Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 23:16, курсовая работа

Описание работы

Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша.

Содержание

Кіріспе

5
1 Ақшаның пайда болу тарихы мәні, қызметі мен түрлері
7
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы оның мәні
7
1.2 Ақшаның қызметтері, формалары мен түрлері

10
2 Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы
23
2.1 Ақша айналысы және ақша жүйесінің элементтері мен типтері
23
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы оны жетілдіру жолы

30
Қорытынды

43
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ Акмейр кур.doc

— 233.72 Кб (Скачать)

        Жай вексельді (соловексель) қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі (тратта) кредитор — вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға қарыз алушы (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде (ремитентке) төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат төлеуге келісімін көрсететін оның қолын койған түріндегі акцептен соң ғана тратта бойынша борышқор болып саналады. Вексель бойынша төлем авальмен (векселъдік тапсырма) қамтамасыз  етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде және аллонжда (косымша бетте) аваль ретінде саналсын   деген жазу болады. [17]

           Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол XVII ғасырдың соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді. Бұл пайдалануға өте ыңғайлы болып келеді. Ол алтынмен пара-пар болды, себебі кез келген уақытта сақталып жатқан металға айырбасталады.Банкнота өзінің мәні жағынан — бұл банкирге арналған вексель болып табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жақты қамтамасыз етілген: вексельдік (тауарлық) және алтындық (банктің алтын қоры). Алтынмен қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп аталады (сенімге негізделген).Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялар тәртібінде жүзеге асады. [17]

        Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртібімен вексельдер негізінде шығару банкнотаардың банкке кері қозғалысын тудырады. Несие бойынша төлем мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке қайтарылып отырады.Қазіргі   кезде   бүкіл   әлемде   ақшалар   алтынмен   қамтамасыз етілмеген. Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана занды төлем құралы болып табылады.

          Банктік салымдар мен қолма-қолсыз есептеулер негізінде құрылатын депозитті акшалар айналасы чекпен байланысты.

          Чек — бұл шот иесі чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы.Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалай чек бойынша банктен қолма-қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген кызметтер үшін есеп айырысуға қолданады.Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу  шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар (қызметтер) сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі, бірақ депонирленген сома шегінде ғана. Жабдықтаушы-кәсіпорын осы чекті өз банкіне ұсынады, осыдан барып көрсетілген сома өзінің есеп айырысу шотына бірден жазылады. Содан соң осы чек төлеушінің банкіне жіберіледі, онда жеке шоттан чекке көрсетілген сома алынады. [7]

        Несие карточкалары (электронды акциалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өтеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға беретін атаулы құжат.Әлемде   пластикалық   карточкалардың   оннан   аса   дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол акша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және тағы басқа.Қазақстан   Республикасында    несие    карточкаларын   енгізудің қадамдары жасалған. Осылайша, кезінде    Әлембанк     (қазіргі     ТұранӘлемБанк) өзінің "Виза" несиелік карточкасын енгізген. Павлодар,Өскемен,  Ақсудың  халықтары   несие  карточкаларын   пайдалануда.Сонымен қоса ТұранӘлемБанк қызметкерлерінің, несие карточкалары бар.Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі рөлі карточкалардың ұлттық масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде тұтынушыларға колайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен ІВМ Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды. Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйе жұмысының тиімділігін арттырып, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды. [13]

         Несиелік карточкаларын пайдалану ақша айналасы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналымының    жылдамдығын     ұлғайтады.     Бірақ бұл  "ақшасыз шаруашылықты" жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді.

Банктік автоматтар (БА) — ол клиентке банк кызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операииялар жүргізуге мүмкіндік беретін кұрылғы. Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырып, тек қолма-қол ақша беруге колданылды. Біртіндеп БА колдану масштабы өзгеріп, ол жүргізетін операциялардың шеңбері кеңейді. Қазір олар халыққа үнемі және көп қызмет көрсететін жерлерде орнатылуда.  БА  — тың тетігі-пластикалық дебеттік карточка. Ол — банктік шот иесінің мағлұматтарды және жүргізетін операциялар түрі жазылған арнаулы магниттік жолақ.Терминалдар  —  сауда  орындарында, ресторандарда және  тағы басқа сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйесіне төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен қатар сатып алушының төлем қабілеттігі туралы хабарды кері алуға мүмкіндік беретін құрылғы. Терминалдарды енгізудің мақсаты — қолма-қол ақша айналысын қысқарту.Үйде банктік қызмет көрсету — ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, телефон аппараттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге асады. Оның жай түрі — телефонмен тікелей байланысу арқылы — жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік береді. Ал жеке компьютерді немесе монитордың экранын пайдаланып, клиент банктің компъютеріне қосылып, коммерциалық хабар алуға; өзінің ағымдағы шотын, салымын басқаруға; ағымдағы күнге шотына түскен және одан соманы білуге; банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға; бағалы қағаздармен операция жүргізуге, салық төлеуге және басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.Қорыта айтқанда, электрон төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы қолма-қол акшаны азайтуға кең жол ашады. [2]

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       2 Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы

 

       2.1 Ақша айналысы және ақша  жүйесінің элементтері мен типтері

 

      Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге сондай- ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалыс.

    Ақша айналысының объективтік негізін де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі  тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне  отырып, олардың  арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен капитал айналымына қызмет ете отырып, барлыұ жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасында дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы сондай-ақ негізгі және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

     Ақша айналысының құрылымына қолма – қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.

       Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын б ілдіреді.Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік  билеттер құрайды.Ақша шығарудың кішкене бөлігі  қазыналық билеттерді шығарушы қазаншылықтың үлесіне тиеді.

      Қолма-қолсыз ақшалар айналысы- қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы.

      Мұндағы қолма-қолсыз ақшплар-чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шотпрындағы сақтаған ақшалары

      Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.

     Айталық қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, степендия, зейнетақы және т.с.с төлеу үшін  ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшаларға ауысуы байқалады [1].

      Құн заңы және оның  айналыс аясындапайда болу формасы, яғни ақша айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан  барлық қоғамдық формацияға тән болып келеді. Құн формаларының дамуына талдау жасай отырып, К.Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын. Оның  пікірінше, ақша айналысының заңының мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын тауарлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.

                 Ақша айналысының заңы – тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын (Ата) анықталады.

     

               Ата=                                                                    (2.1)

 

                 Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атқарумен байланысты бұл формула да  нақтылануды талап етуде.

                  Айналысқа қажетті ақша санын мынандай формулмен көрсетуге болады:

 

               Ақ =                                                       (2.2)

 

Мұндағы  Ақ- айналысқа қажетті ақша саны

                - сатылатын тауарлар бағасының сомасы

                  – несиеге сатылған тауалар бағаларының сомасы

                  - міндеттемелері бойынша төлемдер сомасы

                 - өзара өтелетін төлемдер сомасы

                 – айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.

                  Осындай  жағдайларда айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарыны тәуелді болып келетін әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның  біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай- ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілген қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.

                  Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:

     - несиенің даму дәрежесі, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;

     - қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;

     - ақша айналысының жылдамдығы.

                   Метал ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырады. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса,онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады. Егер де  айналысқа алтынға  ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар қызмет етсе, онда бұл жағайда қолма-қол ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі. [2]

                 Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен заңдары мынадай екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.Акша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен акша базасы жатады.

Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі акша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттары қолданылады:

• M1 агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

• М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;

• МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды;

• М4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

АҚШ-та ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстанда ақша массасы Ұлттық, Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық, шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады. Қазақстан Республикасында Ұлттың банктің 12.01.1995 ж. Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі, сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі. [1]

Информация о работе Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы