Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 12:31, реферат

Описание работы

Өзектілігі. Қазақстанға өзінің нарықтық қаржы жүйесін жоқтан құруға тура келді. Құрылатын жүйенің ең маңызды құраушысы болып тиімді жұмыс істейтін ақша және несие нарығы табылады. Ол ынталандырушы монетарлық саясатты жүргізуде және банк жүйесінің дамуындағы қажетті тереңдікке жетуде өте маңызды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ 5
1.1 Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы 5
1.2 Банкаралық несие нарығының даму тарихы 10
2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 22
2.1 Банкаралық несие нарығындағы келісімдер 22
2.2 Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары 31
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39

Работа содержит 1 файл

несие нарығы.docx

— 46.06 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3 
1. ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ 5 
1.1 Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы 5 
1.2 Банкаралық несие нарығының даму тарихы 10 
2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 22 
2.1 Банкаралық несие нарығындағы келісімдер 22 
2.2 Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары 31 
ҚОРЫТЫНДЫ 37 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

   Өзектілігі. Қазақстанға өзінің нарықтық қаржы жүйесін жоқтан құруға тура келді. Құрылатын жүйенің ең маңызды құраушысы болып тиімді жұмыс істейтін ақша және несие нарығы табылады. Ол ынталандырушы монетарлық саясатты жүргізуде және банк жүйесінің дамуындағы қажетті тереңдікке жетуде өте маңызды.

Ең алдымен, несиенің дамыған банкаралық нарығы банктік инвестицияларды, банк жүйесінде жиналған қаражаттарды тез  әрі тиімді қайта бөлу арқылы, нақты экономикаға тиімді орналастыруға көмектеседі. Салдары ретінде, банкаралық нарық инвестициялардың жалпы көлеміне және нәтижесіне әсер етеді, сонымен қатар инвестициялық шешімдерді қабылдау көзқарасынан қарағанда экономика үшін және экономикалық өсуге жету үшін өте маңызды.

Банкаралық нарықтың келісілген жұмысы кез-келген қазіргі заманғы банк жүйесінің негізі бола отырып, банктерге  қажетті ресурстарды қолдануды  жеңілдетеді, мәмілелер көлемінің өсуіне көмектеседі және қосымша резервтерді ұстау қажеттілігін төмендетіп, банктерге тиімді және аз шығынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді. Алайда жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық өтімді ресурстарға болжанбаған қажеттілігінен пайда болатын тұрақсыздықтарды тежеп, банк секторының болжанбаған дағдарыстарға қатысты тұрақтылығын, орнықтылығын қамтамасыз етеді.

Банкаралық нарық монетарлық саясатты жүргізу барысында жетекші роль атқарады. Ақша нарығы қаржы ресурстарын  банк жүйесіне, нәтижесінде, кәсіпорындарға және үй шаруашылығына тиімді бөлуге арналған. Бұл дегеніміз, тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарық монетарлық саясаттың тікелей әсер етуден жанама әсер ету әдістеріне өтудің қажетті шарты болып табылады. Кең қолданылатын ашық нарықтағы операциялардың әсерін бүкіл банктік жүйе бойынша таратуға көмектесетін банкаралық нарықтың жұмысынсыз берілген операциялар жетерліктей тиімді болмайды. Осылай, әлсіз банкаралық нарық монетарлық саясатты асыру мүмкіндіктерін шектейді, өйткені тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарығы болмағанда, банк жүйесіне қажетті берілу механизмі да болмайды. Осыдан, өтімділіктің тиімді қайта бөлінуіне көмектесетін, тиімді жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық монетарлық саясаттың жанама құралдарының банктік жүйеге берілуі үшін қажетті.

Тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарық баға механизмдерін және жекелеген  банктердің өтімді ресурстарға жету мүмкіндіктерін қолдана отырып, банк жүйесіндегі нарықтық тәртіпті жоғарлатады. Банктік жүйені ақша-несие реттеу органдарымен саналы басқару банк жүйесі қауіпсіздігінің және орнықтылығының тек біршама деңгейін қамтамасыз ете алады. Банктердің өздері саналы банктік операцияларды жүргізуге ұмтылуының маңыздылығы осыдан артық болмаса кем емес. Банк жүйесі мен нарығы туралы ең интенсивті (және дереу) белгілерді қалыптастыратын жөнді жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық бұл нарықтық тәртіп үшін басты негізі болады.

Өтпелі экономикасы бар елдер  үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасы, тиімді банкаралық нарықты құру өте күрделі мәселе. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы қаржы нарықтары толық жетілмеген, жетерліктей сыйымдылығы жоқ (бұл оларды потенциалды орнықсыз етеді) және жетерліктей функционалды емес. Оларға өтімділік тұрақсыздығының мерзімді ушығуы тән, соған қарамастан Ұлттық банк бүгінге дейін күрделі дағдарыстарды болдырмауға тырысты. Алайда, Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы нарықтарына бірігу жағдайында, нәтижесінде шетелдік қоржынды инвестициялардың артуы салдарынан жалпы қаржылық жағдай одан аса тұрақсыз болып отыр.

Дамушы нарықтардың мәселелерінің  бірі болып қол жетерлік ақпараттың жетерліктей айқын болмауы, бұл халықаралық есеп стандарттары (ХЕС) кіргізу аяқталмаған жағдайда әріптестердің (банктердің) несиеқабілеттілігін сараптауды қиындатады. Берілген кезеңде, стандартталған ақпараттың жетіспеушілігі жағдайында, несиелік тәуекелді сараптау бойынша мүмкіндіктер шектелген, сондықтан берілген жетіспеушілік болашақта да қате инвестициялық шешімдер қабылдауға итермелеуі мүмкін. Осылай, ақпараттың қол жетерлігі мен сапасын жоғарлату нарықтағы табысты жұмыстың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Қаржылық нарықтың сегментациясы  дамушы экономикаларға тән тағы бір жетіспеушілігі болып табылады. Несиенің банкаралық нарығы – көптеген басқа нарықтарды өзіне жатқызатын, қаржы жүйесі құраушысының бірі ғана. Олардың арасында банкаралық несие нарығымен ең тығыз байланысты болып мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы табылады. Дәл осы ішкі мемлекеттік несие облигациялары банкаралық несие мәмілелерін жүргізгенде кепілзат ретінде қолданылады. Алайда мемлекеттік бағалы қағаздарының екіншілік нарығының өтімділігі жоғалған жағдайда, осы бағалы қағаздармен қамтамасыз етудің бағасы өсуі мүмкін, бұл өз кезегінде несиенің банкаралық нарығының жұмысы мен дамуына едәуір әсер етеді. Яғни, несиенің банкаралық нарығын, оның жұмысының сыртқы ортасын құрайтын басқа қаржы нарықтарымен тығыз байланыста қарастыру керек. Берілген жұмыстың тақырыбы өзекті және іс жүзінде мағыналы екенін атап айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны 
 
Кіріспе 
І. Несие нарығының қалыптасуы және дамуы 
1.1Несие нарығына сипаттама 
1.2Қазақстандағы несие нарығының структурасы 
ІІ. Қазақстандағы несие нарығындағы коммерциялык банктердің ролі 
2.1 Банктік несиенің ерекшеліктері және түрлері 
2.2 Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуы 
ІІІ. Коммерциялық банктердің несиелік қабілеттілікті және тіуекелді бағалауы 
3.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді басқару және бағалауы 
3.2 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі  
Қорытынды 
Қолданылған әдебиеттер

Мазмұны:

      1. Несие  нарығы туралы түсінік және оның қызметі.

      2. Несие  нарығы құралдарының түрлері  мен формалары.

      3. Қазақстандағы  несие нарығының құрылымы.

      4. Қазақстандағы  ипотекалық несиелеу.

 

1. Несие нарығы  туралы түсінік және оның қызметі.

 

          Нарықтық экономикада несиенің рөлі аса маңызды. Ақша капиталының жинақталу ауқымының ұлғаюы — несие нарығының дамуына себепкер болады. Ссудалық капитал қозғалысының мәні төмендегідей: ақша қаражаттары түрінде жинақталған капитал ссудалық капиталға тікелей айналады. Несие нарығы экономикалық санат ретінде, түпкі есебінде оның мәнін қалыптастыратын күн қозғалысымен байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынасты білдіреді.

          Несие нарығы — механизм. Оның  көмегімен қаржылық қаражатқа  мұқгаж шаруашылық жүргізуші  субъектілер мен халықтың өзара  қарым-қатынасы және шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен қаражатты ұсынуды (қарызға беруді) жүзеге асыратын қарым-қатынас белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, белінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Ол оған нарық арқылы ссудалық капитал түрінде бағытталады, содан соң несие берушіге (банктерге және басқа да қаржы-несие институттарына) қайтып оралады. Несие нарығының мәні онда қандай ақша капиталының, яғни өзіндік капиталдың немесе басқа біреудің капиталының пайдаланғанына байланысты болмайды. Дөлірек айтқанда, банкир өз ісін өзіндік капиталдың көмегімен жүргізе ме немесе өз банкісінде депозитке салынған капиталдың көмегімен жүргізеді ме — мұның еш мәнісі жоқ.

          Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел ішіндегі капитал қозғалысы, капитал салымындағы жинақтың түрленуі, ғылыми-техникалық революцияның жүзеге асуы, негізгі капиталдың жаңғыртылуы жүзеге асырылады.

          Оның қаржы нарығының құрастырушысы  ретіндегі маңызды рөлі ұсақ және бытыраңқы ақша қаражатын біріктіріп, өндіріс пен капиталды нарыққа шоғырландырып, орталықтандырылуына мүмкіндік береді. Ақша капиталы негізінен ақшалай ссудалық капитал түрінде жинақталады. Осыған байланысты алатын болсақ, оқшау процесс ретінде жинақтаудың ешқандай маңызы жоқ, жинақтау ең алдымен өндірістің барысына ықпалын тигізгенде ғана маңызды болады. Ақша капиталын макроэкономикалық тұрғыдан жинақтау — нақты жинақтаумен өзара тығыз байланысты. Ақша капиталы негізінен халық жинағының есебінен қалыптасатыны белгілі. Ал олардың мөлшері елдін жалпы ұлттық өнімдерінде капитал салымының үлесін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

      Несие нарығының  мәні мен рөлі оның функциясын анық-тайды. Несие теориясында оның функциясының мазмұны мен мөлшеріне қатысты бірыңғай көзқарас жоқ. Алайда өзінің барлық формасында несие мәні қайта бөлу функциясында, айналымның несие құралын жасаушы функциясында тұрақты түрде пайда болып отырады. Кейбір ғалымдардың теориялық тұжырымдарына сүйенсек, Қазақстанның несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге болады:

        •  несие арқылы тауар айналымына  қызмет ету;

        •  шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың,

       мемлекеттің,  сондай-ақ шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту;

        •  ақша қорларын тікелей ссудалық  капиталда шоғырлан-

        дыру  және оны өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану;

        •  мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ аса қуатты қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасуына ықпал ету.

 Несие нарығы —  әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасқан және пайдаланылған құн қозғалысының ақшалай формасымен органикалық байланыста болатыны белгілі. Оның деңгейімен қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оның тұтастай әлеуметтік-экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысы, мөлшері және бағыты өлшеніп, анықталады.

Несие нарығының негізгі  қатысушылары — несие беруші және қарыз алушы. Несие беруші (кредитор) несие мәмілесінің ссуда беретін жағы. Тауарлық өндірістің бұрынғы сатысында несие берушілердің рөлін өсімқорлар орындаған. Оның дамуына қарай акшалай несиені берушілердің орнын банк мекемелері басты. Ал тауарларды ссудаға беруде несие беруші ретінде тауар өндірушілер алға шықты. Несие беруші ссуда беру үшін белгілі бір қаражатқа ие болуы керек. Бұл қаражаттың көздеріне оның (несие берушінің) өз қаражаты, ресурстары, өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен қайтару негізінде қарызға алынатын қаражат жатуы мүмкін. Осы заманғы нарықтық қатынастар жағдайында несие беруші банк ссуданы тек өз ресурстарының есебінен ғана емес, сонымен бірге өз шотында сақтаулы жатқан тартылған ресурстардың есебінен, жұмылдырылған бағалы қағаздарды орналастыру арқылы беруі мүмкін.

          Қарыз алушы — несие қатынасында  несие алатын және алған ссудасын  белгіленген мерзімде қайтаруға  міндетті жақ. Өсімкорлық кезеңінде  несиені ұсақ шаруалар, қолөнерші-шеберлер, сондай-ақ аса ірі жер иеленушілер немесе бай адамдар пайдаланды. Кейін банктердің пайда болуына қарай қарыз алушылардың шоғырлануы жүзеге асты. Бұл арада банк ұжымдық несие беруші ретінде алға шықты. Ссудалық мәміледе несие берушіге қарағанда қарыз алушының мынадай ерекшеліктері болды:

        - ол  ссудалық қаражаттың түпкілікті  иесі болып табылмайды, тек оның уақытша иесі бола алады, әрі өзіне тиесілі емес бөтен ресурспен жұмыс  істейді;

        - қарыз  алушы ссудалық қаражатты айналыс  саласында да, өндіріс саласында да пайдалана алады. Несие беруші ссуданы өндіріске тікелей шықпай, ауысу  фазасында береді;

          -  қарыз алушы ссудалық ресурсты  өз шаруашылығына пайдаланғаннан  кейін қайтарады. Карыз алушы  ссуданы қайтару үшін ұдайы  өндірістік  процесті несие берушімен есеп айырысуға жеткілікті қаражатты босатып алатындай етіп ұйымдастыруы керек;

  - қарыз алушы уақытша  пайдалануға алған құнды ғана қайтарып қоймайды, сонымен бірге оның ссудалық пайызын да төлейді. Бұл арада өз шарттарын алға тартатын несие берушіге қарыз алушының тәуелді болатынын естен шығармауымыз керек.

          Несие қозғалысының зандылығы несие нарығында пайда болатын  несие  беруші мен қарыз алушының арасындағы қатынасты толығырақ ұғынуымызға мүмкіндік береді.

          Несие беруші мен қарыз алушы несие қатынасына түсу арқылы өздерінің мақсаттары мен мүдделерінің бірдей екенін көрсетеді. Олар несие қатынасы шеңберінде орындарын алмастыруы да мүмкін. Егер орындарын алмастыратын болса, несие беруші қарыз алушыға, ал қарыз алушы несие берушіге айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Несие нарығы  құралдарының түрлері мен формалары

 

          Несие нарығының құралы — несие.  Ол (несие) айырбас сәтінде пайда  болып, құнның ұдайы қозғалысын  қамтамасыз ететін ссудалық мәміленің формасына енеді. Ссудалық мәміле несие қозғалысының өзегі болып табылады.

          Оны нақты шындыққа айналдыратындай  белгілі бір шарттары болуы керек. Біріншіден, несие беруші де, қарыз алушы да экономикалық байланысқа қарай, міндеттемелерді орындауға материалдық тұрғыдан кепілдеме бере алатындай заңды дербес субъектілер ретінде алға шығуы керек. Екіншіден, несие беруші мен қарыз алушының мүдделері бірдей болғанда ғана несие қажеттілікке айналады. Несие мәмілесі жүзеге асу үшін оның қатысушылары, бірінші жақ— ссудаға ақша қаражаттарын беруге, екінші жақ — оны алуға екі жақты мүдделік танытуы керек. Несиелік қатынас субъектілерінің өзара мүдделеріне негізделген экономикалық байланыс тұрақтылығымен сипатталады, әрі несие шеңберіндеп тұтас жүйе ретінде анықгалады.

Информация о работе Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары