Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 23:16, курсовая работа

Описание работы

Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша.

Содержание

Кіріспе

5
1 Ақшаның пайда болу тарихы мәні, қызметі мен түрлері
7
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы оның мәні
7
1.2 Ақшаның қызметтері, формалары мен түрлері

10
2 Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы
23
2.1 Ақша айналысы және ақша жүйесінің элементтері мен типтері
23
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы оны жетілдіру жолы

30
Қорытынды

43
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ Акмейр кур.doc

— 233.72 Кб (Скачать)

                  Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келді. [20]

                  Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

                  Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардын тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

                  Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;

- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;

- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар - ақша белгілері орындайды.

                  Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсіндіріледі.

                  Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір - несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.

                  Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:

-тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;

- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;

- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;

- сақтандыру міндеттемелері;

- әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

                 Ақша төлем кұралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады.Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.Төлем құралы қызметін толық бағалы емес пақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерде өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.

              Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерінен айырамшылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына (байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым толық көрініс тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген жеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырды (қарыз бойынша мерзімі өткен берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және т.б.) [10]

                   Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметте ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т - А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айрылуымен байланысты.Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты "таза қазына" формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға (өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.

      Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинактау түрінде жүзеге асады.Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеуші ролін атқарған болатын. Өндірістің және тауар айналысының кеңеюі барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.

                   Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді. 1998 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлтгық банкісіндегі монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 млн теңгені құрады.Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар қорлану қызметін жүзеге асырады. [1]

                    Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:

- кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат калдығы түрінде ұжымдық қорлану;

- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар. Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.

                   Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.

                    Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: "ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киеді", яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді. [2]

                    Бірақ алтын айналысы түсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 ж. халықаралық есеп айырысулардың 80%-ты ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.

                    Бреттон-Вудстагы (1944 ж) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ - еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі "еуро" айналысқа шықты.

                    Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда. [16]

                     Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол етуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойын­ша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, кағаз және кредиттік ақшалар баршаға аян.Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрде белуге болады. [2]

                  Толыққұнды ақша — номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәй­кес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.

                  Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қатынастарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз ақшаларға билондық монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар жатады.

Ақша, өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:

1) Металдық;

2) Қағаздық;

3) Кредиттік;

4) Электрондық ақша.

                Металл ақшалар - бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номинаддық құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.

                  Монета - бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.

                  Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді. Толыққұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады. [11]

                  Қағаз ақшалар - нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті.Айналым барысында металл ақшалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауар­лар ды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайсыз. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын және металға айырбасталынбайтын ақша белгілері болып табылады.Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді.Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.

                 Қағаз — ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады.Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несие ақшалар әрекет етеді. [4]

          Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның кағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының козғалысын көрсетеді және төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады.Несие ақшалардын негізгі турлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.

         Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.Вексель айналымының қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді.Вексель  несиеге  сату   негізінде,  яғни  коммерциялық  несиелеудің пайда болуымен дүниеге келеді.   Коммерциялық несиелеу дегеніміз — кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өту арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады. Сатып алушы- кәсіпорын, тауарларды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алады.Вексельдер жай және аудармалы болады.

Информация о работе Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы