Қазақстан экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын болжау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:34, реферат

Описание работы

Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процесс ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................................3
1 Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері..............4
1.1Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы...............................5
1.2Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі...................................................................................................................................... 6
2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын болжау мен бағдарламалау...................................................................................................14
2.1 Қазақстан экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын бағдарламалау………………………………………………………………………………14
2.2 Қазақстан экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын болжау………………………………………………………………………………………15
3 Мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру жолдары...................................16
3.1Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру жолдары…………………………...16
3.2Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясат…………..17
Қорытынды............................................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................................20

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері.docx

— 57.49 Кб (Скачать)

Президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабында көрсетілген міндеттерді  орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген.

     Президент атқарушы билік саласында:

  • Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды, оны кызметінен босатады;
  • Премьер-министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің кұрылымын белгілейді, оның мүшелерін кызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, кайта құрады;
  • Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойьнша отырыстарында төрағалық етеді;
  • Үкіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және республикалык, облыстық маңызы бар қалалары  әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың кызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
  • Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға құқылы.
  • Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
  • Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазастан халкына беретін антын қабылдайды;
  • Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады;
  • Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол кояды, заңды халыққа жария етеді, не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
  • Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады;
  • Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырып, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, жоғары әскери атақтар мен өзге де атақтарды береді;
  • Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды, Қауіпсіздік Кеңесін құрады.

     Президент Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң шығару өкілдіктерін құрады. Ол екі жолмен жүзеге асырылады:

     1 Заң шығару.Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы.

     2Заң  күші бар Жарлықтар шығару.Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 2-тармағымен белгіленген. Заң шығару құқығының берілуі Қазақстан Республикасы Президентінің норма белгілеушілік кызметінің басты нысаны емес.

     Сонымен қоса Президент Конституция мен  заңдар негізінде және оларды орындау  үшін Республиканың бүкіл аумағында  міндетті күші бар жарлықтар мен  өкімдер шығарады.

     Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндеі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған  жағдайда ғана жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім  Мәжіліс депутаттарының кемінде  үштен бірінің бастамасы бойынша  депутаттардың жалпы санының  көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.  Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады.Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгіПалатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл өкілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.Мәжілістің ерекше қарауына: заңдардың жобаларын қабылдау және қарау; Республика Парламенті кабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; (Қазақстан Республикасы Конституциясьшың 56-бабы) жатады.Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.Сенатәр облыстан, республикалық, маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Республиканың Президенті тағайындайды. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының, аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады.

     Сенаттың  ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар  төрағаларын және Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республиканың Бас  Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік  комитетінің Төрағасын тағайындауына  келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабында көзделген  басқа да мәселелер жатады.

     Палаталардың  бірлескен отырысында Парламент:

     1Қазақстан  Республикасы Президентінің ұсынысы  бойынша Конституцияға өзгертулер  мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық  заңдар кабылдайды, оларға өзгертулер  мен толықтырулар енгізеді;

     2 Республикалық бюджетті және  Үкімет пен Республикалық бюджеттің  атқарылуын бакылау жөніндегі  есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы  туралы есептерін бекітеді, бюджетке  өзгертулер мен толықтырулар  енгізеді;

     3 Республика Президентінің қарсылығын  туғызған заңдар немесе заңның  баптары бойышпа ол қарсылық  жіберген күннен бастап бір  ай мерзім ішінде қайталап  талқылау мен дауысқа салуды  өткізеді;

     4  Президентке оның бастамасы бойынша  әр палата депутаттары жалпы  санының үштен екісінің даусымен  бір жылдан аспайтын мерзімге  заң шығару өкілеттігін беруге  құқылы;

     5 Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді;

     6Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды;

     Парламент Республиканың бүкіл аумағында  міндетті күші бар Қазақстан Республикасының  Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат  пен Мәжілістің Қаулылары түрінде  Заң актілерін қабылдайды.Заңдар, аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мынадай мәселелер бойынша шығарылуы тиіс:

     1жеке  және занды тұлғалардың құқық  субъектілігіне, азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарына, жеке және  заңды тұлғалардың міндеттері  мен жауапкершілігіне;

     2 меншік режиміне және өзге  де мүліктік құқықтарға;

     3 мемлекеттік органдар мен жергілікті  өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру  мен олардың қызметінің, мемлекеттік  және әскери қызметінің негіздеріне;

     4салық  салуға, алымдар мен басқа да  міндетті төлемдерді белгілеуге;

     5 республикалык бюджетке;

     6 сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;

     7білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;

     8кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;

     9 айналадағы ортаны қорғауға;

     10 Республиканың әкімшілік-аумақтық  құрылысына;

     11 мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге қатысты негізгі  принциптер мен нормаларды белгілеуге қатысты заңдар.

     Өзге  қатынастардың барлығы заңға  тәуелді актілермен реттеледі.Республиканың  мұндай заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның Палаталарының  Заң актілері, егер Конституцияда  өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары  жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер  бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады.

     Қазақстан Республикасының Үкіметіатқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдарды жүйесін басқарады және олардың, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады.Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi. Республика Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн бiр ай iшiнде Парламентке Үкiмет бағдарламасы туралы баяндама табыс етедi.Үкiмет Бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екi ай iшiнде Парламентке Бағдарлама жөнiнде қайталап баяндама табыс етедi. Республика Парламентiнiң Үкiмет Бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен жүзеге асырылуы мүмкiн және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді. Мұндай көпшiлiк дауыстың болмауы Үкiмет Бағдарламасының мақұлданғанын бiлдiредi.Республика Үкiметi мүшелерiнiң:

  • өкiлдi органның депутаттары болуға;
  • оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға;
  • кәсiпкерлiкпен шұғылдануға;
  • коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге хақы жоқ.

Республика  Үкiметi:

  • мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
  • мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
  • әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады;
  • Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
  • Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттiк валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;
  • құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;
  • мемлекеттiк баға белгілеу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi;
  • мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;
  • еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi;
  • мемлекеттiк аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
  • ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгiзудiң, мәдениеттi, бiлiмдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады;
  • табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
  • құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртiбiн, Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
  • келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
  • Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;
  • өзiне Конституция, заңдар және Президент актiлерi жүктеген өзге де функцияларды орындайды.[2]

Информация о работе Қазақстан экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын болжау