Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:18, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Адам өміріне қарсы бағытталған кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу ешқандай адамның қолынан келмейді.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................5

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ......................................................................................... 8
1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы.......... 8
1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі........ 16
1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан айырмашылығы ............................................................... 27

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ........................................................................................ 31
2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы ......................................... 31
2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері ............................................. 36

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ....................................................................................................................42
3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен жағдайлары................................................................................................... 42
3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудың негізгі бағыттары .............. 47
3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі ................................................................................. 53

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................ ......... 61

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

АДИЛХАН ДИПЛОМ проверенный.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

Қылмыстық құқық теориясы қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жасалуына кінәлі, сол іс-әрекет үшін қылмыстық жауапқа тартылуға жататын жеке тұлғаны кез-келген қылмыстың субъектісі деп санайды. Сонымен қатар, қылмыстық заңда белгіленген белгілі бір жасқа жеткен, есі дұрыс жеке тұлға ғана әртүрлі қылмыстың субъектісі бола алатындығын айта кету керек [7, 118б.].

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының субъектісі болып адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтірген, 14 жасқа толған, есі дұрыс адамды жатқызамыз.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарында  итті пайдаланып адам өлтірген жағдайлар  кездесіп жатты. Ол кезде иттің өлтіргенін білеміз де, ол итті кім айдап  салғанын білмей қаламыз. Ал иттер қылмыс субъектісі ретінде танылмайды, олар қылмыс құралы болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының  қылмыстық заңнамасы бойынша заңды тұлғалар, жануарлар, табиғат күштері қылмыс субъектісі болып табылмайды. Тек адам ғана қылмыс субъектісі болып танылады.

 Қылмыс субъектісі уақыт пен кеңістік ауқымынан тысқары жатқан абстрактылық заң ұғымы емес. Қылмыс субъектісі дегеніміз басқа адамдардың арасында өмір сүруші, қылмыстық әрекет жасаған адам».

Жалдамалы кісі өлтірушінің әрекеті «жазықты адамның жағдайына елеулі әсерін тигізеді, оның бір құқықтарын шектеп, екіншілерінен айырады, қылмыс субъектісі ретінде ол қоғамда жаңа жағдайға тап болады» [6, 18б.].

 «Есі дұрыстық адамның  бойындағы ажырамас қасиеттерінің бірі, онсыз ол адам өлтіру секілді қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағанда қылмыс субъектісі деп танылмайды. Бұл тұрғыдан алғанда есі дұрыстық қылмыс субъектісін сипаттайтын құқықтық ұғым.

Психикасы бұзылмаған адамның өз қылығын ұғына алу қабілеті оның өз әрекетін басқара алу қабілетімен ұштасуы тиіс. Осыған сәйкестендіріп айтсақ, «адам өлтіру секілді қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде өз әрекетіне есеп бере алатын және оны басқара алатын адам» есі дұрыс деп саналады». Осындай тұлғаларды жалдамалы кісі өлтіруде жалдамалы кісі өлтірушілер пайдалануы мүмкін. Олар қылмыс субъектісі емес, қылмыс құралы ретінде қарастырылады. Психикасы сау адамдар ғана емес, психиканың бұзылуы оны есі дұрыс деп танитындай дәрежеге жетпеген адамдар да есі дұрыс деп танылуы мүмкін.

Сол себепті, медициналық  критерийлер тұрғысынан алсақ, есі дұрыстық кең ауқымды ұғым, ол адамның қылмыс жасаған кездегі қалыпты психикалық күйін ғана емес, оның өз әрекетін ұғынып, оған басшылық ету қабілетін жоймайтын психикалық ауруларды да қамтиды [15, 115б.].

Құқықтық ұғым ретінде есі дұрыстық кінәмен тығыз жанасады, себебі бұл екі ұғым да адамның қоғамға қауіптілігі іс-әрекет жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселені шешумен тікелей байланысты. Жалдамалы кісі өлтірушінің қылмыс субъектісі болудағы тағы бір ажырамас қасиеті - оның жасы. Белгілі бір жасқа толу, есі дұрыстықтың болуы сияқты, адамның қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін жауаптылығы туралы мәселені шешудің қажетті шарты немесе алғышарты болып табылады. Заңда көзделген жасқа толып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам ғана әрбір нақты жағдайда кінәлі деп танылады.

Адамның белгілі бір психофизикалық қасиетін немесе сапасын жас деп ұғыну керек. Адам туылғаннан бастап аса қартайғанға дейін өз жасының әртүрлі кезеңдерінде бойында өтетін психикалық және физикалық процестердің салдарынан қоршаған болмысқа әртүрлі көзқараста болады.

Әрбір психикасы дұрыс адам белгілі жасқа жеткеннен кейін өмір тәжірибесін алады, сыртқы әлемнің заңдылықтарын ұғынады, онда қандай да бір сана-сезім қалыптасады.  Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын 13 жастағы тұлға жасаған болса ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Себебі ол заң бойынша қылмыс субъектісі емес. Оның психологияялық жағынан толық жетілмеген, өз іс-әрекетін толық ұғынбайды.

Сонымен, айтылғандарды қорыта келгенде, екі негізгі қасиетке ие адам ғана қылмыс субьектісі бола алады екен, олар: 1) қылмыс жасаған кездегі есі дұрыстық; 2) заң бойынша жасаған қылығы үшін жауапкершілік көтере алатын жас.

Бұл көрсетілген қасиеттердің жиынтығы қылмыстық іс бойынша қылмыс субъектісінің жалпы ұғымын береді.

Жалдамалы кісі өлтірудегі қылмыс субъектісі дегеніміз есі дұрыс кезінде қылмыс жасаған және заң бойынша қылмыстық жауапкершілік болатын жасқа жеткен адам [6, 19б].

Қылмыс субъектісі қайсыбір іс-әрекеттің нақты орындаушылары ғана емес, ұйымдастырушылар да, арандатушылар да, көмектесушілер де, яғни топта қылмыс жасаған барлық адамдар да болады. Бірақ олардың әрқайсысы өздері жасаған әрекеттің шегінде жауап береді. Сондықтан да сот жаза тағайындаған кезде қылмыс жасауға қатысқандардың әрқайсысының қатысу дәрежесі мен сипатын ескереді.

Қылмыс субъектісін  дұрыс анықтау зерттеудің өзара байланысты екі аспектісін қамтиды. Бір жағынан заңдық белгілерді, екінші жағынан - қылмыс субъектісінің әлеуметтік — жеке бас сипаттамасын анықтау.

Қылмыс субъектісінің  негізгі немесе міндетті (жасы, есі дұрыстық) және факультативтік белгілері кылмыс жасаған адамның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екендігін көрсетеді. Бірақ олар адамның  әлеуметтік жеке бас сипаттамасы жайында түсінік бере алмайды. Ондай түсінік қылмыс белгілерінің барлық жиынтығынан қалыптаспайды, себебі олар тек қылмыстық іс-әрекетті ғана сипаттайды. Қылмыстық құқық «қылмыс субьектісі» және «қылмыскердің жеке басы» ұғымдарын бір біріне теңдестірмейді.

Қылмыс субъектісі, ол - адамның жеке басын сипаттайтын, оларсыз қылмыс құрамы болмайтын белгілердің ең аз жиынтығы. Басқа адамдар сияқты қылмыскер де тұлға. Басқадай болуы мүмкін емес. Ешбір адамды, оның ішінде қылмыскерді де басқа адамдармен арадағы қатынассыз алып қарауға болмайды.

Қылмыскерді басқа адамдардан оның жасаған қылмысы ғана ерекшелейді. Қылмыс - адам бойында белгілі бір теріс қасиеттің бар екендігінің белгісі. Бұл қасиеттер қылмыскердің қоршаған шындықпен тұрақты психикалық қатынасын немесе оны басқалармен байланыстыратын қоғамдық қатынастарды қаншалықты сөз еткенмен, адамның жеке басының барлық қасиеттерін қамтымайды.

Оның үстіне, «қылмыскердің  жеке басы» ұғымы әрқашанда болады. Ол басқа мәнде де қолданылады. Біріншіден, ол тектік ұғым болғандықтан, адамдардың белгілі бір типін сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылады.

«Жалдамалы кісі өлтірушінің  жеке басы» ұғымын (бірінші мәнде) бөліп алу оның жеке басын сипаттайтын кейбір ерекшеліктердің бар екендігімен байланысты. Кез келген басқа адам сияқты, жалдамалы кісі өлтірушінің жеке басын сипаттауда да көптеген мән-жай бар. Ол «оның әлеуметтік байланыстары (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасындағы ,және т.б); оның моральдық-саяси қасиеті  (дүние танымы, нанымы, қызығушылығы); оның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері (интеллект, еріктік қасиеті, көңіл-күй ерекшеліктері); оның демографиялық және физикалық деректері (жынысы жасы, денсаулық жағдайы); сонан соң - өмірбаяны, өмір тәжірибесі, білімі, қоғам алдындағы еңбегі мен кінәсі». Қылмыскер бойындағы бұл қасиеттердің барлығы бірдей қылмыстық құқық үшін маңызды емес, сондықтан заң шығарушы олардың ішінен қажеттілерін ғана таңдайды.

Жалдамалы кісі өлтірушінің  жеке басын қылмыстық құқық тұрғысынан зерделеудегі мақсат қылмыстық жауапкершілік үшін негіздердің бар-жоғы туралы, қылмысты саралау және жазаны анықтау туралы мәселені шешкенде ескерілетін белгілерді анықтау [7, 120б.].

 

 

1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан  айырмашылығы

 

 

Қазақстандағы қазіргі  қылмыстылық жағдайы өзінің масштабы жағынан да, қоғамдық өмірге кері ықпал  ету жағынан да, өршіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне, қызметіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіруде. Ал кісі өлтіру қылмыстары қоғамның назарында болады және азаматтар оның тергелуіне сәйкес құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігіне баға береді. Қасақана кісі өлтіруді криминологиялық тұрғыдан зерттеу барысында оны үлкен екі топқа, яғни «дәстүрлі» және «дәстүрлі емес» топтарға бөліп қарастырамыз [16, 318б.].

«Дәстүрлі» - ол бізге  жақсы таныс және криминологияда орныққан,  негізі тұрмыстық жағдайларда жасалатын кісі өлтіру болып табылады. Екінші топқа «дәстүрлі емес» кісі өлтірулер жатады. Ол ұйымдасқан, кәсіби қылмыстарға жатады және бұрын кең таралмаған (тапсырыспен кісі өлтіру, бизнес алаңындағы қақтығыстар,  бәсекелестерді шеттету және т.б), олардың тергелуі өте қиын, бұл қылмыстардың ашылуындағы төменгі көрсеткіштер жиі орын алуда. «Дәстүрлі емес» кісі өлтірулер барлық кісі өлтіру қылмыстарының шамалы ғана пайызын алғанымен, оның қоғамға деген қауіптілігі өте жоғарғы деңгейде болып келеді. Бұндай кісі өлтірулер әрқашан тікелей қасақаналық ниетпен, қатыгездікпен, аяусыздықпен және қылмыс іздерін жасырумен жасалады. Ал қылмыс іздерін жасыру қылмыстарды ашуды қиындата түседі [17, 94б.].

Адам өлгеннен кейін  оның өмірін қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан, бұл көптеген қоғамдық қатынастарға өз ықпалын тигізіп (экономика, саясат, құқық және т.б), соның нәтижесінде әдеттегідей негативті реакциялар туындайды (қарсы агрессиялық актілер, қоғамның қалыптасқан институтының қызметінің бұзылуы т.б). «Дәстүрлі емес» кісі  өлтіру қылмыстарының қатарында жалдамалы кісі өлтіру өзінің кең таралуымен, қоғамға аса қауіптілігімен, ашылуның қиындығымен алдыңғы қатарға шыға отырып, маңызды орынға ие болады. Жаладамалы кісі өлтіру қоғамдық өмірге өз ықпалын тигізген маңызды факторға айналды. Барлығымызға аян АҚШ президенті Джон Кеннедидің өлімі осыған дәлел болып табылады. Оны жалдамалы кісі өлтіруші арқылы ықпалды адамдар өлтіртті және бұл қылмыс ашылмай қалды. Сөйтіп, ХХ ғасырдың ұлы құпияларының бірі болып қала берді.

Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жалдамалы  кісі өлтіру өз септігін көп тигізіп, мемлекеттік аппараттың адам өмірін қорғау жөнінде қалыпты жұмысын  тұрақсыздандырып, оған деген халықтың көзқарасын елеулі түрде өзгертті. Қазіргі замандағы техниканың, ғылымның қарқынды дамуы қылмыс жасаудың әдіс тәсілдерін жетілдіре түсті.

Сонымен қатар қылмыстың  бұл түрімен күресуде жалдамалы  кісі өлтіруді тергеу, ашу туралы ғылыми әдіс-тәсілдері толық зерттелмеуі, құқық қорғау органдарының қаржының қажетті деңгейде жетіспеуі және мамандандырылған кадрлардың аздығы үлкен рөл ойнауда.

Жалдау арқылы кісі өлтіру өзінің бәсекелесін, қарсыласын, қарыз  алушысын, қарыз берушісінің көзін  құртудың ең оңтайлы тәсілі болып  табылады. Қазіргі таңда Қазақстанның құқық қорғау практикасы кісі өлтіру қылмысы санының қарқындап өсуі секілді мәселеге жолығып отыр. Бұл еліміздің заңды да, заңсыз да экономикасы аясында жалдамалы кісі өлтірудің өз қызметін жоғарғы деңгейде көрсетуіне байланысты. Бұл жерде бәсекелестерінің көзін құрту, оларды қорқыту, өзіне аумақтарды бағындыру секілді бизнес аясындағы мәселелерді шешу туралы айтылып отыр [18, 229б.].

Сот тәжірибиесінде жалдамалы  кісі өлтіру қылмысы үшін сотталғандар саны аз емес. Өткізілген  жинақтарда көрсетілгендей жалдамалы кісі өлтіру немесе басқаша айтқанда тапсырыспен  кісі өлтіру қарызды қайтармауда, жұбайынан құтылуда, қылмысқа бірге қатысқан тұлғалардан құтылуда, қылмыс куәлерінен құтылуда т.б мәселелерге байланысты жасалынып отырған.

Заңнамада «жалдамалы кісі өлтіру» деп қараса, ал бұқаралық  ақпарат құралдары «тапсырыспен кісі өлтіру» деп қарастырады. Мағынасы бір, айтылуы басқа. Бұндай сөздерді қазақ тілінде «синонимдер» дейді. Бұл «қылмыскер» ұғымы секілді. Қылмыстық кодексте, Қылмыстық іс-жүргізу кодексін ашып қарасаңыз, одан сіз «қылмыскер» деген бір сөз таба алмайсыз. Бірақ солар үшін шығарылған. Ал криминологияда «қылмыскер» сөзі кеңінен қолданылады. Алайда, «жалдамалы кісі өлтіру» мен «тапсырыспен кісі өлтіру» түсінігін қолданудағы түсініспеушілік олардың қолдану аясына сәйкес келеді. «Тапсырыспен кісі өлтіру» бұл криминологияда кеңінен қолданылса, ал «жалдамалы кісі өлтіру» қылмыстық заңнаманың теориясы мен практикасында кісі өлтірудің белгілерін нақты сипаттайтын түсінік болып табылады. Тапсырыс арқылы кісі өлтіру  мен жалдану арқылы кісі өлтірудің арасында үлкен айырмашылық бар. Тапсырыспен кісі өлтіруде орындаушыда пайда табу мақсаты болмауы мүмкін, ал жалдамалы кісі өлтіруде орындаушыда пайда табу мақсаты міндетті түрде болады. Алғашқысы ҚР ҚК-ң 96-бабы 2-бөлігі «ж» тармақшасымен саралануға жатса, жалдамалы кісі өлтіру  ҚР ҚК-ң 96-бабы 2-бөлігі «з» тармақшасымен сараланады.

Қылмыстық заңнамада  «пайда табу мақсатында немесе жалданып»  деп сипаттап, бұл қылмысқа баға береді. Бұндай сипаттаманы қалай  түсінуге болады. Ойланып қарасаң, жалдамалы  кісі өлтіру қылмысы үшін міндетті элемент болып табылатын сияқты. Пайда табу мақсаты көптеген қылмыстардың саралаушы белгісі болып табылады, соның қатарына кісі өлтіру де кіреді. Пайда табу мақсаты көп жағдайда меншікке қарсы қылмыстарға тән қасиет. Бірақ та заң пайда табу мақсатын меншікке қарсы қылмыстармен байланыстырмайды. Пайда табу мақсаты кінәлінің қылмыс жасау барысында материалды игіліктерді иемденіп қалуға ұмтылған жағдайда ғана көрініс табады [8, 41б.].

Жалдамалы кісі өлтірудегі пайда табу мақсаты кең мағынада қарастырылған. Оны тек қана пайда табу мақсатында деп қарастыруға да болмайды, бірақ та тәжірибиеде көрсетілгендей пайда табу мақсатында кісі өлтіру көп жағдайда материалдық игіліктер мен ақшаны иемдену үшін жасалады.

Жалдамалы кісі өлтірудегі пайда табу мақсаты тек қана материалдық игіліктерді иемдену ғана емес, сонымен қатар қазіргі уақыттағы немесе болашақтағы материалдық шығыстарды азайту, материалдық игіліктерді сақтап қалу, алдын-алу болуы да мүмкін. Кісі өлтіруде жәбірленушінің кім болып саналатынына қарамастан (мейлі ол мүлік иесі болсын, мүлікті пайдаланушы немесе мүлік онда сақтауда болсын) ол пайда табу мақсатын көздесе болды. Жәбірленуші ретінде артында үлкен мұрасы бар тұлғалар да танылуы мүмкін. Кінәлі тұлға оны жалдамалы кісі өлтіруші арқылы өлтіртіп, мұрасына ие болуды көздейді.  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1045-бабына сәйкес «мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету» туралы жазылған. Осы баптың бірінші бөлігінде «мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасағаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді» деп жақсылап жазылған [19]. Демек мұрагерлердің мұраны оңайлықпен алуына заң кедергі жасайды. Бұл заңнаманың ең ұтымды жақтарының бірі болып табылады.

Пайда табу мақсатында кісі өлтіру деп тану үшін кімнің болса  да материалдық игіліктерге ие болуының маңызы жоқ. Ол кінәлінің өзі болсын, оның туысқаны болсын, мысалы отбасы мүшелері, өзге тұлғалар болсын, әйтеуір оның қызығуындағы, өмірде жақын адамы болса болғаны.

Пайда табу мақсатында кісі өлтіруді басқа да мақсаттағы кісі өлтіру түрлерінен айыра білу қажет. Пайда табу мақсатындағы қылмыстарды  саралаған кезде кейде қателіктер кетіп жатады. Олар сыртқы пішіні, жағдайы мақсаты бойынша ұқсас болатын кісі өлтіру қылмыстары болып келеді. Тәжірибиеде кінәлі тұлға өзіне тиесілі мүлікті сақтап қалу үшін кісі өлтірген жағдайлар да кездесіп жатты, бұл қылмыс түрін саралауда біршама сұрақтар туындады. Ал  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының

Информация о работе Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы