Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 19:19, курсовая работа

Описание работы

Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.

Работа содержит 1 файл

курсовой!.doc

— 209.50 Кб (Скачать)

Кіріспе

      Экономикалық дамудың экономикалық  моделі қазіргі заманғы экономикалық  даму теориясының арасында ең  соңғы орында емес, оның мәні  – экономика жағдайын жақсартуда  жаңа шағын және орта кәсіпорынның  үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.

      Қазіргі транзиттік экономикасы  бар елдердің ерекшеліктерін  ескеріп, шағын және орта фирмаларды  құру және жұмыс істеудің тәжірибелік  мәселесін зерттеуге, шағын және  орта бизнесті анықтауға, кәсіпкерліктің  теориялық аспектісін, сонымен қатар, кәсіпкерлік феноменінің маңыздылығын зерттеуге арналған бірқатар нақты зерттеулер жасау қажеттілігі бар.  

    Шағын және орта бизнес кәсіпорындары деп  – бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды, басқару  нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді,басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.

       Нарыққа негізінен миллиондаған  айналымы бар корпорацияларға  жол ашық, ал шағын және орта  кәсіпкерлік құрылымының кіруіне  мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел – шағын және орта фирманың жақсы жетілген компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын және орта бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалы, ірі кәсіпорын стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл немесе одан да көп уақыт қажет етеді. Шағын және орта фирма үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ – жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95%-і шағын және орта бизнес саласынан келуде. Басқа мәліметтер бойынша, ірі фирмаларға қарағанда, шағын және орта фирма 24 есе жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда. Сондықтан, Еуропа Достастығында экономиканың жеке секторындағы 15,7 млн кәсіпорынның ішінен шағын және орта бизнес кәсіпорындары 70 % жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты. Статистика бойынша, 16 млн адам өздеріне, 46 млн адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.

    Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан  Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы  шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көрсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).

    Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнестің маңызы. 

                                1.1.Шағын және орта бизнес ерекшеліктері

    Көптеген  адамдардың ойы бойынша, нарыққа  тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындар үшін 0,5 – 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмайды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 – 6 жыл қажет. Екіншіден, көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Үшіншіден, Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, және де әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

    Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс ( 1987 ) мәліметтері бойынша шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.

    Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп  отыр. Бұл, шағын және орта бизнестің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндігі.

    Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі  кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен  және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу – шағын және орта бизнес қызметі.

    Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке  ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген  жұмыстың нәтижесінің максималды болуына  мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.

    Шағын және орта бизнес артықшылықтары айқын. Бұл – шағын және орта бизнестің динамикалылығы, икемділігі, өндіретін өнім мен көрсететін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі.

    Шағын және орта фирмадағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым  жоқ, жұмысшылар мен табыстарды басқаруға  тікелей қатыса алады.

       Шағын және орта бизнестің  басты ерекшелігі – кірістерге  қатысуымен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғары нәтижелілігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге деген ұмтылыс. Оның үстіне, шағын және орта бизнес экономиканы жандандырушы фактор ғана болып қоя салмай, сондай – ақ, оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде де қарастырылады. Шағын және орта фирмаларды көбірек құру – жұмыссыздық мәселесін жеңілдетуі, сауыққан бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын жандандыруы, ірі бизнестің дамуына бастама беруі және ауқымын кеңейтуі мүмкін.

       Жоғары дамыған елдерде шағын  және орта бизнес ірі бизнестің  негізі дейді. Бастапқыда 2 адамда  аздаған капиталмен өз ісін  бастау идеясы туады. Идея кәсіпорынның кіріс әкелу мүмкіндігіне айналады. Кірістің өсуі өндірістің дамуына жағдай жасайды. Бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу экономикамызда аз танымал құбылыс, бірақ шетелде кең тараған формасы ретінде мынадай артықшылықтарға ие:

    1. Тәуекел мен тұрлаусыздық  факторы сынға жиі ұшырайтын жаңа кәсіпорын ашумен салыстырғанда, олардың деңгейін төмендетуі

    2. Жаңа бизнесті бастауда жүзеге асырылатын шығындарға қарағанда, әлдеқайда аз келісім баға бойынша бизнесті алу мүмкіндігі.

      ҚР үшін франчайзинг пен отбасылық  бизнес ең өзекті деуге болады. Алғашқы франчайзингтік келісім ХІХ ғасырда тігін машинасын өндіретін компания мен оның дилері арасында жасалды. 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық бизнес, бөлшек сауда және қонақ үй кешені салаларында кең қолданыла бастады. 60-70жж. тағамды тез дайындайтын технология («Макдональдс» фирмасы) барлық жерге тарала бастағанда, франчайзинг кең ауқымдық сипатқа ие болды.

    Франчайзер  өзінің франчайзи мүшесіне фирма  атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын, т.с.с. пайдалану құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы үшін жаңа кәсіпорын ашу мен жұмыс істеу тәуекелін төмендетеді, үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді.

    Франчайзингтік  қатынастардың 3 типі бар:

    1) Франчайзер - өнім өндіруші немесе  қызмет көрсетуші фирма, өзінің  өнім өндіру немесе қызмет көрсеті құқығын франчайзиға береді.

    2) Франчайзер – негізгі өнім  өндіруші, өзінің өнімінің көтерме  сату 

құқығын франчайзиға береді.

    3) Франчайзер – көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын  франчайзиға береді.

    Франчайзингтік  қатынастар жүйесі:

     Артықшылықтары:                                               Кемшіліктері:

  1. Оқыту және дайындау                               1. Франчайзингтік төлем
  2. Қаржылық көмек                                         2. Өсімді шектеу
  3. Маркетингтік көмек                                    3. Тәуелсіздікті шектеу
  4. Басқарудағы көмек                                     4. Әрекетті шарт мерзімімен        
  5. Шапшаң көмек                                               шектеу
  6. Сәтсіздіктің төмендеу пайызы,                  5. Тек 1 жеткізуші франчайзер-

тәуекел деңгейінің төмендеуі                              мен жұмыс істеу

    Артықшылықтары:

    1) Франчайзер – тек өндіріс мәселесін оқытып үйретуді ғана ұйымдастырып қоя салмай, сондай – ақ, бухгалтерлік есеп, тауарлық- материалдық құндылықтарды бақылау, еңбек ресурстарын басқару, сақтандыру мәселелерін, т.б. оқытып үйретеді. Оқыту бірнеше күннен бірнеше аптаға созылады. Бұл үшін арнайы оқытып-үйрету орталықтары құрылады. Мысалы, «Макдональдс» қарамағында тұтас бір университет бар, онда 1961 жылдан бері 40000 бизнесмен, менеджер, жұмысшылар оқиды. 30 жақсы жабдықталған аудитория, 30-дан астам профессор жұмыс істейді.

    2) Жанама түріндегі қаржылық қолдау. Мысалы, франчайзер алынған тауар бойынша шарттағы төлем мерзімін ұзарта алады немесе франчайзи банктен несие алған кезде кепілдік беруші бола алады.

    3) Маркетингтік көмектің мәні –  франчайзи тарапынан франчайзердің  жақсы танылған және кең ауқымды  тұтынушылары бар сауда маркасы  мен атын пайдалануы болып  табылады.

    4) Басқарудағы көмек – франчайзердің тәжірибесін пайдаланып, тек бизнесті тез бастауға ғана емес, сондай – ақ бизнестің ең басынан табысты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

    Зерттеу мәліметтері бойынша, 5 жыл бұрын қаланған франчайзингтік фирмалардың 97 % әлі күнге дейін сәтті жұмыс істейді.

    Кемшіліктері:

  1. Егер франчайзер жаңа компания немесе тез өсу кезеңіндегі компания болса, оның капиталға қажеттілігі үлкен болады.Сондықтан, франчайзингтік төлем жоғары болуы мүмкін.Бұдан басқа, франчайзи материалдар мен толықтырушыларға, құрал – жабдықтарға, еңбекақы төлеуге кететін, т.б. шығындарды көтереді.
  2. Фирма қызметінің аумақтық өрісін кеңейтуі көбіне оның негізгі өсу жолы болып табылады. Дегенмен, дәл осы фактор франчайзингтік шартта шектеулі болады.

       Кемшіліктерге қарамастан, франчайзинг бүкіл әлемде толық құқықты болып есептеледі және оның соңғы жылдары әрі қарай таралу тенденциясы байқалады. Франчайзингтік қатынастардың интернациолизациясы туралы айтсақ, франчайзер үшін басты фактор -  ең алдымен оның салған капиталы жоғары дәрежеде пайда әкелетін, бөлшек және сервистік желісі дамыған елдерге ұмтылыс, сонымен қатар жоғары нарықтарды жаулап алып, онда өз әсерін орнатуға ұмтылыс. Интернационалдық франчайзингтің дамуын тоқтататын факторларға шығындар, халықаралық менеджменттегі тәжірибенің жеткіліксіздігі, басқа мемлекеттер тарапынан қойылған заңды тосқауылдар жатады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ролі