Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың өзектілігі



Қылмыстық қудалаудың негізгі мақсаты - қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, оны жасаған адамды анықтау және ұстау, айып тағу.

Қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар: олар прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтау органы мен анықтаушы.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қылмыстық процеске қатысушылар ішінде негізгілері болып табылады. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі идеялары мен қағидаларын, міндеттерін сақтап, жүзеге асыруға, қылмыстық істі уақытында және дұрыс ашуға, заңнаманың біріңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тергеуші мен анықтаушының әрбір әрекеті құқық нормаларымен көзделген және белгілі бір процессуалдық нысанда болады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3





1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6



1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6

1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9

1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13

1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15





2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51



2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51

2.2. Айып тағу........................................................................................................53

2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56





ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар.doc

— 425.00 Кб (Скачать)

      Тергеудің аяқталуының тағы да бір түрі — қылмыстардың мән-жайы туралы хаттама ресімдеу жайында айтылады. Іс жүргізушілер алдын ала тергеу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтауды, көбіне алдын ала тергеудің нысаны деп атайды. Қылмыстық іс жүргізу қызметінін бұл түрінде де ақтық кезең бар, ол қылмыстық іс материалдарын тергеу орнына жіберу туралы мәселе шешілетін уақыт аралығы (ҚР ҚІЖК-нің 36-тарауы). Материалдарды әкімиіілік жазалау шараларын қолдану үшін сотка жібере отырып істі қысқарту туралы шешім қылмыстық істі қыскартудан бөлек айтылады. Қазіргі кезде қылмыстық істі қыскартудьщ бұл түрін заң шығарушы алып тастады. Ондай ҚР ҚІЖК-нің 37-бабында қарастырылған кезде де ол алдын ала тергеуді аяқтаудың өзінше бір түрі болған емес.

       Тергеушінің қылмыстық істі тергеу бойынша қызметті айыптау қорытындысын жасаумен аяқталады. Осы аталған пройессуалдық құжатта істің мәнісі мен айыптау жазылады, тергеушінің айыпталушы белгілі бір қылмыс жасады деген корытындысы және істі сотқа жіберу қажеттілігі туралы айыптылады айыптау қорытындысының заңи маңызы жоғары болып табылады. Ол адамдарға қатысты да, айыптау пәніне қатысты да сот тергеуінің шектерін анықтайды. Сот тергеуі барысында тек қана айыптау қорытындыснда көрсетілген қылмыстық әрекетке қатысьты және сонда көрсетілген айыпталушы адамға қатысты ғана болады.

       Оның маңызы ол алдын ала тергеу материалдарының барлығын жүйеліп, сот тергеуінің шектерін анықтайтында көрінеді. Сот тергеуінің басында айыптау қорытындысын жариялау және оның қорытынды бөлігін жариялау қылмыстық прцесске қатысушыларға және сот талқылауына қатысып отырған адамдарға сот талқылауын пәні б.т. тағылып отырған айыптың мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

           Айыптау қорытындыс үш бөліктен тұрады:

           1)  кіріспе;

           2)  сипаттаушы бөлік;

           3)  қорытынды бөлік [36; 98].

          Осы бөліктердің әрқайсысының ережелері бар. Оларды сол ережелерге сәйкес толтырып, ең соңында тергеуші қол қояды. Айыптау қорытындысы қылмыстық іспен бірге сотқа жіберу үшін прокурорға жіберіледі. Прокурор істің материалдарымен таныса отырып, оны сотқа жіберу немесе қосымша тергеуге қайтару туралы мәселені шешеді. Жоғарыда айыптау қорытындысы үш бөліктен тұрады:

          -    кіріспе;

          -    сипаттаушы;

          -    қорытынды тұрады деп атап көрсетіп кеткен болатынбыз.

         Оның кіріспе бөлігінде қылмыстық істің саны, айыпталушының (айыпталушылардың) тегі, аты-жөні, ол (олар) бойынша олардың әрекеттері сараланатың қылмыстық заңның бабы (баптары) көрсетіледі.

         Онда әлі қылмыстық іске қатысты нақты мәліметтер көрсетілмейді. Тек қана жалпы мәліметтер көрсетіледі. Ол айыптау қорытындысына кіріспе б.т.

         Сипаттаушы бөлікте істің мәнісі: қылмысты жасауды орны мен уақыты, оның тәсілдері, ниеттері және өзге де маңызды мән-жайлары; жәбірленуші туралы мәліметтер; қылмыстың бар болуын және оның айыпталушымен жасалуын растайтын мәліметтер; айыпталушының жауапкершілігін ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар, айыпталушының өзін қорғау үшін берілген дәлелдері, оларды тексеру нәтижелі көрсетіледі.

          Істің барлық мән-жайларының жазылуы істің сәйкес беттеріне сілтемесе жасай отырып, расталады.

         Айыптау қорытындысын сипаттаушы бөлігі нақты болуы керек. Онда әрбір айыпталушының қылмысты жасауға қатысуы дараландыруы керек.

          Егер адамға қылмыстық кодекстің бірнеше баптарымен көзделген қылмыс жасау бойынша айып тағылатын болса, онда айыптау қорытындысында осы адамға баптардың әрқайсысы бойынша нақты қандай әрекеттерді (әрекетсіздік) жасағаны үшін айып тағылатыны жөнінде атап көрсетіліп кетіу керек.

         Қылмысты бірнеше адамдар жасаған болса, онда айыптау қорытындысында қандай іс-әрекетті (әрекетсіздікті) қай адам жасағаны анық көрінуі керек. Егер олар бірлесіп бірнеше қылмыс жасаған болса, онда әрқайсысы нақты бір қандай қылмыстар жасаған туралы көрсетіліп кетуі керек.

         Айыптау қорытындысындағы айыптаудың формулировкасы тағылған айыптан елеулі түрде ажырматылуы керек. Ол айыпталушыныңжағдайын нашарлатпауы керек немесе оның қорғауға құқығын бұзбауы керек.

          Айыптауды елеулі түрде өзгерту болып оның кез келген нысандағы формулировкасын өзгертілуі танылады. Мысалы, адамға айып тағу кезіндегінен өзге қылмыс жасағаны туралы айып тағылуы керек, тағылған қылмыстан кінәсінің нысаны, ниетті бойынша және өзге де белгілері бойынша өзге қылмыс жасағаны үшін кінә тағылған болса.

            Сонымен қатар, айыптау қорытындысындағы айып тағылған айыптан да өзгеше болуы мүмкін. Ол ауыр болмауы керек. Айып ауыр болып келесі жағдайларда танылады:

            - егер қылмыстық құқтын оның санкциясы неғұрлым ауыр жазаны көздейтін нормасы (бабы, бөлігі, баптары, тармақшасы) қолданылатын болса;

            - айыпқа айыпталушыға тағылмаған фактілер (эпизодтар) қосылатын болса.

          Сондай-ақ, олар қылмыстың саралануын өзгертетін болса, жазаның неғұрлым ауыр түрін көздейтін болса, жасалған әреккетің (іс-әрекет немесе әрекетсіздіктің) заңды бағалауын өзгертпей-ақ, айыптың нақты бір көлемін үлкейтетін болса [37; 16].

          Айыпталушы өзін кінәлімін деп таныған кезде оның кінәсі қылмыстық іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен расталуы керек.

          Егер айпталушы тағылған айыпты даулайтын болса, өзінің қылмыс жасағандағы кінәсін мойындамайтын болса, айыптау қорытындысының сипаттаушы бөлігінде осы көрсетулерді жоққа шығаратын және тергеуші қорытындыларының дұрыстығын растайтын дәлелдемелер болуы керек.

          Айыптау қорытындысының сипаттаушы бөлігін жазудың бірнеше тәсілдері бар. Олар үш тәсіл бойынша жазылады. Олар төмендегідей:

          -  хронологиялық;

          -  жүйелік;

          -  аралас [37; 105].

         Айыптау қорытындысының сипаттаушы бөлігін хронологиялық тәсілмен жазу жасалған қылмыстың мән-жайларын олар терегумен анықталған рет-реті бойынша жазу қажет болған кезде қолданылады.

         Мысалы, тергеу барысында айыпталушының ұрлық жасағаны анықталған болса. Содан кейін, қылмыстық істі тергеу барысында сол адамның тағы бір ұрлық жасағаны анықталып, ол бойынша материалдар қылмыстық іске тіркеледі. Осы кезде айыптау қорытындысына бірінша анықталған мән-жайлар, содан кейін келесі мән-жайлар анықталуына қарай хронологиялық тәртіппен орналастырылады.

          Сипаттаушы бөліктің жүйелік тәсілі олар шын мәнінде жасалған ретінде қарай қылмыстарды анықтау болған кезде қолданылады.

         Хронологиялық тәсілді қолданған кезде кейін анықталған қылмыстық әрекет уақыты бойынша одан бұрын анықталған қылмыстық әрекеттен жасалуы мүмкін. Ал жүйелік тәсілді қолданған кезде жасалған қылмыстық әрекеттер олар шын мэнінде жасалған реті бойынша жазылады.

          Айыптау қорытындысының сипаттаушы бөлігін жазудың аралас тәсілі, әдетте, күрделі, көп эпизодты істер бойынша қолданылады. Онда жүйелік тәсіл мен хронологиялық тәсіл аралас түрінде қолданылады.

          Айыптау қорытындысының үшінші бөлігі-қорытынды бөлік болып табылады. Айыптау қорытындысының қорытынды бөлігінде айыпталушының жеке басына қатысты мәліметтер жазылады.

          Осы бөлікте айыптың формулировкасы жазылады. Айып қылмыстық заңның сәйкес бабыны (баптарына, бөлігіне, тармақшаларына, бөліктеріне) сілтеме жасай отырып, жазылады.

          Айыптау қорытындысының қорытынды бөлігі сипаттаушы бөліктен туындауы қажет және онда сол сипаттаушы бөлікке қатысты тұжырымдар жасалуы керек. Ол сипатама бөлікпен логикалық байланысты болуы қажет.

          Осы бөлік маңызды болып табылады. Онда жасалған қылмыстық әрекетті (әрекеттерді) (іс әрекет немесе әрекетсіздік) тергеу нәтижесі бойынша тергеушінің қорытындылары жасалады.

 

2.3 Айып тағуды өзгерту және толықтыру. Қылмыстық ізге түсуді айып тағу бөлігінде қысқарту

 

          Егер алдын-ала тергеу кезінде тағылған айыпты өзгертуге немесе оны толықтыруға негіздер пайда болса, тергеуші Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 207-бабының талаптарын сақтай отырып, айыпталуші ретінде жауапқа тарту туралы жаңа қаулы шығаруға және оны айыпталушыға Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 208-209 баптарында белгіленген тәртіп бойынша ұсынуға міндетті.

          Егер алдын ала тергеу барысында тағылған айыптың әлде бір бөлігі расталмаса, тергеуші өзінің қаулысы арқылы осы бөлік бойынша қылмыстық ізге түсуді қысқартады, қабылданған шешімнің көшірмелерін тапсыра отырып, бұл туралы айыпталушыға және процестің басқа да қатысушыларына хабарлайды.

          Мыналарды анықтау айып тағуды өзгерту үшін негіздер бола алады:

1. айып тағудың жүзіндегі жаңа құрамын;

2. жасалған қылмысқа қатысушыларды;

3. тағылған айыптың бір бөлігінің расталмауы;

4.  қылмыстың заң жүзінде жіктелуінің өзгеруін анықтау.

           Айып тағуды өзгертудің қажеттілігі мыналарды білдіріді:

1.  адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы алғаш шығарылған кезде заңдылықты қандай да бір бұзушылыққа жол берілмеген;

2.   айып  алғаш рет тағылған  кезде қылмысты тиісінше  қылмыстық-құқықтық саралау үшін жиналған дәлелдемелердің жеткілікті болғаның;

3.     айып тағуды өзгерту істің материалдарынаң, тіпті оның жіктелуі өзгеретін болса, қылмыс жасаудың тергеу бастапқыда анықтаған мән-жайларын жоққа шығармайтының білдіреді.

      Қылмыстық іс қысқарса алдын ала тергеу тоқталады. Ол негіздерді алты топқа белуге болады:

а)  істің жүргізілуін болдырмайтын мән-жайлар (ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы);

б)  жасалған қылмыс немесе оны жасаған адам қоғамға қауіптілігін толықтай жоғалтатындай жағдайдың өзгеруі;

в) тергеушіге кылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босататындай құқық беретін мән-жайлар (ҚР ҚІЖК-нің 7-9 баптары);

г)   айыпталушының қылмыс жасауға қатысқанының дәлелденбеуі (ҚР ҚІЖК-нің 269-бабынын 2-тармағы);

д) қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам тарапынан коғам, езі немесе басқа адамдар үшін қауіптің болмағандығын сол іс-әрекеттің сипатына және адамның психикалық жағдайына қарай дәлелдеу (ҚР ҚІЖК-нің 514-бабының 1-тармағы);

е) қылмыстық жауапқа тартуға заңда көрсетілген органнын (лауазымды адамның) келісімінің болмауы.

"б" және "в" тармақтарда көрсетілген негіздерді алдын ала тергеу оргаңдары тек прокурордын келісімімен ғана қолданады.

     Іс бойьшша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың тізбесі

     Бұл мән-жайлар ҚР ҚІЖК-нін 37-бабында бекімін тапқан. Онда қозғалған қылмыстық іс мына жағдайларда қысқарады делінген:

1)  қылмыс оқиғасы болмаса;

2)  іс-әрекетте қылмыстық құрам болмаса;

3) ескіру мерзімі өтсе;

4) рахымшылық актісі бойынша, егер ол жасалған іс-әрекет үшін жаза қолдануды болдырмаса, сондай-ақ кейбір адамдарға кешірім жасалғанда;

5) қоғамға кауіпті іс-әрекет жасаған кезде занға сәйкес қылмыстық жауаптылық  болуы мүмкін жасқа жетпеген адамға қатысты;

6) жәбірленушілердің шағымы бойынша қозғалған істер бойынша жәбірленуші мен айыпталушы өзара бітімге келген және осы Кодекстін 390-бабында көзделген жағдайлардан басқа реттерде;

7)  жәбірленушінің шағымымен ғана іс қозғалатын болып, бірақ оның шағымы болмаған және жәбірленушінің шағымы болмаса да прокурорға іс қозғау құқығы берілген, осы Кодекстің 390-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде;

8) өлген адамды ақтау және жаңа айқындалған мән-жайлар бойынша басқа адаадарға қатысты іс қозғау үшін іс жүргізу қажет болған жағдайлардан басқа реттерде өлген адамға қатысты;

9)  сол айыптау бойынша занды күшіне енген үкім не сол иегіздер бойынша істі қысқарту туралы ұйғарым немесе қаулы бар адамдарға қатысты;

10)  анықтау органының, тергеушінің, прокурордың сол айыптау бойынша істі қысқарту туралы бұзылмаған қаулысы бар адамға қатысты, егер қьглмыстық істі қараушы сот істі қозғау қажет деп таппаса;

 

 

 

 

 

 

Қортынды.

 

            Қылмыстық ізге түсу ҚР Қылмыстық кодексінің 105 (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), 111 (Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру), 112-баптарында (Қорқыту), 123 (Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауна немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де мәжбүр етулер), 129 (Жалға жабу), 130 (Қорлау), 136 (Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару) 140 (Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару), 142-баптарында (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу), 144-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде) (Дәрігерлік құпияны жария ету), 145-бабында (бірінші бөлігінде) (Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу), 188-бабында (бірінші бөлігінде) (Бөтен адамның мүлкі абайсызда жою немесе бүлдіру), 300-бабында (бірінші бөлігінде) (Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар