Қазақстан республикасының «2030» стратегиялық даму бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2012 в 10:18, курсовая работа

Описание работы

Әрбір мемлекеттің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы, алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің бірі ретінде көргісі келетінің атап көрсетті.

Работа содержит 1 файл

6.doc

— 202.00 Кб (Скачать)

Ұстанымданудың осы  бағыты шеңберiндегi негiзгi мiндет бұрын  елден кетiп қалған ғалымдар мен  әзiрлеушiлердi, сондай-ақ көршiлес елдерден мамандарды тарта отырып, бiлiм беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдаушы кешендердi бiрiктiретiн өңiрлiк инновациялық жүйелердi (ӨИЖ) құру болады.

Экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды  одан әрi кеңiстiктiк ұйымдастыра  отырып, өңiрлiк және әлемдiк экономикада  ел ұстанымдануының жаңа қағидаттарының өзара байланысын қамтамасыз ету;

Ел мен өңiрлердiң  бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануының  қалыптасуына, орнықты аумақтық дамуға ықпал ететiн факторларды дамыту мақсатында:

  • елдiң ресурстық (жер, су, минералдық-шикiзат, рекреациялық) әлеуетiн ұтымды пайдалану;
  • бизнестi аумақтық-экономикалық ұйымдастырудың және жүргiзудiң қазiргi заманғы модельдерiн енгiзу;
  • экономикалық қызметтi және адами капиталды дамытуды қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды (көлiк-коммуникациялық, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi, әлеуметтiк, рекреациялық және басқалары) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру көзделедi.

Дамыған елдердiң тәжiрибесi бәсекелiк артықшылықтар арзан  жұмыс күшiнiң және табиғи ресурстардың болуы есебiнен ғана емес, сондай-ақ ұлттық деңгейде өнiмдiлiктi арттыру есебiнен де болатынын көрсетiп отыр. Сондықтан, осы Стратегияда, орта мерзiмдi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларда көзделетiн шаралардан басқа, жоғары бiлiктi жұмыс күшi, алдыңғы қатарлы технологиялар, инновациялық әлеует сияқты мамандандырылған факторларды дамыту есебiнен, сондай-ақ қолайлы iскерлiк және инвестициялық ахуал, инновацияларды ынталандыру үшiн жағдайлар жасау, өндiрiс технологияларын жетiлдiру және өнiм сапасын арттыру есебiнен еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуiн қамтамасыз етуге бағытталған шаралар iске асырылған.

 

Қорытынды

Бүгiнгi әлемде қызмет көрсетулердiң  дамығандығы сондай, ол экономика  жай-күйiнiң индикаторы болып отыр. Құрлықтың ортасына орналасқан Қазақстан үшiн қазiргi заманғы қызмет көрсетулер саласын дамыту өңiрде сәттi ұстанымдану мүмкiндiктерiнiң бiрi болып табылады. Қолда бар әлеуеттi пайдалана отырып, Қазақстан өңiрдiң халықаралық стандарттарға жауап беретiн қызмет көрсетулердiң кең ауқымын ұсыну бойынша дамыған сервис орталығына айналуға тиiс.

Қазақстан Республикасының  қазіргі сервис орталығы ретiндегі жетістіктері:

  • өңiрлiк дистрибуция орталығы, бұл елде Орталық Азия нарығына бағдарланған және әлемдiк тауар өндiрушiлерге өз өнiмдерiн өңiрде өткiзу үшiн қолайлы жағдай жасайтын iрi сауда-логистика тораптарын құруды көздейдi;
  • транзиттiк-логистикалық орталық, бұл елде Еуропа мен Азия арасында жүк және жолаушылар транзитi үшiн қолайлы әрi пайдалы жағдайлар жасауды, бүкiл Орталық Азия өңiрiнiң тұтынушыларына қызмет көрсетуге бағдарланған көлiктiк-логистикалық тораптар құруды бiлдiредi;
  • өңiрлiк қаржы орталығы - таяу жатқан елдерге қызмет көрсететiн халықаралық сыныптағы қаржылық қызмет көрсетулер орталығын құру;
  • ақпараттық-коммуникациялық орталық - түрлi ақпараттық және мультимедиялық қызмет көрсетулер, оның iшiнде спутниктерден алынатын спутниктiк байланыс және ақпарат арналарын ұсыну;
  • туристiк орталық - туризмдi дамыту және елдi Жiбек жолындағы тарихы мен мәдениетi бай дамыған әрi тартымды туристiк орталыққа айналдыру;
  • бiлiм беру орталығы - оқу ақысының қолайлы деңгейi кезiнде өңiр елдерiнiң жастарына батыстық стандарттарға сәйкес сапалы бiлiм беру;
  • медициналық орталық - өңiр елдерiнiң азаматтарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, медицина кадрларын даярлауды және қайта даярлауды жүргiзу.

Қазақстан - өңiрдiң инновациялық орталығы ретiнде:

Инновациялар және бiлiмдер экономикасы осы заманғы әлемдiк  экономиканың негiзiне айналып келедi, сондықтан, әлемдiк дамудан қалыс  қалмау үшiн Қазақстан алдыңғы  қатарлы технологиялық әзiрлемелердi ел iшiне табысты енгiзу және сыртқы нарықтарға жылжыту үшiн инновациялардың дамыған өңiрлiк орталығына айналуға тиiс.

Қазақстанның мынадай  салаларда инновациялық әзiрлемелердi әзiрлеуге және сыртқы нарықтарға жылжытуға мүмкiндiгi бар:

  • өнеркәсiптiк әзiрлемелер, минералдық шикiзатты кешендi пайдалану және қайта өңдеу технологиялары;
  • ауыл шаруашылығы саласындағы әзiрлемелер;
  • химиялық және биологиялық технологиялар;
  • экология және энергияның баламалы көздерi саласындағы әзiрлемелер;
  • медициналық әзiрлемелер;
  • ядролық технологиялар;
  • ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;
  • ғарыштық зерттеулер;
  • әскери-өнеркәсiптiк технологиялар.

Сонымен қорыта айтқанда, мемлекеттің экономикасының негізі саналатын проблемалардың бірі алдағы стратегиялық болжауды дұрыс жолға  қою. Сондай стратегияның бірі Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы болып саналады.

Елдiң тұтастай ұстанымдануының  перспективалы мiндеттерi тұтастай алғанда елдiң бәсекелiк артықшылықтарын  қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар  кешенiн тұжырымдауды және iске асыруды  талап етедi.

Жалпы бұл стартегия  Қазақстанның жан-жақты дамыту үшін және әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің арасынан орын алуына зор ықпалын тигізді. Бұл стратегияда Қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруына, экономикасының қарқынды өсуіне, ұлттық қауіпсіздік пен ұлтаралық татулықты арттыруға т.б. Қазақстан үшін маңызды саналатын осындай факторларды ескере отырып құрылған.

Қазақстан дамыған елдердегідей жоғары технология мен инфрақұрылымының болуын қамтамасыз ететін осы стратегиясының  орны ерекше. Ұзақ мерзімді басымдықтарды таңдап алу, негізгі басты міндеттерді белгілеу және әр жылдың іс-қимыл жоспарын — әзірлеу аса күрделі міндет болып табылады. Алдын-ала бәрін болжау мүмкін емес, бұл жолда қандай қиындықтардың тосып тұрғаны да белгісіз. Алайда осынау ұзақ мерзімді басымдықтарды әзірлеу, бірден қажырландырып және жұмылдырарына анық. Жыл соңына дейін барлық жеті басымдықтың әрқайсысы бойынша оларды іске асырудың үш жылдық және жылдық нақтылы жоспарлары әзірленіп, олар кейіннен даму жоспарлары мен бюджеттердің негізіне алынады.

Жалпы бұл стартегияны  жүргізу, мемлекет үшін, оның атқарушы органдары үшін маңызды сипатқа ие. Даму стратегиясы тек басшылықта отырған қызметшілердің ғана емес, бүкіл халықтың дамуына ықтпал ететін стратегия болып табылады. Қазақстанды 2030 жылғы экономикасы дамыған, өркениеттің ең биік сатысындағы ел ретінде, халықтын жағдайы мен әл-ауқаты жақсы, экологиялық проблемалары шешілген, инфрақұрылымы дамыған және дүниежүзіндегі ең әйгілі ел ретінде көргіміз келеді.

Бұл менің және мен  сияқты әрбір қазақстандықтың осы  даму стратегиясын жүзеге асырылуына және дамытуға өз үлестерін аянбай қосады деп сенемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Назарбаев Н.А.  «Қазақстан-2030» ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Оқулық, Алматы «Білім», 1998 – 91бет
  2. Назарбаев Н.А.  Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку. — Москва, 1993-424бет
  3. Нұрғалиев Қ.Р.  Қазақстан экономикасы. Алматы «Парасат»,  2000-321бет.
  4. Назарбаев Н.А.  Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. Алматы «Парасат» 1998-254 бет
  5. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана. Алматы 1997-420 бет
  6. Есимов А.С. Стратегическое развитие экономики Казахстана // Саясат-Политика, 1998-420 бет
  7. Байкенова С.М. Сратегия как объект управления // Саясат-Политика, 2001-190 бет
  8. Назарбаев Н.А.  Қазақ хплқына жолдауы Астана-2010. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» 2010-76бет
  9. Тәңірбергенова Г., Қалилаханова Қ., Имансерікова Б. Елбасы жолдады – ел қолдады. Астана « Күлтегін», 2008-312 бет
  10. Сұлтанов Б. Қоғам және дәуір 2/2011 ғылыми – сараптамалық журнал. Алматы «Волкова Е.В» 2010-54 бет
  11. Н. А. Назарбаев. Евразийский союз: идеи, практика, перспективы. «Қазақ энциклопедиясы» 1997-521бет
  12. Сабден О. XXI ғасырға қандай экономикамен кіреміз. Алматы «Қазақстан» 1997-192 бет
  13. Назарбаев Н.А. Современный Казахстан. Алматы «Қоғам» 2010-256 бет
  14. Назарбаев Н.А. Қазаұстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стретегиясы. Астана «Таймас» 2005-448 бет
  15. Назарбаев Н.А. Қазақ халқына жолдауы 2007. Астана «Қоғам» 2007-70бет
  16. «Егемен Қазақстан» газеті, 19 ақпан, 2005 жыл.
  17. www.Geopolitica.ru 
  18. www.Akorda.kz 
  19. www.kazakhstan.kz
  20. www.Stat.kz.
  21. www.Egov.kz.



Информация о работе Қазақстан республикасының «2030» стратегиялық даму бағдарламасы