Сот талқылауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Басты сот талқылауының дайындық бөлімі.
Сот тергеуі.
Үкім шығару
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Сот талкылқылауы курстык.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

     Сотталушы өз жауабын дәлелдеуге, қалай әрекет еткендігін, өзін кінәлі не кінәсіз  екендігін айтуға құқылы.

     Сотталушының  жауап бермеуі оның өз кінәсін  мойындамағаны деп түсініледі.

     Содан кейін төрағалық етуші сотталушыдан оған қойылған азаматтық талап қоюды мойындамайтынын  (толық, ішінара) сұрайды.

     Егер  сотталушы бұл сұраққа жауап  берсе, онда ол жауабының дәлелін  айтуға құқылы.

     Сотталушының  жауап бермеуі оның азаматтық талап қоюды мойындамағаны деп түсініледі.

     Сонан соң сот дәлелдемелерді ұсыну  мен зерттеу тәртібін талқылайды.

     Егер  іс бойынша бірнеше сотталушы  болса, онда сот олардан жауап  алу тәртібін шешеді.

     Дәлелдемелерді  зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту  мәселелері бойынша сот қаулы  шығарады.

     Сот тергеуінде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі.

     Сотталушы төрағалық етушінің рұқсатымен сот  тергеуінің кез келген сәтінде айғақ  беруге құқылы.

     Сотталушыдан  жауап алу.    

     ҚІЖК-нің 348-бабына сәйкес сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етуші тағылған айып және істің басқа да жағдайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін оған түсіндіреді.

     Сотталушы айғақ беруге келісім берген кезде  бірінші болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, сонан кейін мемлекеттік айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады.

     Төрағалық етуші жетекші сұрақтарды және іске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды.

     Сот сотталушыға іс бойынша сұрақтар қояды.

     Сот сотталушыға одан тараптар жауап  алғаннан кейін сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтінде қойылуы мүмкін.

     Басқа сотталушы болмаған кезде сотталушыдан жауап алуға тараптардың өтініші  немесе соттың бастамашылығы  бойынша жол беріледі, бұл туралы қаулы шығарылады.

     Бұл жағдайда сотталушы сот мәжілісі залына қайтып келгеннен кейін оған өзі болмаған кезде сот мәжілісінің хаттамасына енгізілген деректер оқылады және өзі болмағанда жауап алынған сотталушыға сұрақ қою мүмкіндігі беріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 348 бабы).

     Сотталушының  алдын ала тергеу және жауап алу  кезіндегі айғақтарын жария ету (ҚР ҚІЖК-нің 349-бабы). 

     Сотталушының  іс бойынша сотқа дейінгі әзірлік  барысында береген айғақтарын жария  етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берілген оның айғақтарының дыбыс жазбасын, бейне жазбаны не киноға түсірілімін жаңғыртуға мынадай жағдайларда;

     -сотталушы  сотта айғақ беруден бас тартқан  кезде;

     -іс  сотталушы болмаған кезде қаралғанда;

     -сот  талқылауымен алдын ала тергеу барысында берілген айғақтардың арасында елеулі қайшылықтар болғанда жол беріледі.

     Тиісті  жауап алу хаттамасындағы не сот  отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін  жаңғыртуға жол берілмейді.

     Егер  дыбыстық, бейнежазбаларды, кино көрсетілген  жағдайда сот отырысының хаттамасына  жазлады.

     Жәбірленушіден  және куәгерлерден жауап  алу.

     Жәбірленушіден жауап алу (ҚР ҚІЖК-нің 350-бабының бөліктерінде көзделеген куәлардан жауап алу ережелері бойынша  жауап алынады.

     Жәбірленушінің  ерекшілігі ол куәгер сияқты сот отырысы  залынан шығарылмайды.

     Ең  алдымен жәбірленуші содан соң  куәгерден жауап алынады.

         Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысушы басқа адамдарға қарым қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді.

     Куәға сондай-ақ  ҚР ҚІЖК-нің 82-бабында көзделген өзіне, еріне (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы, ал діни қызметшілерге-тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқандарға қарсы айғақтар  беруден бас тартуға құқылы екендігі түсіндіріледі.

     Куәға, сондай-ақ осы Кодекстің 82-бабында көзделген оның басқа да құқықтары куәдан оған өз міндеттерімен жауаптылығы түсіндірілгені  туралы  қолхат алынып, хаттамаға тіркеледі.

     Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған бірақ айғақ беруге тілек білдірген  адамдарға көріну жалған айғақ бергені  үшін жауаптылығы түсіндіріледі.

     Төрағалық етушінің рұқсатымен жәбірленуші сот  тергеуінің кез келген уақытында жауап беруге құқылы.

     Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың  қатысуынсыз жауап алынады.

     Төрағалық етуші куәгерге сұрақ қойып, сотталушыға, жәбірленушіге қарым-қатынасын анықтайды.

     Куәнің  берген жауабынан оның берген бағасын  білуге болады.

     Сонан соң төрағалық етуші куәгерден  іс бойынша көрген-білгенін айтуға ұсыныс жасайды.

     Куә жауап бергеннен кейін, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады.

     Бірінші болып өтініші бойынша сот  отырысында осы куә шақырылған тарап сұрақ қояды.

     Сот төрешілері куәға одан тараптар жауап  алып болғаннан кейін сұрақ қояды.

       Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуі аяқталғанға дейін соттың рұқсатынсыз және тараптардың келісімінсіз одан шықпауға тиіс.  

        Және де олар бір-бірімен сотта  естіген ақпаратпен ауыспауы  керек.

        Куә өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды  (цифр, күн, уақыты, аты және тегі, жер аты және т.б.) рұсат беріледі.

         Бұл жазбалар соттың талап  етуі бойынша пайдаланылады.

      Куәға өз айғақтарына қатысты қолындағы  құжаттарды оқып шығуға рұқсат беріледі.

      Бұл құжаттар сотқа ұсынылады және оның қаулысы бойынша іске тігілуі мүмкін.

      Куәнің  және оның жақындарының қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында сот куәнің жеке басы туралы нақты деректерді жарияламай, оны процеске басқа қатысушылар көрмейтіндей жағдайда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады  (ҚР ҚІЖК-нің 351-бабы).

      Кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу (ҚР ҚІЖК-нің 352-бабы).

      Кәмелетке толмаған жәбірленуші, куәгерден жауап  алудың өз ерекшіліктері бар.

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу, ал соттың қалауынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мұндай адамдардан жауап алу педагогтің қатысуымен жүргізіледі, қажет болған жағдайда сонымен қатар ата-аналары немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де заңды өкілдері шақырылады.

      Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен жәбірленушіге және куәға сұрақ  қоя алады.

      Он  алты жасқа толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алудың алдында төрағалық  етуші оған шын және толық айғақтардың іс үшін маңызын түсіндіреді.

      Айғақ беруден бас тартқаны және көріну жалған айғақ берегені үшін жауаптылық туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды және олардан қолхат алынбайды.

      Тараптардың өтінішін бойынша немесе соттың бастамашылығы  бойынша кәмелетке толмаған жәбірленуші  мен куәдан жауап алу сотталушы жоқ кезде жүргізілуі мүмкін.

      Бұл туралы сот қаулы шығарады.

Сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен  кейін оған кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәнің айғақтары жария етіледі, жәбірленушіге, куәға сұрақ қою  және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкіндігі беріледі.

      Он  сегіз жасқа толмаған жәбірленуші, куә сот олардың әрі қарай  қатысуын қажет деп таныған жағдайлардан басқасында, олардан жауап алудың  бейнежазбасымен киноға түсіруін жария  етуге :

      а) бұл айғақтар мен олардың сотта берген айғақтары арасында елеулі қайшылықтар бар болаған кезде;

      б) олардың сот талқылауына келу мүмкіндігін жоққа шығаратын  себептер бойынша жәбірленушінің немесе куәнің сот отырысына қатыспауы  кезінде жол беріледі;

      в) егер іс сотталушының қатысуынсыз қаралса;

     г) сотталушы жауап беруден бас  тартқан кезде;

     Тиісті  жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтардың алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді.

     Егер олар дыбысталған не көрсетілген жағдайда сот отырысының хаттамасында тіркеледі.

     Сот талқылауындағы сараптама (ҚР ҚІЖК-нің 354-бабы).

     Алдын ала тергеу жұмыстарында сараптама  жүргізілмеген болмаса, ал сотта  оны жүргізу керек болған жағдайда сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сараптама тағайындауға құқылы.

     Сотта сараптама жүргізу осы баптың талаптары ескеріле отырып, ҚР ҚІЖК-нің 32-тарауында жазылған ережелер бойынша  жүзеге асырылады.

     Төрағалық етуші сарапшыны тағайындап, оған сараптама тағайындалғаны туралы сот қаулысының көшірмесі тапсырылады және ҚР ҚІЖК-нің  83-бабымен көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.

     Сот тараптардың пікірлерін тыңдап болып, тексеру жүргізу үшін қажетті уақытқа сот отырысының кейінгі қалдыруға құқылы.

     Төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар  барлық мәнжайлар анықталғаннан  кейін сотталушы, қорғаушы, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер мен  азаматтық жауапкерлердің сарапшыға  жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады.

     Қойылған  сұрақтар жария етілуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың, прокурордың пікірлері тыңдалуға тиіс.

     Сонан соң мәселені қарап және ол бойынша  тараптардың пікірін тыңдап, сот  өз қаулысымен олардың ішінен іске қатысы жоқ немесе сарапшының құзыретіне жатпайтындарын алып тастайды, жаңа мәселелерді тұжырымдайды.   

     Тараптар  сараптамалық зерттеу объектісі  ретінде заттарды, құжаттарды ұсынуға  құқылы.

     Оларды  мұндайлардың қатарынан шығарғанда, сот дәлелді қаулы шығаруға міндетті.

     Сарапшы сараптама мәніне қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға, сотталушы, жәбірленуші мен куәгерлерге сұрақ беруге, қылмыстық істің материалдарымен танысуға, сараптама мәніне қатысты барлық сот іс-әрекетіне қатысуға құқығы бар.

     Сарапшыға заң негізінде немесе одан тыс  сұрақ қоюға болмайды.

     Сарапшы қорытындыны жазбаша түрде береді және сот мәжілісінде жария етеді.

     Сарапшыдан  жауап алу қорытынды жария  етілгеннен кейін ғана оны түсіндіру, нақтылау немесе толықтыру үшін жүргізілуі мүмкін.

     Егер  сараптама тараптар арасындағы келісім  бойынша немесе қылмыстық істі жүргізуші органның бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып айыптаушы тарап, содан соң қорғаушы тарап сұрақ қояды (ҚР ҚІЖК-нің 355-бабы).

     Қосымша сараптама қарытынды толық немесе жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттелген байланысты қосымша мәселелерді шешу қажет болған жағдайда тағайындалады. (ҚР ҚІЖК-нің 354-бабының 10-бөлігі).

     Заттай  дәлелдемелерді қарау. (ҚР ҚІЖК-нің 356-бабы).

Информация о работе Сот талқылауы