Заңсыз Түсік

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа

Описание работы

Жұмыста заңсыз түсік тарихына, Қазақстан мен шетелдерде заңсыз түсіктің құқықтық реттелу деңгейіне шолу жасау арқылы заңсыз заңсыз түсіктің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін терең де жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр. Осы мақсатқа төмендегі міндеттерді шешу жолымен жетуге болады:
-қоғамдағы саяси-экономикалық және әлеуметгік-психологиялық аху-алдың заңсыз түсік туралы заңдардың мазмұнына әсерін көрсету;
-заңсыз заңсыз түсік үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың түрлі тарихи кезеңдердегі мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………....3
І. ЗАҢСЫЗ ТҮСІК МӘСЕЛЕСІНЕ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШОЛУ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ТҮСІНІГІ
1.1 Заңсыз түсік түсінігі..........................................................................................4
1.2 Заңсыз түсік жасаумен байланысты қылмыстар............................................9
ІІ. ЗАҢСЫЗ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚҰҚЫҚ-ТЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Заңсыз түсіктің қоғамдық қауіптілігі және объектісі..................................13
2.2 Заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының субъектілік белгілері..................17
ІІІ ЗАҢСЫЗ ТҮСІКТІҢ ХРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
3.1Заңсыз түсікпен байланысты қылмыстылықтың жағдайына талдау......................................................................................................................20
3.2 Заңсыз түсіктің себептері мен жағдайлары, оларды бейтарап-тандыру шаралары................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................29

Работа содержит 1 файл

зансыз оборт.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

Заңсыз түсікке тыйым салудан бас тарту саясаты мынадай оң нәтижелер береді: криминалдық заңсыз түсіктер саны елеулі мөлшерде азаяды; заңсыз түсіктерді статистикалық зерттеу мүмкіндігі туып, бұл құбылыстың себептерін ашу арқылы заңсыз түсіктің алдын алу жолдарын айқындап алуға жағдай жасалады.

Қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан 30-жылдардың аяғында Кеңес өкіметінің заңсыз түсікке қатынасы шұғыл өзгереді Заң шығарушының пікірі бойынша, халықтың материалдық жағдайының жақсаруы заңсыз түсікпен күресте қатаң шараларға жүгінуге негіз береді. 1936 жылдьгң 27-маусымында Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарларының Кеңесі «Заңсыз түсіктерге тыйым салу туралы» қаулы қабылдайды. Сол кездегі одақтық ақпарат құралдарының бетіне көз жүгіртсек, заң жобасын мадақтап, мемлекеттің адамдардың жеке бас істеріне араласу құқын негіздейтін бас мақалалар бірден көзге шалынады. Сталиндік тоталитарлық жүйе әлі де түпкілікті орнығып болмағандықтан болар, қарастырылып отырған кезеңде заң жобасын сынап пікір айтушылар да кездеседі.

1937 жылдың 10-мамырында РСФСР Орталық атқару комитеті мен Халық комиссарларының кеңесі арнайы қаулы қабылдап) республикалық заңдарды одақтық, заңдарға сәйкестендіреді. Қаулы бойынша 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық кодексіне заңсыз түсік жасауға көндірушілер мен заңсыз түсік жасатқан әйелдерді қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін көздейтін 140а және 1406 баптары енгізіледі. Жаңа заң бойьшша барлық заңсыз түсіктер (жүктілікті әрі қарай жалғастыру жүкті әйелдің өмірініе қауіп төндіретін немесе денсаулығына ауыр зардап келтіретін жағдайларды немесе ата-ананың тұқым қуалайтын ауыр науқасы бар болған жағдайларды қоспағанда) криминалдық деп таниттын болғандықтан, ҚК-тің 140-бабының мәтіні түбегейлі түрде өзгереді.

Заң шығарушының болжамы бойынша 1936 жылгы қаулыда көзделген әлеуметгік-экономикалық шаралар әйелдерді жиі босануға ынталандырып, заңсыз түсік жасатудан бас тартуға ықпал етуге тиіс болатын. Заңсыз түсікке тыйым салынуы алғашқыда шынымен туу деңгейін күрт өсіреді. Алайда бұдан кейін туу деңгейі салыстырмалы түрде жоғары болғанымен, 1937 жылмен салыстырғанда біртіндеп кеми береді. Заңсыз түсік санының елеулі түрде азаюы да тек 1937 жылы байқалған. Соңынан, ресми мәліметтерге қарағанда, заңсыз түсік саны қайтадан өсе бастаған, жана туған нәрестелерді өлтіру оқиғалары жиілеп кеткен.Тыйым салу  саясатының жағымсыз  салдары  айтылғандармен шектелмейді. Заңсыз түсікпен күресте   репрессиялық амал-шарғыларға  жүгінудің  кеңестік    тәжірибесі  криминализациялау принциитерін өрескел бұзудың хрестоматиялық үлгісіне айналып кетті. Біздің ойымызша, Кеңес өкіметінің заңсыз түсікке тыйым сала отырып қол жеткізгісі келген түпкі мақсаты — «әйел денсаулығын заңсыз түсіктің зиянды зардаптарынан қорғау» емес, капиталистік қоршауда қалған тұңғыш социалистік мемлекеттегі халық санын өсіру.

Й. Сталин дүние салған соң оның халыққа қарсы саясаты әшкереленіп, отыз жылдық ел басқаруы тұсында орын алған асыра сілтеушіліктердің беті ашылды. Заңсыз түсік мәселесіне қатысты бұл бағытта жасалған алғашқы қадам — КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1954 жылдың 5-тамыздағы жарлығы бойынша заңсыз түсік жасатқан жүкті әйелдің қылмыстық жауаптылықтан босатылуы. Ал 1955 жылдың 23-қарашасында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы «Заңсыз түсікке тыйым салуды жою туралы» жарлық шығарды.

Жаңа заң бойынша заңсыз деп  танылатын заңсыз түсіктер ауқымы айтарлықтай азайғанына қарамастан, ҚК-те заңсыз заңсыз түсік жасау түсінігі сақталып қалады. РКФСР ҚК-нің 140-бабының жаңа редакциясына сай заңсыз түсікті ауруханадан немесе басқа емдеу мекемелерінен тыс жерлерде немесе санитария талаптарына қайшы шарттарда жасаған адамдар, сондай-ақ арнайы медициналық білімі жоқ адамдар жауаптылыққа тартылатын. 1960 жылдан бастап заңсыз заңсыз түсік үшін қылмыстық жауаптылық Қазақ КСР-нің 1959 жылғы түңыш Қылмыстық кодексінің 108-бабымен реттеле бастады.

 

 

1.2 Заңсыз түсік жасаумен байланысты қылмыстар

 

Заңсыз түсікке тыйым салынған тұста заңсыз түсікке жол берушілермен күресте қылмыстық құқықтың жазалау мүмкіндіктерін барынша толық пайдалану мақсатымен заңсыз түсік жасатуға «көндіру» ұғымы тым кең мағынада түсінілетін. Осы жайтты, заңсыз түсік жасатуға көндіру фактісін дәлелдеу мүмкіндіктерімен байланысты қиындықтарды, сондай-ақ сот тәжірибесінде Қазақ КСР ҚК-нің 109-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істердің болмауын ескере отырып, отандық заң шығарушы 1997 жылғы Қылмыстық кодексте заңсыз түсік жасатуға көндірушілердің жауаптылығын көздейтін нормадан бас тартты.

Біздің ойымызша, әйелді жүктіліктен арылуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер бүгінгі күні де өзінің қоғамдық қауіптілігін жоғалтқан жоқ. Сот тәжірибесінде заңсыз түсік жасатуға көндіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істердің кездеспеуін бір жақтылықпен бұл норманың тиімсіздігінің дәлелі ретінде қабылдауға болмайды.

Түркмен ғалымы Б.С. Сарыевтің зерттеулеріне қарағанда, Орта Азия мемлекеттерінде әйелді жүктіліктен арылуға көндіру оқиғалары салыстырмалы түрде кең тараған. Оның пікірінше, бұл жағдай әйелдерге деген қатынастағы жергілікті әдет-ғұрыптардың қалдықтарымен түсіндіріледі. Біздің ойымызша, айтылғандардың Қазақстанға да қатысы бар, сондықтан әйелді заңсыз түсік жасатуға көндірушілердің қылмыстық жауапты-лығын көздейтін норманы қайта жаңғыртуды ұсынамыз. Бұл норма — әйелдің ана болу мәселесін өз бетімен шешу құқын қамтамасыз етудің қосымша бір кепілі бола алар еді.

Жүкті әйелді заңсыз түсік жасатуға итермелеушілердің жауаптылығын көздейтін жаңа қылмыстық-құқықтық норманы «заңсыз түсік жасатуға көндіру» емес, «жүктілікті заңсыз доғаруға мәжбүрлеу» деп атаған жөн, өйткені көндіру ұғымы мәжбүрлеу ұғымынан әлдеқайда кең.

80-жылдардан бастап  елде ұрықтанған аналық жұмыртқаны жатырдан аластатудың жаңа тәсілі қолданыла бастайды. Ғалымдар арасында бұл тәсілдің табиғаты жөніндегі мәселеде ауызбірлік жоқ еді. Кейбір ғалымдар оны жыныстық қатынастан кейін қолданылатын жүктіліктің алдын алу құралы деп қарастырса, кейбіреулер заңсыз түсіктің бір түріне жатқызды. Тек 1987 жылы КСРО Денсаулық сақтау министрлігі жүктілікті заңсыз доғарудың заман талабына сай жаңа тәсілі вакуум-асішрацияны ресмилендірді. Осыған қарамастан, 1997 жылға дейін мини- заңсыз түсік жайлы мәліметтер жалпы заңсыз түсік жайлы статистикаға қосылмай келді.

Қайта құру тұсында құқықтық мемлекет құруға бет алған Кеңес өкіметі азаматтың жеке бас құқтарына құрметпен қарау принципін мойындауға ығысты. Соның нәтижесінде заңсыз түсік жасау негіздері кеңейтіліп, мемлекет бұл құбылыспен күресте қорқыту шараларына емес, әлеумегтік-медициналық шараларға арқа сүйей бастады. Криминалдық заңсыз түсік үлес салмағын азайту ісіне КСРО Денсаулық сақтау министрлігі 1987 жылдың 31-желтоқсанындағы № 1342 бүйрығымен бекіткен «Медициналық емес негіздер бойынша жүктілікті заңсыз доғару операциясына рұхсат беру тәртібі туралы» инструкцияның қосқан үлесі зор. Айталық, тек 1991 жылы Қарағанды облысында 748 әйелге әлеуметтік негіздер бойынша жүктілікті заңсыз доғару операциясы жасалған. Заңсыз түсік рұхсат беру негіздері кеңейтілмеген жағдайда бұл әйелдердің барлығы болмаса да басым көпшілігі астыртын заңсыз түсікшілердің құрбанына айналатыны сөзсіз еді.

1996 жылдың 31-желтоқсанында  Қазақстан Республикасының Ден-саулық  сақтау министрлігі № 620 бұйрығымен «Жүктілікті заңсыз доғару операциясын жүргізу тәртібі туралы»,  «Вакуум-операция тәсілімен ерте мерзімдегі жүктілікті заңсыз доғару операциясын жүргізу тәртібі туралы», «Медициналық негіздер бойынша жүктілікті заңсыз доғару операциясына рұхсат беру тәртібі туралы», «Медициналық емес негіздер бойынша жүктілікті заңсыз доғару операциясына рұхсат беру тәртібі туралы» ин-струкциялар бекітті. Тәуелсіз Қазақстанның заңсыз түсікке қатынасы принципиалды түрде өзгермегенімен, заңсыз түсік және оның төңірегіндегі мәселелерді реттейтін нормативтік актілердің толық бір кешенінің қабылдануы, бір есептен, тәуелсіз мемлекеттің әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау жүйесін дамытуға ұмтылысымен түсіндірілсе, екінші жағынан, олардың барлығында дерлік жүкті әйелдер қалауы бойынша заңсыз түсік Мемлекеттің заңсыз түсікке қатынасының принципиалдық негіздері заңдарда тұжырымдалса, оны жүзеге асыру жолдары басқа нормативтік актілерде айқындалады. Кеңес заманынан бастау алған дәстүр бойынша денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастар негізінен ведомстволық нормативтік актілермен реттеліп келеді. Бұл құжаттардың басым көпшілігі ашық баспа бетінде жарияланбайтындықтан, ел азаматтарьшың басым бөлігі өздерінің маңызды құқтарын қозғайтын құжаттармен танысу мүмкіндігінен айрылған. Қалыптасқан жағдай ҚР Конституциясының 4-бабының талаптарымен үйлеспейді. Заңсыз түсік жасату құқы әйелдердің маңызды құқтарының бірі болғандықтан, жүктілікті заңсыз доғару операциясын жасау тәртібі мен операцияға рұхсат алу тәртібін реттейтін нормативтік актілер ресми жариялау жолымен қалың жүртшылықтың назарына ұсынылуы керек деп санаймыз.

Заңсыз түсік жайлы сөз қозғағанда дәрігерлер ең алдымен жүктіліктің мерзіміне, дәлірек айтқанда, ұрықтың ана құрсағынан тыс өмір сүру қабілетіне назар аударады. Медицинада өмір сүруге қабілетті нәрестені си-паттайтын нақты сандық көрсеткіштер айқындалған, медицина ғылымының алға дамуымен бірге олар үнемі өзгеріп отырады. Батыс Еуропада бұрын 24 апталық мерзімге дейінгі жүктілікті доғару заңсыз түсік деп танылса, соңғы кезде бұл уақыт шекарасы 19 аптаға дейін шегіндірілді. Олай болса, заңсыз түсікке анықтама бергенде жүктіліктің дәл мерзіміне сілтеме жасау бүгінгі күн талаптарына сай келмейді. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы заңсыз түсік «ұрық жатырдан тыс өмір сүру қабілетіне ие болмастан бұрын жүктілікті доғару» деп анықтауды ұсынады.

Отандық медицинада 28 апталық  мерзімге дейінгі жүктілікті доғару заңсыз түсік деп танылып, бұл уақыттан кейін мерзімінен бұрын босану деп бағаланады. Ал қылмыстық құқықта жүктіліктің 28 апталық мерзім асып кеткеннен кейін доғарылуы да заңсыз түсік деп қарастырылады. Өмір сүруге қабілетті ұрықты жою қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша ерте мерзі-мдегі жүктілікті жоюмен қатар қойыла алмайды. Сондықтан Т.А. Лаврентьева   жүкгілік   ағымына   сырттан   араласу      жолымен   мезгілінен бұрын   босандыруды  заңсыз түсік деп қарастыруға қарсы   шығып, қылмыстық заңда «күштеп босандыру» қылмыс құрамын көздеуді ұсынса, басқа ғалымдар осындай әрекеттерді кісі өлтіру деп қарастырады.

Кісі өлтіру мен жүктіліктің соңғы айларында жасалған заңсыз заңсыз түсік арасында жік жүргізгенде адамның өмірге келу сәтін анықтап алу қажеттігі туады. Өмірдің басталу және аяқталу сәттері төңірегіндегі дау-дамайлардың алдын алу үшін ғалымдар бұл мәселені заң жүзінде реттеуді ұсынады. Мәселенің айқын да нақты шешілуі қылмыстық құқықтағы адам өміріне қарсы бағытталған қылмыстарды дұрыс саралау үшін ғана маңызды емес, өмірдің басталу және аяқталу сәттері мұрагерлік, неке-отбасылық, авторлық және т.б. құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және доғарылуына себепші болатын құқықтық факт болып табылады.

Заңсыз түсік ұғымын анықтағанда құқықтанушылар медицина ғылымының қағидаларын басшылыққа алса, өз кезегінде заңсыз заңсыз түсіктің медициналық түсінігі заңсыз түсік жасаумен байланысты қоғамдық қатынастардың мемлекет тарапынан реттелу деңгейіне тәуелді. Дегенмен қылмыстық-құқықтық мағынадан заңсыз түсік ұғымы, бір есептен, медицинадағы заңсыз түсік ұғымынан тар, өйткені өздігінен болған түсік тастауды қамтымайды, ал, екінші жағынан, мезгілі жетпей босануды да қамтитын болғандықтан, медицинадағы заңсыз түсік ұғымынан кең. Заңсыз түсіктің медициналық және құқықтық түсініктерін сәйкестендіру үшін «заңсыз заңсыз түсік жасау» тіркесін «жүктілікті заңсыз заңсыз доғару» тіркесімен алмастыруды ұсынамыз. Бұлай еткен жағдайда жүктіліктің кез келген мерзімінде оның агамына заңсыз араласумен ұштасқан әрекеттерді еш күмәнсіз ҚК-тің сәйкес бабымен саралауға болар еді.

Заңсыз заңсыз түсіктің не екенін анықтап алу үшін жүктілікті заңсыз доғару операциясының заңдылығын қамтамасыз ететін талаптарды білу керек. Жалпы ереже бойынша жүкті әйелдің қалауы бойынша заңсыз түсік операциясын жүктіліктің 12 апталық мерзіміне дейін ғана жасауға болады. Бұл мерзім асып кеткен соң заңсыз түсікке жол берілмеуініғ медициналық себебі жүктіліктің бұдан кейінгі сатыларында ана организмі мен ұрық арасындағы зат айналымын қамтамасыз ететін плацента қалыптасып, жаңа организмнің қан айналым жүйесі жатыр қабырғасына терең тамыр жаяды, сондықтан уақыт озған сайын заңсыз түсіктің әйел денсаулығына тигізетін зияны арта түседі.

Кейбір ерекше жағдайларда медициналық немесе әлеуметтік негіздер бойынша заңсыз түсік операциясын жүктіліктің 28 апталық мерзіміне дейін жасауға болады. Бұл жағдайларды «ерекше» деп атауымыздың себебі — жүктіліктің 12-ші және 28-ші апталары аралығында заңсыз түсік жасату үшін жүкті әйел арнайы рұхсат алуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ЗАҢСЫЗ  ТҮСІК ЖАСАУ  ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚҰҚЫҚ-ТЫҚ ТАЛДАУ

 

2.1 Заңсыз түсіктің қоғамдық қауіптілігі және объектісі

 

Қылмыстық заң қоғамға пайдалы  болу үшін заң шығарушының әлімжеттілігінің емес, объективті қоғамдық қажеттіліктің көрінісі болуы керек. Дегенмен, іс-әрекеттің объективті қоғамдық қауіптілігі мен қоғамдық қауіптілікке берілетін субъективтік баға әрқашан бір жерден шыға бермейді. Заңсыз түсік туралы заңдардың жиі өзгеруін осымен түсіндіруге болады: заңсыз түсіктің қоғамдық қауіптілігі өзгеріссіз қалып отырғанымен, оған қоғамдағы үстемдік етуге идеология тұрғысынан берілген баға негізсіз құбылып отырған.

Қылмыстық құқықта жалпылама түрде қоғамдық қауіптілік деп іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға нақты зиян келтіру немесе осындай зиян келтірудің нақты қаупін туғызу қасиетін атайды. Криминалдық заңсыз түсікке абстрактілі қауіптілік тән, өйткені дәрігерлік өнердің талаптарын бұлжытпай орындай отырып жасалған занды заңсыз түсіктің өзі әйелдің болашақтағы денсаулығы үшін, атап айтқанда оның, бала көтеру қабілеті үшін абстрактілі қаупін жоғалтпайды. В.Н. Кудрявцев қылмыстық заңда қалыпты жағдайда жасалғанда қоғам үшін пайдалы деп танылып, кейбір жағдайларда ғана зиянды деп қарастырылатын әрекеттер кездесетінін айтады. Кейбір қылмыстарға тән бұл ерекшелікті ғалым «шартты заңға қайшылық» деп атайды. Шартты заңға қайшылық медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби мідеттерін орындау барысында жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің басым көпшілігше тән.

Информация о работе Заңсыз Түсік