Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 23:16, курсовая работа

Описание работы

Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша.

Содержание

Кіріспе

5
1 Ақшаның пайда болу тарихы мәні, қызметі мен түрлері
7
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы оның мәні
7
1.2 Ақшаның қызметтері, формалары мен түрлері

10
2 Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы
23
2.1 Ақша айналысы және ақша жүйесінің элементтері мен типтері
23
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы оны жетілдіру жолы

30
Қорытынды

43
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ Акмейр кур.doc

— 233.72 Кб (Скачать)

 

          Қорытынды

 

              Қорыта келгенде,  ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ақшаның қоғамдағы маңызы өте зор. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.

Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұнын барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

                Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу - сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда. Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші  бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т – Т) біржола тауар айналымына (Т – А – Т ), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі.

              Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.

              Әсіресе  халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық қатынастар щеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде қолма-қол ақшаның болуы міндетті емес. Оның қызметін кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда.  Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан.Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы,төлемеушіліктің тізбегінде әлеуетті күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді тәжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б.
Сөйтіп,айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді.

                Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Сонымен, ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.

              Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

              Ал Қазақстанға келетін болсақ, ұлттық валюта – теңгенің он бір жыл айналымда болуы, Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне теңгені енгізуді тарихи маңыздылығын объективті түрде баға беруге мүмкіндік береді. Жоғарыда атап өткендей,  ақшаның өмiр сүруiндегi  объективтi қажеттiлiк  ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болуына негiзделенедi. Ақшаның әсiресе мемлекет үшiн маңызы зор,  ол арқылы мемлекет бүкiл ел аумағын және сыртқы экономикалық қатынастарды қадағалап,  реттеп отырады.  Ал ақша айналысының  дұрыс жүзеге аспауы ол ел экономикасына ауыр зардаптар тигiзуi мүмкiн,  мысалы инфляцияны атап өтсек болады.  Мемлекет сондай – ақ ақшаны реттеушi құрал ретiнде де пацдаланады,  “ақша – несие саясаттарын” жүзеге асырады.  Ал бұларды орындау үшiн ақшаның жалпы теорияларын бiлу қажет, ақша айналысындағы ақша айналыс заңы,  ақша қызметтерi және ақша жүйесi болып табылады.

Елiмiзде ақша жүйесi 1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз” енгiзiлгеннен бастап қызмет етуде.  Бүгiнгi таңда теңгемiз халықаралық экономикада ашық айналысқа шығып,  елiмiзде жүргiзiлiп жатқан қаржы шаралары өз жемiсiн беруде.

              Қорыта келгенде,  ақша – жалпыға бiрдей эквивалент,  ерекше тауар,  онда барлық басқа тауардың құны бейленедi  және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер  арасында еңбек  өнiмдерiнiң  айырбасы  үздiксiз  жасала  бередi. Жалпыға  бердей  эквивалент  ролi  тарихи  түрде  алтынға  бейiм .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

      Қолданылған әдебиеттер

 

1 “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С. Сейтқасымов Алматы ,1996г.

2 “Ақша айналысы және несие”, С.Б  Мақыш   Алматы, 2004г

3 Шеденов Қ., Жүнісов Б.,Байжомартов Ү., Мүсіров  М.,  «Экономикалық ілімдер тарихы»    Алматы-Ақтобе «А Полиграфия»-2006ж

4 “ Экономикалық теория”,Аубакиров Я, Есалиева М. Алматы, 1994 

5 М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж .

6 Эдвин Дж.долан “Деньги, банки и денежно-кредитная политика”. Санкт-Петербург "Санкт-Петербург Оркестр" 1994г.

7 “Деньги, кредит, банки”. Справочное пособие. Под редакцией Г.И.Кравцовой, 1994г.

8 “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жаргы”, 2000г.

9 Л.Л.Любимов, И.В.Липсиц “Основы экономики”, Москва "Просвещение", 1994 г,

10 Максимова В.Ф., Шишов А.Л. “Теория рыночной экономики” т.1. ч.2., Москва, Соминтэк, 1992г.

11 Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,

Алматы – 2001.

12 http://soj.ucoz.kz/load/asha_zhjesi_zhne_ony_negizgi_ehlementteri/10    -1-0-192

13Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің   нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.

14 http://www.stat.gov.kz//dsoi=501

15 ww.topreferat_part1\topreferat[part1]

16 Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика  негіздері»    Алматы «Экономика»-2000ж

17 http://www.nationalbank.kz/?docid=456

18 http://kk.wikipedia.org/wiki/Ақша

19 Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г

20 Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.

21 Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.

22 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.  Алматы - 1997

23 Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше» // Ақиқат  -1996ж

24 «Экономикалық саясат», // Экономика Алматы - 2002

25 Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж.

26«Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова.  Алматы – Экономика, 2003ж.

27 Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары» Алматы «Экономика»-2000ж

 

 

45

 



Информация о работе Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы