Қазақстан республикасының «2030» стратегиялық даму бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2012 в 10:18, курсовая работа

Описание работы

Әрбір мемлекеттің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы, алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің бірі ретінде көргісі келетінің атап көрсетті.

Работа содержит 1 файл

6.doc

— 202.00 Кб (Скачать)

Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтардың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш  салу керек. Бұл мақсатты іске асыруда біздің стратегиямыз мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:

    • Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру. Мемлекеттің бір жағынан ауруды болдырмауы, екінші жағынан, салауатты өмыір салтын ынталандыруы жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірибеде көрсетіп отыр. Аурудың алдын алу, таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды білдіреді. Жалпы бұл жағдайлар мемлекеттің экономикасындағы халықтың әл-ауқатын көтеру саясатының негізінде жүзеге псырылып отырады.
    • Әйел мен бала денсаулығын жақсарту. Анамен баланың денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында болады. Мемлекеттік бюджеттің өсуі мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де, қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражаттың бар болуын қамтамасыз етеді. Қазақстанның жүргізіп отырған әлеуметтік қорғау саясаты ана мен баланы қорғауға кепіл бола алады. өйткені қайбір мемлекет болмасын ана мен бала мәселесіне келгенде ешқан сай қаржы немесе басқа да көмек шараларын аямасы анық. Біздің елімізде ана мен баланың денмаулығын көтеру, дұрыс тамақтануын қадағалау, әрбір отбасы мүшелеріне белгілі бір мөлшерде (мемлекет қазанасынан жылда өсіп отыратын) жеңілдіктер мен қаржылық көмектер көрсетіліп отырылады. Жалпы қазақ халқы ана мен бала өміріне ерте кездерден-ақ көңіл бөліп келген. Осыған байланысты біз өз отбасыларымыз бен ана және бала мәселесіне үнемі көңіл бөліп отырамыз.
    • Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту. Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 пайызына себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай бұдан да ауыр мүшкілде. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық жағдайға әкеліп соғады. Сондықтан мемлекетімізде әрбір адамның дұрыс тамақтану мен ауыз суға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлектіміздің осы саладағы мамандары қалай дұрыс тамақтану керек екендігін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екндігін, қазіргі заманғы жеке басының тазалығының ережелерін орындауды, сапасыз ауыз судың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа түсіндіруде. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуде. Кез-келген сапасыз тамақтың сыртан келетін мөлшеріне қатты қадағалау жүргізілуде.

Жалпы осы саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік веомствалардың басшылары үнімі қадағалау жүргізіп отырады. Сонымен қатар мемлекетіміздің халықты әлеуметтік қорғау және әл-ауқатын көтеру бағдарламасы көптеген шаралар арқылы жүргізіліп жатыр. Мысалы, ауыл жылы деп жарияланған жылдан бастап ауылдағы денсаулық жағдайы мен білімді сапаландыру саясаты біршама жақсы нәтижелерін беруді. Бұл көптеген мемлекетіміздің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі қиын-қыстау кезеңіндегі жабылып қалған немесе қысқарғанденсаулықсақтау орындары және мектеп, кітапханалар қайта ашылып өз қызметтерін жоғары деңгейдегі жағдайда жүргізуде. Мемлекетіміздің жылдан-жылға экономикасының қарқынды өсуі мен бюджеттінің толықтырылуы әлеуметтік салада біршама игі істер атқаруға мүмкіндік беруде. 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің 19 наурызда халыққа жолдауында да әлеуметтік мәселеге баса назар аудару керектігі жөнінде айтылған. Атап айтсақ, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, зейнетақының ең төменгі мөлшерін 6200 теңгеге дейін көтеру, денсаулық және білім беру салаларын жетілдіру жолдары қарастырылған.

Халықты әлеуметтік қорғау мен әл-ауқатын жақсарту біздің еліміздегі ең басты мәселенің бірі екндігін осыдан-ақ көруге болады. жалпы мемлекеттің  бұл бағдарламасы қазіргі күнгі және болашақта да өзекті мәселе болатыны айдан анық. Еліміздің азаматтарының әл-ауқатын көтеру, қоғамда орта топты қалыптастыру мемлекет үшінде, мемлекеттің экономикалық жағдайы үшін де ең негізгі жағдай. Мемлекетіміздің халықтың әл-ауқатын көтеруде, ана мен баланы қорғау және әбір отбасында салауатты өмір салтын ұстауға негізделуі, экологиялық мәселелерді шешуде істеп жатқан жұмыстары ауқымды келген.

Республика азаматтарының  әлеуметтік жағдайын көтеру стратегиялық маңызыды мәселе деп қарауы тегін емес. Себебі әрбір отбасыныда дені сау, білімді, болашағы зор азаматтардың болуы мемлекет дамуы үшін өте қажет факторлардың бірі. Сондай-ақ Қазақстандағы ең күрделі проблемалардың бірі демографиялық ахуалдың төмендігі. Бұл мәселені шешу үшін әлеуметтік мәселені жақсарту керек.

 

2.4 Экономикадағы инфрақұрылым немесе көлік және байланыс

 

Инфрақұрылымның  әсіресе  көлік және байланыстың дамуы  жалпы дүние жүзілік экономикалық және саяси процестерге байланысты. Қазақстан географиялық жағынан  Еуразия регионындағы жолдар тарапында орналасқан, бұл болса Қазақстандық өнімдердің  ірі нарықтарға шығуына орасан зор мүмкіндік туғызады.

Көлік жолдары дамыса жақын арадағы 2 млрд. адамға жуық сыйымдылығы  бар нарықтар Қазақстанның қандай да болмасын өнімдерін тұтынуға мүмкіншілік алады. олар Ресей, Қытай, ислам және орта азия мемлекеттерінің топтары, жақын және орта шығыс елдері. Сондықтан қазақстанның алдында отандық көлік коммуникация кешенінің әлемдік нарықта бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету және республика территориясының үстінен сауда ағымын ұлғайту мәселесі тұр.

Даму стратегиясында бұл мәселелерді шешу үшін келесі мақсаттар тууда:

    • әлемдік сауда нарықтарына шығуды қамтамасыз ететін және халықаралық көлік жүйесіне интеграцияланған ұтымдыкөлік желісін құру;
    • көлік-коммуникация кешенін басқарудың ұйымдастырылу құрылымын жетілдіру;
    • қолданылатын темір жол және автомобиль жолдарын, теңіз және өзен аймақтарын, әуежайларды; аэроавиация инфрақұрылымын қазіргі заманға сәйкестендіру;
    • көліктердің барлық түрлерінің жылжымалы құрылымының жеке меншік зауыт және жөндеу базаларын құру;
    • қазіргі стандарттарға сай байланыс және телекомуникация жүйесін құру.

Алғашақы (1998-2000 жж.) және кезеңінде келесідей нақты мәселелер  шешілді:

2000 жыл соңында «Достық»  және «Ақтоғай» станциялары арасындағы темір жол инфрақұрылымы жақсартылып, ҚР мен Қытай арасындағы темір жол көлігінің қуаттылығы жылына 10 млн. дейін жүк тасуға жеткізілді;

1999 жылдың соңына қарай  Ақтау қаласындағы теңіз аймағын  қайта жаңартудың бірінші кезегі  жүзеге асырылды;

2000 жылдың соңына қарай  Алматы – Астана – Бурабай  жолы іске қосылды;

2000 жылы Астана қаласындағы  әуежай қайта жаңартылды;

2002 жылдың соңына қарай  Семей қаласында Ертістегі көпір  мен оның кірме жолдарының  құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар, 2000 жылы агарарлық сектордағы экономикалық проблемалар шешілді:

- жергілікті әкімшілікті нарықтық қатынастарға араласудан шектеу;

- банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыру;

- фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін несиелерді арзандату;

Азия және Еуропа қайта құру және даму банктері заемдарының есебінен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытты. Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алуы үшін өте қиын жағдайда қалған кемінде 150 мың ауыл адамына шағын несие бөлді. Тікелей отандық және шетел инвестицияларын тартып, фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем жасалды. Барлық министрліктер мен қорлар жемісі бойынша ауыл проблемаларының басымдықпен қаржыландыру қамтамасыз етілді.

 

 

 

 

 

 

 

III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫННЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

3.1 Қазақстан Республикасы XX ж. тәуелсіздік қарсаңында

 

Бүгінгі күні Қазақстан  экономикасының негізі жеке инициативасы мен жеке кәсіпкерлігі мықтап бекіген, белсенді ішкі саудасы бар, инвестиция жұмылдыруда өзіндік үлесімен ерекшеленетін  тұрақты экономикалық өсімге ие. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасы тәуелсіз зайырлы мемлекеттің негізінің қалыптасуына ықпал етті, барлық қажетті мемлекеттік институттар пайда болды, және біздің республика ай сайын тәжірибе мен білім алуын жалғастырып келеді. Қазақстан өзінің бай табиғи ресурстарының қорынан басқа, аймақтардағы жеке иелік түрлері мен шаруашылық қызметтерінің субъектілерін қалыптастыру, қорғаныс кешенін конверсиялау мен ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетті рационалды түрде пайдалану қажеттілігі сияқты өзіндік экономикалық қалыптасу моделін жасай отырып, нарыққа өту бағытын ұстанып отыр. Республика экономикасының мемлекеттік емес секторлары дамуда, олар – акционерлік қоғамдар, салааралық және ішкіэкономикалық ассоциациялар, концерндер мен консорциумдар. Республикада мемлекеттік лицензияға ие 40-қа жуық екінші деңгейлі банк, 8 тауарлық биржа мен 30 сақтандыру және лизингтік компаниялар қызмет етеді. Әртүрлі бағыттағы өндірістік және шағын кәсіпорындардыңәрекет өрісі пайда болды.

Қазақстан экономикасы  айтарлықтай қарқынды дамуда. Соңғы онжылдықта елдегі валдық ішкі өнім 7 есеге өсті (17 млрд. доллардан 115 млрд. Долларға дейін).

Дүниежүзілік банктің  топтастыруы бойынша, Қазақстан  кіріс деңгейі жағынан орташа деңгейлі елдердің тобына кіреді. 2011 жылғы жан басына шаққандағы ВІӨ 7 мыңға жуық АҚШ долларын құрайды. 2010-2011 жылдарда Қазақстанның ВІӨ-ніңөсуі 7 пайызға тең. Статистикалықмәліметтерге сүйенсек, өнеркәсіптегі өсім 3,6 пайызды, жұмыссыз халықтыңүлес салмағы 5,3 пайызды құрап отыр. Қазақстанның экономикасы 2011 жылғы он айда 5% -ға, өнеркәсіптік өндіріс – 6%-ға өсті, 2011 жылғы қаңтардан 2011 жылғы маусым кезеңінде құнсыздану 5,9 %-ды құрады.

Дүниежүзілік банктің  бағалауы бойынша, Қазақстан инвестиция жұмылдырудан әлем елдерінің ондығына кіреді. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық экономикаға тікелей жұмылдырылған шетел инвестициясының көлемі 132 млрд АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде қазақстандық бизнес шетелге инвестиция шығаруда белсенді роль атқарып отыр. Мемлекет құру мен реформалар жасау үдерісін донорлық ұйымдастыру және шетелдік мемлекеттердің қолдауы Қазақстанға қосымша мүмкіндік туғызары сөзсіз.

Қазақстан – ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге барынша қаражат салатын  ел.  Ол мұнай қоры бойынша әлемде 7-ші орын алса, 6-шы орынды газ қоры, 2-ші орынды уран қоры бойынша алады. 2017 жылы Қазақстан әлемнің ең ірі өндірушілері мен экспорттаушыларының ондығына кіреді.

Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруді жоспарлап  отыр, және ДСҰ талаптарына сай  заңнамалық базасын да жасап үлгерді. Қазақстан экономикалық дамудың өтпелі кезеңін сәтті аяқтай отырып, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу - жаңа сапалы өсімге қол жеткізуді мақсат тұтып отыр.

2011 жылдың қаңтар-маусым  айларындағы Қазақстанның ішкі  сауда айналымының нәтижелері:

- Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2011 жылғы қаңтар-маусым айларында 2010 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда  44,7%-ға артты;

- Көрсетілгендей, есеп кезеңіндегі бөлшек сауда көлемі 1 928,8 млрд. теңгені (қоғамдық тамақтану айналымынсыз) құрады және 2010 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 12,4%-ға артты;

- Есеп кезеңіндегі көтерме сауда көлемі 5 153,1 млрд. теңгені құрады және 2010 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 15,3%-ға артты;

- Азық-түлік және сусындар жеткізу бойынша қызмет көрсету көлемі есептілік кезеңіне 94,2 млрд. теңгені құрады және 2010 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 15,1% -ға артты. 

Қазақстан Республикасының  сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері, ұйымдастырылмаған сауда есебінсіз) 2011 жылғы қаңтар-маусым айларынд $61 559,0 млн. құрады және 2010 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 44,7%-ға артты, оның ішінде экспорт - $44916,3 млн (51,8%-ға артық), импорт - $16642,7 млн (28,4% -ға артық).

Қазақстан Республикасында  инновациялық саясатты тәжірибелі іске асыру мақсатында жаңа жоғарытехнологиялық  өндірістерді ұйымдастырудың сенімді  құралы ретінде отандық және шетелдік серіктестермен мойындалған мемлекеттік даму институттарының жүйесі құрылды. Даму институттарының негізгі миссиясы елді әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына шығару, экономиканы модернизациялау және диверсификациялау саласындағы маңызды мемлекеттік тапсырмаларды орындау үшін отандық бизнестің мүмкіндіктері мен қабілетін іске асыру және арттыру болып табылады. Даму институттары арқылы мемлекет қосылған бағаларды технологиялық және экономикалық бауды дамыта отырып, бәсекеге қабілетті өнім өндіретін өнеркәсіптердің тұтас жүйесін құруға негізделген жобалаға қатысады. Мұның өзі бәсекеге қабілетті өнімдердің барлық параметрлеріне жауап беретін, соңғы өнімге қызмет ететін, көпсалалы кәсіпорын құруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні даму институттарының инвестициялық жобалары портфельдері 5 млрд астам АҚШ доллары сомасына қаржыландыруға 183 мақұлданған жобадан тұрады.

Шағын кәсіпкерлік субьектілері кез келген мемлекет экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Рыноктық экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерлік үлесіне ІЖӨ 40% дан 60% келеді. Қазақстанда бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен, сол себепті еліміздің басшылары шағын бизнес дамуына, республикадағы бизнес ортаның жетілуіне үлкен назар аударуда. Мемлекет және бизнестің тығыз қарым қатынасының негізінде әлеуметті-кәсіпкерліктер одағымен (ӘКО) құрылған, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемелекеттік бағдарламасы жүзеге асуда. Қазақстанда 2011 жылдың 1 қыркүйек айының көрсеткіштері бойынша, рынокта белсенді түрде жұмыс жасап жатқан шағын және орта бизнес субьектілерінің саны - 2 487 474. Оның – 1 360 937 заңды тұлғалар, 697 062 – жеке кәсіпкерлер (ЖК) және 429 475 - шаруалар шаруашылығы.

    

3.2 Қазақстан - қазiргi заманғы сервис орталығы ретiнде

 

Елдiң ұстанымдануының жоғарыда аталған бағыттары экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру үшiн негiзге айналады, екiншi жағынан, тиiмдi кеңiстiктiк даму әлемдiк нарықта елдiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануға қол жеткiзуiнiң аса маңызды құралына айналады.

Информация о работе Қазақстан республикасының «2030» стратегиялық даму бағдарламасы