Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 23:16, курсовая работа

Описание работы

Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша.

Содержание

Кіріспе

5
1 Ақшаның пайда болу тарихы мәні, қызметі мен түрлері
7
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы оның мәні
7
1.2 Ақшаның қызметтері, формалары мен түрлері

10
2 Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы
23
2.1 Ақша айналысы және ақша жүйесінің элементтері мен типтері
23
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы оны жетілдіру жолы

30
Қорытынды

43
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ Акмейр кур.doc

— 233.72 Кб (Скачать)

 

      2.1 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы оны жетілдіру жолы

 

       Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі — ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына кұрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. колма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-85 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.

       1991 ж. қаңтарындағы КСРО Мемлекетптік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарын қолма-қол ақша беруді шектеу туралы КСРО Президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991 ж. үлгіде 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті.

      1992 ж қаңтарында Ресей КСРО Мемлекеттік банкін Ресейді Орталық банкі деп қайта құрып, кеңестік рублъдің (сол кезде жоқ мемлекеттің) басты эмитенті кызметін атқаруды соған міндеттейді. Ресей мемлекеті бағаны босату бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады, бағаның кенет көтерілуі айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттілігін тудырды. Республикалар өздерінің, егемендігін жариялаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрылып, олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет атқара бастады. Бірақ олардың барлығын қолма-қол ақшамен қамтамыз ететін жалғыз эмиссиялық орталық — ақша шығаратын станок - біреу, ол Москвада еді. Ресей бағаны босатқаннан кейін әрбір тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша-несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды. Қолма-қол ақшаның осындай жетіспеуі жағдайында кейбір елдер өз ұлттық банктерінің несиесін беруді ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва). 1992 ж маусымында Ресей Банкі 5000 купюраларды сом, ал кейін 10000 және 50000 сом шығарды [22].

       1992 ж. шілдесінде Ресей Орталық банкі егемен мемлекеттерге Ресей Банкімен   күнбе-күн   екі   жақты   төлем   есебін   жүргізу туралы талап қойды.  Қолма-қол ақшасыз өзара есеп  айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы мемлекеттердің орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы көлемінде және техникалық несие ретінде жүргізілді. Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны жылына 2500% болғандықтан аударылған ақша кұнсызданып, оның төлем мүмкіндігі тез құлдырайды.Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін еместігі және өздерінің ақша, несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі Ресей банкінің қойған талаптарын орындауға мәжбүр етті. Бұл біртектес ақша зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке ұшырауының дәлелі еді. Келесі іс-әрекет - өзінің ұлттық валютасын енгізу — болмай қалатын процесс. Ол 1992ж маусымында Эстонияның, шілдесінде Латвияның, қазанында Литваның, қарашасында Украина мен Беларусияның өз ұлттық валюталарын енгізумен жалғасты.

       1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттін    түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін дайындайтын топ құрып, оны басып   шығаратын   шетелдік   фирмамен   келісімге   қол қойған. 1993   ж. наурызында   Англияда Харрисон және ұлдары     атты жеке фирмада қажетті ұлттық валюта — 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100  теңге дайындалып, Алматыға жеткізілген.1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президен Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:

      1993  ж.   15  қарашада  сағат  8-де  Қазақстан  мемлекетінде  ұлттық валюта — теңге енгізді.

      1993   ж.   18   қарашадан   бастап   теңге   Қазақстан    Республикасында бірден-бір занды  төлем  кұралы  болып  тағайындалды.  Бір  теңге  100 тиыннан  құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота  және майда тиындар түрінде жүреді. Қолма-қол ақша,  рубльдік  шоттардағы  жинақтар  мен  салымдар  500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта — сом  және теңге айналымда қатар жүрді.

Қазақстан Республикасының жасы 16-ден асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалану құқығы болмады.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңгеге тең болды.

                Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашкы ұлттық валюта - теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап ҚР-да өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жібермей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резервы қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттың валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.Халықаралық валюта қоры ҚР-да ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемінде стенбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180млн. доллар берді. Бұл 17 жылға берілген жұмсақ несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлтық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығымен қамтамасыз ету қажет.

   1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына    алғашында қазыналық векселъдерді, одан соң міндеттемелер мен ноталарды     және     басқа     мемлекеттік     бағалы қағаздарды   шығарғаннан   кейін   теңгенің құлдырауын   тежеуге   мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізген 1993 ж. 2500   процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995 ж. ҚР-ғы инфляция 58 процент болды.

                 1997 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, ҚР-на валюталық түсімдер біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25 процентке жоғарылату, төлемеудің өрістеуі және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағалығын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфлюцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998 ж. күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген. [16]

Нарықта сатып алынатын тауарлар мен қызметтер қолма-қол ақшамен де, қолма-қол жасалмайтын тәсілмен де төленуі мүмкін. Бір-бірінен алшақ қашықтықта орналасқан жеткізуші мен сатып алушы арасында жасалған мәмілелер бойынша уақтылы есеп айырысуға кепілдік беретін төлемдерді жүзеге асырудың қолма-қол жасалмайтын тәсілдері жиі қолданылады. Бұл ретте, қолма-қол жасалмайтын төлем мен аударым жасау үшін төлем құралдары пайдаланылады, олардың көмегімен төлемге бастамашылық етіледі және олардың негізінде ақша аударымдары жүзеге асырылады. [14]

2010 жылы екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпочта» АҚ төлем тапсырмалары, төлемдік талап-тапсырмалар, инкассалық өкімдер, төлем карточкалары, тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысуға арналған чектер, орындалған аккредитивтер мен банк шотын тікелей дебеттеу сияқты төлем құралдарын пайдалана отырып, 122 033,7 млрд. теңге сомасына 188,0 млн. транзакция мөлшерінде транзакция жүргізілді  (1-сурет )

 

1-сурет. 2001-2010 жылдардағы төлем құралдары санының

және сомаларының өзгеру динамикасы

 

2009 жылмен салыстырғанда пайдаланылған төлем құралдарының жалпы саны 24,1 млн. транзакцияға (14,8%-ға) ұлғайды, ал олардың сомасы 32,0 трлн. теңгеге (35,6%-ға) ұлғайды. Төлемдер сомасының ұлғаюы негізінен төлем тапсырмаларын 31,8 трлн. теңгеге (38,4%-ға) пайдалана отырып, төлемдер көлемінің артуына байланысты болып отыр. Бұл ретте бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2009 жылмен салыстырғанда 15,9%-ға ұлғайды және 2010 жылы 2,5 млн. теңгені құрады. Төлем санының өсуі негізінен төлем карточкаларын 18,2 млн. транзакцияға (15,5%-ға) пайдалана отырып, операциялар санының ұлғаюымен сипатталады.

2001 жылмен салыстырғанда пайдаланылған төлем құралдарының саны 155,4 млн. транзакцияға (5,8 есе) ұлғайды, ал олардың сомасы 106,5 трлн. теңгеге (7,9 есе) артты. Төлем сомаларының да аталған ұлғаюы негізінен төлем тапсырмаларын 103,4 трлн. теңгеге (10,2 есе) пайдалана отырып, төлемдер көлемінің артуына байланысты болып отыр. Бұл ретте бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2001 жылмен салыстырғанда 800 мың теңгеден 2010 жылы 2,5 млн. теңгеге дейін 3,2 есе ұлғайды.  Төлем санының өсуі де төлем карточкаларын 122,1 млн. транзакцияға (9,3 есе) пайдалана отырып операциялар санының ұлғаюына байланысты туындап отыр.

                  Қолданылатын төлем құралдарының түрлері бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдердің құрылымы осының алдындағы кезеңдермен салыстырғанда елеулі өзгерген жоқ. Бұрынғысынша, Қазақстан аумағында төлем тапсырмалары мен төлем карточкалары барынша кең таралған болып қалып отыр. Төлем құралдарының (төлем карточкаларын қоса алғанда) жалпы көлемінде төлем тапсырмаларымен жүргізілген төлемдердің үлесі 2010 жылы төлемдер саны бойынша 24,8%-ды және төлемдер көлемі бойынша 93,9%-ды құрады. 2009 жылмен салыстырғанда төлем тапсырмаларын пайдалану санының 19,5%-ға және төлем тапсырмалары көлемінің 38,4%-ға өсуі байқалып отыр.

Төлемдік талап-тапсырмаларды пайдалану үлесі саны бойынша да, сомасы бойынша да (0,1% және тиісінше 0,7%), инкассалық өкімдер (саны бойынша 0,5% және төлемдер көлемі бойынша 0,4%) және басқа да құралдар (саны бойынша 2,1% және төлемдер көлемі бойынша 2,2%) аз болып отыр.

                   Өңірлер бөлігінде Алматы және Ақмола облыстары барынша белсенділік танытып отыр. Сонымен, пайдаланылған төлем құралдарының үлесі Алматы облысы бойынша саны жағынан 37,9%-ды және жалпы көлемнің сомасы бойынша 0,6%-ды құрады. Төлем құралдарын пайдалану Ақмола облысында саны жағынан 11,1%-ды және көлемі бойынша 0,2%-ды құрады  Б қосымшада көрсетілген [27].

                  Осы үрдіс Қазақстанның аталған өңірлерінің экономика-демографиялық ерекшеліктеріне және осы өңірлердегі үлкен ақпараттық және ақша ағындары өтетін қаржы-банктік құрылымдардың айтарлықтай көп болуына байланысты болып отыр.

Өткен он жыл төлем карточкаларының отандық нарығының екпінді әрі нәтижелі қарқында дамуымен есте қалды. Бұл барлық аспектілер мен көрсеткіштерге: карточкалардың эмитенттері мен эквайерлерінің қатарына, эмиссияланған және таралған карточкалардың және оларды ұстаушылардың санына, транзакциялар инфрақұрылымы мен көлемдеріне, сондай-ақ қазақстандық банктер ұсынатын жаңа карточкалық өнімдер мен қызметтер мүмкіндіктерінің аясын кеңейтуге қатысты болды. Эмитенттік қызмет пен эквайрингтік бизнес ақпаратты берудің, сақтаудың және өңдеудің жаңа технологияларымен, сондай-ақ деректердің жария болуы тәуекелдерін төмендету жөніндегі шешімдермен тығыз байланысты. Атап айтқанда, егер де 2000 жылдардың басында төлем карточкалары магнитті жолақпен эмиссияланса, ал 2010 жылы олардың негізгі бөлігі микрочиппен шығарылып отыр.Сонымен қоса, карточка ұстаушыларға қызмет көрсетудің ортақ жүйелерін дамыту, қолда бар жабдықтар базасына жаңа функционалдық мүмкіндіктерді енгізу, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың жаңа тәсілдерінің, атап айтқанда Интернет пен мобильді телефондардың пайда болуы себепші болғандықтан төлем карточкаларын қолдану аясы айтарлықтай кеңейді.

Сондай-ақ, төлем карточкаларының нарығына жаңа ойыншылардың қатысқанын да атап өткен жөн. Сонымен, 2002 жылы екінші деңгейдегі 14 банк төлем карточкаларының шығарылымын жүзеге асырса, ал 2010 жылы екінші деңгейдегі 20 банк пен «Қазпочта» АҚ аталған шығарылымды, сондай-ақ шетел эмитенттері шығарған төлем карточкаларын таратуды жүзеге асырып отыр (2-сурет.).

 

          2-сурет.Төлем карточкалары эмитенттерінің саны

 

                Қазақстанның төлем карточкаларының нарығы халықаралық төлем жүйелерінің карточкаларымен және жергілікті өнімдермен көрініп отыр. Екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпочта» АҚ: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, Diners Club International және China Union Pay халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларын шығарады және таратады. Сондай-ақ, нарықта жергілікті жүйелердің карточкалары: «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ – Altyn Сard, «БТА Банкі» АҚ – SmartAlemCard және «Ситибанк Қазақстан» АҚ – Қазақстан Ситибанкінің жергілікті карточкасы ұсынылып отыр. Сонымен қоса, өткен жылдарда төлем карточкаларының жергілікті жүйелерінің бірқатары өз қызметін тоқтатты, атап айтсақ: TemirCard, KazCard, Каспийский және «Цеснабанк» АҚ-ның жергілікті карточкасы.Банктердің жергілікті төлем карточкаларын шығарудан бас тартуының негізгі себебі халық тарапынан ең төменгі сұраныстың орын алуы болыптабылады. [18]

Осыған байланысты айналыстағы төлем карточкаларының жалпы  санындағы халықаралық жүйелердің карточкалары үлесінің ұлғаюы байқалып отыр – 2001 жылы олардың үлесіне 81,0% тиді, ал 2010 жылдың соңына таман осы көрсеткіш 98,0%-ды құрады (1-кесте).

35

 



 

 

          Кесте 1

                            Халықаралық және жергілікті жүйелердің карточкалары үлесінің өзгеру динамикасы

 

 

           Жылы

 

2001

 

2002

 

2003

 

2004

 

2005

 

  2006

 

2007

 

2008

 

2009

 

2010

Халықаралық жүйелер карточкаларының үлесі

81,0%

84,2%

82,2%

87,3%

87,1%

95,3%

96,4%

97,5%

97,9%

98,0%

Жергілікті жүйелер карточкаларының үлесі

19,0%

15,8%

17,8%

12,7%

12,9%

4,7%

3,6%

2,5%

2,1%

2,0%

Информация о работе Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы