Қазақстан республикасының «2030» стратегиялық даму бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2012 в 10:18, курсовая работа

Описание работы

Әрбір мемлекеттің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы, алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің бірі ретінде көргісі келетінің атап көрсетті.

Работа содержит 1 файл

6.doc

— 202.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Әрбір мемлекеттің дамуы  және әлемдік аренада өзінің орнын  қалыптастыруы, алдына қойған мақсатына  байланысты. Мемлекеттің мақсаты  ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.

Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің бірі ретінде көргісі келетінің атап көрсетті.

Жалпы Қазақстанның бұл  даму стратегиясы негізігі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:

- Ұлттық қауіпсіздік;

- Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;

- Экономикалық өсу;

- Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;

- Энергетика ресурстары;

- Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;

- Кәсіпқой мемлекет құру.

Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Тақырыптың мақсаты  ретінде Қазақстан Республикасы 20ж. экономикалық жетістіктерін, «2030» стратегия жобасымен салыстыру. Еліміздің дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылғы даму сратегиясын талдау арқылы, оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және салыстыру.

Қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі, мемлекеттің атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Қазақстан Республикасының дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы, тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыры түседі.

Қазақстанның дамуы  үшін бұл қабылданған стартегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізуде.

Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты  таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады. Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс. Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс.

Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.

Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың  геоэкономикалық және геосаяси факторларын  ескеруге тиiс. Жаһандану мен халықаралық  бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi.

Өңiрлер мен iрi қалалар  бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, өңiрлiк және әлемдiк жүйесiнен  де орын iздеумен айналысуға тиiс.

Осы Стратегия, экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып  орналастыруды қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық  қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң  аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиiстi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудiң немесе түзетудiң негiзi болып қызмет атқаратын болады. Бұдан басқа, бұл құжат республикалық, өңiраралық және облыстық маңызы бар өндiрiстiк, энергетикалық, инженерлiк, көлiк-коммуникациялық және әлеуметтiк инфрақұрылымдарды үйлестiре дамытуға бағытталған мемлекеттiк инвестициялардың (ұлттық компаниялардың қаражатын қоса алғанда) негiзгi басымдықтарын айқындауға мүмкiндiк бередi. Стратегияда белгiленген iс-қимыл өздерiнiң ағымдағы жоспарлары мен ұзақ мерзiмдi даму стратегияларын әзiрлеу мен iске асыру кезiнде кәсiпкерлiк сектор, оның iшiнде сыртқы инвесторлар үшiн бағдар болуға тиiс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «2030» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

1.1 Стратегияның мәні мен мағынасы

 

Ежелгі заманнан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келген, ал мағынасына үнілсек  «Стратегия» грек тілінен — «генерал өнері» деген мағынаны білдіреді. «Стратегия»  термині осы уақытқа дейін  жарыс, бәсеке мағынасында қолданылса, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінде де жалпы концепция ретінде қолданылуда.

Мақсаты негізгі өңiрлiк және әлемдiк экономикада бәсекеге қабiлеттi мамандануды қалыптастыру, экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыру негiзiнде елдiң орнықты дамуын қамтамасыз ету және халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасау.

Аумақтық даму Стратегиясының басымдықтары:

Елдегi экономикалық белсендiлiктi өзiне шоғырландыратын және елдiң  қалған бүкiл аумағы үшiн "локомотив" рөлiн атқаратын "басып оза" өсу аймақтарын (өcу полюстерiн) қалыптастыру. Орталық Азиядағы сауда-экономикалық және сервистiк-технологиялық орталық ретiнде Қазақстанның экономикалық кеңiстiгiн әлемдiк шаруашылық жүйесiне кiрiктiру. Ел аумағын ұтымды игерумен үйлестiре отырып, экономика және еңбек ресурстарын экономикалық жағынан перспективалы және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы аудандарға шоғырландыру. Кластерлiк даму, өзiн-өзi ұйымдастыру және iшкi ресурстарды жұмылдыру тетiктерiн енгiзу жолымен өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру.

Стратегияны iске асырудың негiзгi бағыттары:

Алға қойылған елдi орнықты  және серпiндi дамытуды қамтамасыз ету  мақсатына қол жеткiзу өңiрлiк  және әлемдiк экономикада ел мен  оның өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануын, елдiң экономикалық әлеуетiн және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру жөнiндегi өзара байланысты мiндеттердi тиiмдi iске асыруға және соның негiзiнде елдiң барлық аумақтарының теңгерiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының жұмыс iстеуiне байланысты.

Осы Стратегияны iске  асыру бағыттары көбiнесе елдiң  аумақтық даму аспектiлерiн қамтиды. Сонымен қатар Стратегияда елдiң  орта мерзiмдi даму жоспарлары мен мемлекеттiң  басқа да бағдарламалық құжаттарында көзделген өзара байланысты шаралар шеңберiнде макроэкономикалық реттеу мен қаржы секторын дамыту, қолайлы iскерлiк және инвестициялық климат құру, өндiрiстiң адами капитал, ғылыми-техникалық әлеует және басқа да бағыттар сияқты факторларын тұтастай дамыту мәселелерi бойынша жалпы үйлестiру жүзеге асырылатын болады.

Стратегия дегеніміз  — мемлекеттің міндетті ісін орындауды  және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып  саналады. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз — басшы қабылдаған терең, ұшқыр, логикалық шешімдер мен әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті немесе ұйымды мақсатына жеткізуі үшін, арнайы стратегиялық әдіс-тәсіл тізбегі.

Стратегия жалты белгілі бір ортада, жетістікке немесе пайдаға жету мақсатында ойлап табылған әдіс-тәсілдер тізбегі. Стратегияда мақсатқа жету үшін уақыт сонымен қатар жоспарды талап етеді. Қазіргі заманда стратегия әрбір саланың құрамдас бөлігі болып табылады, экономикада өзінің мақсатына тікелей жету үшін пайдалы қазбаның маңызы зор. Стратегияның ең бірінші мақсаты пайдалы қазбаны тиімді және шектеулі қолдану. Белгілі бір әрекет, ресрурстарды тиімді пайдалану арқылы, мақсатқа жеткізген болса, бұл стратегияның дұрыс ойластырылғаның білдіреді.

Стратегиялық жоспарлау  мемлекеттің дамуы үшін шешім  қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті — мемлекетте жаңадан енгізілген жоспарларды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері төмендегідей:

    • стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейлерінің қатысуы көзделеді;
    • стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл бір мемлекеттің даму болашағы үшін де жасалады;
    • стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен негізделуі тиіс;
    • стартегиялық жоспар мемлекеттің айқындылығын, дербестілігін білдіреді;
    • стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы керек.

Жалпы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде қарстыру қажет, сонда ғана ұзақ уақыт бойы мемлекеттің қызметін бағыттауға, әрі қажет болған жағдайда өзгертуге болады.

 

 

1-сурет. Стратегиялық жоспарлаудың моделі

 

Стратегия уақыт мерзімі бойынша ұзақ, орта, қысқа мерзімді болып бөлінеді.

    • Қысқа мерзімді стратегия немесе оперативті стратегия бір жылға дейінгі мерзімге жасалады. Бұл стратегия мемлекеттің бюджетін белгілеуде маңызды орынға ие. Өйткені әрбір жылда мемлекет өзінің бюджетін белгілеп отырады, яғни бұл жерде бюджетке түскен қаржыны нақтылы мақсаттарға тиімді жұмсалуын көздеп және оны бақылау арқылы жүргізіп отырады.
    • Орта мерзімді стратегия бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімді құрайды. Бұндай стратегияның құрылу мақсаты төмендеп қалған салаларды дамытуға және ұзақ мерзімді стратегияға жету жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға, Қазақстанның 2003 жылдан 2005 жылға дейінгі ауылды дамыту бағдарламасын айтуға болады.

Ұзақ мерзімді стратегия  ретінде бес жылдан жоғары мерзімге жасалған стратегияны айтады. Бұндай стратегия жалпы мемлекеттің дамуы үшін жасалады, және белгілі бір жоспар құру арқылы орындалады. Мысалы, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жатқызуға болады.

 

1.2 Қазақстан Республикасы «2030» стратегиясының құрылу мақсаты

 

Осыдан 40 жыл бұрын  Сингапур өз тәуелсіздігін алған  кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей  елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда  сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар мемлекет болып табылады.

Өзінің халқы этникалық  құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас  ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін  уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есеге арттыруға  қол жеткізген. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.

Осы елдердің тәжірбиесін көре отырып Қазақстанның да осындай ұқсастықтары мен көптеген артықшылықтарының арқасында 2030 жылға дейін даму стратегиясын жасады. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталақ Азияның Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп Қазақстан Республикасының Президенті атап көрсетті. 2030 жылғы Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды, негізгі мақсаттар қойып, жету жолын табу қажет. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігерімізбен тұрғызамыз.

«Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай, күндер мен апталарды уайымсыз уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз» — деген ел Президентінің сөзі әрбір қазақстандықты осы даму стратегиясына жетуге талпыну және еңбек етуге шақырады.

Қазақстан 2030 жылға дейінгі  даму стратегиясының экономикалық құбылысы. Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың барына және оның шартты түрде орындалуына байланысты. Басшылар күнделікті әрекеттерінде көптеген ұсақ және ірі, белгілі және жаңа, күрделі проблемалармен шұғылдануда. Осы жағдайда олар жеңіл және дағдыланған жолдармен проблемаларды шешуге ұмтылады.

Нәтижесінде пайда болған проблемаларды реттеу үшін халық, басшыларға тәуелді болады, аяғында дағдарысқа ұшырайды. Халықаралық тәжірбие бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар қоғамды және мемлекетті әлеуметтік-экономикалық проблемалардан шығаруға ықпал етеді.

Әрекеттерді ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен ұштастыру келесі мүмкіндіктерді туғызады:

    • стратегияның мемлекеттік мүмкіндігі мен мақсатқа сәйкестілігін бақылау;
    • дағдарыс жағдайын реттеп, мемлекеттке қажет саясатты ойластыру;
    • күнделікті әрекеттерді маңызды мәселелерді шешуге бағыттау.

 

«Қазақстан 2030» жылғы  стратегиясы орындалу үшін қажетті  факторлар:

    • Біріншіден, республикалық бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түскен табыстар құрайды, ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 жылға дейін мұнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғұрлым дәл құруға мүмкіндік береді;
    • Екіншіден, отыз жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметтік белсенді кезеңі;
    • Үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалдық-техникалық кезеңдері де ескерілген. Әлемдік тәжірибе бойынша елдер атап айтқанда отыз жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді.

Информация о работе Қазақстан республикасының «2030» стратегиялық даму бағдарламасы