Халықаралық валюталық қор

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:54, курсовая работа

Описание работы

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезендері Лиондағы вексель жәрменкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізіледі. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................... 3
1 Халықаралық валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы............................................................................................................
5
2 Валюталық нарықтар ................................................................................. 13
3 Халықаралық валюталық бағам және валюталық «қоржын»................. 20
Қорытынды ................................................................................................. 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................. 31

Работа содержит 1 файл

Халыкаралык валюта коры.30.doc

— 149.00 Кб (Скачать)

     Телеграфтық аударымдарда шетел валютасы банкпен  тура сол уақытта немесе келесі күні төленеді, бұл бағам өзгерісіне байланысты пайда болатын валюталық шығындарды болдырмауға көмек береді. Банк-корреспонденттер арнайы бағамдарды қолданғанда, өздерінің клиенттеріне аударым жа-сағанда валюталық қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.

     Чектің  бағамы телеграф аударымының бағамынан  төмен, өйткені осы төлем құжатын  бір елден екінші елге әуепош-тасымен  тасымалдау үшін қажетті күндерге пайыз  шеге-ріледі. Бұнда банк чек бойынша төлемді, тек бұл төлем құралын беріп, шетел банкісі, банк-корреспондент инкассоға алғанда жасайды. Чектің бағамы тратта бағамынан жоғары болады, өйткені тратта бағамын анықтағанда оның төлеу мерзімі, кепілдемесі және төлем валютасы ескеріледі.

     Мерзімді  траттаның бағамы телеграф бағамы негізінде  вексельді сатып алғаннан бастап, оны өтеуге дейінгі күндер үшін пайызды  шегергенге тең. Пайыздар көбінесе осы  чекте жазылған валютада сол елдің  мөлшерлемесі бойынша анық-талады: егер тратта алдыңғы қатарлы сауда векселі болса, пайыздар эмиссионды банктің есептік мөлшерлемесі бойынша аныкталады; егер тратга банктік акцепт болса, ресми мөлшерлемеден төмен болатын нарықтық мөлшерлеме бойынша анықталады.

     Шетел валюталарының бағамы пошталық аударымдардың бағамына сұраныс пен ұсынысқа байланысты жақындайды. Сатып алу кезінде банкноталардың бағамы чектен төмен бағаммен, ал сату кезінде жоғары бағаммен бекітіледі. Банкнота бағамының мөлшеріне банкноталарды жолда сақтанды-румен байланысты шығындар әсер етеді (чектер тасымалдау кезінде сақтандырылмайды). Нью-Йорк валюта нарығында негізгі төлем құралдарының бағамдары келесідей түрде құрылады: телеграфтық аударылым - 4,866 АҚШ доллары 1 ф.ст. үшін, пошталык аударым - 4,861, чек - 4,861, ұсыныл-ған кезде өтелінетін вексель - 4,861 және вексель (3 ай) -4,825 АҚШ доллары - 1 ф.ст. үшін.

     Валюталық мәмілелердің түрлеріне байланысты агымдагы және мерзімді (спот және форвард) бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәмілелерді жасағанда валюта айыр-басы сол сәтте ағымдағы валюта бағамы бойынша жүзеге асады. Мерзімді валюталық мәмілені жасағанда валютаны айырбастау алдын ала белгіленген мерзімде бекітілген фор-вард бағамы бойынша жүзеге асады. Форвардты бағамды ағымдағы бағамға сыйақыны қосқанда немесе одан жеңілдікті алып тастағанда табамыз. Валюталық нарықта валюта сыйақы немесе дисконт бойынша оның күтілетін динами-касына, сол немесе басқа валюталардың халықаралық пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейіне байланысты баға бел-гіленеді. Егер валюта жеңілдікпен мерзімге баға белгіленсе, онда оның форвардты бағамы ағымдағыдан төмен және керсінше болады.

     Құбылмалы және тұрақты валюталық бағамдар. 1973 жылдан бастап дамыған елдер валюталарды өзара айырбастаудағы тұрақты қатынастардан бас тартып, валюталық нарықтарда сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын «құбылмалы» бағамдарына ауысты. Валюталық нарықтардағы фактілердің тұрақты болмауына байланысты, дамыған батыс елдердің валюталары көп өзгереді, ол бір ай ішінде 5-10 пайыз болуы мүмкін. Мұндай «кұбылмалы» валюталық бағамдардың өзгерістері халықаралык есепті жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар туғызады. Осыған байланысты кейбір елдер валюталық топтар құрып, өздерінің валюталары арасындағы тұрақты қатынасты орнатады. Еуропада мұндай топ, Еуропалық валюталық жүйе болып табылады (ЕВЖ), ол 1979 жылы құрылды, оған батыс Еуропаның 10 елі кіреді (Германия, Франция, Италия, Нидерландия, Дания, Ирландия, Бельгия, Люксембург, Испания). Осы елдер-дің валюталық бағамдары бекітілген тұрақты бағамдардан 21,25%-дан артық ауытқымайды. Ағымдағы бағамның жоғары немесе төменгі ауытқуы шектеріне жеткен жағдайда ЕВЖ-ге мүше мемлекеттер бекітілген шектерде бағамды ұстау үшін валюталық интервенция және тағы басқа шаралар қолданады; егер бұлар көмектеспесе ұлттық валюталық ресми ревалвациясы немесе девальвациясы жүргізіледі. Кейбір дамушы елдер өздерінің ұлттық валюталарын дамы-ған батыс валюталарына немесе халықаралық валюталық бірліктерге «байлауға» тырысады. Қазіргі кезде 30-дан аса ел өздерінің ұлттық валюталарын АҚШ долларына, 13-і француз франкасына, 10-нан көбірегі СДР-ге «байлайды».

     Валюталық бағамдардың көптігі. Кейбір мемлекеттер-де операцияның әр түрі бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі бар. Бельгияда 2 бағам колданылады: біреуі - коммерциялық, екіншісі - қаржылық операциялар бойынша. Дамушы елдерде валюталық бағам-дардың көптігі белгілі тауарларды экспорттық қолдау үшін және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін қолданылады.

     Айырбас валюталық бағамдардан басқа  статистикалық және экономикалық талдау кезінде қолданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағам - сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық орташасы. Шын мәнінде айтсақ мұндай бағам жоқ, бірақ оның мөлшері күнделікті ақпарат құралдарында жарияланады.

     Батыста көптеген валюталық багамдардың индекстері тараған. Көптеген валюталық бағамы бірдей өзгеруі мүмкін болғандықтан, жеке ақша бірліктерінің басқалармен салыс-тырғанда арзандау (қымбаттау) дәрежесін анықтау мәселесі бар. Валюта бағамдарының өзгеру дәрежесін өлшеу үшін арнайы индекстер есептелінеді, олардың негізінде валюталық «қоржындар» болады.

     Валюталық «қоржындарды» қолданудың бірден-бір  сфе-расы осы елдің сыртқы экономикалық қатынастарында үлкен орын алатын, мемлекеттердің валюталары жатқызылатын, сәйкес қоржынға қатысты бағамның динамикасын көрсететін тиімді валюталық бағамдардың индекстері болып табылады. Оған кіретін валюталар құрамына байланысты бұл индекс-тердің динамикасы халықаралық валюталық нарықтардағы валюта бағамдарының бірдей емес мөлшерде өзгеруіне бай-ланысты әр түрлі болады.

     Көбінесе  валюталық бағамдардьщ индекстері тауарлар-дың бәсекелестік қабілеттіліктеріне әсер ету, ұлттық ақша бірлігінің бағамдарының өзгерісіне әсер ету, сондай-ақ елдің  сауда және төлем балансына әсер етуін бағалау үшін қолданылады. Сондықтан осы индекстердің валюталық «қоржын-дарының» құрылымы осы елдің импорты мен экспортын бөлуді сақтандыру және осы елмен саудада негізгі сауда әріптестерінің үлес салмағын көрсетеді.

     АҚШ долларының валюталық бағамдарының тиімді индекстерінің ішіндегі біршама  белгілі болып табылатын-дарына ФРЖ-нің Директорлар кеңесінің индексі, «Морган гэранти траст» және ХВҚ индексі жатады. Соңғысын үнемі Халықаралық валюталық қор доллар үшін ғана емес, сондай-ақ барлық ірі валюталық нарықтар үшін де есептейді. 18 валютадан тұратын валюта «қоржыны» индексі төлем балан-сының сәйкес ақша бірліктердің бағамдарының өзгерістеріне ықпал етуін есепке ала отырып құрылған.

     Нақты валюта бағамының индексі сәйкес келетін екі елдің ішкі бағаларындағы  өзгерістерге қатысты түзетілген валюта бағамының индексін білдіреді. Аталған индекс бәсекелестік қабілетке ықпал етуші ақшалай факторларды көрсетеді, себебі ол инфляциямен байланысты, сол немесе басқа елдердің экспортерлерінің бәсекелестік қабілетіне катысты нашарлауын және жақсаруын есепке алады. Нақты валюта бағамы индексінің дефляторы ретінде ішкі бағаның өсу индексін немесе шығынның элементтерін, мысалы, жұмыс күшін төлеуге кететін үлесті шығындардың индексін пайдаланалы.

     Соған сәйкес, нақты тиімді валюта бағамының  индексі аталған топқа жататын  елдердігі олардың өзгерістері бойын-ша сол елдің ішкі бағаларының (шығындар) өзгеруіне қатысты түзетілген тиімді валюта индексін білдіреді.

     Қазіргі кездегі АҚШ долларының тиімді бағамының  индексі номиналды және нақты  түрде есептеледі. 

Қорытынды

 

     1.    Халықаралық валюталық   жүйенің   басты   элементі   -   валюталық бағам.   Валюталық   бағамның   қалыптасуына   ықпал   ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағам-дарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген.

     2.    Валюталық   нарықтарды   валюталық   операцияларды жүргізудің негізіне халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетілген   қызметтер   және   капиталдар   мен   несиелердің халықаралық козғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату операциялары   жүргізілетін   ресми   орталықты   біл-діреді. Валюталық операцяилардың көлеміне байланысты валюталық   нарықтар   халықаралық,   аймақтық   және   ұлттык болып бөлінеді.

     3.    Валюталық  нарықтардың  қатысушыларын   екі   басты топқа бөледі: пассивті, валюталық операцияларды жүргізу қа-жет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін білгісі келетіндер; активті баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар.

     4.    Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында ен бастысы  банктік және нсиелік  айналыс  құралдары - теле-графтық және пошталық аударымдар, чектер, тратталар түрінде болады. Әр түрлі елдердін валюталарының салыстыры-луы олардың өндіріс және айырбас процесінде қалыптасатын оъективті кұндық қатынастарына негізделеді.

     5.    Валюталық бағам - басқа елдің  ақша бірлігіне қатысты сол  елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол занды түрде бекі-тілген  валюталық паритет шеңберінде  ауытқып отырады.

     6.    Валюталардың  баға  белгіленімі   айырбас  үшін  ұсы-нылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүм-кіндік  жасайды.   Валюталық  баға  белгілеу  түрі   валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады, ал оның формасы өзгереді.

     7.    Сауда-өнеркәсіптік   клиенттер   үшін   валюталар   баға белгілеу кросс-бағам негізінде бекітіледі,  ол екі валютаның өзара  катынасының   үшінші   валютаға   қатысты   анықталуын сипаттайды.

     Халықаралық валюта бағамдар ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағамдардың индексі кеңінен қолданылған. Соңғылары, әдетте валюталық бағам өзгерістерінің бәскелестік қабілетке әсерін тереңірек оқып білу үшін, оның ішінде валюталар инфляциялық құнсыздануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады. 

 

                                    Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

  1. «Экономика  теория негіздері», Алматы «Санат» 1998 жыл
  2. «Экономическая теория», В.Д.Камаев, Москва 1998 год.
  3. "Международные валютно-кредитные и финансовые отношения" - под ред Красавиной Л.Н. / 1994
  4. Internetional Monetary Fund. Vol.26/september 1997
  5. Булатов А.С. Экономика. М.: Бек. 1996. Гл. 14
  6. Жуков Е.Ф. Общая теория денег и кредита. М.: Банки и биржи. 1995.
  7. Камаев В.Д. Экономика и бизнес. М.: изд-во МГТУ. 1993
  8. Красавина Л.Н. Инфляция в условиях современного капитализма. М.: Финансы, 1980
  9. Лившиц А. Я. Введение в рыночную экономику. М., 1991. Гл. 7, 8.
  10. Маконнелл К, Брю С. Экономикс. М.: Республика, 1993. Т. 1, 2.

Информация о работе Халықаралық валюталық қор