Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:18, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Адам өміріне қарсы бағытталған кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу ешқандай адамның қолынан келмейді.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................5

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ......................................................................................... 8
1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы.......... 8
1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі........ 16
1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан айырмашылығы ............................................................... 27

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ........................................................................................ 31
2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы ......................................... 31
2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері ............................................. 36

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ....................................................................................................................42
3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен жағдайлары................................................................................................... 42
3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудың негізгі бағыттары .............. 47
3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі ................................................................................. 53

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................ ......... 61

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

АДИЛХАН ДИПЛОМ проверенный.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулыда, пайда табу үшін жасалған адам өлтіруге - «өзі немесе басқа адамдар үшін қаңдай да бір  материалдық пайда (ақша, зат, мүліктік құқық, пәтер-үйге құқық, т. б.) табу мақсатында, не материалдық шығындардан құтылу (мүлікті, борышты, қызмет үшін төлемді қайтару, мүліктік міндеттемелерді орындау, алимент төлеу, т.б.) мақсатында адамды қасақана өлтіру» жатқызылған [4]. Ал, бұл жерде мүлкін сақтап қалу туралы ештеңе де жазылмаған.

Жалдамалы кісі өлтірудегі мақсат тек пайда табу мақсатындағы кісі өлтіру деп қарастыруға да болмайды. Бұл жерде тапсырыс беруші кек қайтару мақсатында іс-әрекетке баруы мүмкін. Ал қарызын қайтармаған тұлғаны өлтірген кезде де пайда табу мақсатымен жасалмайды. Бұл жерде кредитор ешқандай да материалдық игіліктерге ие болмайды. Соған сәйкес, онда пайда табу мақсаты да жоқ болып келеді.

Пайда табу мақсатындағы кісі өлтіруге орындаушының жалданып кісі өлтіруін жатқызуға болады. Мұнда жалдамалы кісі өлтіруші немесе орындаушы тапсырыс берушінің нұсқауы бойынша адамды өлтіріп, сол үшін тапсырыс берушіден сыйақы алады. Жалдамалы кісі өлтірудің ерекшелігі қылмыстың субъективтік жағымен анықталады. Тапсырыс беруші мен орындаушы қылмысқа қатысушылар тобын құрайды. Ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-бөлігі «з» тармақшасына сәйкес пайда табу мақсаты тек орындаушыда ғана болады, себебі ол сыйақы алу үшін жалданып, кісі өлтіреді [3]. Жалданып кісі өлтіру барлық жағдайда тек ақша үшін ғана емес, сонымен қатар басқа да мақсатпен кісі өлтіруі мүмкін. Мысалы, тапсырыс берушінің орындаушыға жақсы лауазымдағы жұмысқа орналастыруға уәде беруі, оқу орнына қабылдау, жұмыста лауазымын жоғарылату және т.б.

Ал, тапсырыс берушінің  кісі өлтірудегі мақсаты түрлі-түрлі  болып келуі мүмкін, бірақ та жалдамалы  кісі өлтіруде орындаушының мақсаты көп жағдайда пайда табу мақсатында болып келеді.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысына  қатысушылардың тағы бір түрі –  тапсырыс беруші мен орындаушыны  байланыстыратын делдал. Оның жалдамалы  кісі өлтіру қылмысындағы рөлі де ерекше сипатқа ие. Ол орындаушыға тапсырыстарды тауып беріп, жұмыспен қамтамасыз етеді және одан өз үлесін алып отырады. Ондағы үлес тараптардың келісімі негізінде анықталады. Кейде ол қылмысты ұйымдастырушы да, көмектесуші де болуы мүмкін. Оның мақсаты тек пайда табу болып табылады. Жалдамалы кісі өлтірудің басқа да адам өлтіру қылмыстарынан айырмашылығы мен ұқсастықтары бар. Айырмашылығы  қылмыс құрамының субъективтік жағында, яғни пайда табуда. Ал ұқсастықтары қылмыс құрамының субъективтік жағынан басқа элементтері бойынша.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-бөлігіндегі субъективті жағымен ерекшеленетін қылмыстарға:

  1. пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып немесе қорқытып алушылықпен, не қарақшылықпен, не бандитизммен ұштасқан әрекеттер;
  2. бұзақылық ниетпен;
  3. басқа қылмыстарды жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатынмен жасалған, сол сияқты зорлауға не жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан әрекеттер;
  4. әлеуметтік, ұлттық, діни өшпенділік негізінде араздық не қанды кек себебі бойынша;
  5. жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған әрекеттерді жатқызуға болады [3].

 

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ

СИПАТТАМАСЫ

 

2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы

 

 

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының мәселелерін осы қылмысты жасаушы тұлғалардың криминологиялық сипаттамасынсыз қарастыруға болмайды. Қылмыскердің жеке тұлғасы – криминология пәнінің орталық элементі болып табылады. Сол қылмыскерлердің арқасында қылмыстар, соның ішінде тапсырыспен кісі өлтіру, жалпы барлық қылмыстар өмір сүруде. Криминологияда қылмыскердің жеке тұлғасы деп оның әлеуметтік психологиялық қасиеттерінің  белгілі бір ситуациялық жағдайларда қылмыс жасауға әкеліп соғатындығын айтамыз.

Әдетте, қылмыскердің жеке тұлғасын сипаттағанда оның  келесідей белгілері мен  қасиеттеріне анализ жасаймыз: әлеуметтік-демографиялық; адамгершілік-психологиялық және  адамгершілік-құқықтық.

Осы қасиеттердің арасынан біздің категориядағы қылмыскерге  керек белгілерді белгілеп  аламыз. Жалдамалы кісі өлтірушілердің субъектілері ретінде тапсырыс берушілер (ұйымдастырушылар), делдалдар (айдап салушылар, көмектесушілер, қылмысқа жанасушылар), және орындаушылар (киллерлер) болып табылады. Оларды субъект ретінде тану үшін он төрт жасқа толып, есі дұрыс болса жетіп жатыр. Бұл қылмысты қарау үшін кем дегенде тапсырыс беруші мен орындаушы болу керек. Олардың арасында белгілі бір байланыстың болуы міндетті, ал делдалдың бұл қылмыс түріне қатысуы міндетті белгі болып табылмайды [20, 68б.].

Ұйымдастырушысыз бірде  бір тапсырыспен кісі өлтіру қылмысы  басталмайды және соның  бастауымен қылмыстық ниет пен мақсат жүзеге асатын болады.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын жасауда ұйымдастырушы болып  табылатын еркектердің үлесі 70%-ды құраса, сәйкесінше әйелдердің үлесі 30%-ды құрайды.олардың қызметі мен деңгейінің қарым-қатынасына сәйкес төмендегідей топтарға бөлуге болады:

- қылмыстық топтардың  жетекшілері;

- коммерциялық құрылымдардың  жетекшілері;

- кіші бизнес өкілдері;

- отбасы мүшелері, жұбайлары, бірге тұрушылары;

- және т.б. тұлғалар.

Көп жағдайларда тапсырыс беруші ретінде қылмыстық топтың жетекшілері болып келеді. Олардың  жоғарғы деңгейде заңды да, заңсыз да жолмен материалдық қамтамасыз етілуі бұл қылмыс жасау үшін қолайлы болып табылады [10, 39б.].

Бұл тұлғалар өздеріне бәсекелестік туғызатын қылмыстық топтардың  жетекшілерін, мүшелерін немесе мемлекеттік  қызметтегі лауазымды тұлғалардың, коммерциялық құрылымдарының басшыларына, егер олар тиісті сұраған ақшасын  бермесе немесе «крыша» деп аталатын күзет қызметі ұсынысынан бас тартса жалдамалы кісі өлтірушіге олардың көзін құртуға тапсырыс береді.

Коммерциялық құрылымдардың  басшылары өздерінің бизнестегі әріптестерін (50%), бәсекелестерін (45%), ақша талап еткен қылмыстық топтың жетекшілері мен мүшелерінің (5%) көзін құрту үшін жалдамалы кісі өлтірушіні жалдайды. Адамзаттың бұл қызмет аясындағы ұйымдастырушылардың 99%-қ үлесі еркектерге тиесілі. Әйелдердің өздерінің бизнестегі әріптестерін немесе бәсекелестерінің көзін құрту жағдайы мүлдем тіркелмеген. Ал, бір әйелдің қылмыстық топтың жетекшісін өлтіруге тапсырыс берген жағдайлар да кездеседі. Ол кезде қылмыстық топтың жетекшісі кәсіпкер әйелден ақша талап етіп, оның отбасы мүшелерін қорлап, мазақ қылған. Соның азабына шыдамай, осындай әрекетке барған.

Бұл тапсырыс берушілердің категориясы өзінің жәбірленушімен байланысын жоққа шығармайды. Басым  көпшілік жағдайларда тапсырыс беруші мен жәбірленуші бір тұрғын аймақта  бірге тұрып, жеке бизнес жүргізіп, қылмыс болар алдында араларында ұрыстық сипатта қарым-қатынаста болған [21, 52б.].

Кіші бизнес өкілдері өздерінің бизнестегі әріптестерінің көзін құртады. Бұл адамдар бірге  экономикалық қызметті жүзеге асырушы, сонымен қатар өзге де өз пайдасын бөлетін тұлғалар. Өткізілген зерттеулердің  нәтижесіне сүйенсек жалдамалы кісі өлтіру қылмысының ұйымдастырушыларының құрылымдық көрсетікіштерін төмендегідей бөледі:

-ірі кәсіпорын ұйымдарының  жетекшілері – 7,6 %;

-заңсыз экономикамен  байланысты қаржы индустриялық  топтардың иелері және қылмыстық  бизнестің иелері – 17,7%;

- ұйымдасқан қылмыстық  топтардың, ұйымдардың лауазымды 

тұлғалары – 31,1%;

- сыбайлас жемқорлыққа  салынған мемлекеттік лауазымды  тұлғалар мен саясаткерлер –  2,5%;

- орта және кісі  кәсіпкерліктің өкілдері – 13,3% және т.б [22, 48б.].

Ұйымдастырушылардың үлкен тобын құрайтын тұлғаларға қылмыс құрбанымен туыстық қатынаста немесе бірге тұратын жақын адамдар құрайды. Бұл қылмысты ұйымдастырушыларының 95% - әйелдер. Әйелдер өздерінің жұбайларын (78,5%), бұрынғы жұбайларын (10%), бірге тұрушыларын (10%) және басқа да туысқандарын (1,5%) өлтіруге тарсырыс береді.  Жұбайларын екі негізгі мақсатта өлтіртеді:

- біріншіден, тапсырыс берушіні  күнде ұрып-соғып, арақ ішіп, паразиттік  өмір сүретін күйеуінен құтылу  мақсатында;

- екіншіден, екеуі бірге тапқан немесе тек жұбайына тиесілі дүние-мүлікті иелену мақсатында. Әйелдерде дүние-мүлікке ие болу туралы ой көп жағдайда ажырасар алдында келеді.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарында көп жағдайда делдалдың қатысуы осы қылмысқа тән қасиеттердің бірі болып отыр (63% жағдайда).  Әдетте, олар ұйымдастырушының айналасындағы тұлғалардан тұрады: қызметтегі қол астындағы қызметшілер, қылмыстық топтардың мүшелері. Кей жағдайларда (8%) қылмыстық топтарда тұратын немесе олармен байланысы бар коммерциялық фирмалардың жетекшілері делдал болып табылады. Делдалдың қылмысқа қатысу мақсаттары пайда табу немесе өзге де мақсаттарға (мысалы, өзінің араласып жүрген ортасында белгілі бір беделге ие болу, бастығына қызмет көрсету, жақын танысына көмектесу) бөлуге болады.

Сонымен қатар, қылмысты ұйымдастырушылар да әрқашан қылмыстық топтармен байланыста бола бермейді [10, 41б.].

Делдал орындаушыны  нақты іздеумен ғана шектелмеуі мүмкін. Сонымен бірге тапсырыс беруші мен  орындаушының арасын байланыстырады. Кей жағдайларда қылмысты дайындауда, оның ізін жасыруда белсенділік танытады (қылмыскерді тұрғын үймен, тамақпен, көлікпен қамтамасыз етуде, қылмыс қаруын жасыруда, орындаушыны аймақтан тысқары шығаруда, оған өтірік «алиби» жасауда және т.б.).

Делдал орындаушыны  қару-жарақпен, қылмыс туралы ақпараттармен, фотосуреттермен, схемалармен, оның жүру жолдары туралы жоспарлармен қамтамасыз етуі мүмкін. Делдал орындаушымен бірге қылмыс құрбанын аңдып, ол туралы ақпарат жинап және т.б. іс-әрекетке баруы мүмкін.

Осы іс-әрекеттерінің  барысында делдал айдап салушы, көмектесуші, жанасушы, қылмысқа бірге қатысушы ретінде болуы мүмкін. Айдап салушы бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 28-бабы 4-бөлігінде көзделгендей басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам [3]. Айдап салушының қызметі – қылмыс жасау үшін қылмысқа басқа адамдарды тарту болып табылады. Тапсырыспен кісі өлтіру қылмысының моншағында делдалдың өзіндік маңызды орны бар. Ол қылмысты ұйымдастырушылар үшін қылмыс жасауды жеңілдетуде тиімді болып келеді [23, 16б.].

Делдал тапсырыс берушінің  нұсқауларын орындаушыға оның атын айтпастан беруі мүмкін, ал орындаушы  тапсырманы қабылдай отырып, өзінің тұлғасын тапсырыс беруші алдында жасырын  сақтайтын болады. Осыған сәйкес ұйымдастырушы  мен орындаушыны ұстап алған жағдайда, олар бір-бірі туралы дұрыс ақпаратты құқық қорғау органдарына бере алмайды. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысында делдалдың қызметі барлығына, қылмысты ұйымдастырушы болып табылатын, қоғамда мемлекеттік органдарда, бизнесте, қылмыстық ортада беделді тұлғалар үшін тиімді болып табылады.

Тіпті қылмыстық әлемнің  жетекшілері бизнестегі бәсекелестерін өлтіру үшін өздерінің қол астындағы  адамдарын жібермейді, оған басқа  ортадан жалдамалы кісі өлтірушілерді  жібереді. Қылмысты тергеу барысында делдалдарды табу қиынға соғады. Олардың ішінде сотталғандардың саны да аз (26%) [23, 17б.].

Осы қылмыстылықты ерекшелендіретін тұлға, ол – орындаушы, яғни жалдамалы  кісі өлтіруші. Жалдамалы кісі өлтірушілер  баяғы замандардан келе жатқан, қылмыстық әлемде өзіндік беделі, қылмыс жасауда өзіндік әдіс-тәсілдері бар, қаталдықпен, салқынқандылықпен ерекшеленетін тұлға. Олар заңды жақсы біледі, жалған құжаттардың түр-түрі бар, қаруланған қылмыскерлер. Бұл қылмысты тергеуде орындаушыларды табу өте қиын  (егер ол қылмыс жасауда немесе қылмыс жасалған жерге жақын жерде ұсталмаса), әдетте оларды ұйымдастырушыны немесе делдалды тапқаннан кейін, солар арқылы табады [22, 56б.].

Егер бұрын тапсырыспен  кісі өлтіруді тұрғылықты жері жоқ, жұмыста  онша биік дәрежеге жете қоймаған, орта білімді тұлғалар жасаған болса, қазір жалдамалы кісі өлітіруді негізгі табыс көзіне айналдырған кәсіпқой кісі өлтірушілер пайда болды. Осыдан жалдамалы кісі өлтірушілерді әуесқой және кәсіпқой деп топтастыруға болады.

Жалдамалы кісі өлтірушілердің негізгі тобын 20-дан 35-ке дейінгі тұлғалар құрайды. Тапсырыспен кісі өлтіруші адам өмірін қиятын жұмысты таңдай отырып, тек бір қылмыспен шектеліп қана қоймайтынын естен шығармау қажет. Ол басқа да қылмыстарды жасап, өзін жаттықтырып, дайындалып, жалдамалы кісі  өлтірушіге тән қасиеттерден айырылып қалмауға тырысады. Әйтпесе, ол тек өзіне ғана емес, тапсырыс берушіге де кері әсерін тигізеді. Және де бұл тұлға қанша адамның көзін жойғаны үшін сонша ақша талап етеді. Сонымен қатар киллерлер тапсырыс берушімен келісу барысында қанша қаржы керек екенін, қандай тәсілмен өлтіретіні, қашан, қайда өлтіретіні туралы мәселені өзі шешеді. Тапсырыс беруші тек сыйақысын берсе болды [12,63б.].

Өздерінің қарумен жұмыс  істеудегі біліктілігін арттыруда  көптеген кәсіпқой киллерлер Ауғанстанда, Қарабахта, Шешенстанда, Абхазияда, Тәжікстанда, Иракта және т.б. (ыстық нүктелерде) майдан алаңдарында әскери әрекеттер мен операция жүргізу барсында тәжірибе жинады. Олардың көпшілігінің соттылығы бар. Олар арнайы мамандандырылған жасырын әскери лагерьлерде дайындықтан өткен тұлғалар.

Информация о работе Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы