Заңсыз Түсік

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа

Описание работы

Жұмыста заңсыз түсік тарихына, Қазақстан мен шетелдерде заңсыз түсіктің құқықтық реттелу деңгейіне шолу жасау арқылы заңсыз заңсыз түсіктің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін терең де жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр. Осы мақсатқа төмендегі міндеттерді шешу жолымен жетуге болады:
-қоғамдағы саяси-экономикалық және әлеуметгік-психологиялық аху-алдың заңсыз түсік туралы заңдардың мазмұнына әсерін көрсету;
-заңсыз заңсыз түсік үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың түрлі тарихи кезеңдердегі мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………....3
І. ЗАҢСЫЗ ТҮСІК МӘСЕЛЕСІНЕ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШОЛУ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ТҮСІНІГІ
1.1 Заңсыз түсік түсінігі..........................................................................................4
1.2 Заңсыз түсік жасаумен байланысты қылмыстар............................................9
ІІ. ЗАҢСЫЗ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚҰҚЫҚ-ТЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Заңсыз түсіктің қоғамдық қауіптілігі және объектісі..................................13
2.2 Заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының субъектілік белгілері..................17
ІІІ ЗАҢСЫЗ ТҮСІКТІҢ ХРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
3.1Заңсыз түсікпен байланысты қылмыстылықтың жағдайына талдау......................................................................................................................20
3.2 Заңсыз түсіктің себептері мен жағдайлары, оларды бейтарап-тандыру шаралары................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................29

Работа содержит 1 файл

зансыз оборт.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

Көпшілік қолдайтын, отандьгқ ғалымдар арасында кең тараған пікір бойынша қылмыстың бірден-бір объектісіне қоғамдық қатынастар жатқызылады. Қоғамдық қатынастарды қылмыстың дара объектісі деп қарастыруымыз жеке адамның өзіндік құндылығын төмендетпейді. Адам таза биалогиялық немесе таза әлеуметтік емес, биоәлеуметтік мақұлық, болғандықтан, қылмыстық заң адамның әлеуметтік негіздеріне шешуші мән бермей, оның биологиялық негіздерін де соншалықты қорғауға тиіс.

Соңғы кезде денсаулық сақтау саласында орын алатын түрлі қол сұғушылықтар үшін жауаптылық көздейтін нормалардың басын «денсаулық сақтау саласында жасалатын қылмыстар» немесе «медицина қызметкерле-рінің кәсіби міндеттерін бұзуымен байланысты қылмыстар» атты жеке тарауда біріктіру жөніндегі ұсыныстар жиі айтылып жүр. Дегенмен ғалымдар жаңа тарауға кіретін қылмыстардың ортақ толық немесе тікелей объектілерін бөліп көрсету мүмкін еместігін мойындайды, өйткені медициналық қызмет көрсету — күрделі де сан қилы қоғамдық қатынастардың түрлі қырларын қамтитын сала.

Қылмыстық заң заңсыз заңсыз түсікті адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар қатарына жатқызады. Қылмыстардың бұл тобын «адамның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін әрекет немесе қауіптің бетін қайтаруға талпынбау (әрекетсіздік)» деп анықтауға болады. Екі жағдайда да адамның өмірі мен денсаулығына кінәлінің ниетімен қамтылмайтын  зиянды  зардаптардың тигізілмеуі — шарт.   Соңғы  шарт қылмыстардың қарастырылып отырған тобын  адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстардан айыруға мүмкіндік береді.

Ғалымдардың барлығы дерлік заңсыз заңсыз түсіктің негізгі тікелей объектісі ретінде жүкті әйелдің денсаулығын атайды. Осы пікірмен келісе отырып, біз заңсыз заңсыз түсік жасау қылмысының негізгі тікелей объекісін «жүктілікті заңсыз доғарудың мемлекет бекіткен тәртібін бұзу нәтижесінде зиян шегу қаупіне душар болған жүкті әйелдің денсаулығы» деп анықтаймыз. Бұл анықтамадағы жүкті әйедің денсаулығы дегеніміз — бірінші кезекте жүктілік күйініңң өзі және оның қалыпты ағымы. Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан заңсыз заңсыз түсіктің қосымша тікелей объектісі — жүкгі әйелдің өмірі.

Заңсыз заңсыз түсіктің объектісін анықтағанда дүниеге келмеген нәрестенің өмірі мен оны құрсағында көтеріп жүрген әйелдің денсаулығы мен өмірі түріндегі маңызды құндылықтар бәсекеге түседі. Сондықтан бұл қылмыстың қосымша тікелей объектісі ретінде арнайы әдебиетте жүкті әйелдің өмірі, болашақ ұрпақтардың денсаулығы, халық санын өсіру мүдделері, отбасы мен неке мүдделері, ұрық, эмбрионның өмірі аталады. Отандық заң шығарушының заңсыз түсікті криминализациялаудағы басты мақсаты — жүкті әйелдің денсаулығын қорғау.

Заңсыз заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының объективтік жағы. Заңсыз заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының объективтік жағын заңсыз түсік операциясын жасау тәртібін бұза отырып жүктілікті заңсыз доғаруға бағытталған жүкті әйелдің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін кез келген белсенді әрекеттер құрайды. Заңсыз заңсыз түсік аяқталған қылмыс деп саралау үшін жүктіліктің шынайы үзілуі, ұрықтың жатырдан аластатылуы шарт емес. Заңсыз заңсыз түсік нәтижесінде жүкгіліктің шынайы үзілуі денсаулыққа келтірілген ауыр зиян түріндегі жауаптылықты ерекше ауырлататын мән-жай ретінде ескеріле алмайды.

Заңсыз заңсыз түсікке оқталушылық деп жүктілікті доғаруға тікелей бағытталған, бірақ кігәлінің еркінен тыс себептерге байланысты күтілгендей нәтиже бермеген әрі жүкті әйелдің денсаулығына зиян тигізу қаупін туғызбаған әрекеттерді атаймыз. Соңғы маңызды шарт орындалмаған жағдайда кінәлінің әрекеті аяқталған қылмыс деп саралануы керек.

Қалыптасқан дәстүр бойынша заңсыз заңсыз түсік жасау қылмысының құрамы бланкеттік диспозициялы қылмыстық-құқықтық нормаларда си-патталады. Осының салдарынан заңсыз заңсыз түсік жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін баптың мәтіні ұзақ жылдар бойы өзгеріссіз (жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды қоспағанда) қалып келеді, ал нақты қылмыстық-құқықтық мазмұны болса үнемі құбылуда. Айталық, соңғы 10-15 жыл көлемінде заңсыз (криминалдық) деп танылатын заңсыз түсік ауқымы күннен күнге кеміп барады, ал сәйкес қылмыстық-құқықтық нормалардың диспозициясынан бұл үрдісті аңғару еш мүмкін емес.

Қылмыстық заңда кез келген заңсыз заңсыз түсік жайлы айтылғандықтан, жүктілікті заңсыз доғару операциясына рұхсат беру және жасау тәртібін реттейтін Инструкциялар талабынан ауытқудың кез келген түрі қылмыстық-құқықтық   тұрғыдан   жазаланатын   заңсыз    заңсыз түсік ұғымын береді. Алайда, біздің ойымымызша, заңсыз заңсыз түсіктің кейбір түрлеріне (заңсыз түсік операциясына жолдама беру тәртібін бұзу, сәйкес медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау). Іс-әрекетті қылмыс деп тану үшін қажетті қоғамдық қауіптілік дәрежесі тән емес. Осыдан келіп біз заңсыз заңсыз түсік пен қылмысты заңсыз түсік ұғымдары арасында айырмашылық жүргізуді ұсынамыз — заңсыз заңсыз түсіктердің қоғамдық қауіптілігі мейлінше жоғары санаулы түрлері ғана қылмысты заңсыз түсік деп танылуы керек. Айталық, көршілес Өзбекстанда маман-дәрігер жасаған заңсыз заңсыз түсік екі жағдайда ғана қылмыс деп танылады: егер операция емдеу мекемесінен тыс жерде жасалса және медициналық шектеулерге қарамастан жасалса. Заңсыз түсік операциясын жасау тәртібін бұзудың басқа түрлері қылмыстық-құқықтық мағынадағы заңсыз заңсыз түсік ұғымымен қамтылмайды. Ал Ресей Федерациясында маман-дәрігер жасаған заңсыз заңсыз түсік ешқандай жағдайда қылмыс деп танылмайды. Келтірілген мысалдар Қазақстанның заңсыз түсік үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін заңдары әлі де айтарлықтай қатал екендігіне көзімізді жеткізеді.

Заңсыз түсіктің қылмыс болып табылатын нақты түрлерін қылмыстық заңда тура атау арқылы біз маман-дәрігер жасаған заңсыз түсік үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін заңдарымызды айтарлықтай жеңілдетіп, қылмыстық заңның бірізді қолданылуын қамтамасыз етер едік.

Маман-дәрігер жасаған заңсыз түсіктің қылмыс деп танылатын нақты түрлері ретінде заңда мыналарды атауға болар еді:

а)медициналық шектеулерге қарамастан жасалған заңсыз түсік;

ә) емдеу мекемесінен тыс жерде жасалған заңсыз түсік;

б) санитария талаптарына қайшы шарттарда жасалған заңсыз түсік. Бұл жерде санитария талаптарының орындалмауын бұрын күші жүрген заңдардағыдай жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде емес, маман-дәрігер жасаған заңсыз заңсыз түсік қылмысының негізгі құрамының белгісі ретінде ескеруді ұсынамыз.

Арнайы әдебиетте заңсыз заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының объективтік жағын сипаттайтын міндетті белгілердің ішінде жүкті әйелдің келісімі аталады. Заңсыз түсік жасау тәртібін реттейтін Инструкцияларда жүкті әйелдің келісімі операция жасаудың негізі ретінде тура аталмаған. Дегенмен Ин-струкциялардың астарына үңілсек, жүктілікті заңсыз доғару операциясы жүкті әйелдің өтініші, қалауы, талабы бойынша жасалатындығына көзіміз жетеді.

Жүкті әйелдің келісімін жәбірленушінің келісімі жайлы теориялық көзқарастар шеңберінде қарастыруға болады. Аурудың келісімін іс-әрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын мән-жайлардың жеке бір түрі ретінде қарастыру жөніндегі ұсыныстармен бірнеше себептер бойынша келісуге болмайды. Біріншіден, ҚР-ның қылмыстық зандарында жәбірленушің келісімі іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлардың қатарына жатқызылмаған. Екіншіден, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің заңсыз әрскеттерін ақтап, оларға ерекше жеңілдіктер беру — азаматтардың заң алдындағы тендік принципіне қайшы келеді. Үшіншіден, дәрігердің кәсіби қызметінің дұрыстығы, заңдылығы жайлы пікірді біз қызметтің осы саласында қолданылатын ведомстволық ережелер негізінде ғана қалыптастыра аламыз. Ал бұл ережелер болса, әдетте,     медицина қызметкерлерінің мүдделеріне бейімделіп  жазылады. Нәтижесінде  халыққа медициналық қызмет   көрсету   саласында жасалатын қоғамдық қауіпті әрекеттерге тиісті қылмыстық-құқықтық баға берілмей жатады.

Кейбір ғалымдар жүкті  әйелдің келісімінсіз жасалған заңсыз түсік криминалдық заңсыз түсік деп саралау қажеттігін айтады. Біздің ойымызша, жүкті әйелдің келісімі — кез келген заңсыз түсіктің (заңсыз да, заңсыз да) міндетті белгісі. Жүкті әйелдің келісімі — заңсыз заңсыз түсік жасау және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстарының арасында айырмашылық жүргізуге мүмкіндік беретін бірден-бір белгі.

Заңсыз түсіктің зиянды зардаптары қылмыстық заңда тура аталмаған. Қылмыстық құқық теориясында қоғамдық қауіпті зардаптары заңда аталмаған қылмыстарды формальдық күрамды қылмыстар дейді. Осы тұрғыдан алғанда заңсыз заңсыз түсік — формальдық құрамды қылмыс. Алайда заңсыз түсік үшін қылмыстық жауаптылық мәселесін зерттеген ғалымдардың кейбіреуі криминалдық заңсыз түсік нәтижесінде, әдстте, ұрық жойылып, жүктілік үзілетіндіктен, оны материалдық құрамды қылмыстар қатарына жатқызуға негіз бар деп санайды. Біздің ойымызша, ғалымдардың жаңылыс пікір айтуына олардың қылмыс және қылмыс құрамы ұғымдарын шатастыруы себепші болған.

Заңсыз заңсыз түсіктің жәбірленушінің өлімі немесе оның денсаулығына келтірілген ауыр зиян түріндегі зардаптармен ауырлатылған түрлерін саралағанда себептілік байланысты анықтау мүмкіндігін қиындатып жіберетін жайттар бар екенін ескеру керек. Олар — адам организмінің күрделілігі (кездейсоқ, жанама байланыстардың қабаттасып келуі) және адам организмінің жеке ерекшеліктері (физиологиялық және патологиялық үрдістердің ағымына түрлі ауытқулардың жиі кездесуі).

Медицинада жүктілікгі заңсыз доғарудың белгілі бір тәсілдері ғана рұхсат етілген. Ал заңсыз заңсыз түсікшілер қолданатын тәсілдер сан алуан болуы мүмкін, сондықтан біздің қылмыстық заңдарда жүктілікгі доғарудың тыйым салынған тәсілдері аталмаған. Дегенмен заңсыз заңсыз түсіктің жасалу тәсілін анықтаудың медициналық және қылмыстық-құқықтық маңызын мүлде жоққа шығаруға болмайды. Айталық, медициналық тұрғыдан алғанда заңсыз түсік жасаушылардың жүктілікті доғару үшін қандай тәсіл қолданғанын білу жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіптің бетін қайтаруға қажетті шұғыл медициналық шаралар ауқымын анықтап алуға мүмкіндік береді. Ал қылмыстық-құқықтық тұрғыдан алғанда, криминалдық заңсыз түсіктің жасалу тәсілі жайлы мәліметтер бұл заңсыз түсіктің занды немесе заңсыз екендігін анықтауға жол ашады, оның әйелдің өмірі мен денсаулығы үшін қаншалықты қауіпті екендігін сипаттайды, кінәлінің жеке басы жайлы пікір қалыптастыруға жағдай жасайды.

Заңсыз түсік жасау тәсілі кылмыс субъектісіне байланысты. Медицина қызметкерлері заңсыз заңсыз түсікті, әдетте инструменталдық тәсілмен, вакуум-аспирация тәсілімен жасайды, орта буын медицина қызметкерлері жүктілікті доғару үшін химиялық заттарды қолданады. Медицинаға қатысы жоқ адамдар заңсыз түсікті көбінесе жүкті әйелдің жатыр қуысына түрлі ерітінділер мен заттарды жіберу жолымсн жасайды.

 

2.2 Заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының субъектілік белгілері

 

Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі деп ақыл-есі дұрыс, белгілі бір жасқа жеткен адамды атайды. Кей жағдайларда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде қылмыстың арнайы субъектісін сипаттайтын қосымша белгілер көзделуі мүмкін. Криминалдық заңсыз түсікті арнайы субъектісін сипаттайтын белгі ретінде адамның айналысатын кәсібі, мамандығы ескерілген.

ҚР ҚК-нің 117-бабының 2-тармағында көзделген қылмыстың субъектісі болу үшін, біріншіден, заңсыз түсік жасаушының қолында жоғары медициналық білім алғандығын және гинекология саласында маманданғандығын растайтын құжат (диплом), екіншіден, жүктілік ағымына оперативтік араласу мәселесәнде тереңдетілген арнайы білімі және тәжірибесі болуы керек, үшіншіден, ол сәйкес емдеу мекемесінде, атап айтқанда, перзентханада, ауруханалардың гинекологиялық немесе жалпы хирургаялық бөлімшелерінде, ал мини- заңсыз түсік жасау үшін әйелдер консультациясы мен жеке меншіік емдеу мекемелерінде акушер-гинеколог болып қызмет істеуі керек.

«Жүктілікті заңсыз доғару операциясын жүргізу тәртібі туралы» инструкцияның 7-пунктінде заңсыз түсік операциясын жасау құқын беретін дәрігерлік    мамандық    тура     аталған     —     акушер-гинеколог.     Ендеше,

қылмыстық заңда криминалдық заңсыз түсіктің арнайы субъектісін сипаттағанда «тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар адам» шұбалаңқы тіркесін қысқа да нұсқа «акушер-гинеколог» тіркесімен алмастыруға болады.

Арнайы    білімдерінің   арқасында акушер-гинеколог  заңсыз түсік операциясының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Заңсыз түсікті басқа адамдар жасаған жағдайда оның жүкті әйелдің өмірі мен денсаулығы үшін зияндылығы күрт өсіп кетеді. Заңда криминалдық заңсыз түсікті қылмыс субъектісіне қарай екі түрге бөлудің мәні — маман-дәрігер жасаған заңсыз заңсыз түсік  пен басқа адамдар жасаған заңсыз түсіктің түрлі қоғамдық қауіптілігін ескеру. Алайда ҚР ҚК-нің 117-бабының 1 және 2-тармақтарының санкциялары бірін-бірі айнытпай қайталайды деуге болады. Соңғы жайт, бір жағынан, қоғамдық қауіптілік дәрежесі әртектес қылмыстарды теңестірсе, екінші жағынан, заңсыз заңсыз түсікті субъектісіне қарай түрлерге бөлудің мәнін жояды. 2000 жылдың 5-мамырындағы Заңмен ҚК-тің 117-бабының санкцияларына өзгертулер енгізілуіне қарамастан, заңсыз заңсыз түсіктің екі түрі де онша ауыр емес қылмыстар категориясыңда қалды.

Заңсыз заңсыз түсік жасаған адамның медицина саласындағы білім деңгейі оның жүктілікті заңсыз доғаруға бағытталған әрекеттерінің қоғамдық қауіптілік дәрежесіне тікелей әсер етеді. Осы жайтты мойындағанымызбен, біз қылмыс субъектісінің медицинаға қатынасына қарай заңда криминалдық заңсыз түсіктің үш-төрт түрін жеке-жеке атау кажеттігі жоқ деп санаймыз. Тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адам жасаған заңсыз түсік үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін норманың балама санкциясы заңсыз түсіктің қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмыскердің жеке басын және т.б. мән-жайларды ескере отырып, жазаны барынша жекешелендіру мүмкіндігін береді. Қылмыс субъектісі медицина қызметкері болған жағдайларда сот әрқашан айыптыға кәсіби қызмепен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындау мүмкіндігін қарастыруы керек .

Информация о работе Заңсыз Түсік