Қазақстан республикасының «2030» стратегиялық даму бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2012 в 10:18, курсовая работа

Описание работы

Әрбір мемлекеттің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы, алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің бірі ретінде көргісі келетінің атап көрсетті.

Работа содержит 1 файл

6.doc

— 202.00 Кб (Скачать)

Қазақстанның 2030 даму стратегиясы  ел экономикасын қарқынды өсіруге, халықтың әл-ауқатын көтеруге және Қазақстанның әлемдік экономикада жетекші  позицияға ие болуын көздеп жасалған бірден бір даму жоспары болып саналады.

Қазақстанның 2030 жылғы даму стратегиясы келесі жоспарлардан тұрады:

    • әр бес жылда анықталып отыратын 30 жылдық ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар;
    • ұзақ мерзімді жоспардың алғашқы кезеңдерін айқындау мақсатымен он жылдық даму жоспары;
    • мемлекеттік органдарға деректі және міндетті сипаты бар бес жылдық стратегиялық жоспар;

1998 жылдан бастап министрліктердің  және мекемелердің жұмыстарының  жылдық стратегиялық жоспары. Сонымен, даму стратегиясы төрт кезең бойынша іске асырылатын — бағдарламаны құрады:

І.  1998-2000 ж.ж. – Алғашқы, (нөлдік) кезең. Бұл кезеңде аралық мақсаттарға жету үшін және стратегиялық орындалуын тексеру арқылы тұрақсыздық даму сатысынан, тұрақты даму сатысына көшу жүзеге асырылады. Мысалы, жекешелендіру аяқтау 1998 жылыдың ортасын, қаржы секторын реформалау — 1998 жылы, төлем дағдарысын жою, ауыл кәсіпорындарын реформалау — 2000 жылдан бастап жүзеге асырылады. Осы кезеңде экспорттық мұнай құбырлары іске қосылды.

ІІ. 2001-2010 ж.ж. Бес жылдық және он жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген бірінші кезең. Бұл кезеңнің міндеттері: жедел әлеуметтік (кедейлік, жұмыссыздық) мәселелерді шешу; еңбек — қаржы сыйымды өндірісті дамыту; инфрақұрылым жабдықтарын іске қосу, т.б. Екінші және үшніші: экпорттық құбырларды іске қосу,  экономикалық өсуді жеделдету,  қолайсыз демографиялық жағдайларды жою, қоғамда орта топты қалыптастыру ұсынылады.

ІІІ. 2011-2020 ж.ж.  Екінші кезең технологиялық өндіріске көшумен, адамдардың дамуына интенсивті инвестиция жұмсаумен, инфрақұрылымды жетілдірумен байланысты. Осы шаралардың арқасында келесі жетістіктер көзделіп отыр:

    • интенсивті экономикалық өсу;
    • қуатты жалпы ағарту потенциалды құру;
    • демографиялық саясатты белсендіру;
    • инфрақұрылымды жаңарту;
    • экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу.

ІV. 2021-2030 ж.ж. Үшінші кезең ғылыми жетістіктер кеңінен пайдаланатын, өндірістерге жалпылай көшуді және экологиялық таза жан-жақты өндіріс кәсіпорындарына бет бұру, Қазақстанның экспортқа шығаратын өнімдерінің түрлерін көбейтуді көздейді. Бұл кезеңде алдыңғы қатарлы әскери күш қалыптасады. Сондықтан, еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаты тәуелсіз өркендеген және саяси тұрақты Қазақстанды қалыптастыру.  Ұлттық бірлестікті, әлеуметтік әділеттікті сақтай отырып, барлық халықтың экономикалық әл-ауқатын көтеру. Стратегияның негізгі экономикалық мақсаты — еліміздің халық шаруашылық құрылымын жайсыз экологиялық жағдайда бірыңғай шикі заттар өндіруден, экологиялық таза аграрлық-индустриалдық елдердің қатарына қосу.

Қазақстан-2030 Стратегиясы  – ел дамуының 2030 жылға дейінгі  кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

1) Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.

2) Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

3) Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

4) Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

5) Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

6) Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

7) Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға  қарай дамыған елдердің деңгейіне  жетуге, дүние жүзінің ең дамыған  жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді.

 

1.3 «Қазақстан 2030» стратегия жоспарын құру барысында анықталған сегіз артықшылық

Біріншісі. Барлық қажетті  мемлекеттік институттар қазірдің өзінде бар әрі ай сайын тәжірибесі мен біліктілігін ширата түсуде. Бірақ  мемлекетіміздің құрылысы аяқталатын күн әлі алыс.

Екіншісі. Жетпіс жыл  бойы өзіміз өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден іргемізді түбегейлі аулақ салдық. Бүгін мүлде жаңа мемлекет өмір сүріп отыр, мүлде өзге саяси және экономикалық жүйе жұмыс істеуде.

Үшіншісі. Қоғамымыздағы  өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны  түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік. Қысқасы, біз азаттық алдық. Мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасуы біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті. Әрине, ескі жүйе шақтап болса да неғұрлым сенімді әлеуметтік игіліктер беріп келді, әрі бірсыпыра салаларда жетістіксіз де болған жоқ. Алайда, экономикалық тұрғыдан бәсекеге қабілетсіз болғандықтан, ол жүйенің күйреп тынғанын да ұмытпауға тиіспіз. Ол әлеуметтік жағынан да осал болып шықты, өйткені адамдардың көпшілігінің тұрмыс деңгейі шетелдегі тұрмыс деңгейінен төмен еді. Ол, сондай-ақ, жеке адам хақында да осалдық танытты, өйткені еркіндік бермеді. Нарықтық экономика мен демократиялық тұрғыда таңдап алынған мемлекет Қазақстанға қандай шамада өркендеу мен бостандық әкелерін уақыт өте келе біздің өз тәжірибеміз көрсетуге тиіс. Өтпелі кезең уақытында біздің азаматтарымыздың көпшілігі қилы істі бастан кешірді әрі көп нәрсені құрбан етті. Бірақ біз мұны тек сіздер мен біздің игілігіміз үшін ғана емес, ең алдымен, балаларымыз бен немерелеріміз үшін жасап отырмыз.

Төртіншісі. Басты оң игіліктеріміздің ішінде — халқымыздың, немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының  сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар. Көптеген елдерде бұл жоқ, әрі олар осындай сапаға жетуді өздерінің стратегиялық мақсаттарының бірі санайды. Мұның өзі — біздің халқымыз бен бұрынғы жүйенің аса ірі жетістігі. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз.

Бесіншісі. Табиғи ресурстарымыз  — орасан зор байлық. Алайда, мұның  өзі қаншалықты кереғар көрінгенімен, әлемдік тәжірибе табиғи байлығы бар көптеген елдердің оны дұрыс игере білмегендіктен, ақыры кедейлер қатарынан шыға алмағанын көрсетеді. Алайда, Шығыс Азияның неғұрлым серпінді дамыған елдері— табиғи ресурстары жоқ елдер. Осының бәрі жетекші фактор — бұл адамдардыц өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі екенін тағы да дәлелдей түседі. Бұл — бізге гулдену мен тәуелсіздік есігін айқара ашуға мүмкіндік беретін нақ сол „алтын кілттің өзі". Әлемнің келеңсіз тәжірибесін де үйрену қажет. Ол даму стратегиясының немесе оларды іске асыру қабілетінің болмауы табиғи байлықтар әлеуетінен басым түсетінін айқын көрсетіп отыр. Сондықтан, бұдан біз шығаратын басты қорытынды — ойластырылған стратегия жасап, оны барлық қиындықтарға қарамастан жүзеге асыру қажеттігі. Жер қойнауының байлығы — барша келер ұрпақтың игілігі. Бұған қарап босаңсымауымыз керек. Керісінше, Үкіметті қоса, біздің бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз.

Алтыншысы. Кең ауқымды  алқаптарымыз, ауыл шаруашылығы жерлеріміз — орасан зор әлеуетіміз. Көптеген өлшемдер бойынша Канада мен Австралияға ұқсаспыз, бізге тек бір нәрсе — олардың өнімділігі мен экспорттық әлеуеті жетіспейді. Бұл жерде де, тағы да, ең бастысы — нақты және тиімді стратегия, адамдар мен капитал.

Жетінші бекем тусымыз  — қоғамымыздың саяси тұрақтылығы  мен бірлігінде жатыр. Қоғам ішінде тікелей тайталасқа жібермей, ахуалды  тұрақтандыра білдік, мұны мақтан етеміз, өкінішке қарай, көптеген дамушы және кешегі коммунистік кейінгі елдердің бұған қолы жеткен жоқ. Алайда толық тұрақтылықтың, ал топтасу мен бірліктің ауылы әлі алыс жатыр, сондықтан біздің баршамыз өзіміздің біртұтас отбасымыз деп сезіну, өз мақсаттарымызды айқын біліп, оларға қарай келісе ілгерілеу үшін алдағы уақытта көп жұмыс тындыруға тура келеді. Бұл бір-бірімізбен кедейшілік пен жоқшылық жағынан теңесу, теңгермешіліктің жаңа жүйесін орнату да емес. Сондай-ақ қандай да бір этникалық немесе діни топтарға басқалармен салыстырғанда, басымдықтар беру жөнінде де әңгіме болуы мүмкін емес. Біздің стратегиялық міндетіміз – халықтың көптеген топтарынын, бірлігі, жекешіл және қоғамдық негіздерді салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздын, жарасымды сатылы дәстурлерін толықтыра түседі.

Байлардың ат төбеліндей шағын тобы жарлы адамдардың үлкен тобынан едәуір алшақтап кеткен жерде қоғам еш уақытта еңсесін көтеріп, абаттанып гүлдене алмайды. Түрлі этникалық және діни топтардың құқықтары әр түрлі болып келетін, біреулерге мүмкіндіктер беріліп, өзгелерге берілмейтін, саяси партиялар мен қозғалыстар тікелей қарама-қарсы тараптарға „бұра тартатын", бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мен жауапкершілігі, либерализм мен демократияның және мемлекет күшінің арасында орасан зор сәйкессіздіктер бар елдің де болашағы жоқ. Біз шектен тыс шығандап кетудің бірін бастан кешірдік, екіншісіне түсіп малтықпасақ игі. Менің ойымша, осы бір ақылға сыйымды дүниелерді ұғыну қоғамдық санада нық орын тепкен де тәрізді.

Сегізіншісі. Қазақ халқының байсалдылылығы мен төзімділігін, олардың  кеңпейілділігі мен ақжарқындығын атап айтқым келеді. Мұны шетелдіктердің баршасы дерлік айтып жүр. Мықты жақтарымызбен бірге сыртқы сипаттағы бірқатар мүмкіндіктеріміз бар.

Сыртқы мүмкіндіктеріміз ең алдымен еліміздің географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен айқындалады. Қазақстанның негізгі үш мүмкіндігін бөліп айтуға болады:

Бірінші мүмкіндік Еуразия  аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды. Әлемдік  экономикалық және саяси процестердін, ауқымдану процесі осы факторды түйінділерінің қатарына қосады. Бабаларымыз түркі халықтарынын, біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздері үшін тиімді пайдалана білді: атақты Жібек жолы бойымен Еуропа және Азия елдері арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Бүгін осы арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдік қоғамдастықтық қолдауымен қалпына келтіре бастадық. Бізбен шектес кез келген ел тәрізді Қазақстаннық жеке өзі де тиімді транзиттік әлеуетін іске асыра алмайды. Мұны бірлесе, тығыз әрі өзара тиімді ынтымақпен жасау қажет.

Информация о работе Қазақстан республикасының «2030» стратегиялық даму бағдарламасы