Тұтыну несиесі және оның формалары мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 12:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну несиелерін қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну несиесінің берілу тәртібімен танысу болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттемелер алға тартылады:
тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;
жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;
несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
шет елдік тәжірибелерді қарастыру.

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАНК ІСІ.docx

— 82.42 Кб (Скачать)
p align="justify">   Бірақ, бұл несие түрінің артықшылықтарымен  қоса кемшіліктері де бар.

   Біріншіден, көптеген дамыған елдерде вексель  үшін салық төлеу қажет. Екіншіден, есепті тиімді ставкадан жоғары, себебі дисконт алдын ала төленуі  тиіс.

   4) Тұтыну несиесі және жеке тұлғаларға  берілетін персоналды несиелер. Өткен уақытта барлық дерлік  коммерциялық банктер жеке тұлғаларға  қарыз шоттарын ашпауға тырысқан. Олардың ойынша тұтыну несиелерінің  негізгі мөлшері төмен және  несие алушылар несие келісім  шарттарын орындамау тәуекелі  жоғары болғандықтан, бұл қызмет  түрі рентабельді емес болады. Бірақ депозиттер және кәсіпорындарды  несиелеу үшін бәсекенің өсуіне  байланысты өз саясатын, стратегиясын  өзгертуге тура келеді. ХХ –  ғасырдың басында АҚШ – тың  ірі банктерінен тұратын бір  топ банктер (олардың ішінде  өте белгілі Нью – Йорк банктері: «Сити – корп», «Bank of America»)  кірген тұтыну несие бөлімдерін  құрған. Екінші дүниежүзілік сағыстан  кейін тұтыну несие секторы  банктік нарықтағы ең тез дамыған  сегменттердің бірі болды.

   Германияда  тұтыну несиесін қолма – қол ақша түрінде беру кең етек жаюда. Себебі, бұл несие алушыға тиімді. Егер, тауарлар үшін төлемдер қолма-қол ақша түрінде жасалатын болса, сауда  ұйымдары сатып алынатын тауарға 5% жеңілдік береді. Бұл несие түрін  қолданғаны үшін банк несиелік келісім  шартта көрсетілген несиенің мерзіміне  тұрақты пайыз мөлшерін белгілейді.

   Ұлыбританияда тұтыну несиесі кез – келген тұтыну тауарын сатып алуға немесе қызметтер  үшін төлемдерге беріле береді.

   Несие беруді рәсімдеу үшін несие алушы  аппликациялық форманы (application –  заявление, заявка) толтырады. Клиенттің  берген мәліметтеріне сараптама  жасалғаннан кейін, банк несие беру немесе бермеу жағдайларын түсіндіре  отырып , шешім қабылдайды.

   АҚШ – та коммерциялық банктермен берілетін  барлық несиелердің 20 пайызы тұтыну несиелері. Сонымен бірге, жалпы АҚШ экономикасында берілетін тұтыну несиелерінің ішінде коммерциялық банктермен берілетін  мөлшері тек 44 пайызды құрайды. Тұтыну несиелерін беретін американдық  қаржылық институттардың үлесі: қаржылық компаниялар – 25%, несиелік бірлестіктер –14%, жинақтаушы мекемелер –10%, бөлшек сауда ұйымдары–7%-ды құрайды.

   Бәсекелестікке  қарамастан, жоғарыда көрсетілген несиелердің  барлығы Кроутер комитетімен  дайындалған және АҚШ–қа 1974 жылы енгізілген «Тұтыну несиесі туралы» Заңға  сәйкес іске асуда.

   Тұтыну  несиесі көптеген елдер экономикасында үлкен роль атқаратындықтан, мемлекеттік  органдар жағынан реттеліп отырады.

   Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен  роль атқарады. Ол тауарларға деген  сұранасты, олардың өндірісін көбейтуге  және сатуға ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен  қызметкерлер алады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзім қолданатын тауарларды несие  арқылы сатып алған тиімсіз, қымбатырақ болады. Бірақ тұтыну несиесінің ерекшелігі төленетін сомалар тауарды сатып  алғанда бірден төленбейді. 
 

   1.3 Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру мәселелері 

   Төлемді кешіктіріп беретін несиелер тікелей  немесе жанама банкілік несие нысанын  қабылдауы мүмкін. Тікелей банктік  несие берілгенде банк пен несие  алушы арасында несие келісімі жасалады. Жанама банкілік несие берілгенде банк пен несие алушы арасында несиелік қатынастарды делдал болуын айтады. Мұндай делдал болып көбіне бөлшек сауда  кәсіпорындары болады. Осы жағдайда несиелік келісім дүкен мен клиентаоасында жасалып, ары қарай келісілген тәртіпте банктен ссуда алады. Мұның көп  таралғандыған, мысал келтірсек, қазіргі  қазіргі уақытта американдықтарға автомобиль сатып алуға берілетін  60% - дан астам ссуда жанама несие түрінде беріледі.

   Біздің  елімізде тұтыну несиесінің кең таралуына  негізгі кедергі–бұл, не кепілдің болмауы, не клиенттің төлеу мүмкіндігінің  төмендігі. Көбіне клиент өзінің жалақысы есебінен несиені өтей алатынын дәлелдей алмауы. Банк кепілді алатынын біле тұра несиені бере алмайды.

   Несиені алу кезінде негізгі мәселе - банкке кепіл. Айтарлықтай ірі несиені  алуға құжат дайындауда, несие  алушы кепіл мәселесімен сөзсіз кездеседі. Кепіл болып үй, автомобиль, асыл бұйымдар, қымбат тұрмыс техникасы  болуы керек. Мұнда мәселе алынатын соммаға эквивалентті құныдылықта  емес, оның соманың бір бөлігін  қайтара  алмай қалатын болса, ол барлығын жоғалтады. Егер ол сауда  фирмасымен несие құжаттаса ол жалпы сомманың 15 - 20%-ын мерзіміне сай төлей алмай, кепілге алған құндылығын жоғалтуға тәуекел етеді.

   Сондықтан, банктердің тәуекелі несиені қайтармау, несие көлеміне кепіл мүлкі құнының  сай келмеуі, республика тұрғындарының  төмен болуы.

   ҚР  Ұлттық Банк мен Қаржы нарығы мен  қаржы ұймдарын реттеу және қадағалау  Агенттігі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі тәуекелді  азайту арқылы салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу және қадағалауды  жүзеге асырады. Соның ішінде банктердің несиелік операцияларын реттеу мен  қадағалаудың бірнеше себебі бар.

  • Банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • Банктер қызметінің сенімділігін қамтамасыз ету. Мысалы, бір қарыз алушыға берілетін несие сомасын шектеу. Мұндай шектеудің басты мақсаты–несиенің бір қарыз алушының қолында шоғырланбауын қамтамасыз ету және несиелік тәуекелді төмендету болып табылады;
  • Жалпы экономикаға әсер етуіне байланыста несиенің кейбір түрлерін шектеу немесе қолдау көрсету.

   Банкирлердің  айтуынша, жеке тұлғалармен операция көлемінің айтарлықтай өскенде несие тарихының жоқтығы мазалайды. Бұл мәліметтердің бүкіл дүниежүзіндегі анализі банктердің жеке тұлғалармен жұмысының міндетті атрибуты болып табылады.

   Тағы  бір мәселе декларацияланбайтын  ақша айналымының болуымен байланыстылығы және олардың кейбір компаниялардың қызметкерлеріне «қара нақты ақшаның»  төленуі. Мәселе көбіне несиені беру туралы шешім үшін банкке клиенттің табыс туралы ресми құжат керек. Әрине, оның айтуынша айына мың не екі мың доллар алам дегенмен банк онымен жұмыс істемейді. Шынында Қазақстанда декларацияланбайтын табыс арқылы  несие  алуға болатын – төте жолдар бар. Бірақ бұл жолдар криминалды жаққа тартып «сұр», схемаларға негізделген. Бұл не банк пен клиент арасында ішінара құрылымдардың делдалдығы, не банкілік саладан тыс жеке құрылымдардың несиелік ұсыныстары болады. Мұндай несие келісімдеріне беру өте қауіпті, өйткені олар заңдылықтың арнасынан шығып, ешқандай кепілдендірілмейді.

   Қазақстан тұтыну несиесінің қатаң жағдайларының  болуы бізде несиені қайтару  мерзімі шектеулі, кепіл шарттарының  қатаңдығы, Ресейдегіге қарағанда  пайыздық ставкалардың жоғарылығы, клиент табыстарының  бәрінде банктердің өз ақшаларын қайтаруға максималды қауіпсіздендірілуі. Өз кезегінде бұл  клиенттер үшін заң қақпандарымен  айналады. Сондықтан жағдайды заңды  деңгейде өзгерту қажет.

   Тұтыну  несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады,сондықтан ол мемлекеттік органдардың тарапынан  қатаң реттеуге ұшырауда. Біздің елімізде ол Ұлттық Банктің жұмысы. Шет елдің  мемлекеттік реттеуін екі түрге  бөліп қарауға болады: беру және пайдалану деңгейінде. Беру деңгейінде мемлекет не тұтынушыларды несиелеуді қолдайды, не тежейді. Банктердің және қаржы компаниялардың бұл жұмысына несиелік шектеулердің ережесі қолданылады.

   Бірнеше жыл бұрын жағдайы Қазақстандағыдай болған «азия жолбарыстары» деп  аталатын үш елден мысал келтірейік: Тайланд, Малайзия және Индонезия. 80-ші, 90-шы, 2000-шы жылдары осы елдердің ІЖӨ өте мықты өсім болды, шамамен жылына 7-8% және оны өсім процесі тұтынушылық несиелерді кең көлемді пайдаланумен ілесіп жүреді.

   Бүгінгі күнге, Азияның осы аймағы, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерді  қоса алғанда, нарықты револьверлік несие карточкалары бойынша жүргізеді, ал 20 жыл бұрын ол төлем карточкаларының  әлемдік нарығының елеусіз сегменті еді.

   Осы бизнес түріндегі «жауапкершілік тұжырымдамасын»  атап өту қажет. Осы жауапкершілік  тұжырымдамасына жеке деректерді басқару  бойынша сыртқы әріптестермен қарым  – қатынастар кіреді, яғни бұл несие  бюросының қара тізімі деп аталады, бұл басқару және алаяқтық факторларын  немесе қандай да бір құқыққа қайшы  әрекеттерді алдын алу тәсілі болып табылады. Осы тұжырымдамаға  несие ұсыныстарын борышты қайтарудың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес оңтайлы  түрде бейімдеу үшін заемшының кірістерін талдау мүмкіндігі кіреді.

   Тұтынушылық несиелендіру экономикалық өсімге ықпал  етеді, бірақ оны түрлі ойыншылар  бақылап отыруы тиіс. Банктер және Ұлттық Банк сияқты бақылаушы органдар арасында белгіленуі тиіс нақты ережелер қажет, тұтынушылар қауымдастағамен  де өзара әрекеттесу қажет. Соңғы жылдары осы бизнестің жауапкершілік аясында заңнамалық базада қомақты өзгерістер болды,мысалы, тарификация туралы, келісім – шарттар мен тұтынушылық несиелендірудің өнімдері жөнінде нақты ақпарат пайда болды, сондай – ақ осы келісім – шарттар мен тұтынушылық несиелендірудің өнімдері жөнінде нақты ақпарат пайда болды, сондай – ақ осы келісім – шарттарда жазылатын ережелер мен қағидалардың тұрғысынан да өзгерістер болды.

   Зерттеу көрсеткендей, барлық әлем елдерінде  тұтыну несиесі–бұл тұрмыс тауарларын сатып алуға тұрғындарға берілетін  және коммерциялық несие формасында тұтыну қызметтерін және банкілік ссудалар. Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты  – тұрғындарға тауар сатуды қолдау. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланыста: бір жағынан тауар айналымы өскен сайын несие көлемі өседі, өйткені тауарға сұраныс несиеге сұранысты туғызады, екінші жағынан–тұрғындарды несиелендірудің өсуі төлем мүмкіндігі сұранысы. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта тауарлар нарығының толықтығы жағдайында байқалады.

   Бұл несие түрін әлтүрлі елдерде  салыстыру оның даму деңгейінің әртүрлілігін көрсетеді. Италияда және Жапонияда  тұрғындардың жалпы қарыздарының сомасы осы елдердегі жалпы ішкі өнімге шаққанда 10% деңгейінде, ФРГ және Францияда-30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ та 60%- дан  астам. Тұтыну несиесі ең алдымен  қымбат тауарларды сатып алғанда  пайдаланылады: автомобильдер, электротұрмыстық тауарлар, жиһаз т.б. тауар қымбат болған сайын, несие жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несиенің жартыдан астам көлемі автомобиль сату үлесіне  тиеді. Қалған тауарлар көбіне нақты  ақшаға сатылады.

   Тағы  айта кететін жағдай бұл несиелік мониторинг. Яғни несиелік мониторинг дегеніміз несиені берген күннен бастап, оны толық қайтарғанға  дейін қарыз алушының несиелік қабілетінің  өзгерісін үнемі талдап отыруды, несие сапасының төмендеуі немесе несиелік келісім шарттың бұзылуы  анықталған жағдайларда тиісті шаралар  қолданылуды қамтитын банктің күнделікті жұмысы.

   Несиелік  мониторингті жүргізуге арналған ақпарат  көзіне мыналар жатады:

  • Банкте жинақталған қарыз алушы туралы ақпарат;
  • Қарыз алушыдан алатын ақпараттар;
  • өзге көздерден алынатын ақпараттар (жабдықтаушылардан, сатып алушылардан, өзге банктерден, қаржы ұйымдарын, үшінші тұлғалардан және тағы басқа).

   Ақпараттың  толығына қарай несиелік мониторинг ағымдық және тереңдетілген болып  бөлінеді.

   Ағымдық несиелік мониторинг әр сайын несие  толық қайтарылғанға дейін жасалады. Ағымдық несиелік мониторингтің  мақсаты – банктің барлық берген несиелер бойынша төлемсіздіктің алдын  алу. Мониторинг жүргізуде несиені  қайтару кестесі пайдаланылады  және оның көшірмесі шот менеджеріне  беріледі.

   Тереңдетілген мониторинг–ай сайын тереңдетілген  мониторинг есебі түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысының  бұзылуына қарай, жоспардан тыс  немесе (кенеттен) немесе қандай да бір  алаңдатарлық белгілердіңтуындауына  байланысты қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы туралы барынша  толық ақпаратарды алу мақсатында жүргізілетін тексеру.

   Тұтынушылық несиелендіру үй шаруашылығы борышының  елеулі бір бөлігін білдіреді, бірақ  әрине түрлі елдерде бұл борыш  құбылып тұрады. Жапония сияқты елдерді,үй шаруашылығының борышы жалпы борыштың құрылымында өте жоғары және 50%-дан  астамын құрайды, бірақ көрсеткіші өте төмен, Қазақстан сияқты елдерде орташа алғанда үй шаруашылығының жалпы борышының шамамен 15% құрайды. Мұндай үй шаруашылықтарының негізгі берешегі ипотекалық келісімдермен берілген, бірақ тұтынушылық несиелендіру дің әлеуеті әлі күнге дейін өте жоғары болып қалып отыр.

   Екінші  деңгейлі Қазақстан банктері тұрғындарды  бөлшек несиелеуге түрлерінің үлкейту  керектігін түсінуде. Мысалы, белгілі  тауарлар тобын сатып алуға тұтыну несиелері кең қолданылуда. Дегенмен, ҚР-ң статистика жөніндегі Агенттігінің мәлімдеуінше тұрғындардың көп бөлігін  алдында тұрмыстық жағдайларын  жақсарту қажеттіліетердің ең керектісі  болып отыр.

Информация о работе Тұтыну несиесі және оның формалары мен түрлері