Қор биржасының мәні мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 13:20, курсовая работа

Описание работы

Жоспары экономика жағдайында қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық ведомстволардың шешімімен анықталды. Сондықтан сол кездері қор биржасына қажеттілік те болмады. 90-жылдары Қазақстан Республикасында қор нарығын жаңғырту айналасында үдеріс басталды. Бүгінгі таңда қор нарығы, нарықтық экономиканың басқа сегменттерімен салыстырғанда өте жылдам қарқынмен дамып келеді.

Работа содержит 1 файл

ҚР Қор биржасы.doc

— 598.50 Кб (Скачать)

Биржалық нарық сапаның  ең жоғарғы деңгейі не кепілдік береді.

Бағалы қағаздар биржалық тауар болу үшін, олар ену процедурасын, яғни, листингтен өтеді. Егер бағалы қағаздар листингтен өтсе, оларға деген сенімділік артады, ол өз кезегінде көптеген артықшылықтар  әкеледі. Мысалы, биржа тізіміне енген компаниялар инвестиция саласында қызығушылығы бар тұлғалар арсында атаққа ие болады.

Қазіргі таңда биржаны  дамытуда атқарылып жатқан іс те аз емес. Әрине кемшіліксіз болмас, бірақ соңғы бірнеше жылдар ішінде біздің қор нарығымыз алға қарай  үлкен қадам басты. Бұл салада да айтарлықтай жобалар іске қосылды, сәйкес заңдар қабылданды. Енді соларға кішкене тоқталсақ. Әрине, қор нарығы жайлы сөз қозғалғандағы негізгі жетістіктеріміздің бірі ол – Алматы өңірлік қаржы орталығы акционерлік қоғамының (АӨҚО АҚ) құрылуы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29-қаңтарындағы № 65 қаулысымен құрылған бұл акционерлік қоғам өз қызметі барысында қор нарығының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

«АӨҚО» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары халықаралық стандарттарға жауап беретін және қазақ қаржылық секторының халықаралық капитал нарықтарына ойдағыдай кірігуін қамтамасыз ететін бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту, оның капиталдануы мен өтімділігін арттыру, Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту, соның ішінде жеке тұлғаларды инвесторларды ретінде бағалы қағаздардың нарығында жұмысқа тартуға жағдайлар жасау болып табылады.

Негізгі міндеттеріне келсек, олар келесідей:

  • халықаралық стандарттарға жауап беретін және шет елдік қатысушыларды тартуға септігін тигізетін қаржы орталығын институциялық дамыту;
  • қаржы орталығында жұмыс істеу үшін брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың атынан эмитенттер мен кәсіби қатысушыларды және институциялық инвесторларды тарту;
  • қор нарығының көмегімен бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына тұрғындардың ішкі жинақталған қаражатын тарту.
  • жаңа қаржы құралдары мен қор технологияларын дамыту және енгізу;
  • ҚР тұрғындарының инвестициялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыруға қатысу және т.б.

Осы міндеттердің аясында  «Алматы қаласының өңірлік қаржы  орталығы» АҚ Арнайы Сауда Алаңының, АӨҚО Рейтингтік агенттігі, Клиринг  палатасы, АӨҚО Медиа Холдингі және «АӨҚО» Академиясының құрылтайшысы болып әрекет етеді [12].

АӨҚО жұмысын атқару кезінде көптеген даму бағдарламалары жүзеге асырылды, соның негізгісі  болып «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» саналады.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сəйкес əзірленген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын одан əрі дамыту, оны ашық жəне тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, бағалы қағаздарды шығару үшін мүмкiндiктердi кеңейту, инвесторлардың құқығын қорғау жəне адал бəсекелестiктi қамтамасыз ету болды [12].

Бағдарламаның іс-əрекеті  кезіңде бағалы қағаздар рыногының  инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында ұйымдық-құқықтық нысанға, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарды оларды оңтайландыру мақсатында капиталдандыруға қойылатын талаптарды қайта қарау жүзеге асырылды, бағалы қағаздар рыногының кəсіби қатысушылары орындауға міндетті пруденциалдық нормативтері белгіленді.

Бағдарламаны қолдану кезеңде «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) қызметін жетілдіру бойынша кешенді іс-шаралары жүзеге асырылды. Сонымен заңнамаға енгізілген түзетулермен биржаны коммерциялау көзделді, сондай-ақ биржаның акцияларын сатып алу құқығы бар тұлғалардың тізбесі кеңейтілді.

2007 жылғы 1 қазаңнан  бастап KASE жаңа индекс – KASE акциялар  рыногының индексін енгізді. Индекс  өкілдік тізіміне олардың эмитенттерінің  жəне еркін айналыстағы (free float) акциялар үлесін капиталдандыру  деңгейін есептеген кезде енгізілген  акциялар бағасының өзгеруін көрсетеді.

Қазақстан рыногын өтімді бағалы қағаздармен толтыру мақсатында жоғары халықаралық рейтингі бар  компаниялардың бағалы қағаздар эмиссиялары  проспектілерінің ықшамдалған тіркеу тəртібі енгізілді.

Бағалы қағаздар рыногында  лицензиялау жүйесін жетілдіру жəне бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандарды аттестациялау шеңберінде уəкілетті орган бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін 8 мамандарды даярлау бойынша қызметін жүзеге асыруға рұқсатын беру рəсімін жоюды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының қатысушылар рыногында қызметті ырықтандыруға бағытталған бір қатар талаптарын көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Бұдан басқа KASE мүшелерінің  жалпы жиналысының шешімі адал бəсекелестікте негізделген сауда-саттықта қатысу принциптері мен ережелері белгіленетін, тыйым салынған іс-əрекеттер жəне оларды жасауға жауапкершілігі айтылатын қор биржасының барлық мүшелері сақтайтын KASE мүшелерінің Этика кодексі бекітілді.

Сонымен қатар, 2005-2007 жылдар ішінде бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеудің толық жүйесі құрылды, қажетті құқықтық, институционалды жəне техникалық инфрақұрылым қа-лыптасты. Қазіргі уақытта елдің қор рыногы экономиканың барлық секторларымен өзара байланысты. Бағдарламаны іске асыру қазақстандық бағалы қағаздар рыногын жандандыруға, оның өтім-ділігін арттыруға, мемлекеттік бағалы қағаздар секторын сапалы жəне санды дамытуға мүмкіндік туғызды.

Қазақстан қор нарығындағы  айтарлықтай жетістіктердің бірі ол KASE және АӨҚО-ның бірігуі.

2006-2008 жылдары Қазақстанда екі биржа алаңы: негізгі (KASE) және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (АӨҚО) арнайы сауда алаңы (АСА) жұмыс істеген, оның үстіне соңғысы қол жетімділігімен ерекше-ленетін. 2008 жылы, әрқайсысының артықшылықтарын қоса отырып, осы екі алаңды біріктіру шешімі қабылданды. Алаңдарды біріктіру барысы бірнеше сатыдан тұрды: екі алаңға ортақ біртұтас жаңа листингтік талаптарын орнату, екі алаңның да жарнамалық жіктелімін тізімдеу және екі тізімді біріктіру.

Бұл ретте АӨҚО қатысушылары үшін қарастырылған салықтық жеңілдіктер тұтас нарыққа таралатын болды. Бірлескен жаңа алаңға арнап эмитенттердің, биржалар мен қаржы кеңесшілерінің құқықтары мен міндеттеріне, листингтік процедуралар мен жинақтарына, ақпаратты ашуға, сауда және т.б. регламент белгілейтін біртұтас ережелер жасап шығарылды [4].

Жалпы алғанда мұндай жобаны іске қосқаннан кейін, мемлекеттің қор нарығы үшін негізгі жауапкершіліктің барлығы мемлекетке жүктеледі. Қазақстан қор нарығы бірден әлемнің дамыған қор нарықтары қатарына енеді деп пайымдау дұрыс емес, бірақ ол мемлекеттің экономикалық қажеттіліктерін өтей алатыны және де мемлекетке инвестиция тартудың негізгі құралы болары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы курстық жұмыс  барысында мен қор биржасы тақырыбын қарастырып, ол жайлы мейлінше көп мағлұмат беруге тырыстым. Сонымен қатар нарықтық экономикаға өту тұсында Қазақстан қор биржасын қалыптастыру және қор биржасы қызметін ұйымдастыруға байланысты туындаған мәселелерді қарастырдым.

Бағалы қағаздар нарығының  негізгі мақсаты – кәсіпорындардың дамуына қажетті ақша қаражаттарын тарту үшін нарықты саудалық қор құндылықтарымен қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшін әрқайсысы жеке функциялар атқаратын бағалы қағаз түрлері қолданылады. Осы құнды қағаздардың бір бөлігі өздерінің кезекті иелеріне жету үшін қор биржаларынан өтеді.

Қор биржаларының пайда  болуы акционерлік фирмалардың  дамуына жағдай жасау қажеттілігінен туындады. Уақыт өте келе биржаның өзі де ақша жасау, айта кететін жайт қомақты ақша, алаңына айналуда. Қор биржасы экономикалық пропорциялардың реттеушісі рөлін атқара бастады. Ол ең нақты аспап тәрізді, адам қызметінің кез келген саласындағы ауытқуларға акция бағамына ауытқулар арқылы жауап қайтарады.

Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: болашақ клиенттер  және ең бастысы, акционерлер торабын құруға күш жұмсау қажет, яғни қор биржасының бағалы жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды қайта құру және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешу керек; екіншіден, қор операцияларын жүргізудегі делдалдар (брокерлер мен дилерлер) жүйесін қалыптастыру қажет; үшіншіден, өор биржаласын іске қосудан бұрын биржалық механизмнің орталық буындарының жұмыстарын (биржаға бағалы қағаздар жіберу жүйесі, сараптау, бағалау комиссиясы және т.б.) жолға қою керек, яғни басында қор биржасының функционалдық және ұйымдастырушылық құрылымдарын өалыптастыру қажет.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы  жағдайымен байланысты дағдарысты деп  сипатауға болады. Бағалы қағаздар нарығы – бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегмені. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады.

Барлық қиын жағдайда да қор нарығының инвестициялық  процестегі ролі арта түсуде. Бұл ең бастысы күрделі капитал жұмсалымын қаржыландыруға арналған ресурстарға  деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске және инфрақұрылымға шетел  инвестицияларын тарту үшін қолайлы база жасалуы қажет.

Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен  тыс қорлар да құрылады. Қаражат  жинақтау шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.

Осындай және басқа да факторлар қор нарығын инвестициялауға  арналған қаражат жинақтау жолдары  ретінде арттырудың потенциалы мүмкіндіктерін көрсетеді.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағын  үшін ресурстарды жинақтау сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.

Мұндай әрекет ету бағдарламасының мемлекеттік деңгейде, оның қаржы саясаты аясында жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің фискалдық мүддесі, оның құрылымдары арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне, сондықтан да, жаңадан құрылған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардың және т.б.ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор. 

Бүгінгі таңда кез келген нарықтық экономиканың, соның ішінде қазақстандықтың да, қор биржаларынсыз және бағалы қағаздарсыз өмір сүруі болмайды. Олар нарықтағы тепе-теңдікті ұстап тұрушы негізгі құралдардың бірі.

Қазақстандағы қор биржаларының активті жұмыс істеуі қажеттілік, олсыз инвестициялық белсенділіктің тірілуіне мүмкіндік жоқ. Қор нарығын бағалы қағаздарды шығару және айналдыру қатысушыларының экономикалық қатынастарының бірігуі деп айтуға болады.

Қазақстан бағалы қағаздар нарығын қарастырғанда, мұнда әлі  де орнын жоймаған көптеген олқылықтармен қатар біраз жетістіктердің барына да көз жеткіздік. Бұл тұрғыдан алып қарағанда мұнда әлі де болса көп жұмыстар атқарылып, заңдар мен бағдарламалар қабылдануда.

Қазақстан қор биржасының қазіргі таңда көптеген кемшіліктері болса да, барлық мәселелер дұрыс шешімін тапса, біздің биржа әлемнің дамыған қор биржалары арасына қосылады деген сенім мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, кредит, банктер. Оқулық. – Алматы:  «Экономика», 2006ж. – 480 бет.
  2. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2007ж. – 374 бет.
  3. Биржевое дело: Учебник/ Под ред. В.А. Галанова, А.И. Басова. – М.: Финансы и статистика, 2001ж. – 304 б.
  4. http://fingramota.kz сайты
  5. Бороздин П.Ю. Ценные бумаги и фондовый рынок. – Москва: 1994. – 260 б.
  6. http://www.rfca.kz сайты
  7. http://www.kase.kz сайты
  8. РЦБК №19, 2008 ж.
  9. Килячков А.А., Чалдаева Л.А. Планирование организационного построения компаний // Финансы и Кредит. 2000ж. № 3.
  10.     Рынок ценных бумаг № 18 (249) 2003ж.
  11.     Рынок ценных бумаг. Учебник/ Под ред. В.А. Галанова, А.И. Басова. – 2 изд. Перераб и доп – М.: Финансы и статистика, 2004ж – 448 б.
  12.      http://kk.wikipedia.org сайты
  13. «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары» баспасөз-релиз
  14. www.nationalbank.kz сайты
  15. www.almaty.kz сайтындағы Мәтиев Сәбиттің «Қор нарығының артықшылықтары» мақаласы
  16. «Макроэкономика», Н.Қ.Мамыров, М.Ә.Тілеужанова. Оқулық. -  Алматы: « Экономика», 2003ж.
  1. Елдосқызы Жанар«Аралар елінен хат Һәм Қазақстан қор биржасы хақында». // «Ана тілі» газеті, 2009ж, 19 ақпан

 

 

 


Информация о работе Қор биржасының мәні мен міндеттері