Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың өзектілігі



Қылмыстық қудалаудың негізгі мақсаты - қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, оны жасаған адамды анықтау және ұстау, айып тағу.

Қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар: олар прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтау органы мен анықтаушы.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қылмыстық процеске қатысушылар ішінде негізгілері болып табылады. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі идеялары мен қағидаларын, міндеттерін сақтап, жүзеге асыруға, қылмыстық істі уақытында және дұрыс ашуға, заңнаманың біріңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тергеуші мен анықтаушының әрбір әрекеті құқық нормаларымен көзделген және белгілі бір процессуалдық нысанда болады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3





1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6



1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6

1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9

1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13

1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15





2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51



2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51

2.2. Айып тағу........................................................................................................53

2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56





ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар.doc

— 425.00 Кб (Скачать)

              Жеке-жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсу ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабында (бірінші бөлігінде) (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), 104-бабында (бірінші бөлігінде) (Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру), 117-бабында (бірінші және екінші бөлігінде) (Заңсыз аборт жасау), 120-бабында (бірінші     бөлігінде)     (Зорлау),     121-бабында         (бірінші     бөлігінде) (Нәпсіқүмарлық сипатындағы күш қолдану), 135 (Бала асырап алу құпиясын жария ету), 139-баптарында (Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану), 144-бабында (үшінші бөлігінде) (Дәрігерлік құпияны жария ету), 176-бабында (бірінші жэне екінші бөлігінде) (Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе асырап ету), 184-бабында (бірінші бөлігінде) (Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу), 187-бабында (бірінші бөлігінде) (Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесебүлдіру), 188- бабында (екінші бөлігінде) (Бөтен біреудің мүлкін абайсызда немесе бүлдіру), 189-бабында (Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау), 200-баптарында (Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету), 226- бабында (бірінші бөлігінде) (Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зияңды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарту), 228-бабында (Өкілеттіктерді теріс пайдалану), 229-бабында (бірінші бөлігінде) (Жеке нотариустардың және аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы), 296-бабында (бірінші бөлігінде) (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы), 327-бабында (бірінші бөлігінде) (Өзінше билік ету) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық іс бойынша іс қозғалмайды.

           Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық ізге түсу органы өз құзыреті шегінде қылмыстың белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бірдей кінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті.

            Қылмыстық іс жүргізудегі прокурордың қадағалауы төмендегілерде көрініс табады:

           1) жедел-іздестіру қызметін қадағалау;

           2) тергеу мен анықтаманы қадағалау;

           3) сотта мемлекет мүдделерін білдіру

           4) атқару өндірісінің зандылығын қадағалау.

           Жедел-іздестіру қызметін қадағалаудың пәні болып жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ, жедел-іздестіру қызметін қадағалауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың актілерінің зандылығын қадағалау табылады.

           Қазақстан Республикасының қылмыетық іс жүргізу кодексінің ережелеріне сәйкес айып тағу кезінде қорғаушының қатысуы міндетті болып табылатын істер бойынша тергеуші, егер қорғаушыны айыпталушының өзі, оның занды өкілі не оның тапсырмасы немесе келісімі бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының келеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады.

            Айыптау қортындысы үш бөліктен тұрады:

            1)  кіріспе;

            2)  сипаттаушы бөлік;

            3)   қортынды бөлік.

            Осы бөліктердің әрқайсысының ережелері бар. Оларды сол ережелерге сәйкес толтырып, ең соңында тергеуші қол қояды. Айыптау қорытындысы қылмыстық іспен бірге сотқа жіберу үшін прокурорға жіберіледі. Прокурор істің материалдарымен таныса отырып, оны сотқа жіберу немесе қосымша тергеуге қайтару туралы мәселені шешеді.

           Оның кіріспе белігінде қылмыстық істің саны, айыпталушының (айыпталушылардың) тегі, аты-жөні, ол (олар) бойынша олардың әрекеттері сараланатын қылмыстық заңның бабы (баптары) көрсетіледі.

          Онда әлі қылмыстық іске қатысты нақты мәліметтер көрсетілмейді. Тек қана жалпы мәліметтер көрсетіледі. Ол айыптау қорытындысына кіріспе болып табылады.

          Сипаттаушы бөлікте істің мәнісі: қылмысты жасаудың орны мен уақыты, оның тәсілдері, салдары ниеттері және өзге де маңызды мән-жайлары; жәбірленуші туралы мәліметтер; қылмыстың бар болуын және оның айыпталушының өзін қорғау үшін берілген дәлелдері, оларды тексеру нәтижелі көрсетіледі.

          Істің барлық мән-жайларының жазылуы істің сәйкес беттеріне сілтеме жасай отырып, расталады.

          Айыптау қорытындысын сипаттаушы бөлігі нақты болуы керек. Онда әрбір айыпталушының қылмысты жасауға қатысуы даралануы керек.

       Егер адамға қылмыстық кодекстің бірнеше баптарымен көзделген қылмыс жасау бойынша айыпталатын болса, онда айыптау қорытындысында осы адамға баптардың әрқайсысы бойынша нақты қандай әрекеттерді (әрекетсіздік) жасағаны үшін айып тағылатыны жөнінде атап көрсетіліп кетуі керек.

      Қылмысты бірнеше адамдар жасаған болса, онда айыптау қорытындысында қандай іс-әрекетті (әрекетсіздікті) қай адам жасағаны анық көрінуі керек. Егер олар бірлесіп бірнеше қылмыс жасаған болса, онда әрқайсысы нақты бір қандай қылмыстар жасағаны туралы көрсетіліп кетуі керек.

       Айыптау қортындысындағы айыптаудың формулировкасы тағылған айыптан елеулі түрде ажыратылмыуы керек. Ол айыпталушының жағдайын нашарлатпауы керек немесе оның қорғауға құқығын бұзбауы керек.

      Айыптау қорытындысына тергеушінің ойынша сот мәжілісіне шақыртуға жататын адамдардың тізімі және іс бойынша қажетті анықтамалар тіркеледі. Сот мәжілісіне шақыруға жататын адамдар (жәбірленуші, куәлер, сарапшылар, т.б.) тізімінде олардын тегі, аты, әкесінің аты, тұрған (жүрген) жері және олардын жауаптары немесе қорытындылары келтірілген іс парағы көрсетіледі. Практикада, әдетте, бұл көрсетілген құжатта куәлерден, жәбірленушілерден және айыпталушылардан жауап алу хаттамасы бар іс парағы ғана көрсетіледі, ал беттестіру хаттамасының қайда екендігін көрсетуді ұмытып кетеді. Бірақ, жауаптар келтірілген нақты мәліметтер көзін осы екі хаттамамен шектеуге болмайды. ҚР ҚІЖК-нін, 229-бабында былай делінген: тану жүргізу алдында танитын куә немесе жәбірленуші жауап беруден бас тартқандық немесе жалтарғандық үшін және әдейі жалған жауап бергендік үшін жауаптылық туралы ескертіледі. ҚР ҚІЖК-нің 229-бабына сәйкес тану хаттамасында "танушының жауаптарын баяндау" керек. Бұл дегеніміз — шақыртуға жататын адамдар тізімінде тиісті тану хаттамасы тігілген іс парағы көрсетілуі керек. Жәбірленушінің, куәлердің, олардың жақын туыстарының және басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолданылғанда олардың мекен-жайы, қажет болса, тіптен, аты-жөні де көрсетілмейді. Кейде мұндай адамдар сотта жасырын ат пайда-ланады. Сот пен прокурорға жәбірленушілер мен куәлердің толық деректері бөлек конвертте беріледі, ол сотта жарияланбайды. Сотқа шақырылатын адамдар тізіміне алдын ала тергеуде сұралғандардың барлығы емес, ең керектілер ғана кіреді.

      Қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысына тіркелетін анықтамаларда алдын ала тергеудің мерзімдері, таңдалған бұлтартпау шарасы, айыпталушыны қамауда ұстау уақыты, заттай дәлелдеменің бар екендігі және қайда сақтаулы екеидігі, азаматтық талап туралы мәліметтер, азаматтық талапты қамтамасыз ету шаралары мен мүлікті тәркілеу мүмкіндігі, алдын ала тергеу органдарының сот шығындарынын түрі мен мөлшері көрсетіледі. Кейде, қашан және кімге қатысты қылмыстық ізге түсу қысқарғанда, айыпталушының жеке басын куәлендіретін құжаттардың тұрған жері туралы мәліметтер көрсетіледі. Тергеу мерзімдеріне қатысты анықтамада мыналар болады:

1)  қылмыс жасалған күн;

2) қылмыстық іс қозғалған күн;

3) істі жүргізуге алған күн;

4) оған басқа қылмыстық істерді біріктірген күн;

5) айыпталушылардың әрқайсысына айып тағылған күн;

6) алдын ала тергеу аяқталған және процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстырған күн.

        20 және одан көп кылмыстарды қамтитын көп эпизодтық қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын жасағанда ғана әрбір есі дұрыс айыпталушының қылмыс жасаған күнін анықтамада жеке-жеке керсетпеуге болады. Егер заттай дәлелдемелер іспен бірге сақталмаса, онда анықтамада олардың сақтаулы тұрған орны және істің қолхат пен квитанция бар беті көрсетіледі. Ал, заттай дәлелдемелер іспен бірге болса, анықтамада олардың тізбесі беріледі.

     Кейде күрделі, кеп эпизодты істер бойынша айыптау қорытындысына басқа да анықтамалар тіркеледі:

1. Мазмұны - материалдардың томдар бойынша орналасуы;

2.Жекелеген жәбірленушілерге зиянның өтелгендігі туралы кесте (анықтама).

3.Тергеу барысында алынған заттай дәлелдемелер мен құжаттардың тұрған жері туралы аныктама .

4.Айыпталушылардың әрқайсыларының қылмыстық әрекеттің эпизодтарына қатысу схемасы.

5.Қылмыстық әрекеттердің әрбір эпизоды бойынша неғұрлым маңызды деректер келтірілген карточкалар ( қысқаша фабула, қатысқандардық аты-жөні, олардың кінәларының негізгі дәлелдемелері, орнын толтыруға жататын залал ) және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған нормативтік құқықтың актілер мен әдебиеттер

тізімі

 

1.     Қазақстан Республикасының Конституциясы. 10.02.2008 ж.

2.     Қазақстан    Республикасының    қылмыстық    іс     жургізу    кодексі. 21.01.2008 жыл.

3.     Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңы. 25.12.1995 жыл 15.09.1995 ?

4.     Постоновление Пленума Верховного суда РК от 03 февраля 2007 года №  2   о  мерах  по  устранению  фактов  необосновоного  осуждения граждан и практике возмещения ушерба, причиненного незаконным о привлечением к уголовной ответсвенности и осуждением.

5.     Постоновление Пленума Верховного суда РК от 14 мая 1998 года № 1 о   некоторых   вопросах   применения   законодательства   о   судебной власти в РК.

6.     Бейсенов А.М. Пределы уголовного преследование. А., 2007 г.

7.     Белкин Р.С. Собирание, исследование и оценка доказательств. М., 2007 г.

8.     Божьев В.П. Обеспечено ли обвиняемому право выбора защитника./ Государство и право, № 2, 2008 г.

9.     А.П. Рыжаков. Уголовный процесс. М., 1998 г.

10.   Баймуханова К. Право на адвокатскую деятельность (Юридическая газета от 19 августа 2007 года № 33 (248).

11.   Право адвокатов расширились. Опубликовано в Юридической газете №41 (308) 13.10.2007.

12.   Б.Қ. Төлеубекова. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы, 2004 ж.

13.   Сулейменова    Г.    Идеи    не    всегда    совпадают    с    реальностью (Юридическая газета от 21.10.2007 г. № 33 (248).

14.   Уголовный процесс/ Под ред. К.Ф.Гуценко. М.,1999 г.

15.   Уголовный процесс. М., 2000 г.

16.   Галкин Б.А. Советский уголовно-процессуальный закон. М.,1985 г.

17.   Рахунов Р.Д. Участники уголовно-процессуальной деятельности. М., 1998 г.

18.   Капсалямов  К.Л.   Уголовное  преследование  и   способы  собирания доказательств. Астана, 2003 г.

19.   Корнеева     Л.М.     Обеспечение     законности     и     обоснованности привлечения в качестве обвиняемого. М., 2006 г.

20.   Корнеева Л.М. Превлечение к уголовной ответсвенности. М., 2005 г.

21.   Коврига   З.Ф.   Свобода   личности   и   ответсвенность   в   уголовном судопроизводсте. М., 1997 г.

22.   Корнеев     А.А.     Уголовное     процессуальное     право     Российской Федерации. М., 2004 г.

23.   Липец А.Я. Законость и обоснованность предъявления обвинения. А., 2006 г.

24.   Лукашевич В.З. Установление уголовной ответственности в советском уголовном процессе. М., 1989 г.

25.   Мариупольский Л.А. Привлечение в качестве обвиняемого.М.,2007 г.

26.   Б.Қ. Төлейбекова, К.Ж. Капсалямов, Б.К. Шынарбаев, Д.Қ.Бекішев. Қазақстан Республикасының Қылмыстық  іс жүргізу құқығы. Ерекше бөлім. Сотқа дейінгі сатылар. А., 2005 ж.

27.   Уголовный процесс. Под ред. Тарасов Р. М, 2004 г.

28.   Уголовный процесс. Под ред. Власова Л.А. М., 1998 г.

29.   Уголовное  процессуальное право Республики Казахстан.  Учебник. Коллектив авторов. А., 2003 г.

30.   Практика ставит вопросы (Ваше право от 6 ноября 2007 года, № 44.

31.   Фоменко О. Проблемы отдельного производства. Юридическая газета от 6.01.2008 г. № 1

32.   Нуртаев А.Р. УПК РК. Нуждается в дороботке. Юридическая газета от 8 сентября 2007 года.

33.   Касимов Т. Обязоннасти суда, обвинения и зашиты. Юридическая газета от 17 октября 2006 года.

34.   Петрухин   И.   Л.   Свобода   личности   и   уголовно-процессуальное пренуждение. Общая концепция. Неприкосновенность личности. М., 1995 г.

35.   Право человека-привыше всего. Т.Дельмухамбетов // «Юридическая газета» от 17.03.2008. № 11 (278).

36.   Журсимбаев     С.     Подследсвенным     -     надежную     зашиту     их конституционных прав. Юридическая газета от 27 января 2005 года.

37.   Рыжаков А.П. Краткий курс уголовного процесса. М., 1997 г.

38.   Савицкий В.М. Очерк теории прокурорского надзора в уголовном суду производстве М., 2007 г.

39.   Советский уголовный процесс/ Под ред. С.В. Бородина М., 1982 г.

40.   Уголовный процесс/ Под ред. К. Ф. Гуценко Москва: Зерцало, 2002 г.

41.   Уголовный процесс. Общая часть. Учебник для учащихся вузов. М., 1997 г.

42.   Уголовный   процесс.   Учебник   для   вузов./   Под   общ.   ред.   А.С. Кобликова. М, 1999 г.

43.   Уголовный процесс. Общая часть. /Под ред. В.П. Божьева. М., 1997 г.

44.   Уголовный процесс. /Под ред. К.Ф. Гуцко. М., 2005 г.

45.   Уилщир А.М. Уголовный процесс. М., 2006 г.

46.   Чельцов - Бебетов М.А. Курс уголовно-процессуального право. М., Изд-во «Альфа» 2007 г.

47.   Якупов Р.Х.  Уголовный процесс.  Учебник для вузов.  М., Изд-во «Зерцало» 2007 г.

48.   Якупов Р.Х. Уголовный процесс. Учебник для вузов. М., 1998 г

 



Информация о работе Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар