Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 21:30, лекция

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты проблемалар болып отыр.

Работа содержит 1 файл

Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі.docx

— 37.57 Кб (Скачать)

Семей сынақ ядролық полигоны аумағының және ел аумағында ядролық жарылыстарды өткізудің басқа орындарының радиациялық ластануының ұзақ мерзімді сипатын ескере отырып, ядролық жарылыстар жүргізілген барлық жерлердің радиологиялық мониторингін және ремедиациясын іске асыру бойынша кешенді шараларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізу қажет. 

«Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберінде орындалған зерттеулер мұнай өндіру кәсіпорындары Қазақстанның мұнай газ кенорындарын 100-жылдық игеру кезінде Каспий маңындағы бірқатар аудандардың экологиялық ахуалын едәуір төмендеткенін растайды. Топырақтың ластануы, жағалаудағы көптеген мұнай амбарлары мен ұңғылар, сондай-ақ танкерлік флот Каспий теңізінің суына токсиканттар түсуінің басты көздері болып табылады. Мұнай өндіру кәсіпорындарында, ағынды суларды кәдеге жаратудың тиімді жүйесінің болмауы кәсіпшіліктер аумағында құрамында тұзданған сулар және уытты химиялық заттар бар ауқымды тіршіліксіз су қоймаларының пайда болуына әкеліп соғады. Мұнай кәсіпшіліктер аумағының радиациялық ластануы өзекті мәселе болып отыр, бұл көптеген мұнай кенорындарының қабатты сулары радионуклидтердің жоғарылаған нормасын қосуымен шарттасқан. 

Мұнай өндіру аумақтарында төрт ұрпағы атмосфераның, топырақтың және су ресурстарының мұнай өнімдерімен белсенді ластануының аймағында тұрақты тұратын халықтың денсаулығы ерекше алаңдатушылықты туғызады. Бірқатар аурулардың, мысалы қан және қан жасау органдарының ауруы (республикалық деңгейден 2 — 4 есе жоғары) мұнаймен ластанумен байланыстылығы туралы зерттеулер бар. Солтүстік Каспий ихтиофаунасының өмірлік қызметінде өзгерістер сондай-ақ белгіленеді, бұл бекіре балықтарды аулаудың көлемі 3 есеге қысқарғанының себебі болып табылады. 

Бұл барлық факторлар Қазақстанның Каспий маңы өңірінің экологиялық проблемаларына мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдарының басты назарын талап етеді. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстанның Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Негіздемелік Конвенцияны (2003 жылғы 4 қараша) ратификациялау шартымен және оның 2006 жылғы 12 тамызда күшіне енуімен Каспий теңізінің қоршаған ортасының жай-күйін тұрақтандырудағы және жақсартудағы біздің еліміздің жауапкершілігі едәуір артады. 

Жер асты және жер беті суларының сапалық және сандық құрамына әсер ететін факторлар әлі күнге дейін табиғи суды қайтарымсыз алу, жеткіліксіз тазартылған сарқынды сулардың төгінділері нәтижесінде су объектілерін ластау болып табылады. Туындаған ахуалдың себебі республиканың су бұру жүйесі имараттарының және желілерінің көбісі 20 — 30 жылдан астам бұрын пайдалануға енгізілгендіктен немесе күрделі жөнделгендіктен болып отыр. Тазартылмаған, ағындар Тараз қаласындағы секілді немесе жинағыштарға (Көкшетау, Қызылорда, Орал, Петропавл, Қостанай қалаларында) тікелей сүзу алаңдарына төгіледі. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағынды суларының едәуір көлемі (жеке қалаларда 24%-ға дейін) тікелей қалалық тазарту құрылыстарына келіп түседі, бұл ретте канализациялық тазарту имараттарының көбісі аса жүктемемен жұмыс істейді, бұл, ағынды суларды тазарту технологиясының жобалық деректерге сәйкессіздікке келмеуіне әкеліп соқтырады. Талдықорған, Атырау, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларындағы бар тазарту имараттары 1,5–2 есе аса жүктемеге душар болып отыр. Сарқынды суларды жинағыштар қоршау бөгеттерінің авариялық бұзылуының тұрақты қауіпін тудыра отырып шекті белгілерге дейін жиі толады. Ағынды сулардың жер беті суларына төгінділерінің көлемі 2006 жылы 2005 жылғы көрсеткіштен 8%-ға асты және 2,8 миллиардтан астам текше метрді құрады. 

Күн тәртібінен сапалы сумен, әсіресе ауылдық жерде қамтамасыз ету мәселесі алынбайды. Республиканың барлық облыстарында дерлік ауыз сумен қамтамасыз етуде қиындық шегіп отырған елді мекендердің анықталған саны бар. 

Шекаралас аумақтарда қалыптасатын және республика аумағына бірден ластанып болып келетін трансшекаралық өзендердің жай-күйі сондай-ақ алаңдатушылықты туғызады, бұл шекара маңы өңірлеріндегі экологиялық ахуалды шиеленістіре түседі. 

Тарихи ластанулар проблемасы сондай-ақ өзекті болып отыр. «Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберінде қоршаған ортаға әсерді талдау және оларға мұнайгаз кешенінің, жылу энергетикасының, тау рудалық және өндеу өнеркәсібінің бұрынғы қызметінің қалдықтары, сондай-ақ консервацияланған мұнай және қысымдық ұнғымалар, өз бетінше төгілетін гидрогеологиялық ұңғылар жататын тарихи ластануларды жою жөніндегі ұсыныстар әзірленген. 

Соңғы уақытта олар зымыран тасығыштардың сынамалық және оқулық ұшырулары олардың ұшу траекториясындағы ауқымды аумақтарының ластануымен байланысты екендігін растайтын әскери-ғарыштық және сынақ кешендерінің қоршаған ортаның жай-күйі мен халық денсаулығына әсерін бағалау жөніндегі көптеген зерттеулер өткізілді. Табиғи объектілерге едәуір зиян зымыран тасығыштарының бөлінетін бөлшектері конструкцияларының элементтерінен-де, отынның жанып бітпеген компоненттерінің қалдықтарынан да келтіріледі. Бір ластанудың ауданы зымыран тасығышының бөлінетін бөлшектерінің құлау орнының метеорологиялық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше гектарға жетуі мүмкін, бұдан өзге сұйық зымыран отынының компоненттері және олардың өзгерген өнімдері табиғи суларымен бірнеше жүз шақырымға дейін көше алады. 

Информация о работе Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі