Заңсыз Түсік

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа

Описание работы

Жұмыста заңсыз түсік тарихына, Қазақстан мен шетелдерде заңсыз түсіктің құқықтық реттелу деңгейіне шолу жасау арқылы заңсыз заңсыз түсіктің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін терең де жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр. Осы мақсатқа төмендегі міндеттерді шешу жолымен жетуге болады:
-қоғамдағы саяси-экономикалық және әлеуметгік-психологиялық аху-алдың заңсыз түсік туралы заңдардың мазмұнына әсерін көрсету;
-заңсыз заңсыз түсік үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың түрлі тарихи кезеңдердегі мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………....3
І. ЗАҢСЫЗ ТҮСІК МӘСЕЛЕСІНЕ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШОЛУ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ТҮСІНІГІ
1.1 Заңсыз түсік түсінігі..........................................................................................4
1.2 Заңсыз түсік жасаумен байланысты қылмыстар............................................9
ІІ. ЗАҢСЫЗ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚҰҚЫҚ-ТЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Заңсыз түсіктің қоғамдық қауіптілігі және объектісі..................................13
2.2 Заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының субъектілік белгілері..................17
ІІІ ЗАҢСЫЗ ТҮСІКТІҢ ХРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
3.1Заңсыз түсікпен байланысты қылмыстылықтың жағдайына талдау......................................................................................................................20
3.2 Заңсыз түсіктің себептері мен жағдайлары, оларды бейтарап-тандыру шаралары................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................29

Работа содержит 1 файл

зансыз оборт.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

 

3.2 Заңсыз түсіктің  себептері мен жағдайлары, оларды  бейтараптандыру шаралары

 

Сот және емдеу мекемелерінің  тәжірибесін зерттеп талдау нәтижесінде криминалдық заңсыз түсік жасалуына жағдай туғызатын басты мән-жайлар мыналар деген қорытындыға келдік:

1.Емдеу мекемелерінің қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктер. Криминалдық заңсыз түсік жасатқан әйелдердің 45,7 пайызы заңсыз түсік жасату үшін алғашында емханаға барғандығын,  бірақ жүктілік мерзімі   үлкен болғандық-тан дәрігер стационарлық емдеу мекемесіне жолдама беруден бас   тартқандығын   айтады.   Егер   осындай   жағдайларда   дәрігер   заңсыз түсік жасаудан құр бас тартып қана қоймай, жүкті әйелмен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заңсыз түсік жасатудан айнытса, қаншама криминалдық заңсыз түсік жасалмай қалар еді.

Шетел ғалымдары әйел өзіне керек емес нәрестені дүниеге әкелмеу үшін заңсыз түсіктің әлеуметтік және құқықтық салдарына көз жұмушылықпен қарап, өз денсаулығына келетін зиянды елемей тәуекелге барады, оларды бұл шешімнен айныту мүмкін емес дейді. Олай болса, жүктіліктен қалай да болса арылғысы келетін әйелдерге әр нақты жағдайда медициналық мекемеде заңсыз заңсыз түсік жасау мүмкіндігін қарастырған жөн. Арнайы Инструкцияларда жүктіліктің 13—28 апталары аралығында заңсыз түсік жасауға рұхсат берудің медициналық және әлеуметтік негіздерін комиссия шешімі бойынша кеңейту мүмкіндіктері көзделген. Дәрігерлербұл мүмкіндіктерді сарқа пайдаланбайды.

Медицина қызметкерлері заңсыз түсік жасау жөнінде өтініш білдірген әйелдердің адамгершілік абыройын сыйлауы керек. Жүктіліктің үлкен мерзімдерінде заңсыз түсік жасатуға рұхсат алуға келген әйелдермен дәрігерлер ұялту, намысына тию, тіпті кейде тұрпайы тілмен зеку мәнерінде сөйлеседі. Бұндай қатынастан кейін әйелдер (әсіресе жастар) ауруханадан безіп кетеді. Ал тығырықтан шығар жол біреу-ақ — астыртын заңсыз түсік.

2.  Криминалдық   аборгтардың   зияндылығы   жөніндегі   үгіт-насихат жұмыстарын    ұйымдастырудағы   кемшіліктер.    Криминалдық   заңсыз түсіктің алдын алу үшін жалпы жүктілікті заңсыз доғарудың зияндылығы жайлы ақпаратты   тарату   жеткіліксіз,   нақты   криминалдық   заңсыз түсіктен әйелдің денсаулығы,   атап   айтқанда   репродукгивтік   денсаулығы   қандай   зарар шегетіндігі жайлы мәліметтерді әйелдердің санасына құю керек. Ақпарат құралдарының бетінде жарияланатын санитарлық-ағартушылық сипаттағы мақалаларда заңсыз   заңсыз түсіктің зияндылығы     үстірт   айтылады, әрі эмоционалдық бояуы қойылтып көрсетіледі.

Криминалдық заңсыз түсіктің зияндылығы жайлы сөз қозғағанда жалпы заңсыз түсіктің әйел денсаулығы үшін қаншалықты қауіпті екенін айту артық. Өйткені ресми медицинаның заңсыз түсікті құптамауы босанғысы келмейтін әйелдерді кездейсоқ жүктіліктен заңсыз жолмен арылуға итермелеуі мүмкін. Сондықтан криминалдық заңсыз түсікке қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгенде әйелдердің назарын заңсыз заңсыз түсіктің заңсыз заңсыз түсікпен салыстырғандағы  артықшылықтарына аудару керек.

3.   Жүктіліктің   алдын  алу құралдары  мен  тәсілдері жайлы  ақпарат тапшылығы, оларды қолдану мәдениетінің төмен деңгейі. Қазақстандық әйелдер    контрацепция    тәсілдері    мен    құралдары    жайлы    ақпаратқа мейлінше қанық. Бұны халықаралық ұйымдар да мойындайды.  Алайда фертилдік   жастағы   әйелдердің   контрацепциядан   хабары   болуы   олар жүктіліктің алдын алу құралдарын іс жүзінде қолданады деген сөз емес. Түрлі мәліметтерге қарағанда, әйелдердің 41—59,8 пайызы ғана жүктіліктен сақтанады. Салыстыру   үшін   Оңтүстік-Шығыс   Азияда   контрацепция құралдарын   қолданатын   әйелдердің   үлес  салмағы   69 пайыз.

Әйелдердің контрацепциядан бас тартуының уәждері сан алуан. Кейбір елдерде әйелдің дүниеге адам әкелу қабілеті оны қоғам мүшесі ретінде танудың басты шарты болып табылады. Сондықтан бұл елдердегі әйелдер фертилдігіне нұқсан келтіруі мүмкін деп қазіргі заманғы контрацепция құралдарын қолданудан жасқанады.

Жүктіліктің алдын алу  құралдарының сирек қолданылуын түсіндіретін тағы бір жайт — сапалы контрацептивтердің қымбаттығы. Сапасы жоғары сенімді контрацептивтердің бағасы заңсыз түсіктің бағасымен тең түсіп жатады. Осыдан келіп отбасы бюджетіне қазіргі заманғы контрацепция құралдарының көмегімен жүктіліктен сақтанғаннан гөрі заңсыз түсік  жасатқан экономикалық тұрғыдан әлдеқайда тиімді.

4.Кәмелетке жасы толмағандарға жыныстық тәрбие беруде кеткен кемшіліктер. Ата-аналар ұрпақтарының тәни денсаулығына ғана қамқор болып қоймай, сонымен қатар олардың қазіргі заман талаптарына сай адамгершілік, жыныстық тәрбие алуын да қамтамасыз етуге міндетті. Жыныстық тәрбие баланың балғын шағында басталып, биологиялық мәліметтермен шектелмеуі керек.

Жасөспірімдер арасында кездейсоқ жүктіліктен сақтану жолдарын уағыздаумен қатар, заңсыз түсіктің құқықтық мәртебесі, оны жасатудың негіздері жайлы ақпаратты тарату керек. Жас қыздар жүкті болып калған жағдайда өздерін қалай ұстап, кімнен кеңес алып, кімнен көмек сұрауға болатынын білуі керек. Жүкті болып қалған жас қыздардың жүктілігін жасыру үшін астыртын заңсыз түсікшілердің көмегіне жүгіну, өзіне-өзі қол салу фактілерінің алдын алу үшін жыныстық тәрбиенің соңғы аспектісі ерекше маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы зерттелген жұмысты  қорытындылар болсақ, кіріспеде таңдап алынған тақырыптың өзектілігі негізделіп, курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес, өзінің әдістемелік және деректік негізі сипатталды.    

 «Заңсыз түсік мәселесіне тарихи-құқықтық шолу, заңсыз түсік түсінігі» деп аталатын бірінші тарауда заңсыз түсіктің ежелгі замандардан бергі тарихына көз жүгіртіп, Кеңес өкіметі тұсындағы заңсыз түсік туралы заңдарға ерекше көңіл бөлінді, шетелдер мен қазіргі Қазақстанда заңсыз түсіктің құқықтық реттелу деңгейіне талдау жасалды.

«Заңсыз түсік түсінігіне» арналған параграфта заңсыз түсіктің құқықтық және медициналық ұғымдарының ара қатынасы қарастырылады. Қылмыстық-құқықтық әдебиет беттерінде заңсыз түсік «жүктілікті заңсыз доғару», «түсік тастату», «ұрықты жою» деп анықталады. Бұл анықтамалардың барлығына тән бір кемшілік — олар медициналық заңсыз түсік пен криминалдық заңсыз түсік ұғымдарының арасында айырмашылық жүргізуге мүмкіндік бермейді.

«Заңсыз заңсыз түсік жасау қылмысының құрамына құқықтық талдау» деп аталатын екінші тарауда қылмыстық құқық ғылымындағы теориялық қағидаларға сүйене отырып, ҚР ҚК-нің 117-бабында көзделген қылмыс құрамының элементтері жан-жақты сипатталады.

Заңсыз заңсыз түсіктің хриминологиялық сипаттамасы атты үшінші тарауда заңсыз заңсыз түсікпен байланысты қылмыстылықтың жағдайына талдау жасалып, жүктіліктен арылу жөнінде шешім қабылдайтын әйелдердің әлеуметтік тұрпаты зерттелді, криминалдық заңсыз түсіктің латенттігін анықтайтын факторлардың беті ашылды. Заңсыз заңсыз түсіктің жасалуына жағдай туғызатын мән-жайлар  қарастырылып, оларды бейтараптандырудың нақты жолдары ұсынылады.

Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны әлеуметтік сипаттағы себептер туындататыны әркімге аян. Заңсыз заңсыз түсікпен күрес нәтижелі болуы үшін ең алдымен оны туындататын себептер мен жағдайлардың бетін ашып, ал содан кейін осы себептер мен жағдайларды бейтараптандыруға, азайтуға, мүмкіндігінше жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру керек. Сондықтан үшінші тараудың екінші параграфы «Заңсыз заңсыз түсіктің себептері мен жағдайлары, оларды бейтарап-тандыру шаралары» деп аталады.

Жұмысты қорытындылай келе төмендегідей тұжырымдар ұсынылады:

1.XX  ғасырдың  екінші  жартысынан   бастап  дүние  жүзінің   барлық елдерінде заңсыз түсік туралы заңдарды либерализациялау,   заңсыз түсік жасау негіздерін кеңейту тенденциясы байқалады. Заңсыз түсік жасату құқықтары жалпы адам құқтарының   құрамдас   бөлігі   ретіне қарастырылуы   салдарынан соңғы кезде заңсыз түсік туралы заңдарды жеңілдетудің негізгі бағытын жүкті әйелдің қалауы бойынша заңсыз түсік жасауға рұхсат беру құрап отыр.

2.Заңсыз түсікке   қатаң   тыйым    салу   жолымен   демографиялық    ахуалды жақсарту  мүмкін   емес,  себебі   туу коэффициентіңдегі   өзгерістер   мен заңсыз түсіктің құқықтық мәртебесі арасында тікелей тәуелділік байланыс жоқ. Тууды  реттеуге  бағытталған  саясатты  жүзеге  асырғанда  экономикалық шаралардың ролін асыра бағалаушылық, ал әлеуметтік-психологиялық сипаттағы факторлардың репродуктивтік мінез-құлыққа әсеріне тиісті мән бермеушілік кең тараған.

3.Мемлекеттің    заңсыз түсікке    қатынасының    принципиалдық    негіздері заңдарда тұжырымдалса, оны жүзеге асырудың нақты жолдары денсаулық сақтау  саласындағы ведомстволық  нормативтік  актілерде   айқындалады. Заңсыз түсік жасату, ана болу мәселесін өз бетімен шешу құқы әйелдердің маңызды құқтарының бірі болғандықтан, ҚР Конституциясының 4-бабының талаптарына сай, жүктілікті доғару операция-сына рұхсат алу тәртібін  реттейтін   ведомстволық  нормативтік  актілер   ресми  жариялау жолымен қалың жұртшылық назарына ұсынылуы керек.

4.Қылмыстық-құқықтық  мағынадағы заңсыз түсік ұғымы, бір   есептен, медициналық заңсыз түсік ұғымынан тар, өйткені өздігінен болған түсік тастауды қамтымайды, ал, екінші жағынан,    мезгілі жетпей босануды да қамтитын  болғандықтан,  медицинадағы  заңсыз түсік ұғымынан  кең.  Жүктілік ашмына заңсыз араласумен ұштасқан әрекеттерге дұрыс  баға бере алу үшін заңсыз түсіктің медициналық және құқықтық түсініктерін сәйкестендіру қажет

5.Заңсыз заңсыз түсіктің негізгі тікелей   объектісін   анықтағанда   дүниеге келмеген нәрестенің өмірі мен оны құрсағында көтеріп жүрген әйелдің денсаулығы   мен   өмірі   түріндегі   маңызды   құндылықтардың   бәсекесі ескерілуі керек. Осы құндылықтардың  ішінде отандық заң  шыға-рушы жүкті   әйелдің   мүдделерін   маңыздырақ   деп   тауып,  оларға   ана   болу мәселесін ез бетімен шешу құқын беріп отыр. Сондықтан заңсыз заңсыз түсіктің негізгі тікелей объекгісі — ұрық емес, жүкті әйелдің денсаулығы.

6.Заңсыз заңсыз түсік жасағаны  үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық-құқықтық норманың ықшамдылығын, дәлдігін, бірізді қолданы-луын қамтамасыз ету  мақсатында  ҚР   ҚК-нің   117-бабы «Жүктілікті заңсыз заңсыз доғару» деп жазылған.

1.Медициналық шектеулерге қарамастан, немесе емдеу мекемесінен тыс жерлерде, немесе санитария талаптарына қайшы шарттарда жүктілікті заңсыз доғару,  егер бұл әрекеттерді акушер-гинсколог дәрігер жасаса;

2.Жүктілікті заңсыз доғаруға құқы жоқ адамның жүктілікгі заңсыз доғаруы;

З.Бұрын жүктілікті заңсыз заңсыз доғарғаны үшін сотталған адамның нақ сондай әрекеттерді жасауы;

4.Осы баптың бірінші немесе екінші бөлімдерінде көзделген әрекеттер, егер олар жәбірленушінің өлімініе әкеліп соқса немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірсе.

7.Заңсыз түсік жасау негіздері мен  оны статистикалық есепке алу тәртібі үнемі құбылып отыратындықтан, заңсыз түсік жайлы ресми мәліметтерге сын көзбен қарап, заңсыз заңсыз түсіктің динамикасын анықтағанда оның жоғары табиғи латенттігін ескеру керек.

8. Криминалдық заңсыз түсіктердің   алдын    алуда    әлеуметтік    сипаттағы шаралардың тиімділігі өте жоғары. Емдеу мекемелерінің қызметін дұрыс ұйымдастыру,  заңсыз  заңсыз түсіктің  зияндылығын насихаттау,  жүктіліктің алдын алу тәсілдері мен құралдары жайлы ақпарат тарату, жасөспірімдерге жыныстық тәрбие  беруде  кеткен  олқылықтарды жою  арқылы  заңсыз заңсыз түсікке қарсы күрестің нәтижелілігін арттыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Уголовный закон: традиции и современность /Личнюсть и социум: современный контекст взаимоотношений. Сб. научных статей аспирантов. - Караганда: Изд-во КарГУ,   1997.

 

2.Некоторые вопросы законодательной регламентации утоловной отве-тственности за аборты /Уголовный кодекс РК: проблемы и перспекгивы. Сб. научных трудов. - Караганда: КВШ КНБ РК.

 

3.Шетелдерде     аборт мәселесін  құқықтық реттеудің қазіргі кездегі жағдайы   /Гуманитарные   науки:    Сб.    научных   статей   аспирантов.    -Караганда,  Изд-во КарГУ,  2000.

 

4.Жәбірленушінің келісімі және криминалдық аборт үшін қылмыстық жауаптылықтың      кейбір      мәселелері      //Қарағанды      университетінің хабаршысы. 2000. Хо 4 (20).

 

5.Аборт мәселесінің  әлеуметтік қырлары «Қазақстан қоғамын тран-сформациялау контекстіндегі гендер мәселелері»  халықаралық дөңгелек стол материалдары. — Алматы: ҚазМемҚПИ, 2001.

 

6.Адам құқтары және  аборт туралы қылмыстық зандарды жетілдіру жолдары   /Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік   тәуелсіздігінің   10 жылдығына  арналған   «Адам құқықтарының  халықаралық  стандарттары және    ұлттық    заңдарды    дамыту    мәселелері»    халықаралық    ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы,  2001.

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Заңсыз Түсік