Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 21:30, лекция

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты проблемалар болып отыр.

Работа содержит 1 файл

Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі.docx

— 37.57 Кб (Скачать)

Атмосфералық ауаның ластануы проблемасы бұдан әрі өз шешімін талап етеді. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы бойынша орташа, бір тұрғынға есептегенде, атмосфераға жылына 200 кг-дан астам әртүрлі химиялық қосылыстар шығарылады, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 163 кг-ға тең болатын. 

1-суреттегі графикті талдау көрсеткендей, соңғы жылдары шамамен ішінде республика бойынша стационарлық көздерден шығарындылардың жылына 3 миллион тонна-деңгейінде тұрақтануы байқалады, ал автомобиль көлігінен ластаушы заттардың шығарындылары тоқтаусыз өсуде, бұл автокөлік құралдары санының республика аумағындағы күрт өсуімен шартталған. Атмосфералық ауаның ластануы проблемасы қалалар үшін неғұрлым өзекті. Республиканың көптеген ірі қалаларында ауа бассейнін ластауға автокөліктердің үлесі жалпы қалалық жалпы шығарындыдан 60%-ға және одан да астам, ал Алматы қаласында — 90%-ға жетеді. 
 
 

1-сурет — Қазақстан Республикасының стационарлық және жылжымалы көздерінен жалпы шығарындылары санының динамикасы, мың тонна 

Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның стационарлық көздерінен ластануының негізгі себептері мыналар болып табылады: көптеген өндірістердің ескірген технологиялары; тозаң және газ тазартқыш қондырғыларының жеткіліксіз саны; бар тазарту қондырғыларының тиімділігінің; жұмыстың технологиялық режимін бұзушылық; энергетикада төмен сапалы көмірлерді пайдалану. 
 
 

2-сурет — Қазақстан Республикасы қалаларының ластану индексінің динамикасы 

2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда Астана, Теміртау, Павлодар қалаларында атмосфералық ауаның ластану-деңгейі едәуір артты. Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қостанай, Петропавл, Риддер, Тараз, Орал, Екібастұз қалаларында және Глубокое кентінде атмосфералық ауаның ластану-деңгейі аса өзгерген жоқ, Алматы, Қарағанды, Семей, Өскемен және Шымкент қалаларында — төмендеген (2-сурет). 

Қазақстан Республикасы аумағында бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының қызметімен, атом өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының қызметімен, радиоактивті элементтердің жоғары құрамы бар пайдалы қазбаларды өндірумен және өңдеумен, халықтың мекендеу орындарындағы және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жер асты суларындағы табиғи радиоактивті аномалиялармен негізделген радиациялық ахуалдың асқынуы «Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберінде орындалған зерттеулермен расталады. 

Химиялық ластану проблемасы адам шаруашылық қызмет үдерісінде пайдаланатын, арасында тірі, ағзада жинақталу қасиеті бар, табиғи ортада баяу ыдырайтын берік органикалық ластанулар аса қауіпті химиялық белсенді заттардың кең таралуымен байланысты. Жеткілікті мөлшерде пестицидтерді сақтау үшін қоймалардың және пайдалануға жарамсыз пестицидтер мен олардың ыдыстары үшін жұмыс істеп тұрған мамандандырылған көмінділердің жоқ болуына байланысты пестицидтер мен улы химикаттардың ыдысын кәдеге жарату елеулі проблема болып қалып отыр. 

Республикада жерлердің ластануының негізгі көздері өнеркәсіп, энергетика кәсіпорындарының қалдықтары және басқалары болып табылады. Экономиканың өндіріс қалдықтарының ең үлкен көлемін құрайтын салалары қара және түрлі-түсті металлургия және көмір өндіру өнеркәсібі болып табылады. Түрлі-түсті металлургия қалдықтарын жинақтауыштар алып жатқан аудандар15 мыңға жуық га. құрайды, оның ішінде тау жыныстарының үйінділері 8 мың га., байыту фабрикаларының қалдықтары — 6 мыңға жуық га. және металлургия зауыттарының үйінділері — 500 астам га. Қоймаланатын қалдықтардың тұрақты өсіп отырған көлемі қоршаған ортаға кері әсер ете отыра, жаңа техногендік ландшафттарды құрады. 

Ірі қалалардың барлығында дерлік қарқындап өсіп келе жатқан тұрмыстық қалдықтарды сақтау және қайта өндеу мәселелері маңызды болып отыр. Оларды қоймалау орындары санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді, қоршаған ортаға, оның ішінде жерлердің жай-күйіне-де кері әсер етеді. 

Қазақстанда 2000–2006 жылдар мерзімі ішінде 197 мыңнан астам төтенше жағдайлар және табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелген, зардап шеккендердің жалпы саны 117 мыңнан астам адамды құраған. Ірі көлемді табиғи және техногенді төтенше жағдайлар негізінен ауыр экологиялық салдармен ілеседі. Әсіресе залалы 2000 жылдан бастап 2 млрд. теңгені құраған орман өрттері үлкен зиян келтіреді. Төтенше жағдайлардың 2003 жылы 33375-тен 2006 жылы 23835-ке дейін едәуір азағаны байқалып отырғанын атап өту қажет. 

Информация о работе Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі