Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 19:19, курсовая работа

Описание работы

Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.

Работа содержит 1 файл

курсовой!.doc

— 209.50 Кб (Скачать)

      Бағдарламаның келесі бөлімі  – ресурспен қамтамасыз ету.Оның  құрылысы:

    -Нормативті  – құқықтық

    -Қаржылық

    -Материалды  – техникалық

    -Кадрлық

    -Ақпаратпен  қамтамасыз ету

    1. Республикамызда кәсіпкерлердің мүддесін қорғау үшін мақсатқа сай құрылған орган Адвокаттық кеңсе болып табылады. Оның бас консулы тікелей Президент пен Сенатқа бағынышты. Адвокаттық кеңсенің негізгі міндеттері:

    - шағын және орта бизнестің  дамуына мемлекеттік заңдардың,  бағдарламалардың, нұсқаулардың және  салықтардың әсерін зерттеу және олардың шағын және орта бизнес қажеттіліктеріне сәйкестендірілуі бойынша ұсыныстар дайындау

    - шағын және орта бизнеске әсер  ететін факторларды анықтау бойынша  экономикалық және статистикалық  зерттеулер жүргізу, шағын және  орта бизнес әлеуетін бағалау, шағын және орта бизнес мәселесін және қажеттілігін зерттеу.

    - шағын және орта бизнес өкілдерімен  жұмыс жасау, оларды қажетті  ақпаратпен қамтамасыз ету, заңдарды  және басқа да реттеуші нұсқаларды  түсіндіруде көмек көрсету

    - мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде шағын және орта бизнес өкілдерінің өз ұсыныстарын айта алуы үшін мінбе ұсыну.

    Бас консул конгреске ұсынылуға дейін  сақтандыру, еңбек заңдары, зейнетақымен қамтамасыз ету,мемлекеттік қолдаулар, т.б. мәселелерді көрсететін қол  қояды.

    2. Мақсатты кешенді шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасын қаржыландырудың негізгі көздеріне бюджеттік қаражаттың 60 % жатады, бюджеттік емес қаражатттар 15 % және басқалары 25 %.Алдыңғы орынға шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа нысаны болып табылатын екінші деңгейдегі банктер несиесі шығады.Бұдан келіп, кепіл қоры түрінде кепілдеме беру сияқты нысандар туады, ал осы жерде кепіл қоры ретінде жергілікті басқару органдарының коммуналдық меншіктері қолданылады.

    Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың қосымша түрі ретінде өндірістік салаға бағдарланған кепілдік қорларын, дифференциалды несие ставкаларын, икемді инвестициялық қолдау мен салық салудың жеңілдетілеген жүйесін атап көрсетуге болады.

    3. Өндірістік – технологиялық қолдау көрсетумен қамтамасыз ету келесі меселелер жиынтығын шешуге бағытталған:

    -Шағын  және орта кәсіпкерлікке арналған  жаңа, тиімділігі жоғары жабдықтар  мен машиналардың және типтік  құрылыс модулдерінің тізімін  қалыптастыру, іс жүзінде жекелеген  салалар мен аймақтарда өндірістегі инновациялық кәсіпкерлік жобалар мен оларды іске асыру механизмін қалыптастыру.

    -Жаңа  өндірістер құру мақсатында банкротқа  ұшыраған, келешегі жоқ кәсіпорындарды  қайта ұйымдастыру, іске қосылмаған  алаңдар мен құрал – жабдықтарды  ШКС – не өткізу жұмыстарын жалғастыру

    -Алматы  мен Ақтауда пилотты ресурстарды  іске асыру кезінде кәсіпкерліктің  инновациялық  технологиялары мен  инновациялық кәсіпорын орталықтарын  құру.

    4. Кадрлармен қамтамасыз ету келесілерден тұрады:

    -Кадрларға  деген қажеттілікті зерттеп үйрену

    -Республикалық  және аймақтық құрылымдарда қызметкерлер  мен жетекшілерді дайындау және  қайта дайындауды ұйымдастыру

    -Кәсіпкерлік  қызметінің негізі бойынша жастарды, әйелдер, қолы бос азаматтарды  оқытуды ұйымдастыру

    -Қазақша  оқыту – кеңестік франчайзинг орталығын құру.

    5. Бизнеске ақпараттық қолдау көрсету мыналарды қамтиды: бар нарықтар туралы, тұтынушылардың қалаулары туралы, технологиялық жаңалықтар туралы, жетілдіруді қажет ететін өндірістер немесе өнімдер туралы ақпарат беру, ғылыми және технологиялық орталықтар құру, университеттер мен институттардың бизнеспен ынтымақтастығы, патенттік ақпарат тарату және мемлекеттік зерттеуді коммерцияға айналдыру. Жаңа және жұмыс істейтін кәсіпорындарды құру және жұмыс істеу мәселелері бойынша шағын және орта бизнесті қолдау орталықтары тарапынан көрсетілетін консалтингтік қызметтер кешені де осыған кіреді.

    ҚР 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін  кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылдады.Қазақстанда  кәсіпкерліктің дамуына “Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметінің еркіндігі туралы”(1991), “Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы”(1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды.ҚР Президентінің 1997 жылғы 6-наурыздағы “Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы” Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің, қазақстандық заңды тұлғалардың және кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту қорын құру көзделген.ҚР – Үкіметі мен ҚР – ң Ұлттық банкі бірлесе отырып, жеке кәсіпкеркерлерді қосқанда шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына мемлекеттік банктер мен 2 – деңгейлі банктерде мемлекеттің қатысуымен ақысыз шоттардың ашылуын қамтамасыз ететін сәйкес шешімдер мен шаралар қабылдауды көздеп отыр.

    Қорытынды ретінде Қазақстан Республикасында  халықтың әл – ауқаттылығын түбегейлі  жақсарту мен экономиканы дамыту секілді қиын да игі міндеттерді  атқара білетін кәсіпкерлер тобын  жетілдіруге алып баратын әрі кәсіпкерлік қызмет саласын шабыттандыратын кәсіпкерлікті басқару ісінің мақсатты да көп деңгейлі жүйесін қалыптастыру қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    

  •                    
  •  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                                       Қолданылған  әдебиеттер  тізімі:

      1. М.К. Бункина «Деньги. Банки. Валюта» . уч. Пособие – М. ДИС,1994г.
      2. «Вестник Национального Банка РК» за 1999г. №1,№2
      3. «Деньги. Кредит. Банки».Уч.для вузов/Под ред. Е.Ф.Жукова. 1999г.
      4. «Деньги. Кредит.Банки».Уч/Под ред. О.И.Лаврушина. 1999г.
      5. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР Президентінің Заң көші бар жарлығы – 1995ж.
      6. Б.А. Көшенова «Ақша, несие,банктер». Алматы экономика – 2000ж.
      7. Б.Ж. Жүнісов «Нарықтық экономика негіздері». Оқу құралы. Алматы. 1994ж.
      8. Б.Р. Мәндешев «Нарықтық экономикаға кіріспе». Оқу құралы. Алматы. 1995ж.
      9. Ғ.С. Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер». Алматы экономика – 2001ж.
      10. М.С. Саниев «Деньги. Кредит. Банки». Алматы. 2000г.
      11. С.Б. Мақыш «Ақша, несие, банктер». Алматы экономика – 2001ж.
      12. «Русско-казахский толковый экономический словарь».Алматы.МЧП, 1996г.
      13. «Экономикалық теория негіздері». Алматы. Қазақ  университеті. 1998ж.  
      14. «Экономикалық теория».Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2000ж.
     

    Қолданылған сілтеме:

    1. www.google.ru
    2. www.rambler.ru
    3. www.referattar.kz

    Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ролі