Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 21:30, лекция

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты проблемалар болып отыр.

Работа содержит 1 файл

Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі.docx

— 37.57 Кб (Скачать)

Республиканың экологиялық проблемаларының едәуірі шешілмегендігіне байланысты халық денсаулығы көрсеткішінің нашарлауы, әсіресе өнеркәсіптік қалалар мен орталықтарда айқындалуда. «Қазақстан Республикасының 

2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберінде халықтың ауруға шалдығуы мен қоршаған ортаның сапасы арасындағы байланысты зерттеу жөніндегі алдын ала зерттеулер орындалған болатын, олар өздерінің жалғастырылуын талап етеді. 

Көптеген елдер ластану көздерінің ұқсастығы себебімен ауаның, судың және топырақтың ластануымен байланысты ұқсас проблемаларға тап болады. Еуропа Одағының шешуші директивалары Қазақстанда табиғат қорғау саясатын реформалауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ шаруашылық қызметтің тұрғындарға, флораға, фаунаға, топыраққа, су ресурстарына, климатқа және ландшафтқа әсерін талдау және бағалау кезінде бағдар қызметін атқара алады. 

Соңғы он жылдықтарда Еуропа Одағы елдерінде ластаушы заттардың шығарындыларымен күресу жөнінде, жекелегенде «Ауаны алыс қашықтықтарға трансшекаралық ластау туралы» 1979 жылғы 13 қарашадағы конвенция шеңберінде күрделі жетістіктерге қол жеткізілген. Бұл Конвенцияның іс жүзіндегі 27 жылында Еуропадағы неғұрлым маңызды жетістік ластаушы заттар шығарындыларын төмендету саясатын енгізу болып табылады. Бұл Конвенция хаттамаларын жүзеге асыру нәтижесінде Еуропадағы ауа едәуір жақсарды. 1980 жылғы салыстыру бойынша күкірт шығарындылары 60%-дан астамға кеміген, 1990 жылғы-деңгеймен салыстыру бойынша азот тотықтарының шығарындылары 25%-ға, ұшпа органикалық қосылыстар — 35%-ға, аммиак — 20%-ға кеміген. 

Еуропа Одағының елдері сондай-ақ қалдықтарды басқаруда едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Қалдықтарды жекелеп жинауды кеңінен енгізу, қалдықтарды қайталама қайта өңдеу және энергетикалық пайдалану көмуге жататын материалдардың санының тұрақты кемуіне әкеледі. 

Әлемнің көптеген мемлекеттері экологиялық таза өнімді өндіруді «жасыл» деп аталатын мемлекеттік сатып алуларды — өнімдері (қызметтері) ең жақсы экологиялық стандарттарға сәйкес келетін жеткізушілерді басымды таңдау үдерісін жүзеге асыру арқылы ынталандырады.

Информация о работе Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі