю”, “мүліктік массаның”  көбеюі болады.

Сонымен, алаяқтық үшін қылмыстық  жауапкершілікке тарту үшін, тікелей  қасақаналықты анықтау қажет. Әйтпесе, бұл объективтік айыптауға немесе дұрыс сараламауға әкеледі. Және де субъкетивтік жақты ескермей, алаяқтық қол сұғушылықты азаматтық құқықтағы  мүліктік сипаттағы міндеттемелерді  орындамаудан айыруға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Алаяқтық қылмысының сараланған құрамдарына  сипаттама

2.1 Алаяқтық қылмысының  түрлері

 

            Аталған жағдайдың сараланған құрамға жатқызылғанының себебі бар. Бірігіп қылмыстық әрекеттер жасау туралы алдын ала келісім болған тұлғалардың, бірігіп алаяқтық жасау арқылы талан-тараждағанда, олардың әрекеттері мен еріктері белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін бірігеді. Бұл нәтиже – алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүлікті (мүлікке құқықты) алу, меншік иесіне нақты материалдық шығын келтіру, өз материалдық қорларын заңсыз ұлғайту. Сандық белгі – бір қылмыста бірнеше тұлғаның тікелей қатыссуы – алаяқтыққа жаңа сапа береді, оның қоғамдық қауіптілігін елеулі түрде арттырады.

“Алдын ала сөз байласқан  адамдар тобы” – сараланған құрамның түсінігі – ҚР ҚК-нің 31-бап 2-бөлігінде  беріледі. Ол жерде былай делінген: “Егер қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар  қатысса, ол адамдар тобы алдын ала  сөз байласып жасаған қылмыс деп  танылады”. Бұл жерде, біріншіден, топ  қатысудың жалпы белгілеріне  ие болу керек: оған қылмыстық құқықтың субъектілері бола алатын кем дегенде 2 адам кіріп, олар қосылып, келісіп, бірлесіп әрекет ету керек.

Топпен бірігіп алаяқтық жасау – “қарапайым” алаяқтықтық  объективтік және субъективтік белгілерін қамтиды.

Тәжірибеде алаяқтық қол  сұғушылықтардың елеулі бөлігі жалғаспалы қылмыстар. Олар айлап, жылдап жасала береді. Егер адамдар тобы жалғаспалы қылмыстар  жасау барысында сөз байласып, қалған мүлікті (мүлікке құқықты) алуға  әрекеттер жасаса, онда бұл жерде  де алдын ала сөз байласқан  адамдар тобы болады. Бірақ бұл  сараланған тармақ сөз байласудан кейінгі  қылмыстық әрекеттерге тарайды. Қылмыстық топ қатысушылары бойынша  теорияда әртүрлі ойлар айтылады. Криминалистердің көбісі төмендегі  көзқарасты ұстанады: топ екі не одан көп адамнан құралады және олар талан-тараждың объективтік жағын  орындайды; яғни топ мүшелері арасында байланыс – қоса орындаушылық болады. Демек, топ құрамына тек қоса орындаушылар кіреді. Рөлдері бөлінген күрделі  қатысу – “адамдар тобы” белгісін құрамайды. Әрбір қатысушы өз рөліне сәйкес жауапкершілікті көтереді, мысалы, орындаушының, азғырушының, көмектесушінің .

Информация о работе Алаяқтық