Қылмыстылық ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 20:45, реферат

Описание работы

Қылмыстылықтың дербестігі оны құрайтын жекелеген қылмыстарға байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ оның қоғамға қауіптілігінен байқалады. Н. Ф. Кузнецованың «қоғамға қауіптілік» белгісінің «қылмыстылық» ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды. Қоғамға қауіптілік – осы құбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік «қосындысына» қосылмайды, дербес мазмұн мен мағынаға ие болады.

Работа содержит 1 файл

Лекция 2.doc

— 80.00 Кб (Скачать)

    Виктимологиялық талдаусыз қылмыстылықтың сандық-сапалық  көрсеткіштерін толық деп айту қиын. Көптеген қылмыстар белгілі бір дәрежеде жәбірленушінің өзінің тәртіп-әрекетіне байланысты болатындығы белгілі. Виктимологиялық көзқарас көп ретте қылмыстың құрбаны кім (полиция, ҰҚК қызметкері) болатындығын зерттейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Жасырын (Латентік) қылмыстылық
 

    Статистика  нақты қылмыстылық туралы толық  мәліметтер келтіреді, өйткені оның көлеңкесінде осы әлеуметтік құбылыстың жасырын жағына қатысы бар кейбір қылмыстар тіркелуге ілікпей қалып, жасырын қылмыстарды құрайды.

    Жасырын қылмыстылық – бұл нақты бір  жерде және уақытта әшкереленбей немесе қылмыстық статистикаға тіркелмей қалған қылмыстар мен оларды жасаушы адамдардың жиынтығы.

    Жасырын қылмыс мәселесі шетелдік ғалымдар мен практиктерді баяғыдан-ақ толғандырған. Ресми тіркелген қылмыстар мен іс жүзінде (нақты) болған қылмыстар арасындағы арақатынастарды қарастыру мәселесін ХІХ ғасырдағы криминологтар А. Кетле, Э. Ферри, Р. Мето-Смит, Е. Реснер және басқалардың еңбектерінен кездестіруге болады.

    Сол кездің өзінде-ақ, жасалған қылмыстардың барлығы бірдей полицияға хабарлана  бермейтіні, қылмыскерлердің бәрі бірдей сотқа немесе жазаға тартыла бермейтіні, ал қылмыстық статистика болса көзге іліккен, қолға түскен қылмыстылықты ғана қанағат тұтатындығы белгілі болған. 50-60-жылдарда математикалық статистиканы пайдалану, халыққа: қылмыскерге, қылмыс құрбандарына, полиция мен өзге де құқық қорғау органдарына қызметкерлері сұрау салу әдісімен жасырын қылмыстылықтың көлемі мен құрылымын анықтау жөнінде көлемді криминологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген.

    Мәселен, Кембридж криминология институтының бұрынғы  директоры Л. Радзиновичтің айтуынша, Англияда ресми қылмыстық статистика мәліметтеріне қалтаға түсу қылмысы туралы деректердің 15 пайызы ғана түседі екен.

    Ұлыбританияның 1982 жылғы қылмыстылықтың жай-күйі туралы есебінде мынадай мәліметтер келтірілген: вандализм бойынша жалпы жасалған әрекеттердің 8 пайызы әшкереленген; ұрлық – 8 %; тонау – 11 %; құлып бұзып ұрлау – 33 %. Орташа есеппен әрбір 40 тұрғын-жайдың біреуі жыл сайын құлыпын бұзып жасалатын ұрлыққа тап болып отырған.

    60-жылдардың  аяғында 70-жылдардың басында АҚШ-та  мүлік тонау мен автомобил,  тонаудың бес оқиғаларының бірінде  ғана қамауға алу жүзеге асырылып отырған. Полицияға хабарланған жеке меншікке қарсы жасалған қауіпті қылмыстардың жиырма оқиғасының біреуіне ғана айыптау үкімі шығарылып отырған 2.

    АҚШ-та 70-жылдардың аяғында 80-жылдардың  басында елдегі жасалып жатқан қылмыстық  әрекеттердің жартысынан артығы полицияға хабарланбайтын болған. Осы елдің бұрынғы президенті Р. Рейганның, АҚШ-та қазіргі заманғы қылмыстар індеттік сипатқа ие болып отыр, қылмыстан американдық әрбір отбасы зәбір шегіп отыр деп мойындауы тегін емес болатын.

    Кеңестік  криминологияда жасырын қылмыстылық мәселелерінің кейбір аспектілері 60-жылдардың ортасы мен 70-жылдарда оқып-зерттеле басталды. Әдістемелік және ұйымдастырушылық қиыншылықтарының салдарынан бұл мәселені кешенді түрде зерттеу әлі де тиісті мәнде қолға алынбай отыр.

    Отандық криминологтардың көпшілігі жасырын қылмыстылықты полиция, прокуратура және сот органдарымен әшкереленбеген қылмыстардың жиынтығы деп түсінуде.

    Кейбір  ғалымдардың пікірінше, белгілі  болған, бірақ есепке енбеген қылмыстылық жасырын деп саналмайды. Әсіресе мұндай ойлар Г.  И. Забрянскийдің, А. А. Коневтің, А. С. Шляпочниковтің және басқалардың еңбектерінде анық айтылады. Олар жасырынның қатарына қылмыстық статистикада тіркелмеген қылмыстардың төмендегі үш тобын енгізбейді:

    1) ісі жолдастық соттар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатын кейбір қылмыстар;

    2) тиісті билік органдарының мәлімдемесі нәтижесінде белгілі болған, алайда осы органдардың қызметкерлерімен жасырылған қылмыстар;

    3) көптеген жағдайда бастапқы есеп жүргізу жүйесінің жетілдірілмегендігінен тіркелмейтін қылмыстар.

    Дегенмен, белгілі мен жасырын қылмыстылықтардың  арасындағы айырмашылықтарды «айқындық» белгісімен немесе қылмыстылықпен күрес  субъектілердің қызметінің шеңберінде айыруға жасалған ұмтылыс та жасырын қылмыстылық табиғатының сырын білуге онша көмегін тигізе қоймады.

    Ғалымдардың екінші бір тобы жасырын қылмыстылықты  қылмыстық статистикада көрсетілмеген және тіркелмеген нақты жасалған қылмыстардың жиынтығы деп санайды. «Жасырын қылмыстылық» ұғымына анықтама беруде олар басты назарларын «жасырындыққа» немесе «айқындыққа» емес, қылмыс жөніндегі мәліметтің бастапқы құжатындағы «тіркелмегендігіне» аударады.

    Мәселенің криминологиялық аспектілері бәрінен  бұрын жасырын қылмысты белгісіз себептермен қылмыстық статистикада тіркелмей қалған нақты бір орында, белгілі бір уақытта іс жүзінде жасалған қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың тұтастай жиынтығы ретінде зерттеуді ұсынады.

    Мұнымен бірге, жасырын қылмыстылықтың Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде қарастырылған қылмыстық белгілеріне жататын және  нақты бір қылмыс құрамын құрайтын қылмыстық-құқықтық аспектілері де болуы мүмкін.

    Статистикалық аспект жасырын қылмыстардың жасалу фактілерінің барлық жиынтығын оның жай-күйін, деңгейін, құрылымы мен динамикасын (ағымын) анықтау үшін, тіркелген және жасырын қылмыстылықтың арасындағы сандық арақатынасты анықтау үшін оқып-зерттейді (жинақтайды, өңдейді, талдайды).

    Жасырын қылмыстылықтың криминалистикалық  аспектілері жасырын қылмыстылық түрлерінің жасалуы мен жасыру жолдарын, онымен келтірілген зардаптарды, кінәлілерді әшкерелеудің әдістемелері мен тәсілдерін оқып-зерттеуге бағытталған.

    Виктимологиялық аспект қылмыс құрбандарының жасалған қол сұғушылықтарды тиісті органдарға хабарламауының себептерін оқып-зерттеуді ұйғарады.

    Әлеуметтік  аспект осы қылмыстармен шын мәнінде  келтірілетін зияндарды оқып-зерттеуді қарастырады, өйткені олар әлеуметтік қатынастардың жоғары деңгейде қалыптасуын тежейді, заңдылықты нығайтуға кері әсерін тигізеді.

    Ақпараттық  аспект қылмыс туралы хабарлардың «тарап кету» себептерін анықтауға жағдай туғызатын және қылмыс туралы белгі-дабылдарды қабылдау мен тіркеуді жетілдіруге бағытталған шараларды ойлап табатын қылмыс туралы ақпараттарды жинау (қабылдау), өңдеу, тіркеу және тарату жүйесін оқып-зерттеуді ұйғарады.

    Жасырын қылмыстылықтың экономикалық аспектісі  оның экономикаға келтірген зиян түрлерін оқып-зерттеуді ұйғарады.

    Жасырын қылмыстылықтың әлеуметтік-психологиялық  аспектісі назарын қылмыстылықпен күресте туындайтын белгілі бір  қиындықтар (кейбір қылмыскерлердің жазаға тартылмауы) туғызатын қоғамдық және жеке адамдық сана-сезімде кері өзгерістер мен теріс пиғылдарға аударады.

    Қылмыстылықтың осы бөлігімен күрестің теориясы мен тәжірибесі үшін оларды жіктеудің ерекше мәні бар. Өздерінің жасырындылығына қарай жасырын қылмыстылықты негізгі 4 топқа бөлуге болады.

    1. Жасырындылығының дәрежесі жоғары қылмыстар: пара алу мен беру және оған делдалдық жасау; тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдау; есірткілік заттарды заңсыз дайындау, өткізу, сатып алу; соққыға жығу, азаптау, қорлау, жала жабу; көлік құралдарын, машиналар мен механизмдерді бас пайдасы үшін пайдалану және басқалар.

    2. Жасырындылығының дәрежесі орташа қылмыстар: зорлау, әйелді жыныстық қатынасқа түсуге еріксіз көндіру, жекенің мүлкін ұрлау, бұзақылық, қордалар ұстау, жеңгетайлық және өзге де қылмыстар.

    3. Жасырындылығының дәрежесі бірқалыпты қылмыстар: ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, анасының қасақана жас нәрестесін өлтіруі, мерез ауруларын тарату, жас толмағанмен некеге отыру, кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту және басқалары.

    4. Жасырындылығының дәрежесі төмен қылмыстар: бандитизм, қасақана кісі өлтіру, сотталған адамның қамаудан қашуы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; оқ-дәрі ұрлау және басқалар.

    Жасырын қылмыстылықтың басты қауіптілігі оның қоғам тарапынан қарсы әрекет көрмей, жазаға тартылмай қалуында, мұның өзі қылмыстардың қайтадан немесе жалғаса жасалуына жағдай туғызады.

    Жасырын қылмыстылықтың себептерінің арасынан бәрінен бұрын қылмыскер мен оның құрбаны немесе жәбірленушінің жақындары арасындағы «мәмілеге келу» мәселесін ерекше атауға болады. Көптеген жағдайда сату-сатып алу нәрсесі ретінде адамның денсаулығы, абыройы, ар-намысы, тіпті кейде адамның өмірі саудаға түсіп жатады.

    Көп ретте азаматтар лайықсыздық өлшемін басшылыққа ала отыра өзіне қатысты қылмыстық қол сұғушылықтарды тиісті орындарға мәлімдеп хабарламайды.

    Жекелеген қылмыстардың жасырындылығының жоғары болуы себептерінің бірі – қылмыскерлердің қол сұғатын объектілерін (мысалы, қылмыстық жолмен байыған адамдарды таңдап алуы) лайықтап таңдап алуы мен дәлме-дәл жоспарлап алуы.

    Кейбір  заңға бағынғыш азаматтардың санасында  органдар қылмыскер мен ұрланған құндылықтарды қанша іздегенімен  бәрібір таба алмайды, оның үстіне қылмыстық  қол сұғушылықтың объектісіне айналған құндылықтардың қайдан келгенін «қазбалап» өзіңнің зықыңды шығарады деген ой қалыптасқан.

    Халықтың  белгілі бір бөлігінің құқық  қорғау органдарына деген сенімдерін жоғалтып алғандарын да айтпасқа болмайды. Мұндай кереғар көріністер милиция, сот және прокуратура қызметкерлерінің кемшіліктері мен қызмет бабын пайдалануы жөніндегі баспасөздердегі алып-қашпа жарияланымдарға да себеп болып жатады. Дегенмен басты себеп – құқық қорғау органдарының сапасыз жұмыстары мен адамгершілікке жатпайтын қылмыстық-құқықтық тыйым салушылық, шын мәнісінде азаматтар мұндай тыйым салушылықты түсіне бермейді.

    Жасырын қылмыстылық деңгейін төмендетудің жолдары:

    халық арасында құқықтық насихат жүргізу;

    қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында анықтау  жүргізетін адамның, тергеушінің, прокурордың және соттың жәбірленушіден табыс көздерінің қандай жолмен келгендігін түсіндіруін талап етуге тыйым салатындай норма енгізу;

    қылмыс  туралы мәлімдемегені үшін қылмыстық-құқықтық санкция қолданудан бас тарту;

    қылмыстық кодекске жасалған қылмыс жайында өз еркімен мәлімдегені және өзі жасаған іс-әрекетінің зиянды зардаптарын орынына келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға кепілдік беретіндей арнайы норма енгізу.

Информация о работе Қылмыстылық ұғымы