Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 12:31, реферат

Описание работы

Өзектілігі. Қазақстанға өзінің нарықтық қаржы жүйесін жоқтан құруға тура келді. Құрылатын жүйенің ең маңызды құраушысы болып тиімді жұмыс істейтін ақша және несие нарығы табылады. Ол ынталандырушы монетарлық саясатты жүргізуде және банк жүйесінің дамуындағы қажетті тереңдікке жетуде өте маңызды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ 5
1.1 Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы 5
1.2 Банкаралық несие нарығының даму тарихы 10
2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 22
2.1 Банкаралық несие нарығындағы келісімдер 22
2.2 Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары 31
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39

Работа содержит 1 файл

несие нарығы.docx

— 46.06 Кб (Скачать)

      5. Андеррайтингтің  нәтижелері туралы есеп беру.

      6. Кепілдің  жағдайын тексеру туралы есеп  беру.

      7. Несиелік  келісімшарт.

      8. Ипотекалық  келісімшарт.

      9. Тұрғын үйді сату-сатып алу келісімшарты.

      10. Сатып  алудың және егер бар болса,  ипотекалық айғақты кері сатып алу келісімшарты.

          Банк ипотекалық тұрғын үй несиесін ресімдеуге арналған құжаттардың бұлардан басқа қосымша формаларын дербес пайдалана алады.

          Компания сатып алынған құқық-талаптардың пулдарымен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды шығарады. Әрбір эмиссия үшін параметрлермен сәйкес келетін жеке пул жасалады. Оның үстіне, банктер мен компанияның арасында сатып алынған құқық-талаптарды сенімділікпен басқару келісімшарты бекітіледі. Бұл несие берушіге қарыз алушыны және кепілге салынған үйді бақылауына, несиеге қызмет еткені үшін комиссиялық сыйақы алуына мүмкіндік береді.

          Стандартқа сәйкес келмейтін ипотекалық несие анықталған жағдайда банк кемшілікті жоюы керек немесе сапасыз несиені сатып алады.

          Қарыз алушының тарапынан ай  сайынғы төлем төленбесе немесе  мүлдем төленбесе банк ай сайынғы  төлем мөлшерінде компания несиесі бойынша төлемді жүзеге асырады.

          Егер ипотекалық несие сапасыз  деп танылатын болса, онда банк  бұл несиені компаниядан сатып  алады және негізгі қарыздың  қалған сомасын өтеу туралы  қарыз алушымен жеке келіседі. Несиені өндіріп алуды компания және соңғы инвестор емес банк жүзеге асырады, яғни оның (өндіріп алудың) тәуекелдігін өз мойнына алады.

          Қажетті күн мерзімінен бұрын  өтелетін жағдайда ол жаңа  несие бойынша талап етудің  құқығын іске қосу жолымен  немесе ҚР Ұлттық банктің қайта қаржыландырылуына қолайлы ақша немесе бағалы қағаздар секілді өтімді активтерді өтеудің арнайы шотына орналастырумен жүзеге асырылады.

          Осыдан кейін институционалдық  инвесторлар (зейнетақы қорлары,  сақтандыру компаниялары және  т.б.) қайталамалы нарықта талап етудің құқықтарымен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды сатып алады. Осылайша олар ипотекалық нарықтың қайта қаржыландырылуын және тұрғын үй несиесінің ақша қаражаттары құйылымымен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.

          Компания өз қызметінің алғашқы  кезеңінде негізінен тіркелген  пайыздық мөлшерлемесі бар, өтелу  мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейінгі уақытты қамтитын несиені сатып алады. Мұнда несие бойынша сыйақының мөлшері 3 жыл мерзіміндегі несие бойынша жылына 13,9%-дан 10 жыл мерзіміндегі несие бойынша 18,8%-ға дейінгі көрсеткішті қамтиды.

          Несиенің ең аз шамасы 3000 АҚШ долларының шамасында болды, ең көп шамасы 4,5 млн теңгеден (эквиваленті 30 мың АҚШ доллары сомасынан) аспауы керек. Айрықша жағдайларда ғана ипотекалық тұрғын үй несиесінің ең көп шамадағы сомасы компанияның шешімі бойынша 100 мың долларға дейін жоғарылай алады. Сонымен пәтердің құны 4300 доллардан 43000 долларға дейін бола алады. Несиелер тек ұлттық валютада теңгемен ғана беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Бүгінгі  таңда Қазақстанның ипотека нарығында  несие бойынша пайыздың кемігені  және оның берілу мерзімінің  ұзарғаны байқалып отыр. Оның үстіне, тұрғын үй несиесі бойынша мамандандырылған «Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ құрылды. Бүгінгі тандағы Қазақстан ипотекалық компаниясының серіктестері: «БТА-Ипотека» АҚ, «Алматы Сауда-Қаржылық Банкі» АҚ, «ЦентрКредитБанкі», АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ және «Астана-Финанс» банктік емес ұйымы, «Аладин», «Хоромы-Estate», «Недвижимость-Алматы», «ЦКН-Ипотека» жылжымайтын мүлік агенттіктері. Бұл банктердің Қазақстан ипотекалық компаниясы жағдайында ипотека беруімен қатар өздерінің ипотекалық несие пакеттеріне ие. Кейбір банктер компанияның серіктестері болып табылмаса да, ипотекалық несиені беруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында әр түрлі ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыруда ең көп тәжірибе жинақтаған банк — «Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ.


Информация о работе Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары