Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 12:31, реферат

Описание работы

Өзектілігі. Қазақстанға өзінің нарықтық қаржы жүйесін жоқтан құруға тура келді. Құрылатын жүйенің ең маңызды құраушысы болып тиімді жұмыс істейтін ақша және несие нарығы табылады. Ол ынталандырушы монетарлық саясатты жүргізуде және банк жүйесінің дамуындағы қажетті тереңдікке жетуде өте маңызды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ 5
1.1 Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы 5
1.2 Банкаралық несие нарығының даму тарихы 10
2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 22
2.1 Банкаралық несие нарығындағы келісімдер 22
2.2 Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары 31
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39

Работа содержит 1 файл

несие нарығы.docx

— 46.06 Кб (Скачать)

          Тауарларды өткізудегі сату-сатып  алу процесінде сатушы оның (тауардың) ақшалай эквивалентін әрдайым  бірден ала бермейді. Сатып алушы  тауардың құнын белгілі бір мерзім ішінде төлеуі мүмкін. Бұл арада сатып алушы қарыз алушыға, ал сатушы несие берушіге айналады. Несие беруші мен қарыз алушы — бір полюсте эквивалент алудың, ал екінші полюсте оны төлеудің мерзімі ұзартылатын барлық жағдайларда — қатысушыларға айналады.

          Нарықтық шаруашылық жағдайындағы  негізгі формаға банк несиесі жатады. Бұл жағдайда кәсіпорын, ұйым, халық, мемлекет және банктің өздері де несие қатынасының субъектілері ретінде алға шығады. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне түрлі белгілері бойынша жіктеуге болатын әр түрлі несие түрлерін ұсынады. Ең алдымен қарыз алушылардың негізгі топ-тары болып табылатын шаруашылыққа, халыққа, мемлекеттік органдарға несие беріледі.

      Тағайындалуы (бағыты) бойынша несиені былайша  бөліп көрсетуге болады:

        - тұтынушылық;

        - өнеркәсіптік;

        - саудалық;

        - ауыл  шаруашылығына берілетін несие;

        - инвестициялық;

      - бюджеттік.

          Экономиканың барлық салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілетін банк несиелері жұмыс істеу салаларына қарай екі түрге бөлінуі мүмкін:

        - негізгі  қордың кеңейтілген ұдайы өндірісіне қатыстырылатын ссуда;

       - айналым  қорлары ұйымдастыруға қатыстырылатын, яғни өндіріс

       - саласы  мен айналыс саласына бағытталатын  ссуда.

          Несие пайдалану мерзімі бойынша талап етілгенге дейінгі және мерзімді несиелер деп бөлінеді:

          Мерзімді несие өз кезегінде  мыналарға бөлінеді:

        •  қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

        •  орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін);

        •  ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары).

          Талап етілгенге дейінгі несиені  қарыз алушы несие берушінің  талабы бойынша қайтару мерзімі ішінде немесе несие келісім-шарты бойынша белгіленген мерзімде немесе өз қалауы бойынша кез келген уақытта қайтарады.

          2. Несие мөлшері бойынша ірі, орташа, ұсақ деп бөлінеді. Әрбір банк оны өзінің несие салымдарының көлеміне қарай анықтайды. Мәселен, әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктер нормативті тәртіппен «аса ірі сатушы» ұғымын өзіндік қаражаттың 3-5%-ынан асатын несие ретінде анықтайды.

          3. Қамтамасыз етілуі бойынша несие  қамтамасыз етілген және қамтамасыз  етілмеген (бланктік) деп бөлінеді. Қамтамасыз етілетін несие мыналармен қамтамасыз етіледі:

        •  кепілмен;

        •  банк кепілдемесімен;

        •  сақтандырумен.

        Несиені  қамтамасыз ету оның қайтарылмай  қалу қауіпін азайтудың бір тәсілі болып табылады. Ал қамтамасыз етілмейтін несиеге тоқталатын болсақ, ол бұрыннан банкпен серіктестік байланыс орнатқан, несие төлеуге қабілеті бар бірінші сыныпты клиентке беріледі. Ол (қамтамасыз етілмейтін несие), әдетте, қысқа мерзімде (бір айдан үш айға дейін) қосымша ақша қаражаттарына мұқтаж қарыз алушыға беріледі. Қамтамасыз етілетін несиеге келетін болсақ, оның жөні басқа. Қамтамасыз етілген міндеттеме несиені қарыз алушы өтемей кеткен жағдайда оны несие берушінің өндіріп алуына құқығын бекітіп береді.

          4. Банк ссудаларын беру тәсілі  бойынша оны өтемақылық және  төлемдік деп бөліп көрсетуге болады. Өтемақылық несие — қарыз алушының есеп шотына оның тауарлық-материалдық құндылыққа немесе шығынға жұмсалған өзіндік қаражатының орнын толтыру үшін бағытталады. Төлемдік несие — банк ссудасы қарыз алушыға несиеленген шара бойынша төлемді төлеуі үшін ұсынылатын ақшалай есеп айырысу құжатының төлеміне тікелей бағытталады.

          5. Өтелетін әдісі бойынша бөліп-бөліп төлеумен өтелетін банк ссудасы және бір мезгілде (нақты бір күнде) өтелетін ссуда деп бөлінеді.

          Банк несиесі шаруашылық жүргізуші  субъектілердің және басқа да  құқықтық тұрғыдан ұйымдастырылған құрылымдардың өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне несиелеу қағидаларын қатаң сақтаумен беріледі. Несиелеу қағидасы барлық жүйенің ең басты және негізгі элементі болып табылады. Өйткені ол несиенің мәні мен мазмұнын, сондай-ақ объективті экономикалық заңдылықтардың талаптарын, оның ішінде несие қатынасы саласындағы зандылықтың талаптарын бейнелейді.

          Банк несиесінің мынадай формалары  бар:

          1. Мерзімді несие — мерзім  басында толық беріледі. Сондықтан  да ол бойынша пайыз барлық  соманың есеп айырысуынан есептеледі, ал негізгі сома кезендік жарнамен  немесе мерзім соңында бір жолғы төлеммен өтеледі.

          Қысқа мерзімді несие, әдетте, тіркелген пайыз мөлшерлемесі  бойынша беріледі, ал ұзақ мерзімді  кез келген валютада өзгермелі  пайызбен беріледі. Мұның біріншісі (қысқа мерзімді несие) шаруашылық жүргізуші субъектілердің айналымдағы капитал қозғалысына қызмет етеді, есеп айырысудың уақтылы жүргізілуіне ықпалын тигізеді, төлем қабілетін арттырады әрі

      қаржылық  жағдайды нығайтады. Оның қысқа  мерзімді несиеден айырмашылығы  ұзақ мерзімді және орта мерзімді  несиелер инвестициядағы қажеттілікті  қамтамасыз етуге, яғни негізгі  капиталдың қозғалысына, құрылысқа, жаңа өндірісті жаңғыртуға, игеруге және негізгі қордың ұлғайтылған ұдайы өндірісімен бай-ланысты шараларды жүзеге асыруға бағытталады.

          2. Овердрафт бойынша несие —  мерзімсіз несие. Оны қарыз  алушы алғашқы талап етуі бойынша келісімшарттың сомасына сәйкес күн сайын есептелетін, базалық мөлшерлемеден асатын пайызбен ала алады. Банк қарыз алушыға алдын ала хабарлап, овердрафт бойынша несиенің күшін жоюы мүмкін.

          3. Ашық несие желісі бар несие  - қарыз алушының талап етуі  бойынша банктің келісімшартта  айтылған соманы беру міндеттемесі. Несие желісі белгілі бір мерзімге ашылады және ол осы мерзім ішінде жабылмайды. Несие желісін компаниялар қажет болған жағдайда қаржыландырудың қосымша көзі ретінде пайдалануы мүмкін.

          4. Жаңартылмалы несие. Несие желісі  де, овердраф та жаңартылмалы  несие түрінде бола алады. Бұл арада қарыз алушы соманы ескертілген соманың шегінде тұрақты пайдалануы, әрі өтеуі мүмкін. Айта кететін жайт, мұндағы несие белгіленген берешек лимитінің шегіңде автоматты түрде беріледі әрі өтеледі. Мәселен, егер банк қарыз алушы үшін 300 мың теңге сомасында үш жылға жаңартпалы несиесі бар несие желісін ашатын болса, онда қарыз алушы 300 мың теңгенің бәрін үш айға бір-ақ ала алады. Қарыз алушы жаңартпалы несиені ең қысқа мерзімде пайдаланады. Үш ай өткен соң сома өтелетін болса, қарыз алушы несиені 300 мың теңге сомасында автоматты түрде жаңарта алады.

          5. Бірлестірілген иесие. Дәстүрлі мерзімді банк несиесі туралы келісім банк пен шаруашылық жүргізуші субъектінің арасында бекітіледі. Яғни, оған екі жақ қатысады. Шаруашылық жүргізуші субъект пен банктер (A,B,...N) арасында жеке несие келісімі бекітіледі. Алайда субъектіге аса ірі сома қажет болған кезде банк көп мөлшерде несие беруден бас тартатын болса, яғни үлкен тәуекелдік жүгін өз мойнына алғысы келмесе немесе шаруашылық жүргізуші субъект өзін-өзі қаржыландыру үшін тек бір ғана банкпен шектеліп қалғысы келмесе, онда бірлестірілген несие қажет болады. Мұндай несиені қарыз алушыға бірнеше банк береді.

          Бірлестірілген несие — банк тобын құратын кепіл банк аркылы ұйымдастырылады. Мұнда топтың құрамындағы әрбір банк несие сомасының белгілі бір бөлігін береді.

          6. Ипотекалық несие — сатып  алынған үйдің немесе жердің  кепілімен банк беретін орта  мерзімді және ұзақ мерзімді несие. Ипотекалық несие — қаржылық қызмет көрсету нарығының ең серпінді дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Бүгінгі танда Қазақстандағы үлкен мәселе болып саналатын «баспана мәселесін» шешудің бірден-бір жолына айналды. Жылжымайтын мүлік саласындағы мамандар ұзақ мерзімді ипотекалық несиенің жүйесін дамыту қажет деп санайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      3. Қазақстандағы несие нарығының  құрылымы

 

          Коммерциялық банктер нарықтағы  негізгі несие берушілерге жатады. Олар жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын уақытша тартады және активтік операцияларды орындау үшін осы қаражаттың негізінде ресурс базасын құрайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне есеп береді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге ломбардтық несиені, қайта қаржыландыру несиесін және өз негізінде қысқа мерзімді қарызды талап ететін РЕПО-ны ұсынады. Қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін Ұлттық банк белгілейді. Коммерциялық банктер несие бойынша өздерінің пайыз мөлшерлемелерін Ұлттық банк белгілеген мөлшерлемеден төмен белгілей алмайды.

      ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жөніндегі агенттігі несие нарығында реттеуші орган ретінде танылады. Мәселен, бұл орган кастодиан-банктің, брокер-банктің және т.б. банктердің негізгі тәртіп нормативтерін анықтайды.

      Коммерциялық  банктер әмбебап коммерциялық  банк және мамандандырылған коммерциялық  банк болуы мүмкін екендігі  белгілі. Отандық тәжірибеде бүгінгі  таңда, әмбебап банктердің артықшылықтарға ие болып отырғаны байқалады. Дегенмен соңғы уақытта мамандандырылған банктер алға шыға бастады. Мысал ретінде «Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ны айтуға болады. Оның негізгі бағыты - халыққа ипотекалық несие беру болып табылады.

          Несиені тек коммерциялық банктер  ғана емес, сондай-ақ ломбардтық, несиелік серіктестіктер және т.б. береді. Олар ссуданы аз ғана мерзімге және аз ғана сомада зергерлік бұйымдардың, автокөліктің және халық тұтынатын тауарлардың кепілімен береді.

          Қазақстан несие нарығының институционалдық  құрылымын былайша көрсетуге болады.

          Қазақстанда осы уақытқа дейін  қысқа мерзімді несиелер негізінен  аса ірі тұрақты қарыз алушыларға, заңды тұлғаларға ғана беріліп келсе, ал қазіргі күні елімізде ұсынылатын несиелердің көптеген түрлері пайда болғаны байқалады. Оның үстіне несие берушілердің қатарын мамандандырылған мекемелер толықтырып, қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың да саны өсіп отыр.

          Қаржы мекемелерінің несиелік  портфельдеріне қарай, несие нарығының  құрылымын былайша көрсетуге  болады.

          Бүгінгі таңда басқа несие  нарықтарына қарағанда тұтыну  несиесінің нарығы ерекше дамып  келеді. Ол халық тұтынатын тауарларды  сатып алу үшін беріледі. Сатып  алынған тұрмыстық техниканың, машинаның  және басқа да тауарлардың  құнын біртіндеп, бөліп төлеуге мүмкіндік беретіндіктен бүгінгі күнде ең қолайлы нұсқаға айналып отыр. Бүгінгі таңда банктердің пайыз мөлшерлемелерін көп төмендетуі, мұндай несиені алудың рәсімін оңайлатты. Бұл осы нарықтың даму қарқынын арттыруға әкелді.

          Құрылыс несиесіне келетін болсақ, елдегі құрылыс жұмыстарының  қарқын алуына қарай оған жұмсалатын  қаражатқа деген қажеттілік артып  келеді. Банктердегі ссудалық пайыздардың  кемуі мен несие беру рәсімдерінің оңайлатылуы несие нарығының кеңеюіне себепкер болды.

          Банкаралық несие нарығы —  несие нарығының айрықша бөлігі. Басқа несие нарықтарында банктерден  өзгесінің бәрі қарыз алушыға жатса,  мұнда тек банктердің өздері ғана несие берушінің де, қарыз алушының да рөлінде болады.

          Халықтың баспана қажеттілігіне  байланысты ипотекалық несие  нарығы жылдам дамып келеді. Бірақ,  халықтың көпшілігінде баспана  алуға жеткілікті қаржы болмай  тұр, сондықтан да жеке тұлғалар үшін ең қолайлысы тұрғын үйді ипотекалық несиемен қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      4. Қазақстандағы ипотекалық несиелеу.

 

          Қазіргі мемлекеттік тұрғын үй  саясаты тұрғын үй мәселесін  шешуде халықтың әлеуметтік көмекке мұқтаж бөлігінің қажеттіліктеріне бағдарланған бұрынғы саясатымен қатар, орташа табысы бар және тегін жекешелендірудің нәтижесінде баспанасын өз меншігіне айналдырып алған баспанасы бар халықтың негізгі бөлігіне жаңа екпін түсіріп отыр.

          Ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғын үй несиесі халықтың осы бөлігінің мәселелерін шешудің негізгі тәсіліне жатады. Алайда халық табысының аздығы, қаржы нарығында пайыздық мөлшерлемелердің жоғары болуы, тұрғын үй нарығының дамымағандығы және құрылыс бағасының жоғары деңгейден түспеуін ескермегенде, ипотека механизмінің көмегімен шешілуі тиіс басқа да мәселелер көп.

          Ипотекалық тұрғын үй несиесі — ҚР азаматы болып табылатын жеке тұлғаларға екінші деңгейлі банктердің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың) несие қаражатына біртіндеп бөліп-бөліп немесе толық сатып алынған жылжымайтын мүлік кепілімен (жылжымайтын мүлік ипотекасы) беретін қарызы. Ипотекалық тұрғын үй несиесі қарыз алушыға көп пәтерлі үйден жеке пәтер сатып алуы үшін немесе жеке үй сатып алуы үшін беріледі.

          Ипотекалық тұрғын үй несиесін ҚР Ұлттық банкісінен банк операцияларын жүргізуге лицензия алған банктер береді.

          Кез келген елде ипотекалық  несиелеудің дамуына мынадай  факторлар өз әсерін тигізеді:

Информация о работе Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары