Халықаралық валюталық қор

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:54, курсовая работа

Описание работы

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезендері Лиондағы вексель жәрменкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізіледі. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................... 3
1 Халықаралық валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы............................................................................................................
5
2 Валюталық нарықтар ................................................................................. 13
3 Халықаралық валюталық бағам және валюталық «қоржын»................. 20
Қорытынды ................................................................................................. 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................. 31

Работа содержит 1 файл

Халыкаралык валюта коры.30.doc

— 149.00 Кб (Скачать)

     Брокер  мәміле жасайтын және баға белгілейтін  өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка про-цесінін үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген баға-мен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.

     Банктердің  валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің  есебінен де жүзеге асырылады.

     Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс кұралдары формасында - шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.

     Аударым - бұл басқа елдегі банк-корреспондентіне өзі-нің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен теле-графтық немесе пошталык аударым (бұйрық) непзінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валюта-сын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.

     Банктік чек - шетелдік банк-корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.

     Банктік вексель - осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке берген траттасы (аудармалы векселі). Им-Портерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштык міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталык қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

     Бұл жерде чектер мен тратталарды  тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау кажет.

     Несиелік  айналыс құралдары халықаралык  төлем айналымынан алтын мен  шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердін банктері арасында корреспонденттік қатынастардын дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспондент-тік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.

     Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сат-қан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық ва-лютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеу-шілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің кор-респонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айыры-сулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдалану-сыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық опера-циялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асы-руға мүмкіндік береді. 

 

3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ «ҚОРЖЫН» 

     Валюталық жүйенің маңызды элементі - валюталық  бағам болып табылады. Оның пайда  болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарық-тардағы бағаларды, сондай-ақ үлттық немесе шетелдік валю-таларда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсет-кіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

     Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталык бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

     Бағамның  қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар  тобын бөліп қарауға болады:

     саяси - саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.

     экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқы-ны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-теңдік;

психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

     Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен  қа-зіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

     Монометаллизм тұсында - алтын немесе күміс - валюталық  бағамның базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірлік-терінің олардың металдық құрамына байланысты арақаты-насын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты) және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айналасында ауытқып отырды. Алтын нүктелерінің классикалык механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталык ба-ғамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жок және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

     1930-1933 жж. фунт стерлинггің алтындық  құрамы 7,32 г болса, ал АҚШ долларыныкі  -15 г. Бір фунт стерлингт34 монеталық паритеті былай анықгалды: 1ф.ст.= 7,32000/1,50416=4,86 доллар. Фунт стерлингтің ең төменгі бағамы (Англия АҚШ-тың пассивті төлем балансы тұсында) монеталық ритеттен оның аударым құны - 0,05 долл. шегергендегі со-маға теңесті. Фунт стерлингтің төменгі алтындық нүктбсі 1ф.ст.=4,86+0,5=4,81 (долл.). Валюталық бағамның осы нүктесіне жеткен кезде АҚШ-қа алтынньщ кетуі басталды. Жоғары алтындық нүктеге жеткен кезде (Іф.ст.—4,86 долл. +0,5 долл.=4,91 долл.) АҚШ-тан алтынның келуі байқалды.

     Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істен шықты.

     1971 жылы долларды алтынға ресми  бағасы бойынша аусытыру тоқтатылғаннан  кейін, валюталардың алтьіндық  құ-рамы және алтын паритеттері  сандық түсінікке айналды. ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен завды түрде бас тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделді.

     Бұл жағдайда валютальік бағамның қалыптасу  ерекшелігі мынада: валюталар өзінің Кұндық көрінісін алтында емес, яғни алтын нарығында стихиялы түрде  болатын нақты баға ауқымы, несиелік акдіалардың салыстырмалы құны арқылы болуында.                           

     Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауыт-қиды. ХВҚ-ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, ва-люталық паритет  СДР немесе ЭКЮ-да валюталық "қоржын" базасында бекітілді.

     Валюта бағамдарының динамикасы ақша бірліктерінің сатып алу қабілеттеріне, инфляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем балансының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық нарық қызметтері мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валю-талық бағамды мемлекеттік реттеу, дуниежүзілік нарықтағы валютаға деген сенімділік дәрежесіне байланысты.

     Жалпы  алғанда валюталық бағамның  қозғалысының  бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады: фундаментальды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар.

     Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэконмикалық статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлеме-сінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.

     Техникалық  талдау - бұл бағамды жүргізу графигін (чарт) талдауды сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының "крестиктер-ноликтер" графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады.

     Қысқа мерзімді күтпеген факторлар  валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форсмажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.

     Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бір валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасын ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екі акдіа бірлігінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген елдерде валюталық бағамды бекіткенде жанама баға белгіленімі қолданылады. Ол мынадай мағынаны береді: шетел валютасының белгісінің бір сомасы (мысалы, 1, 10, 100, 1000 бірлік), ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерісін көрсету үшін қолданылады (мысалы, 1 USD=76,212 КzТ). Жаңа баға белгіленімін көп колданбайды. Бұл жағдайда негіз ретінде ұлттық валютаның бірлігі болады. Бұл баға белгіленімі көбінесе Ұлыбританияда қолданылады (мысалы, 1 GBР=1,5860 USD).

     АҚШ-тың ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты колданылады.

     Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюталық бағамның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.

     Әр  валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі, ал егер валютаныы сатып алса, сатып алушының бағамы бекітіледі.

     Мысалы,  1,9430/50 неміс маркасы АҚШ-тың  1  доллары , үшш баға белгіленімі - банк клиенттен 1 долл. 1,9430 неміс маркасына сатып алуға және 1 долл. 1,9450 неміс маркасына сатуға мүмкіндігі бар.

     Сатушы  және сатып алушы курстарының  арасындағы айырма банктің шығындарын жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе спред деп аталады да, валюталық нарықта болатын нақты жағдайы және валюта статусына, мәміле көлеміне, компанияның неме-се банктің статусына байланысты өзгереді.

     Банкаралық  валюталық нарықтардағы операциялар ха-лықаралық төлем және резерв құралы болып табылатын АҚШ долларына қатысты жасалынады.

     Сауда-өнеркәсіп  клиентурасы үшін валюталар котиров-касы банкімен кросс-курс негізінде бекітіледі. Кросс-багам бұл екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есеп-телінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді (көбінесе АҚШ долларына).

     Франция банкінің клиенті үшін неміс маркасының сатып алу бағамын анықтау  қажет. Бұл үшін банк сату бағамы бойынша неміс банкісінен АҚШ долларына неміс маркасын сатып алады: АҚШ-тың 1 долл.=1,6600 неміс маркасымен, бірақ ол сатып алушының бағамы бойынша алдын ала фран-цуз франктерін АҚШ долларына сатады: АҚШ-тың бағамы бойынша 1 долл.=5,6110 француз франкі. Осылайша, 1 неміс маркасы =3,380 француз франкі - сатушы бағамы (Қазақстан Республикасының    Ұлттық    банкісінің    валюталық    бағад 5,6110/1,66 = 3,380).

     Сатушылар және сатып алушылар бағамдары реси бюллетеньдерде жарияланады. Көбінесе баға белгілеу кесі лерівде соңғы  бағамдар жарияланады (соңғы валюталь мәмілелер бойынша).

     Баға  белгілеу кестесінде көрсетілген бағамдар - бұл телеграф аударымдарының бағамдары. Басқа төлем кұрал-дарының бағамдары  пошта аударымының, мерзімді траттаның және банкнотаның бағамынан арқашан жоғары болатын телеграф аударымының бағамы негізінде анықталынады.

Информация о работе Халықаралық валюталық қор