Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 21:30, лекция

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты проблемалар болып отыр.

Работа содержит 1 файл

Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі.docx

— 37.57 Кб (Скачать)

3.1. Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты проблемалар болып отыр. 

«Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасының шеңберінде орындалған Қазақстан Республикасында парник газдары шығарындыларының көздеріне өткізілген түгендеудің нәтижелері бойынша соңғы 5 жыл ішінде атмосфераға парник газдары эмиссияларының жыл сайынғы ұлғаюы 6,7% құрағандығы анықталған. Қазақстандағы парник газдары эмиссияларының негізгі көзі энергетикалық қызмет болып қалады, оның үлесі іс жүзінде өзгермеді, 2005 жылы 78,0% құрады. 

Озон қабатын бұзатын заттар эмиссияларының қазіргі көлемдерін және оларды 1987 жылғы 16 қыркүйектегі озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының шеңберінде болжанатын рұқсатты көлемдерін ескере отырып, ХХІ ғасырдың алғашқы бірнеше онжылдықтары озондық қысқару үшін неғұрлым құбылмалы кезеңдер ретінде бағаланады. Қазақстан үстінде-де, жалпы планета үстінде-де, озон қабатының қалпына келуі кейінгі отыз жылда озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуы тоқтатылатын жағдайда басталуы мүмкін. 

Биоалуан түрлілікті сақтау проблемасы республика бойынша әлі күнге дейін өзекті болып қалып отыр. Қорғауды қажет ететін сирек кездесетін жергілікті және тарихи түрлердің арасында өсімдіктердің 400-ден астам түрі мен омыртқалы жануарлардың 300 түрі бар, олардың едәуір бөлігіне жойылу қауіпі төніп тұр. 

Республиканың мәнді экологиялық проблемасы әлі күнге дейін шөлейттену болып отыр. Шөлейттену және азып-тозу үдерістеріне республика аумағының әртүрлі-деңгейде 70% жерлері ұшыраған, бұл көбінесе елдің табиғи ерекшелігімен шартталған. Ел жайылымының 188,9 млн. гектарында азып-тозудың ең шеткі дәрежесі 26,6 млн. га байқалады. Аудандардың қысқаруымен, улы өсімдіктермен ластанумен, бұталанумен айқындалған барынша көп азып-тозуға ауылдық елді мекендер маңайындағы жайылымдар мен шөп шабындықтар ұшыраған. Суармалы жерлердің тұздануы тұйық бассейндердегі сазды шөлдер ауданының өсуіне және суармалы жерлердің қайталама тұздануына әкеледі. Тұзданған топырақтың үлесі барлық суармалы егістік көлемінің 31,3% құрайды. Жалпы республика бойынша жер сапасы нашарлауының: қара шірінді болуының, биогендік элементтердің, өсімдіктердің түрлік құрамының, биологиялық өнімділіктің төмендеуі орнықты үрдісі байқалады. 

Арал теңізі акваториясының апаттық қысқаруы Арал өңірін экологиялық зілзала аймағы деп жариялауға себеп болып отыр. 

Арал маңының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде 2004 — 2006 жылдары Арал теңізінің солтүстік бөлігінің деңгейі Балтық жүйесі бойынша 41,4 метр белгіге жетті, жобаны іске асыру басталмай тұрғанда 39 метр болған. Бұл ретте су айнасының ауданы 2006 жылдан бері 3156,6 шаршы метрге, су көлемі — 17,7-де 25,2 текше метрге ұлғайды, ал судың минералдануы бір литрге 23-тен 12 грамға дейін азайды. 

Қазалы және Қызылорда гидротораптарынан төменірек Сырдария өзенінің өткізу қабілеті 60-тан 400 текше м/сек. дейін және тиісінше 400-ден 760 текше м/сек. дейін ұлғайды. 

Жалпы, қолданылып жатқан шараларға қарамастан, өңірдегі экологиялық ахуал күрделі болып қалуда, бұл халық денсаулығына әсер етеді. Арал өңірінің проблемаларын бұдан әрі шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысымен Арал өңірі проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007 — 2009 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілген. 

Республикада Семей сынақ ядролық полигоны әлі күнге дейін бірден-бір қолайсыздардың бірі болып қалуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2005 — 2007 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде зерттеулер алаң аумағында радиоактивті ластанудың бар болуын растайды, сондай-ақ суда техногендік радионуклидтердің нормадан жоғары болуы анықталды. 

Жоғарыда аталған Бағдарламаны іске асыру ядролық және радиациялық қауіпті объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындауға мүмкіндік берді, оның ішінде радиациялық ластануды таратпау режимін сақтау, ядролық қару-жарақтық қызметтің қалдықтарын жою және консервациялау жөніндегі, радиациялық ластанған аумақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың қатары өткізілген. Бұл аумақтағы радиациялық жағдайдың дұрыс карталарын жасау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. 

Информация о работе Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі