Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 19:19, курсовая работа

Описание работы

Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.

Работа содержит 1 файл

курсовой!.doc

— 209.50 Кб (Скачать)

    Кемшіліктері: 1) Жеке кәсіпкер кәсіпорынның берешектері үшін жеке активтерін қоса өзінің  барлық мүлігімен жауап береді.

    2) Жеке кәсіпкердің кәсіпорнының  жұмыс істеуі мен өсуі үшін  қажетті ресурстардың шектеулі  болуы.

    3) Жеке кәсіпорынға салық салынған  кезде кәсіпкердің барлық кірістері салынатын салық сомасының құрамына кіреді. Көбінесе, бұл кәсіпкерді өсу үстіндегі салық көлемін төлеу үшін өзінің жеке кірістерін пайдалануға не бизнестен айтарлықтай соманы шегеріп тастауға мәжбүр етеді. Екінші жағынан, егер бизнес алғашқы жылдары зиянға ұшырайды деп күтілсе, шығындар салық салынатын кірістердің жиынтық көлемін азайтады.

       ҚР – ң ,, Жеке кәсіпкерлікті  қорғау және қолдау көрсету  туралы “ 1992 жылы 4 шілдедегі Заңы жеке кәсіпкерлікті реттейтін негізгі құқықтық құжат болып табылады.

       Бүгінде жеке кәсіпкерлік   бизнесті ұйымдастыратын ең кең  тараған түрі болып табылады. Бұл қызмет, әсіресе, заңды тұлға ретінде құрылмай – ақ, сатып алынған патент негізінде жұмыс істеу мүмкіндігінің арқасында жандана түсті. Мұндай патент бір мезгілде  алу туралы куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензия болып табылады. Жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорнының қызметі үшін жауапкершілігі шексіз.

    Серіктестік – екі не одан да көп тұлғалардың немесе ұйымдардың арасындағы кәсіпорын құру келісімі.

       Жауапкершілігі шектелмеген серіктестіктің  жеке кәсіпкерліктен негізгі  айырмашылығы – бірден көп  қатысушының болуы. Бұл серіктестіктердің  арасында келісім – шартқа  отыру қажеттілігін білдіреді, ол жерде мыналар көрсетіледі: серіктестіктің атауы,  негізгі қызмет түрі, серіктестіктің жұмыс істеуінің өміршеңдігі, әрбір серіктестің құқықтары мен міндеттері, пайданы бөлістіру тәртібі, серіктестіктің  ескі мүшелерін шығарып, жаңаларын қабылдау жолдары. Барлық қалған жағдайларда жауапкершілігі шектелмеген серіктестік жеке кәсіпкерлікпен бірдей дерлік. Демек, барлық серіктестің кәсіпорынның берешектері мен міндеттемелері үшін жауапкершіліктері бірдей, ал пайда мен шығындар жеке – жеке әрбір серіктестің салық салынатын кірістердің құрамына кіреді. Бұдан басқа, серіктестер серіктестіктің кез келген қатысушысының берешектері мен міндеттемелеріне жауап береді және кейде несие берушілер өз шығындарын серіктестіктің барлық қатысушыларынан алатын жағдайлар да болады. Серіктестікте сабақтастық жоқ, яғни бір серіктестің кетуімен немесе өлуімен серіктестік өз жұмысын тоқтатады. Әрбір серіктестік басқалардың келісім беруімен өз меншігінің  бір бөлігін үшінші адамға беруге құқығы бар. Бұған қоса, серіктестің басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан өз атына несие алу құқығы бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде ( генералды серіктестік деп те атайды ) бір немесе бірнеше ГС кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша шектелмеген жауапкершіліктеріне ие болады және кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады. Қалған шектеулі серіктестіктің жауапкершіліктері салған капитал мөлшерімен шектеледі және олар басқаруға қатыспайды. Кейде кеңес беруші ретінде қатысатын заңды емес мүшелер де болуы мүмкін. Олардың есімдері кең жарияланбайды, бірақ арнайы құжаттарда олардың пайда мөлшерлері мен жауапкершіліктері көрсетіледі.

       Біріккен кәсіпорын – бізде де, шетелде де бизнесті ұйымдастырудың тарихи ең кең тараған түрі болып табылады. Мұндай компанияда басқару ісі компания мүшелері сайлайтын директорлар кеңесі тарапынан жүзеге асырылады. Компанияның қызметі барлықтарының қарастыратын объектісі болып табылмайды және ашық түрде акцияға жазылу жоқ. Біріккен кәсіпорынға 2 рет салық салынады.

       Қазақстанда біріккен бизнес  тарихи түрде кооперативтерден басталады. Алғашқы рет бұл қозғалысқа 1988 жылы 26 мамырда шыққан ,,КСРО – дағы кооперация туралы” заң кең жол ашып берді. Бірақ бұған жалпы қоғам көзқарасының терістігі мен регламенттің шектен тыс болуынан, жеке  меншіктің  жоқтығынан ол тиісті танымалдылыққа ие бола алмады.

       Қазіргі уақытта кооперативтердің  қызметі ҚР Президентінің 1996 жылы 15 шілдеде түзетулер енгізілген 1995 жылдың 5 қазанындағы ,,Өндірістік кооператив туралы” жарлығымен реттеледі. Заңға сәйкес өндірістік кооператив жеке еңбеккердің қатысуы мен мүшелердің салған мүліктік салымының (пай) біріктірілуі арқасында негізі қаланған біріккен кәсіпкерлік қызметке мүше болу арқылы азаматтардың өз еріктерімен бірігуі болып анықталады. Кооперативті құру жарғылық құжаттарды дайындаудан басталады. Жарғы немесе жарғылық келісім және кооперативтің жалпы жиналысында бекітілетін  жарғы, жарғыда кооператив мүшесінің  салатын пай мөлшері мен оларды салу тәртібі, кооперативтің шығындары мен пайдасын бөлістіру тәртібі және кооперативтің басқару органдарының құрамы мен құзырлары көрсетілуі қажет.

        Қазіргі уақытта Қазақстанда  кооперативтер өте сирек кездеседі,  негізінен олар 80-жылдардың аяғы  мен 90-жылдардың басында құрылғандар. ҚР Президентінің 1995 жылы 2 мамырдағы ,,Шаруашылық серіктестіктер туралы” жарлығына сәйкес серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өз иелігіндегі барлық мүлігімен  ортақ жауапты болып келетін шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік болып қабылданады.

        Коммандиттік серіктестік – серіктестіктің міндеттемелері бойынша иелегіндегі  барлық мүліктерімен ортақ жауапты болып келетін, жауапкершіліктері жарғының қорға салған салымдардың сомасымен шектелетін бір немесе бірнеше қатысушыларды қосатын серіктестік болып табылады. 1 – топ толық серіктестік деп аталады және ол туралы барлық ережелер таратылады. 2 – топ салымшылар немесе коммандитистер деп аталады. Олар басқарудан шеттетіледі, сондықтан, коммандиттік серіктестік сенімге негізделген серіктестік деп те аталады.

       Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейтін және жауапкершіліктері салған капиталының мөлшерімен шектелетін серіктестік. Артықшылықтары: капитал тарту мүмкіндігі, қатысушылардың жауапкершіліктері шектеулі болуының есебінен тәуекелді азайту мүмкіндігі, жұрт алдында есеп беру талабының және жарғының қорға салымды көп кешіктіріп салу құқығының жоқтығы, серіктестіктің тіркелуі кезінде тиісті соманың тек 25 % - і ғана жеткілікті болатындығы.

        Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – қатысушыларының жарғылық қорға салған салымдарымен шектелетін жауапкершіліктері бар, ал ол сомалар жеткіліксіз болған жағдайда салған салымдарына тең келетін өз иелігіндегі мал – мүлкімен қосымша жауапты болатын шаруашылық серіктестік. Бұл жауапкершіліктің көлемі қатысушылардың өз бетінше жасалады да, жарғылық құжаттарда белгіленеді, бірақ ол олардың жарғылық қорға салған салымдарының екі есесінен аз болмауға тиіс.

        Корпорация – бизнестің ең көп тараған және қалаулы түрі болып табылады. Басты артықшылық – акционерлердің корпорация қызметінің нәтижесіне деген жауапкершіліктің болуы. Корпорацияны акционерлер сайлайтын директорлар кеңесі басқарады. Олар корпорацияның стратегиялық дамуына жауап береді, ал  оперативтік басқарумен маман менеджерлер айналысады. Корпорацияны құру кезінде қажетті ұйымдық құжаттардан басқа тіркеу салымының төленуі және корпорация статусы мен жұмыс істейін деп жатқан жеріндегі барлық штаттардың тиісті басқару органдарына ұсынылуы қажет. Корпорацияда сабақтастық бар, яғни корпорация мүшелерінің бірінің кетіп, басқасының пайда болуы корпорацияның жұмыс істеуіне ықпал етпейді. Акционерлер акцияларын үшінші біреуге сатуға немесе беруге құқылы. Корпорацияның шығаратын акцияларының түрлері мыналар: дауыс беру құқығын беретін және дауыс беру құқығын бермейтін жай акциялар мен артықшылығы бар акциялар. Айырбасты облигациялар сияқты әр түрлі мерзімдік міндеттемелердің де қолданылуы мүмкін. Корпорацияның пайдасына 39% ставка бойынша салық салынады және пайданың мөлшеріне қарай 15% - ға дейін төмендетеді. Бизнесті ұйымдастырудың бұл нысанының кемшілігі ретінде корпорацияның пайдасына 1 мәрте және сол пайданың акционерлерге дивидент ретінде берілетін бір бөлігіне 2 – мәрте салық салыну мәселесін айтуға болады.Бұл мәселе бизнесті ұйымдастырудың S – корпорация деген түрін құру арқылы өз шешімін тапты. S – корпорация 1958 жылы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қатысты салық салу реформасының іске қосылу кезінде заңдастырылды. S – корпорация 35 адамға дейінгі шектелген акционерлер санына ие және тек бір ғана акция түрін шығаруға құқы бар. Ел ішінде пайда табуға (80% дейін) қатысты талаптар бар. Инвестициядан түсетін пассив пайданың көлемі 20% - дан асырылмайды, тағы да S – корпорация басқа бір корпорацияның филиалы бола алмайды.Пайда акционерлер арасында бөлістіріледі де, олар өздерінің жеке кірістеріне салық төлейді.Шығынға ұшырау кезінде ол шығындарды корпорацияның мүшелері арасында бөлістіру мүмкіндігі бар.

       Қазақстанда мемлекет меншігіндегі  объектілерді жекешелендіруге байланысты  корпорациялық қозғалыс кең өріс  ала бастады. Мұндай жекешелендіру барысында ондаған мың кәсіпорындар акционерлік қоғамға айналып кетті. Белгілі болғандай, кез келген акционерлік қоғамның өмір сүру тәсілі – акция, яғни номиналды бағасы бар және дивидент түрінде акционерлік қоғамның тапқан пайдасының бір бөлігін алуға құқық беретін құнды қағаз шығару. Акционерлер акционерлік қоғамның жұмысын басқаруға және жойылған кезде қалған мүліктің бір бөлігін иеленуге құқылы.

       ҚР 1997 жылы 5 наурызда шыққан ,,Қазақстан  Республикасындағы құнды қағаздармен  жасалатын мәмілелерді тіркеуге алу туралы” Заң мен ,,Құнды қағаздар нарығы туралы” Заңы акциялардың айналымын және олармен жасалатын мәмілелердің тіркеуге алыну тәртібін реттейтін негізгі құжаттар болып табылады. Жарғылық қоры номиналды бағасына тең болатын акцияның белгілі санына бөлістірілген шаруашылық серіктестік акционерлік қоғам болып қабылданады. Акционерлер міндеттемелер бойынша жауап бермейді және қоғамның қызметіне байланысты, қолдарындағы акцияларының құны шегінде шығындалу тәуекелі бар.

        Жай акция иесінің дауыс беру құқығы бар, ал артықшылықты акция иесінің ондай құқығы жоқ, бірақ акция бойынша алатын дивидентті алдыңғы кезекте алуға мүмкіндігі бар.Бұдан басқа, егер акционерлік қоғам жойылатын болса, бірінші кезекте артықшылықты акция иесіне акцияның номиналды құны қайтарылып беріледі.

        Біреуге беру әдісіне қарай  акциялар атаулы, ордерлік және  ұсынылмалы болып бөлінеді.Атаулы  акция иесінің куәландырылған  құқығын басқа тұлғаға өткізуі  үшін сол акцияларды оның қолына  ұстату жеткілікті болады. Ордерлік акция бойынша құқықтың өткізілуі акцияның үстіне индосаменттің өткізілгендігі туралы қол қоюымен жүзеге асырылады. Атаулы акция бойынша құқықтың өткізілуі оның жойылуына әкеледі, ал жаңа акционерге жаңа акция беріледі.

         Қазақстанда ашық және жабық акционерлік қоғам бар. Жарғылық қоры акцияның номиналды құнына тең келетін акцияның белгілі санына бөлінген және тек құрылтайшылар арасында немесе алдын ала анықталған тұлғалар шеңберінде бөлістірілетін шаруашылық серіктестіктер жабық акционерлік қоғам деп аталады.Ол шығаратын акцияларды ашық түрде сата алмайды, шектеусіз тұлғаның сатып алуы үшін ұсыныс жасау құқығы жоқ.

         Ашық акционерлік қоғам қатысушылары осы қоғамның басқа мүшелерінің келісімінсіз өз акцияларын басқа тұлғаларға бере алатын немесе сата алатын қоғам. Ол ашық түрде шығаратын акцияларына жазылу өткізуге және оларды еркін сатуға құқылы.Ол мынадай өте маңызды сипаттамаларға ие: қатысушылардың санына шектеудің қойылмауы, қоғам құрамының өзгеруіне байланысты қоғамның қайта тіркелу қажеттілігінің болмауы және міндетті түрде жұрт алдында есеп беруі.

        Шағын және орта бизнес әдетте  жеке кәсіпкерліктен немесе серіктестіктен  басталады, бұл олардың мейлінше  оңай және қол жетерлік болуымен  түсіндіріледі. 

    2.2.Қазақстандағы  шағын және орта бизнес жағдайын талдау

    Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің  экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін  тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

    -қоғамның  және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

    -ассортименттің  кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің  сапасының артуы. Тұтынушылардың  қажеттілігін қанағаттандыруға  ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет  көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

    -тауарлар  мен қызметтердің нақты бір  тұтынушыларға жақындауы;

    -экономиканың  құрылымдық өзгеруіне әсер ету.  Шағын кәсіпкерлік экономикаға  өтімділік, икемділік береді;

    -өндірісті  дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

    -қосымша  жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық  деңгейінің 

қысқаруы;

    -адамдардың  шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді  пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

    -еңбек  қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі  – бір шектеу қоятын халықтың  жекелеген топтарын (үй жұмысымен  айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ролі