Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 19:19, курсовая работа

Описание работы

Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.

Работа содержит 1 файл

курсовой!.doc

— 209.50 Кб (Скачать)

       Қазақстандық кәсіпкерлер үшін  халықаралық франчайзинг біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгей  түрінде болуы мүмкін. Көп нәрсе іске асырылуда, бірақ өкінішке орай, батыс бизнесмендердің қолында Қазақстан нарығы, оның әлеуеті мен дамуы туралы мәлімет аз.

      Шағын және орта бизнестің  негізін қалаудың екінші жолы – бір отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес. Әдетте отбасылық бизнес бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтіп отырады. Кез келген отбасылық бизнес – отбасы мен бизнестің симбиозы. Әрқайсысының өз мақсаты болады. Отбасының мақсаты – балаларды тәрбиелеу және отбасы мүшелеріне қарау. Бизнестің мақсаты - өндіріс жолымен немесе тауар сатып, қызмет көрсетіп пайда табу.

      Отбасылық бизнестің артықшылықтары:

  1. Кез келген қиыншылықтарға қарамастан, бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өзінің еңбекақылары мен дивиденттерін жиі құрбан етеді.

     2. Отбасылық бизнестің негізгі критерийлері – жұмысқа берілгендік, жоғары әдептік нормалар, тұтынушылар үшін тікелей жауапкершілік. Кәсіпорын отбасылық бизнестің нысанын қабылдап, автоматты түрде жарнамалық сипат алады.

   3. Ірі  корпорациялармен салыстырғанда, жұмысшыларға қарау деңгейінің жоғарылығы.

      Сондықтан АҚШ – та кәсіпорындардың  80-90 % отбасылық бизнес саласына  жатуы және экономиканың әр  түрлі секторында жұмыспен қамтылғандардың  50 % отбасылық бизнес жұмысшыларынан тұрады. Онда 500 компанияның 1/3–і – отбасылық бизнес компаниялары.Олар шағын және орта түрден миллиондаған айналымы бар тез өсуші компанияларға айналды.

    Отбасылық бизнеске қатысу деңгейі бойынша  былай айыруға болады:

  1. Толығымен отбасы басқаратын және бақылайтын бизнес.
  2. Отбасы бақылайтын, бірақ маман менеджер басқаратын бизнес.
  3. Отбасы тарапынан басқарылмайтын бизнес.
 

    Отбасылық бизнес пен бизнестің басқа түрлері арасындағы айырмашы-лықтар:

    Отбасылық бизнес     Бизнестің басқа түрі
    1) Фирманы шексіз беріліп басқару,  себебі отбасы мүшелерінің өмірі  және жақсы тұрмысы бизнестің  табысты не табыссыздығына байланысты    1) Фирма  менеджерінің мүдделері арадағы  шарт шеңберінде
    2) Отбасы мүшелері өзінің барлық  мансаптарын тек бір жеке отбасылық бизнеспен ғана байланыстырады     Менеджердің өзінің барлық мансаптарын бір ғана фирмада жүріп жасаулары сирек  кездеседі
    3) Стратегияны дайындау кезінде  отбасы мүшелері шексіз уақыт кеңістігіне ие     3) Менеджерлер фирманың стратегиясын дайындау кезінде өте қысқа уақыт кеңістігіне ие
    4) Бизнестегі сәтсіздіктер отбасы  мүшелеріне, әсіресе оның менеджер-ріне драмалық зардап әкеледі     4) Бизнестегі сәтсіздіктер менеджерге  салыстырмалы түрде аз әсер етеді
    5) Отбасы мүшелерінің менед-жері ретінде қызмет атқаруының тоқтатылу ықтималдығы өте төмен     5) Фирмада менеджер манса-бының тоқтатылу ықтималдығы өте жоғары
    6) Отбасы мүшелері фирманың өсуіне  және табысты болуына мүдделі,  себебі ол жалғыз жұмыс орны  және отбасы тұрмысын жақсарту көзі     6) Менеджер жалақысын арттыруға, мансабын жоғарылатуға және өсіруге мүдделі
    7) Отбасы мүшелерінің кірістері  фирманың қызметінің түпкілікті  нәтижесімен тікелей пропорционалды     7) Менеджер жалақысының фирма қызметінің  түпкілікті нәтижесіне тәуелділігі  анағұрлым аз
    8) Шешім қабылдау орталықтан-дырылған  сипатқа ие, дегенмен уақыт өте бұл беталыс төмендейді     8) Шешім қабылдау алқалы сипатқа ие, көбіне менеджер коман-дасының қатысуына негізделеді
    9) Фирма қызметіне деген ішкі бақылау аз, жалаң сипатқа ие     9) Фирма қызметіне бақылау тым аз түсті
    10) Отбасы мүшелерінің арасындағы  бақталастық отағасы мен мұрагерлер  арасында жанжал туғызуы және  отбасылық бизнестің сабақтастығын проблемалы етуі мүмкін     10) Сабақтастық бақталасқа және  жанжалға алып келуі мүмкін, бірақ  акционерлердің мүдделеріне сәйкес акционерлердің бақылау жасау жанжалды уақытында тыйып, тоқтатуға мүмкіндік береді
    11) Менеджер - өзіне және отбасына есеп беретін отбасы мүшесі     11) Менеджер акционерлерге есеп береді
    12) Отбасындағы жанжалдың салдары әділ сипатқа ие, яғни белгілі бір уақыт аралығынан кейін пайда бола отырып, уақтылы бизнестің табысты болуына әсер етуі мүмкін.     12) Жанжал сызықты сипатқа ие, түзу  әрі қадағалау оңай және уақтылы тоқтатуға болады
    13) Отбасы мүшелеріне жатпайтын  жұмысшылардың өсу және жоғарылау мүмкіндіктері біршама шектеулі     13) Жұмысшылардың шешім қабылдауға  қатысу және жоғарылау мүмкіндіктері бірдей
    14) Отбасылық мәселелер бизнестің  табыстылығына тікелей әсер етеді     14) Менеджердің отбасылық мәселелері  бизнеске төмен дәрежеде әсер етеді

       Қазақстандағы бизнес негізінен отбасылық. Бұл ең алдымен ауыл отбасындағы адам санының көптігімен, отағасын құрметтеу дәстүрімен және бір-бірін өзара ауыстыру мүмкіндігінің бар болуына байланысты. 

    1.2 Шағын және орта бизнесті несиелендіру  барысындағы шетелдік тәжірибе

    Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған  Батыс елдерінде бәсекенің дамуы  әсерінен шағын және орта бизнесті несиелендірудің рөлі арта түсті. Мұның  басты себебі - экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.

    Тұрақты экономикалық жүйеде шағын және орта бизнесті несиелендіру не береді? Олар:

  • динамикалық түрде дамуы мүмкін;
  • кәсіпкерлердің сұранысының өзгеруіне төзе бейімделе алады;
  • бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді;
  • экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді;
  • жаңа шағын және орта кәсіпорындар ашылып жұмыс орындарын ашылады;
  • жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды;
  • елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады;
  • мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.

    Дамыған елдерде шағын және орта бизнес кәсіпорындар мынадай салалар бойынша несиелендіреді: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары тағы басқалары. Қазір шағын және орта бизнес кәсіпорындары жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына әртараптандырылып жатыр.

    Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен  қатар қызмет

етуі  дамыған елдер экономикасына  тән белгі. АҚШ-та өз ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықтық экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-тағы шағын бизнесті несиелендіруді дамыту тәжірибесі үлкен маңызы бар.

    Экономикалық  өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс  орындарын ашу

мен қысқарту кезінде шағын және орта бизнесті несиелендіру жұмыссыздық

проблемасын бәсеңдетеді.

    АҚШ-та шағын және орта бизнесті несиелендіру тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер  мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді. Солардың бірі «Шағын және орта бизнесті несиелендіру туралы» заң. АҚШ конгрессінде шағын және орта бизнесті несиелендіру проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын және орта бизнесті несиелендіру әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы-шағын бизнесті жан-жақты қолдау. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын және орта бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті несиелендіруді қолдау және дамыту мақсатында бірнеше программа жасады.

    АҚШ шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолдаудың мемлекеттік жүйесі мынадай:

  • бюджеттен тікелей дотациялар беру;
  • шағын және орта бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;
  • шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктер арқылы төмен пайдамен несиелендіру;
  • мемлекет тарапынан және екінші денгейлі банктер тарапынан лизингтік несиелендіру;
  • шағын және орта бизнесті несиелендіруде салықтық жеңілдіктер беру.

    Сондықтан да АҚШ шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамытуға үлкен мән  беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасалған деп қорытындылауға болады.

    Шағын және орта бизнесті несиелендіру жөнінде  Жапония мемлекеті де үлкен тәжірибеге ие болып отыр.

    Жапонияда шағын және орта бизнесті несиелендіруде ерекше назар аударады. Себебі, шағын  және орта бизнесті несиелендіру арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары технологиялық дамыған елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.

    Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55%-ы, көтерме сауданың 60%-ы, бөлшек сауданың 80%-ы тиеді. Еркін нарықтық бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар шағын кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты ұлғайтуға көмек береді. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі - басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі. Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір министрлік, әр ведомство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсалатын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға жеңілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар

жалпы ұлттық өнімнің 73%-ына ие болып отыр.

    Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын  бизнесті несиелендіруді дамыту маңызды  мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылды.

    1995 жылы Ресей Федерациясында «Шағын  бизнесті мемлекеттік несиелендіруді қолдау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады. Шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырады. Бұл қорға федералдық меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының 5%-ы келіп түседі. Федералдық Қор арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі қағидаға негізделген:

  • Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек;
  • Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады. Қор банкке өз резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады.

    Шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолдаудың  аймақтық қорлары мен орталықтары барлық аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық және жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша әр түрлі жеңілдіктерге ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден шағын бизнестің инфрақұрылымын құру жобалары да қаржыландырылады.

    Біз Ұлыбританияны мысалға  алып, ең кең таралған банкілік несие беру түрін  қарастырамыз.

    Ағылшын банкілері коммерциялық мекемелерге  қысқа мерзім несие беруде овердрафт  түрін пайдаланады. Овердрафт күнделікті есеп шотпен байланысты келісім бойынша банк есеп шоттың қожайынына сомаға чек жазып беруге рұқсат береді, бұл сома лимит  түрінде  белгіленген несие қалдығынан жоғары асуы мүмкін.

    Ұлыбританиядағы овердрафт мерзімдері – бірнеше  айдан бірнеше жылға созылады, бірақ банк несиені жылына бір рет толық  төлеуін талап етеді және әр жыл сайын клиенттің жағдайын  зерттейді. Егер қарыздардың өтеу қабілеті күдікті болса,  келісім шарты бұзылады. Овердрафт бойынша пайыздар күнде қалдық бойынша өседі. Несиенің бұл түрі ең арзан, себебі клиент пайдаланған қаражат үшін төлейді.

    Екінші  дәстүрлі несие берудің ағылшын  бланкілері қолданылатын түрі – қарыз  есебімен берілетін несие. Овердрафтан  айырмашылығын айтсақ, клиентке арнайы есеп-шот ашылып, оның есебіне несие  сомасы жазылады. Бір уақытта клиенттің күнделікті есеп-шот несиелерін, клиент чек жазып алып не болмаса ақша түрінде алуы мүмкін. Бұл есептеу  арқылы берілген несие капиталдық шығындар мен әр түрлі коммерциялық жобалар жасау үшін істелінеді. Мұндай несиенің мерзімдері әр түрлі. Олар сатып алынған жабдықтардың экономиялық өміріне байланысты. Бұл несиелер орта және ұзақ мерзімді. Пайыздар үш айлықта бір жиналып, клиенттің күнделікті есеп - шотынан алынып отырылады.

    Пайыз ставкасының мөлшері банкінің негізгі  ставкасына қосылма қосылуымен анықталып, не болмаса нарық ставкасының өзгеруімен байланысты болады.

    Лизингілік  операциялар Ұлыбританияда кең  таралған. 70-жылдар басында қымбат және ірі жабдықтарды жалға алуды  қаржы үйлері қаржыландырған. Олар тәжірибеде лизинг ретінде жалға  алынған  жабдықты  толық төлеп, не болмаса сатып, жалға беру шарттары қарастырылады. Бұл орайда компания өз жабдығын қаржы компанияға сатып, сосын жалға қайта алады.

    Шетелдік  тәжірибеге қарап, Республикамызда  атқарылатын несиелендіру іс-шараның  әлі көп екенін байқауға болады. «Шағын және орта бизнесті несиелендіру туралы» заң атқарылатын іс-шаралардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторын көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта бизнеске кәсіпкерлеріне қағаз жүзінде емес, шет елдегі сияқты нақты көмек қажет, яғни қаржылай төмен пайызбен несие, несие алу жолдарын жеңілдету, мемлекет бюджетінен тікелей қаржыландыру, лизингтік несиелеу бойынша көмек жасау керек,    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2. Екінші бөлім. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ролі. 

                    2.1.Шағын және орта бизнестің  ұйымдық – құқықтық базасы

    Нарықтық  экономика жолына түскен республикамыздағы  шағын және орта кәсіпкерліктің  ұйымдық нысандарының дамуын талдай отырып, шет елдерге жақындау тенденциясын байқауға болады. Айырмашылықтары экономикамыздың дамуындағы өтпелі кезеңмен түсіндіріледі.

    Жеке  кәсіпкерлік – тіркеу және негізін қалау көзқарасы бойынша шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың ең оңай формасы болып табылады. Себебі, тіркеу процедурасы сертификатты кәсіпкердің атына толтыру мен тіркеу номерін алудан тұрады. Тағы бір артықшылық – бизнесті толығымен бақылау мүмкіндігі. Мұндай кәсіпорынды кез келген уақытта бөліктеп, сондай – ақ бүтіндей сатуға болады. Сонымен бірге фирманың бағаланған құнына негізгі активтерден басқа фирманың имиджі, коммерциялық құпия объектілері, тұтынушылар мен тапсырыс берушілердің (инвестор ) қалаулары сияқты сезілмейтін активтер де қосылады.

       Жеке кәсіпкерлікте ең маңызды  шарт – кәсіпкердің өз қызметінің нәтижесіне деген шексіз жауапкершілік.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ролі