Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:18, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Адам өміріне қарсы бағытталған кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу ешқандай адамның қолынан келмейді.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................5

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ......................................................................................... 8
1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы.......... 8
1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі........ 16
1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан айырмашылығы ............................................................... 27

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ........................................................................................ 31
2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы ......................................... 31
2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері ............................................. 36

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ....................................................................................................................42
3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен жағдайлары................................................................................................... 42
3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудың негізгі бағыттары .............. 47
3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі ................................................................................. 53

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................ ......... 61

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

АДИЛХАН ДИПЛОМ проверенный.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

Кәсіби кісі өлтірушілер  жалғаспалы кісі өлтірулердің басым  көпшілік үлесіне ие болып келеді. Жалғаспалы кісі өлтіру деп – бір адамның екі немесе одан да көп адамды өлтіру әрекетін айтамыз. Жалғаспалы кісі өлтіру қылмыстарын айырмашылық ерекшеліктеріне сәйкес келесідей топтарға бөлеміз:

- пайда табу мақсатында, біреудің ақшасын немесе мүлкін  иемдену мақсатында жасалған кісі өлтіру;

- жыныстық сипаттағы  кісі өлтіру;

- қылмыс құрбандарының  бір уақытта бірнешеуі өлетін  кісі өлтіру;

- қылмыстық топтардың  арасындағы кикілжіңнен туатын  кісі өлтіру;

- ұзақ уақыт бойы  қасындағы тұлғалардың (куә, мұрагер,  бәсекелес) көзін құрту үшін кісі өлтіру;

- жалдамалы кісі өлтірушілердің  өзін ісін аяқтап болған соң  өлтіру.

Жалғаспалы  қылмыстардың айырмашылығын ерекшелейтін элемент, ол -  қылмыскердің «қолжазбасы», яғни өлтіру стилі. Бұл қылмыскердің кісі өлтіргендегі ерекше іс-әрекеті арқылы өзін жарнамалауы. Көп жағдайларда бұл іс-әрекеттер арқылы олар басқа қылмыскерлерге аяусыздығын көрсетеді немесе құқық қорғау органдарын мазақ етеді. Бұл «ұсақ-түйек» хабардың мәнін анықтау маңызды болып табылады. Сол белгілер арқылы кісі өлтірушінің өткені туралы бірқатар мәліметтер білуге болады [13,45б.].

Жалдамалы кісі  өлтірушілерді  біліктілік деңгейіне сәйкес келесідей  топтарға бөлуге болады:

- тек қана жалданып  кісі өлтіруге бейімделген кәсіпқой  кісі өлтірушілер;

- көптеген қылмыстарды  жасайтын, соның ішінде жалдамалы кісі өлтіруші болып табылатын қылмыскерлер;

- жалданып кісі өлтіру  тек табыс көзінің бірі болып  табылатын, басқа да заңды табыстары  бар тұлғалар.

- жалдамалы кісі өлтіру  қылмысын бір рет қана жасайтын  қылмыскерлер.

Тек қана жалданып кісі өлтіруге бейімделген кәсіпқой кісі өлтірушілердің табыс көзі адам өлтіру болып табылады. Олардың мамандығы тек адам өлтіруге арналған, өмірлерінің көп бөлігін қылмыстық әлемде өткізген және ол жақтан кету олар үшін өз үйінен шығып кетумен бірдей. Олар тапсырмаларын қылмыстық әлемнен алып, оны екі етпей орындайды және соған сәйкес сыйақысын алады. Бұлар, әдетте өздерінің кәсіптерінің шеберлері болып келеді. Интеллектуалдық деңгейі өз саласында жақсы дамыған.

Көптеген қылмыстарды  жасайтын, соның ішінде жалдамалы  кісі өлтіруші болып табылатын қылмыскерлердің табыс көзі тек қылмыстық әлемнен ғана алады, табыс көзіне ұрлық жасау, тонау, қорқытып алушылық және т.б пайда табу мақсатындағы қылмыстардан түседі. Олар тапсырмаларын қылмыстық әлемнен, орта кәсіпкерлік өкілдерінен алады. Олар жалдамалы кісі өлтіру қылмысын жоғарғы деңгейде орындамаса да жақсы деңгейде орындайды және соған сәйкес сыйақысын алады. Интеллектуалдық деңгейі бұл қылмыс саласында орташа.

Жалданып кісі өлтіру тек табыс көзінің бірі болып  табылатын, басқа да заңды табыстары бар тұлғалар – бұл қылмыста тек әуесқой ғана. Олардың басқа салаларда заңды табыстары бар, сол табыстарымен күн көрсе де болады. Тапсырмаларын кез-келген көзден алады. Бірақ олар осы саламен бұрын айналысып тастай алмаған немесе тек қызық көру үшін ғана айналысады. Ақша табу олар үшін маңызды емес, бірақ та өзіне төленетін сыйақыдан бас тартпайды. Олардың интеллектуалдық деңгейі әрқайсысында әр түрлі. Алғашқыларында орташа деңгейде болса, соңғыларында жоғарғы деңгейде болуы мүмкін.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын бір ақ рет жасайтын қылмыскерлердің  көбісінің табыс көзі аз, материалдық жағынан аз қамтамасыз етілген тұлғаларды жатқызамыз. Олар ақшадан қатты қиналған кезде осындай  жағдайларға баруға мәжбүр болады. Тапсырмаларын орта кәсіперлік өкілдерінен, кіші өнеркәсіп өкілдерінен алады. Сыйақысын алып болған соң мұндай қылмысты жасай алмауы да мүмкін. Себебі мұндай адамдардың интеллектуалдық деңгейі төмен және қылмыс жасау барысында көптеген қателіктер жіберіп, сасқалақтап қалады, нәтижесінде құқық қорғау органдарына тез ұсталып қалады [12,66б.].

Кәсіпқой кісі өлтірушілерді  қылмысты жасау тәсілдеріне сәйкес келесідей категорияларға бөлуге болады:

- атқыштар, яғни атыс  қаруын пайдаланып, қылмыс құрбанын  өлтіреді;

- снайперлер, яғни оптикалық көздегіші бар қаруларды пайдаланып қылмыс құрбанын өлтіреді;

- жарғыштар, жарылыс  заттарды пайдаланып қылмыс құрбанын  өлтіреді;

- және басқалары (улаушылар,  пышақтаушылар, оқыс оқиға жасаушылар, басқа да құралдармен, қарулармен  өлтірушілер) [13,52б.].

Кәсіпқой кісі өлтірушілерді де деңгейіне сәйкес бөлуге болады:

а) Орташа деңгейдегі кәсіпқой орындаушылар. Бұлар әдетте орташа кәсіпкерлік өкілдеріне, қылмыстық топтарға қызмет етеді. Қылмыс құрбандары да өлтіруге ыңғайлы орта кәсіпкерлік өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, олардың күзетшілері аз, кейде жоқ болып келеді. Бұлармен жасалатын қылмыстар аз көлемде болса да ашылады.

ә) Жоғарғы деңгейдегі кәсіпқой орындаушылар. Бұлар ірі  кәсіпкерлік өкілдеріне, ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың өкілдеріне қызмет етеді. Олар өз кәсібін жоғарғы деңгейде біледі жіне істерін жоғарғы деңгейде орындайды. Қылмыс құрбандары да соған сәйкес жақсы күзетпенен қамтамсыз етілген ірі кәсіпкерлік өкілдері немесе мемлекетік жоғарғы лауазымды тұлғалары болып келеді. Бұл қылмыстарды ашу мүмкін емес. Бәрін таза істейді, қылмыстың іздерін жасырып кетеді.

б)  Ең жоғарғы деңгейдегі таңдаулы кәсіпқой орындаушылар.  Бұлардың саны әлемде онша көп емес. Бір мемлекетте бұл деңгейде бір орындаушы кездеседі. Кейде олай да болмайды. Ол мемлекетке, дінге қызмет етеді. Оларға ең бастысы ақша емес, өз мемлекетінің, өз дінінің мүддесі болып табылады. Саяси мақсаттарда, діни алауыздық мақсаттаттарда шет мемлекеттің басындағы, өзге діннің  басындағы тұлғаларды өлтіру үшін қызмет атқарады. Ол өте жоғарғы деңгейде физикалық және психологиялық жағынан арнайы дайындықтан өткен. Ел жұрт әлі біле бермейтін техникалық құрылғыларды, қаруларды пайдаланады. Егер оған тапсырма берілсе, тапсырма екі етілмей орындалады. Қылмыс құрбаны өте жоғарғы деңгейдегі күзетпен, арнайы дайындалған оққағарлармен қорғанса да орындаушы өз қызметін мүлтіксіз атқарады. Көп жағдайда қылмыс құрбанын қайғылы оқиғаға тап қылып өлтіреді. Ал, ондай оқиғаларға тап болған тұлғаларға қылмыстық іс қозғалмайды, соған сәйкес ол тергеуден тыс қалады. Сонымен жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлерін әр түрлі категорияларға сәйкес топтастыруға болады. Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлеріне жалдамалы кісі өлтіру қылмысын бір-ақ рет жасайтын тұлғалар, делитанттар және кәсіпқой жалдамалы кісі өлтірушілер болып табылады. Кәсіпқой жалдамалы кісі өлтірушілер қылмыс жасау әдіс-тәсілдеріне сәйкес, қызмет ету аясына сәйкес, жұмыс жасау деңгейіне сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді.

 

 

 

 

 

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ     

 

3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының себептері мен жағдайлары

 

 

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының себептері мен жағдайларын зерттеудегі  мәселелер тек осы салаға ғана қатысты емес, бүкіл криминологияға қатысты деп қиналмастан айтуға болады. Осы мәселені шешуде криминологиялық теорияның мазмұны мен тәжірибиелік бағыттылығын анықтауға болады. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысы көптеген жағдайлардың жиынтығынан, факторлардан, себептерден тұратын күрделі құбылыс.  Себептіліктің мұндай дәрежесін теріс құбылыс ретінде қабылдап, оның басқа бір құбылысты, яғни қылмысты тудырып, оған жағдай жасайды. Ал, «себептілікпен» тікелей байланысты қылмыстылықтың «жағдайы» өз-өзінен қылмыстылықты немесе қылмысты тудырып, қылмыстылықтың детерминациясының қалыптасу процесіне қатысады.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының себептері мен салдарларын криминологиялық зерттеу кезінде оларды былай бөлуге болатынын байқадық:

- қылмыстылықтың барлық  түрінде соның ішінде жалдамалы  кісі өлтіру қылмысында кездесетін  себептер мен жағдайлар;

- қылмыстардың жеке  және нақты түрлерінде кездесетін себептер мен жағдайлар [2, 194б.].

Ең алдымен, қылмыстардың детерминанттығының арасынан, демек жалдамалы кісі өлтіруде де қоғамның негізгі сыныптары арасындағы қайшылықтар бастаушы болып табылады. Көптеген авторлар қылмыстылықты түсіндіруде сыныптық бөлу жолын теріске шығарады немесе ол туралы айтпауға тырысады. Кейде қылмыстылықтың сыныптық қайшылықтары туралы жанама ескертулерді кездестіруге болады. Ұлы жолдың айыбы жоқ демекші мұнда тұрған күлкілі ештеңе жоқ. Қазір қоғам екі сыныпқа бөлінді – кедейлер мен байларға (екеуінің арасындағы байланыс уақыттың өтуіне қарай ажырап бара жатыр, бай одан сайын баюда, кедей сәйкесінше кедейленуде). Академик Г.В.Осиповтың пікірінше әлемдік тәжірибиеге  сәйкес байлар мен кедейлер арасындағы бөлінудің ең қиын, ең жоғарғы шегі 1:10 болып табылады. Қазір ТМД-ң бірқатар елдерінде  бұл көрсеткіш 1:14 көрсетіп отыр. Бұл жағдай қоғамдық антогонизм үшін өте қауіпті болады. Мүліктік сыныптардың қылмыстық жолмен қалыптасуы аса ауыр қылмыстардың жасалуымен, сонымен қатар жалдамалы кісі өлтіру қылмысымен аяқталатын мәселелерді туғызады [20, 134б.].

1999 жылғы сұрау салынған  тұлғалардың жартысынан астамы  өздерінің материалдық жағдайы  күрт төмендегені және байларға  агрессивті көзқарастары жоғарылағаны  туралы айтқан болатын.

Қазақстанға нарықтық экономиканың келуі, капиталдық даму бағытындағы  жолға түсу кезінде ресми жұмыссыздардың саны көбейіп кетті. Бұл өз кезегінде  өмір сүру деңгейін күрт төмендетіп, халықтың әлеуметтік статусы өзгеріп, ақша табу барысында кез-келген мақсат қойып, заңсыз жолмен жүруге де барды.

Қоғамдағы қауіпсіздіктің күшеюіне байланысты зорлық-зомбылық қылмыстары, соның ішінде жалдамалы  кісі өлтіру қылмыстарының өсуі келесі факторлардан байқалады:

- бұрынғы құндылықтар  мен моральдық қағидаларды бағалау, ақшаны, материалдық факторларды жалғыз ғана құндылық деп мойындау;

- адам өмірінің құнсыздануы,  егер ол жоғарғы материалдық  көрсеткіштерге бекітілмесе;

- адамгершілік, моральдық,  аморальдық шекараларының жойылуы.

Осының барлығы әлеуметтік-психологиялық климат тудырып, атмосфеалық берік еместік, тұрақсыздық және қорғансыздық, қаталдық, барлық әлеуметтік ортада, қоғамда, олардың материалдық жағдайына қарамастан барлығына рұқсат етушілік орын алды. Сұрастырылу барысында 100 адамның 40 адамы өзінің материалдық игіліктерін қанағаттандыру барысында адам өлтіруге де бартындығын айтты. Ал, жасөспірімдердің арасында потенциалды кісі өлтірушілердің саны екі есеге көп екендігі баййқалды [27,47б.].

Халықтың көпшілігі  қылмыстылықпен ымыраға келіп, оған бой үйретті. Әсіресе, өздерінің жеке мүдделерін қанағаттандыру мақсатында көбейе түсті.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының өз мәселелерін шешу үшін жасалу сәтінде  қоғамдық резонанстың белсенділігі арта түсіп, «атышулы» тапсырыспен  кісі өлтіру оқиғалары бұқаралық ақпарат құралдарында апталап талқыланды. Ал, қазіргі таңда тапсырыспен кісі өлтіру оқиғасы бір күндік жаңалық ретінде естіледі.

Бірақ та, әлеуметтік қысым  жасалған,  жағдайы нашарланған  тұлғалар ғана қылмыстық әрекетке барды  десек, біз қателесеміз. Бұл жерде тапсырыспен кісі өлтіру туралы айтылып отыр ғой. Біз мынаны бөліп қарауымыз керек «атышулы» және «қымбат» тапсырыстарда ұйымдастырушылары болып қалталы адамдар табылса, ал орындаушылары ақшасы жоқ немесе ақша қажеттігі туған кәсіби даярланған бұрынғы әскери немесе арнайы қызмет органдарының қызметкерлері болып табылады.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының қазіргі таңдағы себептіліктерінің  бірі саяси күрестер болып табылады. Бұл туралы тым бағалы пікірді  И.И.Карпец былай айтқан болатын: «саяси келіспеушілік секілді ешкім де, ешқашан даадамдарды бір-бірімен қастастыра алмайды». Саяси көзқарастардың көбісі билік үшін күресте көрініс табады. Адамзаттың тарихында саяси көзқарас үшін, билік үшін күресте қанша трагедиялық парақтар қанға боялды [28,232б.].

Тапсырыспен кісі өлтіруде қауіпті криминогендік сипаттарға ие ұлтаралық қайшылықтар болып табылады. Бұл әсіресе қылмыстық топтардың қақтығысында көкейтесті болып отыр. Қазір Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бар екенін білеміз. Ол ұлттардың барлығының Қазақстанда қылмыстық топтары бар. Оларға шешендік қылмыстық топтар, армяндардың диаспоралары, әзірбайжандар, орыстар, өзбектер, кәрістер т.б. ұлттардың қылмыстық топтары. Олар өзара түсініспеушілік туғанда бір-бірімен қақтығысып қалуы да мүмкін.

Қазіргі Қазақстанда ұйымдасқан қылмыс қоғамның бірқатар бөлігін криминлизациялаушы фактор болып отыр. Қылмыстық әлем бүгінгі таңда қылмыстылықты өзі шығарып, өзінің құрамында кәсіби киллерлерді ұстауда. Және де ұйымдасқан қылмыс өз мәселелерін шешу барысында жалдамалы кісі өлтіру қылмысын ойлап  тапты [23, 43б.].

Көптеген адамдар, оның ішінде «демократия мен бостандық» үшін күресудегі «белсенді» азаматтар  ақша арқылы ешқандай шектеусіз, сенімді  түрде барлығын да істеуге болатындығын түсінді. Криминогендік әсер етудің ең маңызды ошақтары меншікті бөлу кезінде, яғни жекешелендіруде, заісыз алынған мүліктерді заңдастыруда, оларды жуып шаюда ТМД елдерінің шекарасының дұрыс қаралмауы, мемлекеттік биліктің әлсіреуінен көрініп, ұйымдасқан қылмыстың саясилану және  саясаткерлердің кримнализациялануына әкеп соғады. Қылмыстық нарықта қаржылай міндеттемелерден құтылу барысында тапсырыспен кісі өлтіру жиі орын алады. Қылмыстық сауданың тауары болып бұл нарықта өзіндік құны бар адамның өмірі болып табылады.

Информация о работе Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы